Статистика ВК сообщества "Работа Санкт Петербург"

0+
Размещение Вакансий

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Намазда оқылатын сүрелер мен дұғалар! Парақшаларыңызға сақтап қойыңыздар 😊

1414 5 ER 0.4184
📌 Жаттауға жеңіл сүрелер 📌

Аудармалары:

Әл-Фатиха сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын,
1.Барлық мақтау бүкіл әлемнің рәббиі Аллаға тән,
2.Аса қамқор, ерекше мейірімді,
3.Қиямет күннің иесі!
4.Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз:
5.Бізді тура жолға сала көр,
6.Нығыметке бөленгендердің жолына!
7.Қаһарыңа ұшырағандардың жолына емес!

Әл-Ихлас сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1. (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Аллаһ, біреу ақ.
2. Аллаһ мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж)
3. Ол тумады да, туылмады.
4. Әрі оған ешкім тең емес.

Әл-Кәусәр сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік.
2. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал.
3. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.

Ән-Нас сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,»
2.«Адамдардың иесіне,»
3.«Адамдардың Тәңіріне,»
4.«Сыбырлап азғырушының кесірінен,»
5.«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»
6.«Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.

Әл-Фалақ сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын,»
2.«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»
3.«Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,»
4.«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»
5.«Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.

Әл-Аср сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.Заманға серт.
2.Негізінен адам баласы зиянда.
3.Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.

Ән-Наср сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде;
2.Адамдардың, Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің.
3. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Алла, тәубені өте қабыл етуші.

Әл-Фил сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?
2.Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?
3.Оларға топ-топ әбәбил құстарын жіберді.
4.Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты.
5.Осылайша Аллаh желінген топан тәрізді қылды.

Құрайш сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.Қурәиштың бейбітшілігі үшін,
2.Олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі,
3.Сондықтан олар осы үйдің (Кағбаның) Раббына құлшылық қылсын.
4.Ол, оларды аштықтан тамақтандырып, қауіп қатерден аман қылған.

1359 1 ER 0.3737
ҚЫСҚА ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІН ОРАЗАДА ЖАТТАП ҮЙРЕНЕЙІК. 📚🔍

1138 9 ER 0.3235
Көңіл күйің жоқ па?
«Бақара» сүресінің 25-аятын оқы

Күнә жасадың ба?
«Зумар» сүресінің 53-аятын оқы

Тура жол іздейсің бе?
«Маида» сүресінің 16-аятын оқы

Дос іздейсің бе?
«Бақара» сүресінің 257-аятын оқы

Жыныстық кемсітушілік көрдің бе?
«Ахзаб» сүресінің 35-аятын оқы

Нәсілдік кемсітушілік көрдің бе?
«Хужурат» сүресінің 13-аятын оқы

Махаббат іздейсің бе?
«Рум» сүресінің 21-аятын оқы

Жаның жайсыз болып жүр ме?
«Рағыд» сүресінің 28-аятын оқы

Сені бағаламай ма?
«Инсан» сүресінің 22-аятын оқы

Сәтсіздікке ұшырадың ба?
«Жүсіп» сүресінің 87-аятын оқы

Бақытсыздыққа тап болдың ба?
«Ибраһим» сүресінің 34-аятын оқы

Қиындықтардан шаршадың ба?
«Шарх» сүресінің 5-аятын оқы

Адамдар жамандық қылды ма?
«Фурқан» сүресінің 63-аятын оқы

Кешірім қалайсың ба?
«Ғимран» сүресінің 135-аятын оқы.

298 9 ER 0.1280
Геннадий Головкиннің гонорарын біздің ел төлеп жатқан жоқ, жарнамалап ақша беріп жатқан жоқпыз. Бүкіл жаттығуы, жолсапары, командасының айлығы да бізден емес. Зорлап Қазақстанды насихатта деп жатқан ешкім жоқ. Ал ол азамат еліміздің әнұранын шет елдерде шырқатып, қазақтың шапанын киіп, барлық жерде Қазақстаннан екенін жария етіп жүр. Димашта тап осылай жасауда , елден артық ештеңе сұрап жүрген жоқ. Қолынан келген көмегін беріп, қазақты әлемге танытып жүр. Ендеше неге кей жандар оларды төменшіктетуге құмар, әлде біздің елдің жылт еткен жақсылығы жүректеріне найзадай қадалатын дұшпандар сөзіне ереді ме? Жатқан бір кертартпа пиғыл әйтеуір, қуанған елге топырақ шашып әлек. Бүгін әлемде Қазақстан күні, достар! Бүгін біздің елдің атауы сан рет қайталанып жатыр! Жапонияда Гена батыр жеңіске жетті! Германия жерінде, Дюссельдорф қаласында Димаштың концерті өтеді! Тек спорт пен өнерде ғана емес, барлық жағынан Қазақстан жарқырап көріне берсін! Еліміздің атын әлемге әйгілі ететін азаматтарымыз шыға берсін!
Алға, Қазақстан!

Естай Жайлыбай парақшасынан алынды.

16 69 ER 0.0990
Сүйген екенсің таусылып сүй, екінші біреуге қарайтын хәлің болмасын!

(c) Қадыр Мырза Әли

145 20 ER 0.1073
Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі қажы дүниеден өтті (1947-2021)

Иманды болсын.

9 109 ER 0.0910
Моңғолия менің өз жерім,
Қазақ малын баққан жер.
Орынбор да біздікі,
Шоқан бабам басқан жер.

Астрахань да біздің ел,
Абылай хан шапқан жер.
Ташкент те білсең біздікі,
Жалаңтөс баһадүр менен
Төле би бабам жатқан жер.

Қырғыз да анау туысқан,
Ақ әулиеде жиенің,
Қазақ домбыра болғанда,
Қырғыз еді тиегім.

Мәскеу де болса біздікі,
Бауыржандай қас батыр,
Орысқа сыйға тартқан жер.
Германия да біздің ел
Рейхстаққа ту тіккен,
Рақымжандай майдангер.

Франция да біздікі,
Әміре салып әндерін,
Қажымұқан чемпион болған жер.
Мысыр да анау біздің жер,
Билеуші Ұлы Бейбарыс
Жар баба ізі қалған жер.

Мекке білсең біздікі
Құнанбай мешіт салған жер.
Қазақтығым жасасын!
Азаттығым жасасын!
Осылай сөйлер талғамды ер!!!

(c) Оразалы Досбосынов

118 18 ER 0.0911
Нұр-Сұлтандағы Абу-Даби плазаның аты “QAZAQSTAN”- деп ауыстырылды.

27 51 ER 0.0809
Үкім оқыған сот одан «Ақтық сөзің не?» дегенде, Қайрат Рысқұлбек мына атақты өлеңін оқыған еді:

«Ал енді қазір неткен күн?
Орыстан ынсап кеткен күн.
Тізесі қатты батқан соң,
Шыдамастан ақыры
Қарғыс атқан алаңда,
Қарғыс атқыр туған күн.

Қаймана қазақ қамы үшін
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой
Басты себеп жанжалға.
“Ақтық сөзің не?” деген
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма:
Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Ер көркейтер азамат,
Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде,
Бомбасын атом жармасын.
Құлыптасты қиратып,
Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойныма алып жаланы
Мен болайын Құрбаның.

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
“Еркек тоқты – құрбандық”,
Атам десең, атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.

Қош аман бол, артымда
Ағайын-туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!»

© Қайрат РЫСҚҰЛБЕК

82 26 ER 0.0818