Статистика ВК сообщества "Телеканал HIT TV [Официальная страница]"

0+
Для тех, кто любит жизнь!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

CrystalZ тобының экс-солисі тұрмысқа шықпақ



CrystalZ тобының экс-солисі Мақпал Таймұрат жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бойжеткеннің шаңырағында қазақтың ежелден келе жатқан «Сырға салу» рәсімі өтіп, өнерлі сұлу қалыңдық атанды. Мақпалдың айтуынша, алдағы таяу күндері қыз ұзату тойы болмақ. 2018 жылы CrystalZ тобымен қош айтысқан ару, туған өлкесі Қостанай қаласында тұрып келеді. Енді Ақтау шаһарына келін болмақ. Алайда, әншінің сүйіктісінің кім екені әзірге белгісіз. Сондай-ақ бұрынғы Q-pop әртісінің өнер сахнасына қайтып оралу мақсаты әзірге жоқ сыңайлы. Тек тик-токта ғана белсенділік танытып, желіге бейнежазбалар салып қоятыны бар.

2 2 ER 0.1320
Ace келбетті жандарды анықтайтын халықаралық сыйлыққа ұсынылды

Ninety one тобының солисі Азамат Ашмақын “2021 жылдың 100 келбеті” атты танымал халықаралық сыйлыққа ұсынылды. Бұл туралы жобаның ресми парақшасында хабарланды. 1990 жылдан бастап әр жыл сайын ғаламтордағы танымал порталдардың бірі әлем бойынша жылдың 100 сұлу келбетін анықтайды. Тәуелсіз сарапшы ретінде әр елден 20 адам жиналған. Ал үміткерлерді әлемнің 40 елінен таңдап алады. Жобаның мақсаты – әлемдік аренаға жаңа келбетті таныту. Азаматқа дейін елімізде Димаш Құдайберген, Айя Шалқар аталмыш сыйлыққа үміткер болған еді.

3 1 ER 0.1148
Ziruza өзін үлкен сахнаға шығарған лейблден кетті



Зируза trend entertainment-тен кетті. Бұл жаңалығы жөнінде өнер иесі желіде әсерлі пост жазып, тыңдармандарын өмірінде орын алған өзгеріспен құлақтандырды. Яғни, бикештің сөзінше осы уақытқа дейін бірге жұмыс жасап келе жатқан компания мен продюссері Ерлан Әлімовпен болған келісімшарттың мерзімі аяқталған. Әрі өнер иесінің «Бұл менің жеке өз атымнан салынған соңғы пост. Бар болыңыздар, аман болыңыздар, шын жүрегіммен сүйдім!» деген жазбасын көрген оқырмандары оны тіпті «музыкадан кетіп бара жатқан секілді» деп баға беруде. Жас тыңдармандар үшін Q-pop ханшайымы аталып кеткен Зируза 2017 жылдың мамыр айында «Айт енді» атты алғашқы әніне бейнебаян түсіріп, көрермен жүрегін жаулаған еді. Тіпті, бір жыл өтпей жатып өзінің Loyals деп аталатын жанкүйерлер тобын жинап үлгерді. Түрлі бағытта өнер көрсетуге дайын ару «Көке», «Ана жүрегі» телехикаяларына, «Қырғын Текше», «Әли» фильмдеріне түсіп, басты рөлдерді сомдады. Осыған орай, Зируза ендігі өнер жолын әншіліктен актерлікке бұратын болар деп топшылайтындар да аз емес.

1 1 ER 0.0992
Димаштың қытайлық жанкүйерлері туған күніне ерекше тосынсый жасады



Димаштың 27 жасқа толған төл мерекесіне орай, қытайлық жанкүйерлері ерекше тосынсый жасады. Әлемдік жұлдыздың өнеріне табынушылар Қытайдағы биік ғимараттардың біріне отандасымыздың суреті мен бейнежазбасын шығарып, туған күнімен құттықтады. Әншінің фанаттары Димашқа арналған тілектерін Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы 100-ден астам үлкен LED экрандар арқылы да жеткізді. Яғни, аталмыш қалаларда Димашты туған күнімен құттықтаған арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Шетелдік тыңдармандарының жасаған сыйы Димашқа ерекше көңіл-күй сыйлаған. Өнер иесі тіпті мұндай құрметті күтпегенге ұқсайды. Ол Қытайда бір жылдан астам уақыт болмаса да, жанкүйерлері өзін әлі ұмытпағанына тәнті болды. "Қытайдан карантин кесірінен кетіп қалғаныма бір жылдан астам уақыт болды. Бірақ, соған қарамастан жанкүйерлерім маған құттықтау жасаған екен",– деп қуанышын жеткізді.

0 2 ER 0.0996
Блогер Ахон Бержан сүйіктісіне сөз салды

Желі жұлдыздары Ахон Бержан мен Диляра отбасын құрмақ. Ахонның ғашығына сөз салуы да ерекше болды. Блогер Диялярамен аспаннан тік ұшақпен түскен бетте аруды ат жегілген күймеге отырғызып алып, тосынсый әзірлеп қойған алаңқайға апарады. Сүйіктісінің сүйіріктей саусақтарына сақина салып қана қоймай, оған қымбат көлік сыйға тартты. Алты жыл, алты айдан бері бірге жүрген жұлдыз жұп маңызды сәтте көңілдері босап, жылап жіберді. Жастардың бұл қуанышына достары мен блогерлер ортақтасты.

0 0 ER 0.0780
Луина туған күнін ерекше атап өтті



34 жасқа толған әншінің әлеуметтік желіге жүктеген суреттерінен кешке келген қонақтардың бірыңғай мектеп формасын киіп келгенін көруге болады. Ал төл мекесін ерекше атап өтуінің себебін Луинаның өзі “Мектеп кезімді есіме алып, бітіруші түлек секілді болғым келді”– деп түсіндірді. Әнші туған күн кешінде сүйіктісімен бірге түскен суретін де салып: “Біздің мектепте жолықпағанымыз өкінішті. Бірақ мен 11 бітіргенде, сен шамамен 3 сыныпты аяқтайтын едің ғой. Бәрібір кездеспейтін едік”– деп, жолдасының өзінен біршама жас кіші екенін жеткізді.

1 1 ER 0.0801
Ахон мен Дилек жуырда сәбилі болмақ



Жуырда ғана ұлан-асыр той жасап отау құрған желі жұлдыздары –Ахон мен Диляра тұла бой тұңғыштарын күтіп жүр. Блогерлер желіде ерекше фотосессия жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады. Ахон мен Диляра жеті жыл бірге жүріп, шаңырақ көтерген болатын. Жас-жұбайлардың үйлену тойын әлеуметтік желіде миллионнан астам адам тікелей эфир арқылы тамашалай алды. Блогерлік жұптың қуанышқа толы үйлену тойы мерекесіне 25-30 млн теңге көлемінде қаражат жұмасалған. Жалпы, аталмыш той әлеуметтік желіде ең көп талқыланған, әртүрлі көңіл көтеретін ойын-сауық, шоу бағдарламалардан тұрды. Жұрттың пікірінше, Ахон мен Диляраның тойы «Жыл тойы» деп атауға әбден лайықты.

1 0 ER 0.0626
NNN «Жайдарманда» өнер көрсетті



Белгілі блогер «Миллион» командасымен бірге «Жұлдызбен қонақ» атты бөлімде өнер көрсетіп, жұртшылықты күлкіге қарық қылды. Жайдарманшылар қойған қойылым XVII ғасырды суреттейтін болғандықтан, миллиондықтар Нұрдаулетке: « 3 миллион оқырманмен сайысатын кез емес, 3 миллион сарбазмен сайысатын сәт туды» - деп әзілдеді. Жалпы, жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы көпшіліктің сүйіп көретін және сүйіп ойнайтын әзіл алаңы. «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен бірер күн бұрын Бейбітшілік және келісім сарайында өткен дода нәтижесінде NNN-мен бірге өнер көрсеткен «Миллион» командасы жеңімпаз атанды.

1 0 ER 0.0517
Aron Madmen тобына қайтып оралды



Аты шулы Madmen бойзбендінің лидері Aron топқа қайта оралды. Бұл туралы топқа жаңадан қосылған мүшелер Ашен Алихан мен Ахметқали Мадияр әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады. Жаңа мемберлер “Бізде кішігірім өзгерісттер болып жатыр”, – деп Madmen-нің ресми парақшасында stories түсіріп, Aron-ды көрсетті. Алайда Aron-ның өзі ешқандай пікір білдірмеді, парақшасына да ештене жарияламады. Madmen-нің үш мембері Tiktok-та бірге бейнежазба да түсіріп үлгерген. Mark атымен белгілі Алихан көптен бері айтқысы келіп жүрген жаңалығы осы екенін және алдағы уақытта да көптеген хабарландырулар болатынын жеткізді. Еске сала кетсек, Madmen тобының мүшелеріне “Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды” деген айып тағылып, сот шешімімен қамауға алынған болатын. Сәуірде Алматы полициясы синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады. Арасында Q-pop бағытындағы бойзбэндтің әншілері мен топ продюсері де болған.

2 2 ER 0.0541
Ninety one тобы ұзақ уақыт үзілістен жаңа камбэкпен оралды



Жаңа бейнебаянның тизерін топтың Instagram парақшасында бөлісті. Туындының үзіндісінен көне руна жазулары жазылған тақтайшаның үстінде топ мүшелерінің ұйқыда жатқанын көруге болады. Бәлкім, «91» тобының жігіттері кью-поппен тарихты тоғыстырып, ерекше шығарылым жасағысы келді ме екен?! Анимациялық бояу пайдаланған бейнебаянның мағынасы қандай болмақ? Ninety one –ның жанкүйерлері осы орайда түрлі нұсқалар ұсынып, туындыны асыға күтетіндерін жеткізді. Бір қызығы жаңа шығарылымның алдында жігіттер әлеуметтік парақшаларындағы суреттерін дерліктей өшіріп тастаған.

0 1 ER 0.0474