Статистика ВК сообщества "Қалың елім, қазағым..."

0+
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады....

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Алматыда Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың «Бату мен оның достары» кітабының үшінші бөлімі жарыққа шықты

Үшінші бөлімнің тұсаукесері «Жания Аубакированың колледжі» кітапханасында өтті. Тұсаукесерге жиналған көпшілік авторға сұрақ қойып, кітап жайлы қызықты мәліметтерді біліп отырды. Мысалға, автордың айтуы бойынша Бату өзінің достарымен қиял-ғажайып елге сапар шегеді. Айдала деген мекенде тау мен тасты аралап түрлі қиыншылықтарды бастарынан өткізеді. Кітап фантастикалық жанрмен қоса, тарихи мәліметтермен де өте көп оқиғалар кездеседі.

Осыменен үшінші бөлім ретінде жарыққа шыққан Бату жайлы кітаптың бұл жолғы қолдаушысы Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы.

Аталған серияның екінші кітабы, «Бату мен оның достарының Барсакелмес еліндегі хикаялары» кітабының да қолдаушысы Eurasian Resources Group (ERG) болғанын атап өту керек.

Кітапты республиканың кез келген ірі кітап дүкендерінен алуға болады.

2 0 ER 0.0238
🥊Бекзад Нұрдәулетов Азия чемпионатына қатысады

Бокстан Ұлттық құраманың мүшесі Бекзад Нұрдәулетов Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін Азия біріншілігінде бақ сынайды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Азия чемпионаты 21 мамырдан 1 маусымға дейін Дубай қаласында өтеді. Оған 40-тан астам мемлекет қатысуы мүмкін. Әрине, барлық боксшыдан үміт күтеміз. Неше жүлде алатынымызды Алла біледі. Көбірек алуға тырысамыз. Өз болжамым... екі алтын... Екі алтынға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Одан да көбірек алуға болады. Жігіттеріміз барын салып жатыр. Азия біріншілігіне барған барлық боксшыларымыз алтын үшін күреседі, күш салады" - дейді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев.

Ел намысын қорғайтын боксшылар:

🇰🇿49 кг Даниял Сәбит (БҚО),

🇰🇿52 кг Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы),

🇰🇿56 кг Сабырхан Махмұд (Шымкент қаласы),

🇰🇿60 кг Серік Теміржанов (Павлодар облысы),

🇰🇿64 кг Закир Сафиуллин (Шымкент қаласы),

🇰🇿69 кг Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы),

🇰🇿75 кг Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы),

🇰🇿81 кг Бекзад Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы),

🇰🇿91 кг Василий Левит (Нұр-Сұлтан қаласы),

🇰🇿+91 кг жоғары Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).

Айта кетейік, бокстан 2019 жылы Тайланд астанасы Банкгогте өткен Азия чемпионатында Қазақ боксшылары 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 2-орын алды

Айбек МҰХАНОВ,
журналист.

0 0 ER 0.0102
Жеңіс Ысқақова: Мейрамбек Бесбаев ұйымды тәртіпке келтіріп үлгере алмады — SHYNYRAU

0 0 ER 0.0068
Арман ҚАРСЫБАЕВ:
«БІЛЕГІ ЖУАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ШАРДАРАҒА КЕЛЕДІ»

Жақында Түркістан облысы Шардара қаласында үздік қол күрес шеберлері арасында жарыс өтеді. Бұл туралы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы әрі ұйымдастырушы Арман Қарсыбаев «Қазақ спорты» газетіне берген сұхбатында айтты.

– “Shardara.armsport” және шетел спортшылары арасында өтетін жекпе-жекке Қазақстан мен шетелден кімдер қатысады. Толық айттып өтсеңіз?
– 29-30 мамыр күндері “Shardara. Armsport” клубының бес әлем чемпионы мен басқа мемлекеттен бес әлем әлем чемпионы күш сынасады. Канада, Өзбекстан, Грузия, Ресей және Латвиядан спортшылар келеді деп күтіп отырмыз. Ол қатысушылардың бесеуі де әлем чемпионы.

– Сайыстың мақсаты не? Көрермендер қатыса ала ма?
– Мақсатымыз – қазір әлемге танылған қол күресі спорты бойынша “Shardara.armsport” клубы мүшелері мен дүние жүзіндегі ең мықты спортшыларды жекпе-жекке шығару арқылы мүмкіндігімізді көрсету. Осы салада біздің қазақ елін таныту. Қазақстанның атын әлемге әйгілеу, Шардараның даңқын көтеру, таныту мақсатымен өткізіп жатырмыз. Көрерменсіз, барлық санитарлық талапты орындай отырып ұйымдастырамыз.

– Бұл бір реттік шара ма әлде болашақта тұрақты өткізіп тұру ойда бар ма?
– Оны уақытында көреміз. Болашақта тағы «Шардара VS Азия», «Шардара VS Еуропа» атты жарыстарды өткіземіз деген ниеттеміз.

– Егер құпия болмаса, жеңімпаздарға берілетін жүлде қоры қанша екенін айтасыз ба?
– Сайыс жеңімпаздарына Қазақстанның ұлттық нақыштағы сувенирлері, медальдар мен кубоктар беріледі. Демеушілердің көмегімен қомақты қаржылай сыйлақтар да табысталады.
Шардара мен әлем құрамасы арасында өтетін бес жекпе-жекте күш сынасушылар мыналар:
57 келіде: Нұрмұхан Ердәулет (Қазақстан) VS Ахмат Айбазов (Ресей);

70 келіде: Қадір Нұрдәулет (Қазақстан) VS Вилени Гаврава (Грузия);

78 келіде: Айдархан Нұрдәулет (Қазақстан) VS Ален Гоер (Канада);

86 келіде: Талғат Ақтаев (Қазақстан) VS Владислав Красовский (Латвия);

95 келіде: Қаржау Есболат (Қазақстан) VS Бобур Бекчанов (Өзбекстан).

Сұхбаттасқан – Айбек МҰХАНОВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

0 0 ER 0.0068
РОМАНТИКТІҢ АРМАНЫ...

Иманжүзді дидарыңа қарап ем,
Жанарыңда жайнап турды бар әлем.
Болсам егер Леонадро да Винчи,
Сенің ғана суретіңді салар ем!

Арманымдай әдемі едің не деген?!
Көкке ұшырып, көңілімді демеген!
Болсам егер Галилео Галилей,
Бір жұлдызға есіміңді берер ем!.

Мұңлы, нәзік музыканың тілімен,
Скрипка мен фортепиано үнімен,
Болсам егер Бетховендей виртуоз,
Ай астында тербетер ем түнімен...

Европада бір жаңалық ашар ем,
Неше түрлі шедеврлер жасар ем!
Мен егерде болсам Микеланджело,
Ақ мәрмәрдан мүсініңді қашар ем!

Бәйге тігіп, бар ақшамды шашар ем,
Суретшілер көрмесін де жасар ем!
Болсам егер көпес Павел Третьяков,
Саған арнап галлерея ашар ем!

Мұнарасын сары алтынмен жабар ем,
Іргетасын өз қолыммен қалар ем!
Болсам егер император Жаһан Шах,
Тәж-Махалды саған арнап салар ем!

Жер жүзінің шеберлерін алдыртып,
Ортағасыр сән-сәулетін жаңғыртып,
Болсам егер Зұлқарнайын Ескендір,
Сыйлар едім сұлу шаһар салдыртып.

Домбыраммен, дауысыммен, жаныммен,
Жан-сырымның жеткізер ем бәрін мен.
Болсам егер әнші Ақан серідей,
Ғашық қылып қояр едім әніммен!

Мен осылай кетем кейде қиялдап,
Армандаймын өзімді-өзім жиі алдап.
Болсам егер Құрманғазы күйшідей,
Шығарар ем саған қырық күй арнап!

Мен АҚШ-тың Президенті болғанда,
Америка айтқанымды қолдар ма?!
Болсам егер Джорж Вашингтон орнында,
Суретіңді салдыртар ем долларға...

Жүрген жоқпын Присцилла Чан қасында,
Присцилладан сен артықсың, расында!
Мен егерде болсам Марк Цукерберг,
Фейсбуктың сен тұрар ең басында...

Жүрер едің жерге тимей табаның,
Күнде дайын – киімің мен тамағың.
Болсам егер Джон Дэвисон Рокфеллер,
Сыйлар едім Сент-Бартс аралын...

...Да Винчи де, Бетховен де болмадым,
Әй, өзің де білесің ғой ол жағын?!
«Ақын – Алмас Темірбай» боп туған соң,
Өлең жаздым... соған риза бол, жаным...

Бұйырмапты бізге көзсіз батырлық,
Жоқ ешқандай әкімдікке жақындық.
Шүкір, Алла, жаратқаның үшін де,
Жаны – азат, қаны – қазақ Ақын ғып...

Керегі не маған сонша биіктің?!
Күллі өнерді бере салсын жиып кім?!
Болмай-ақ та қояйыншы Ұлы адам,
Болсам, болды жалғыз сенің сүйіктің...

Түсінсең ғой... сезімімді сен елеп,
Біліп тұрып сұрамашы «неге?» деп!...
...Болсам, шіркін, қарапайым күйеуің,
Бақытты өмір сыйлар едім керемет!

Одан артық не керек?!
Білмеймін... )))

Авторы: [id176149278|Алмас] ТЕМІРБАЙ

#қозыкөрпешбаянсұлу
#романтик
#махаббат
#алмастемірбай

0 0 ER 0.0068
Алматыға көшіп келген Қайрат Нұртасқа көршілері шағымданды — SHYNYRAU

0 0 ER 0.0034
Алматыда қыздардың етінен тұшпара жасап жегендердің «Қара бүркіттегі өмірі» — SHYNYRAU

0 0 ER 0.0034
Ерке Есмахан: Азамат екеумізде бір бала бар — SHYNYRAU

0 0 ER 0.0034
«Күйеуім басқа адам болып шықты»: Салафизмге кірген әйел небір сұмдықты бастан кешкен — SHYNYRAU

0 0 ER 0.0034
«Халық жауы» қылсаңдар да осы пікірде қаламын» — Балғынбек Имашев — SHYNYRAU

0 0 ER 0.0034