Митинг 6/01/22
Қарт Алматым,рухыңды жығып...
Мазаңды алды-ау,жыртынды қылып.
Сақалдылар кеп сақалдан тартып,
Мұрты бар біреу мұртыңды жұлып.
Көшелілерді зираттар жұтты,
Көшеңде дұшпан қиратқан жұртты.
Азаттық үшін Қайратың шыққан.
Азғындық үшін “Қираттар”шықтты.
Ана Алматы, бал күнің күліп,
Атады әлі барлығын ұмыт.
Балам деп басын сипағандарың,
Жаулық жасады жаулығын жұлып.
Әке Алматы...
барма әкеңнің құны-ай?
Өксікке толы өтер күн де оңай.
Табанмен таптап иттік қылғанды,
Алақаныңмен көтердің қалай?
Алатау әні,қырылды ел қара..!
Бөктерге жиған сырың мен нала..
-Мың өліп мың тірілген қазақ,
-Бірі-өліп,бір-тірілген қала.
Жеңісбек Ұ
Статистика ВК сообщества "Ұлттық поэзия"
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Абай Құнанбай
Количество постов 4 875
Частота постов 112 часов 5 минут
ER
5.45
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Сүйем десең
⠀
Үш ауыз сөз:
Мен сені сүйем! - деген.
Осынау бақ біздерге тиер ме екен.
Сезім салған жара бар жүрегімде
Сүйем десең сауығам, жиі емделем.
⠀
Жиі емделем,
Нәп-нәзік, тәтті үніңнен.
Сен менің сарқылмайтын шаттығым ең.
Бір сәтке де мені еске алмайтындай
Кешің батып, таңдарың атты кіммен.
⠀
Айтшы кіммен?
Күн кешіп жүрсің, Күнім.
Қаратуға қауқарсыз құр шындығым.
Пендемін ғой, пендемін қайтем енді
Еш себепсіз сағынтып тұрсың бүгін.
⠀
Өлеңім бар,
Өзім бар,
Өзге ешкімім.
Саған жетер жолымнан кездесті мұң.
Қапияда қара өлең жаздым тағы
Баяғыдан белгілі сезбестігің.
⠀
Қырсықтығың ұнайды қыңқ етпейтін
Түсірсем де төбеңнен сөз көшкінін.
⠀
Жәнібек Салқынбек
20.05.2021 22:32
⠀
Үш ауыз сөз:
Мен сені сүйем! - деген.
Осынау бақ біздерге тиер ме екен.
Сезім салған жара бар жүрегімде
Сүйем десең сауығам, жиі емделем.
⠀
Жиі емделем,
Нәп-нәзік, тәтті үніңнен.
Сен менің сарқылмайтын шаттығым ең.
Бір сәтке де мені еске алмайтындай
Кешің батып, таңдарың атты кіммен.
⠀
Айтшы кіммен?
Күн кешіп жүрсің, Күнім.
Қаратуға қауқарсыз құр шындығым.
Пендемін ғой, пендемін қайтем енді
Еш себепсіз сағынтып тұрсың бүгін.
⠀
Өлеңім бар,
Өзім бар,
Өзге ешкімім.
Саған жетер жолымнан кездесті мұң.
Қапияда қара өлең жаздым тағы
Баяғыдан белгілі сезбестігің.
⠀
Қырсықтығың ұнайды қыңқ етпейтін
Түсірсем де төбеңнен сөз көшкінін.
⠀
Жәнібек Салқынбек
20.05.2021 22:32
Ұқсас адам
Сыйлаған махаббаттың жаңа лебін,
Жаныма жақын сенің жан әлемің.
Қардай аппақ көңіліңе арналады
Жып-жылы қара өлеңім.
Қайтсем екен, қасыңда қалу үшін,
Себебі сен дертімнің дәруісің.
Бірге болу бақыт қой, алыстасам
Артады сағынышым.
Сенбесең сөздерімнің көрші расын,
Ойлаудан да шаршады енді басым.
Неге екенін білмеймін ән тыңдасам
Сөзінде сен тұрасың.
Кешегі шын ғашықтар сарқыты деп,
Егіздерге ел айтсын мәңгі тілек.
Кеудеңде дүрсіл қағып тұр ғой білем
Мендегі жарты жүрек.
Жұмбақ бір қыз, жүрегім жұп санаған,
Түк қоймайтын болдың-ау түпсанадан.
Әлемде жалғыз ғана сен шығарсың
Менімен ұқсас адам.
Жәнібек Салқынбек
Сыйлаған махаббаттың жаңа лебін,
Жаныма жақын сенің жан әлемің.
Қардай аппақ көңіліңе арналады
Жып-жылы қара өлеңім.
Қайтсем екен, қасыңда қалу үшін,
Себебі сен дертімнің дәруісің.
Бірге болу бақыт қой, алыстасам
Артады сағынышым.
Сенбесең сөздерімнің көрші расын,
Ойлаудан да шаршады енді басым.
Неге екенін білмеймін ән тыңдасам
Сөзінде сен тұрасың.
Кешегі шын ғашықтар сарқыты деп,
Егіздерге ел айтсын мәңгі тілек.
Кеудеңде дүрсіл қағып тұр ғой білем
Мендегі жарты жүрек.
Жұмбақ бір қыз, жүрегім жұп санаған,
Түк қоймайтын болдың-ау түпсанадан.
Әлемде жалғыз ғана сен шығарсың
Менімен ұқсас адам.
Жәнібек Салқынбек
Бүгін міне жолықтырдым жартымды,
Өзі сұлу, қылығы да тартымды.
Ең бастысы иманы бар жүректе,
Шүкірменен бастайтұғын әр күнді.
Сіз деп мені сыйлайтыны тағы бар,
Кірленбеген ақ парақтай ары бар.
Бақыт деген осы болар бәрі айтқан
Ешқандайда себебім жоқ, шағынар.
Түс көргендей болып жүрмін сенбестен,
Шын сезімге беріліп, айырылдым ба әлде естен.
Не болса да мен бақытты жан екем,
Күткеннен де артығына кездескен...
Дәл осылай, мысал қылдым көп адамның арманын,
Қалаймыз ау, жартымыздың періштедей болғанын.
Періштедей болсын десең қасыңдағы жан-жарың,
Алдыменен өзіңде сол періштедей бол жаным.
Болғың келсе шын бақытты, кемшілікке қарама,
Бір жақсылық, он кемшілік берілер әр адамға.
Сол бір жақсы қасиетті қанағат қыл көңілге,
Сонда ғана он кемшілік ілінбейді санаға.
Өзі сұлу, қылығы да тартымды.
Ең бастысы иманы бар жүректе,
Шүкірменен бастайтұғын әр күнді.
Сіз деп мені сыйлайтыны тағы бар,
Кірленбеген ақ парақтай ары бар.
Бақыт деген осы болар бәрі айтқан
Ешқандайда себебім жоқ, шағынар.
Түс көргендей болып жүрмін сенбестен,
Шын сезімге беріліп, айырылдым ба әлде естен.
Не болса да мен бақытты жан екем,
Күткеннен де артығына кездескен...
Дәл осылай, мысал қылдым көп адамның арманын,
Қалаймыз ау, жартымыздың періштедей болғанын.
Періштедей болсын десең қасыңдағы жан-жарың,
Алдыменен өзіңде сол періштедей бол жаным.
Болғың келсе шын бақытты, кемшілікке қарама,
Бір жақсылық, он кемшілік берілер әр адамға.
Сол бір жақсы қасиетті қанағат қыл көңілге,
Сонда ғана он кемшілік ілінбейді санаға.
Тұтқыныңмын
Сен қандайсың,
Жанарыңмен баурайсың.
Жүрегі жоқ адаммын ба деп жүрсем
Жүрегіңді арнайсың.
Өзгешесің,
Таппадым өзге шешім.
Мен сені ешбір жерден іздемеймін
Сен бірақ кездесесің.
Тым сұлусың,
Іші нұр, сырты мүсін.
Басқаның бақытына қия алмаймын
Кеудемнің дүрсілі үшін.
Ұттың-ұттың,
Жеңілдім бітті құным.
Саған дейін сезімде азат едім
Ал қазір – тұтқыныңмын.
Жәнібек Салқынбек
07.05.2021 06:04
Сен қандайсың,
Жанарыңмен баурайсың.
Жүрегі жоқ адаммын ба деп жүрсем
Жүрегіңді арнайсың.
Өзгешесің,
Таппадым өзге шешім.
Мен сені ешбір жерден іздемеймін
Сен бірақ кездесесің.
Тым сұлусың,
Іші нұр, сырты мүсін.
Басқаның бақытына қия алмаймын
Кеудемнің дүрсілі үшін.
Ұттың-ұттың,
Жеңілдім бітті құным.
Саған дейін сезімде азат едім
Ал қазір – тұтқыныңмын.
Жәнібек Салқынбек
07.05.2021 06:04
ҮНСІЗДІК
⠀
Ееей!
естимісің сен мені, елес ару,
(Осы саған қиын ба, келе салу).
Бір көрінші көзіме жатырқамай
Сондағы ойым өзіңнен кеңес алу.
⠀
Бір жүрек бар кеудемде, сенде де бар,
Пәк сезімге тұрғандай шөлдеп олар.
Жіберейік махаббат майданына
Ауырғанда бір-бірін емдеп алар.
⠀
Ұғасың ба, мен сені іздеп жүрмін,
Танып алдым таңбасын іздеріңнің.
Оңашада отырып сырласайық
Керегі бар дәнекер бізге кімнің?!
⠀
Құпиям бар айтатын құлағыңа,
Ақтарылып, ашылып, шын ағыла.
Бірақ саған қоятын жалғыз шартым
Иә деуге уәде бер сұрағыма.
⠀
Жариялап шықпаған бір атағым,
Айқайласам біреуді жылатамын.
Сондықтан да әлемді дүрліктірмей
Үнсіз ғана сүюді ұнатамын.
⠀
Жәнібек Салқынбек
⠀
Ееей!
естимісің сен мені, елес ару,
(Осы саған қиын ба, келе салу).
Бір көрінші көзіме жатырқамай
Сондағы ойым өзіңнен кеңес алу.
⠀
Бір жүрек бар кеудемде, сенде де бар,
Пәк сезімге тұрғандай шөлдеп олар.
Жіберейік махаббат майданына
Ауырғанда бір-бірін емдеп алар.
⠀
Ұғасың ба, мен сені іздеп жүрмін,
Танып алдым таңбасын іздеріңнің.
Оңашада отырып сырласайық
Керегі бар дәнекер бізге кімнің?!
⠀
Құпиям бар айтатын құлағыңа,
Ақтарылып, ашылып, шын ағыла.
Бірақ саған қоятын жалғыз шартым
Иә деуге уәде бер сұрағыма.
⠀
Жариялап шықпаған бір атағым,
Айқайласам біреуді жылатамын.
Сондықтан да әлемді дүрліктірмей
Үнсіз ғана сүюді ұнатамын.
⠀
Жәнібек Салқынбек
Сыйластық қайда?!
Өмірдің өзі өлшеулі екен аңдасам,
Түнере берсем түнекте жалғыз шаң басам.
Достарым маған келмейді күн де хәл сұрап
Мен өзім іздеп бармасам.
Қиналып кейде күтемін көптің көмегін,
Сыйластық қайда, мейірім еді қорегім.
Жүз досым бар деп мақтанам бірақ жанымнан
Бір-екеуін-ақ көремін.
Бермейді сынақ арам пиғылға мүмкіндік,
Кемшілік іздеп онсыз да олар жүр тінтіп.
Бәйгеден атым озғанда ғана қолдайтын
Жоғалсын достар бір күндік.
Білетін жанмын шынайы достың бағасын,
Адалдық, сенім аласармайтын дара шың.
Қарға болуды қаламайтын көп қырандар
Айналасына қарасын.
Жәнібек Салқынбек
Өмірдің өзі өлшеулі екен аңдасам,
Түнере берсем түнекте жалғыз шаң басам.
Достарым маған келмейді күн де хәл сұрап
Мен өзім іздеп бармасам.
Қиналып кейде күтемін көптің көмегін,
Сыйластық қайда, мейірім еді қорегім.
Жүз досым бар деп мақтанам бірақ жанымнан
Бір-екеуін-ақ көремін.
Бермейді сынақ арам пиғылға мүмкіндік,
Кемшілік іздеп онсыз да олар жүр тінтіп.
Бәйгеден атым озғанда ғана қолдайтын
Жоғалсын достар бір күндік.
Білетін жанмын шынайы достың бағасын,
Адалдық, сенім аласармайтын дара шың.
Қарға болуды қаламайтын көп қырандар
Айналасына қарасын.
Жәнібек Салқынбек
"Басым бүтін, төрт құбылам тең", деңіз.
Жаман дерттен жаныңызды емдеңіз.
"Біз күткендей болмады", деп кей-кейде,
Күпірлікке барамыз-ау демде біз.
Нәпсіңізге билік жасап бір сәтке,
"Бұл өмірдің бақыттысы - Мен", деңіз.
Жалған Дүние әлди айтар өтірік,
Ертегісі есті арбайды, сенбеңіз!
Басыңыздан қарша борап сынақтар,
Сабырыңыз сыналады, сөнбеңіз!
"Бәрі бітті", деп енжарлық танытпай,
Қатеңізді дер кезінде жөндеңіз.
...Көсілеміз біздер "Бәрін білем", деп,
Шын мәнінде көп нәрседен кендеміз.
Сценариін Алла жазған киноның
Бір-бір рөлін сомдап жүрген ПЕНДЕМІЗ.
Санжар Ғұлама
Жаман дерттен жаныңызды емдеңіз.
"Біз күткендей болмады", деп кей-кейде,
Күпірлікке барамыз-ау демде біз.
Нәпсіңізге билік жасап бір сәтке,
"Бұл өмірдің бақыттысы - Мен", деңіз.
Жалған Дүние әлди айтар өтірік,
Ертегісі есті арбайды, сенбеңіз!
Басыңыздан қарша борап сынақтар,
Сабырыңыз сыналады, сөнбеңіз!
"Бәрі бітті", деп енжарлық танытпай,
Қатеңізді дер кезінде жөндеңіз.
...Көсілеміз біздер "Бәрін білем", деп,
Шын мәнінде көп нәрседен кендеміз.
Сценариін Алла жазған киноның
Бір-бір рөлін сомдап жүрген ПЕНДЕМІЗ.
Санжар Ғұлама
Жүрегім сізге байланып қалған,
Елемей тұр ау жараны салған.
Саралап ақыл түсінсе-дағы,
Жүрегім сезбеді сөздерді жалған.
Жалтақтай берем, үмітім сөнбей,
Сөнбейді сезім кеттіге көнбей.
Жанарға тамшы сала кеттіңіз,
Келсеңіз-дағы жанымды емдей.
Елемей тұр ау жараны салған.
Саралап ақыл түсінсе-дағы,
Жүрегім сезбеді сөздерді жалған.
Жалтақтай берем, үмітім сөнбей,
Сөнбейді сезім кеттіге көнбей.
Жанарға тамшы сала кеттіңіз,
Келсеңіз-дағы жанымды емдей.
Ұлы арманым
Мен саған ән арнадым, жыр арнадым,
Ұлылығың осы ма ұлы арманым.
Кішік болып кеудеңді түсірсеңші
Түсінсеңші сен мені сыңар бағым.
Жылу сезем жүректің дүрсілінен,
Белгісі ғой тағдырдың бұл шынымен.
Сені көрем көктемнің келбетінен
Сені көрем гүлдердің бүршігінен.
Шығарайын десем де жатып егес,
Көрінбейді көзіме уақыт елес.
Жұрт ішінде жымиып жүргенменен
Жалғыз өткен ғұмырым бақыт емес.
Күннен көркем көңілің бұлттан ақ,
Әлі есімде тұрғаның күліп қарап.
Мезгілімен табиғат жылынса да
Сезімнің ауа-райы суып барады.
Күнтізбенің күнінен жаңылыппын
Жүргенде жауабы жоқ үміт санап.
Жәнібек Салқынбек
Мен саған ән арнадым, жыр арнадым,
Ұлылығың осы ма ұлы арманым.
Кішік болып кеудеңді түсірсеңші
Түсінсеңші сен мені сыңар бағым.
Жылу сезем жүректің дүрсілінен,
Белгісі ғой тағдырдың бұл шынымен.
Сені көрем көктемнің келбетінен
Сені көрем гүлдердің бүршігінен.
Шығарайын десем де жатып егес,
Көрінбейді көзіме уақыт елес.
Жұрт ішінде жымиып жүргенменен
Жалғыз өткен ғұмырым бақыт емес.
Күннен көркем көңілің бұлттан ақ,
Әлі есімде тұрғаның күліп қарап.
Мезгілімен табиғат жылынса да
Сезімнің ауа-райы суып барады.
Күнтізбенің күнінен жаңылыппын
Жүргенде жауабы жоқ үміт санап.
Жәнібек Салқынбек