Статистика ВК сообщества "Мұхтар Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театры"

0+
театр

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

"СЕН ҮШІН..."

Театрымыздың актері Әділет Базарбайдың орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Махамбет Түгелбаевтың "Сен көріктісің" әнін тамашалаңыз, көрермен!🎭❤

#Әуезовтеатры
#96маусым
#Сенүшін

6 0 ER 0.2001
🎭Қымбатты көрермен, Сіздерді бүгін, 9 ақпанда «Ақын... Періште... Махаббат» символикалық драмасында күтеміз! 🎭

Авторы: Әкім Тарази
Режиссері: Әубәкір Рахимов

Актерлік құраммен таныс болыңыздар: 🎭

Ақын - Ерлан Біләл
Асау жігіт - Жұмағали Маханов
Періште - Баян Кажынәбиева
Жанторсық - Мұрат Нұрасілов
Дүниенің тұтқасы - Жандарбек Садырбаев
Беймаза әйел - Гүлнар Жакупова
Мейірбике - Нұржан Бексұлтанова
Мед.брат әрі оққағарлар - Әлсейіт Есбатыров, Мағжан Асаубай, Қасым Демеуов
Музыкант - Алихан Лепесбаев

Әдеттегідей, қойылым 18:30-да басталатынын естеріңізге саламыз

Театрда жүздескенше! 🎭❤

#Әуезовтеатры
#96маусым
#АқынПеріштеМахаббат

0 0 ER 0.0477
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Гүлшат Тутоваға ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Құрмет" ордені табысталды.

Театр ұжымы Сізді бүгінгі белесіңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ұлттық сахна өнерінің дамуы жолында сіңірген еңбегіңіз жемісті болсын деп тілейді.

#ӘуезовТеатры
#96маусым
#ҰлттықТеатрТәуелсіздікЖылдарында
@msm.govrk

0 0 ER 0.0477
Қадірлі көрермен! Ағымдағы ай репертуарымен таныс болыңыздар! Алдағы апта, яғни, 16-21 қараша аралығындағы қойылымдарды назарларыңызға ұсынамыз!🎭
🎫Билеттерді театр кассасынан және www.ticketon.kz сайтынан ала аласыздар💡
❗Билет саны шектеулі, қапы қалмаңыздар!
☎Касса телефоны: 378-53-85, +77753208524📱
🕡Әдеттегідей, спектакль 18:30-да басталады🔔
Театрда жүздескенше! 🎭❤
#Әуезовтеатры
#96маусым

0 0 ER 0.0383
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" Орденінің иегері Болат Әбділманов "Парасат" орденін иеленді!

Жетістігіңізге М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы шын қуана, қазақ сахна өнеріне береріңіз көп болғай деп тілектестік білдіреді.

#ӘуезовТеатры
#96маусым
#ҰлттықТеатрТәуелсіздікЖылдарында

@msm.govrk

0 0 ER 0.0381
"ҚАН мен ТЕР"

Режиссері: @arirejdrama

Жақында...💣

0 0 ER 0.0381
🎭Қымбатты көрермен, Сіздерді бүгін, 19 желтоқсанда «Сыған серенадасы» спектаклінде күтеміз! 🎭

Авторы: Исраил Сапарбай
Режиссері: Есмұхан Обаев
Төлеубек Аралбай

Актерлік құраммен таныс болыңыздар: 🎭

Шәмші – Бекжан Тұрыс
Изольда – Назгүл Қарабалина
Барон – Үсіпхан Сейтімбет
Баронесса – Гүлнар Жакупова
Алеко – Алмас Шаяхметов
Апа – Шынар Асқарова
Сағыныш – Гүлнұр Шыңғысова
Абзал – Жасұлан Байсалбеков

Көпшілік сахнада театр артистері өнер көрсетеді🔥

Әдеттегідей, қойылым 18:30-да басталатынын естеріңізге саламыз

Театрда жүздескенше! 🎭❤

#Әуезовтеатры
#96маусым
#Сығансеренадасы

0 0 ER 0.0286
ЖАҢА ЖОБА - "СІЗДЕН СҰРАҚ"

Театрымыздың актрисасы Индира Құлмағамбетова көрермен сұрақтарына жауап берді

Бұл жобадан кімдерді көргіңіз келеді?

#Әуезовтеатры
#96маусым
#Сізденсұрақ

0 1 ER 0.0381
Құрметті қазақстандықтар!
 
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – әрбір адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды. Біз осынау мерейлі мереке қарсаңында қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз.

Халқымызда «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. 2021 жылы қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін талай келелі іс атқарылды. Азаттығымыздың белесті жылы да ел мерейін асырар, халқымызға пайдасы мол жарқын істер көп болды. Өткен жылды лайықты аяқтап, жеткен жетіс­тіктеріміз үшін баршаңызды құттықтап, келер жылы да зор табыс тілегім келеді.

Келе жатқан Жаңа жыл Сіздерге игілік пен ізгілік, отбасыларыңызға амандық, құт-береке әкелсін! Өнеріміз өрлей берсін! Несібеміз артып, әрбір ісіміз жемісті болсын!
 
Ізгі ниетпен, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімов

0 0 ER 0.0286
Театрымыздың актері Елжан Тұрыс "Екі өтірік" жобасында өзі туралы 10 факт ұсынады. Олардың екеуі өтірік. 😉

Екі жалған факт тапсаңыз, комментарийге жаза кетіңіз 🤗

0 0 ER 0.0286