Статистика ВК сообщества "Работа Хабаровск"

0+
Количество постов 11 679
Частота постов 74 часа 1 минута
ER 3.75
60.07% 39.93%
21.02% подписчиков от 18 до 21
95.42% 1.19% 0.00%
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Токиодағы олимпиадада Қамшыбек Қоңқабаев алтын алсын дегендер лайк қойыңдар!

2 10 ER 0.2321
Ол Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен 11 739 қаһарманның ішіндегі ең жасы еді. Бір өзі бірнеше жүз фашистпен бетпе-бет келгенде Жәнібек небәрі 18 жаста болатын.

Днепр өзенінің оң жағалауы үшін болған ұрыста Жәнібек Елеусов бүкіл отрядтан жалғыз өзі тірі қалады. Қас қарая атыс толастаған кезде ол бірнеше жерге пульемет орнатып, гранатаны мол ғып жиып, окоп ішінде жүгіре жүріп соғысуға ыңғайлы етіп қояды.

Жәнібек бір өзі жүздеген фашистпен 4 күн бойы тоқтамай соғысқан. Кейіннен көмекке келген сәбет әскері оны көзі кіртиіп, әбден арыған, еріні кезеріп, қолдары күп боп ісіп кеткен күйде тауып алыпты.

***
Міне, біздің ұрпағымыз мақтан тұтып, еліктеуге лайық тұлға осындай болуы керек!

(с) Қанат Ескендір

9 8 ER 0.1264
ПЫШАҚ

Бір адамның өмір сүруге деген құлшынысы кеміп, бүкіл жолы жабылып, түңілердей болады. Өзін ешкімге керек еместей сезінгеннен өткен азап бар ма? Үйіндегі жылтыраған заттың бәрін сатып жіберген. Содан күнделікті нан-суын тауып іше алмайтындай төменге түсіп, шың басынан шыңырау құзға құлдырап, түпте мас күйде бұлдырап жатқанда көзіне керует астындағы ескі қобдиша түсті.
"Әй, мынау менің бір кездегі қобдишам емес пе? Осының ішінде не бар екен? Сатуға тұратын бір зат табылса жақсы" деп жорғалап барып, керует астына қолын созып, шаң басып, мың қабат сүмелекпен баттасқан көне қобдишаны суырып алып ішін ақтара бастады. Жөнді ештеңе қолына ілікпеді. Қисық шеге. Сабы жоқ балға. Кәкір-шүкір. Тек қынабында жатып тот басқан пышақ қана назарын аудара берді.
"Мынаны тазартып, қайрап алсам, сонда бір жартылыққа жететіндей пұл құрар, ә?!" деп таттан жүзі көрінбей қалған кездікті жеңіне сүртті. Одан қайрақ іздеді. Қобдишаның түбінен сынық қайрақ тауып алды. Пышақты соған қайрады. Одан сыртқа шығып, құммен тазалады. Есігінің алдындағы тасқа жаныды. Қайтадан қайраққа салды. Өстіп біраз терін төкті. Әбден таттанып, пышақ екені білінбей қала жаздаған дүниенің пішіні шыға бастады. Не керек өзі де бұрынғы бесаспап шебер емес пе, пышақты татынан арылтқанша бірнеше күн қайрады. Жүзі жарқырап, өзі сондай үшкір, жүзі қылпып тұрған өткір пышаққа айналған күні өз ісіне көңілі толған бейбақ
"О, енді ұсқының кірді. Сені сатып алатын адам табылатынына сенімдімін. Мынадай өткір пышаққа бір шөлмек емес, бір жәшік арақ алатын шығармын" деп ойлады. Ол сөйтіп тұрғанда көршісі жетіп келді.
- Көрші, сенің мал соятын өнерің бар еді ғой. Құрбан айт кезі, бір үлкен сек әкелгенмін, соятын қасапшы таппай отырмын. Көмектесіп жіберсейші. Мә, қолыңда керемет кездік тұр ғой. Біздің үйде не көп, пышақ көп, бірақ мынадай алмас емес, - деп бұны қояр да қоймастан ауласына апарды. Аз уақыттың ішінде секті сойып, мүшелеп берді. Көршісінен алғыс алды. Үйінде қонақ болды. Дастархан басында мұның шебер мал союшы екенін естігендер, айттың қалған екі күніне өздеріне шақырып, пышағын әбден сынады, әрі ең жақсы іске жұмсады. Адамдар алғыспен қоса, қалтасына ақша салды, құрбандыққа шалған малдың етінен ет те бөліп берді. Аз күннің ішінде үй-ішінің әл-ауқаты оңалып, өзгеріп қалды. Содан бұрынғы шебер пышағын ұстап отырып ойланды. "Сен ғой тот басып пәлен жылдан бері аяқ асты жаттың. Мен сені іздемедім. Мен бүліндім. Сені басқан тот мені де оңдырмай басты. Жүрегім қарайды. Бар жақсы қасиетімнен айырылдым, білген өнерім де ұмытыла бастады. Сені қалай тауып алып, таттан тазарттым, сол сәттен бастап сен пайдаға астың. Адамдарға көп пайдаң тиді. Сенің арқаңда мен де жұрттан жақсы сөздер естідім. Мен түсіндім. Мен де тап сен сияқты іші-сыртымдағы таттан тазалануым керек екен" деп адам дұрыс жолға қайтып оралды.
Көп уақыт өтпей тұрмысы түзелді. Байыды. Ел-жұрт оны сыйлайтын, құрметтейтін болды. Қас шебердің қолына қайта оралған өткір пышақ осылай иесін жөнге салды, түзу жолға түсуіне себеп болды.
Иә, кейде түзу жолынан адасып жүрген адамға біздің бір жылы сөзіміз, алмастай жарқ етпе қылығымыз керек болып тұрады. Жамандыққа жұмсалмайтын өткір пышақ та, жылы құшақ та бола білейік.

Мұнайдар Балмолда

38 10 ER 0.1155
ЕЛ ІШІНДЕГІ ӘҢГІМЕЛЕР

«...Бір күні аңға шықсам, түлкіге құрып қойған қақпаныма бауырын жаңа ғана көтерген қасқырдың бөлтірігі түсіп қалыпты. Атып алуға қимай босатып қоя бердім. Бостандыққа қолы жеткенін сезді ме, кішкене бөлтірік сынған аяғын сүй­рете томпаңдап жүгіре жөнелді. Келесі жыл­ғы қыста аң аулап жүріп, аттан құлап ая­ғымды сындырып алдым. Қатты құла­ғаным сонша есімнен танып қалыппын. Әлдебір уақытта есімді жинадым, ауру­ханада жатыр екенмін.

Дәрігерлердің айтқанына сенгім келмеді. Аттан құлап есімнен танған мені, екі қасқыр ауылдың шетіне дейін сүйретіп әкеліп тастапты. Қасқырдың бірі аяғын сылтып басады екен, шамасы ақсақ көрінеді, – дегенде есіме сарт етіп баяғы қасқырдың қақпанға түскен бөлтірігі түсті. Қасқыр екеш, қасқыр да менің жаса­ған жақсылығымды ұмытпағаны ма, сон­да? Айдалада майырылып жатқанда, өзім құтқарған бөлтірікпен кездестіріп, аң мен адам баласының түсінісе ала­тынын, екеуінің де Табиғат-ананың бала­сы, мына «Фәни дүние» атты бір отба­сының мүшесі екендігін іштей, еріксіз мой­ындатқан жаратқан иеміздің шебер­лі­гіне қайран қалдым...

23 8 ER 0.1040
Бір күні бір адам Омар Хайямды жұрт көзінше:
- Сен дінсізсің! Сен араққұмарсың! Сен тіпті ұрысың! - деп балағаттапты.
Оған жауап ретінде Омар Хайям жәй ғана күлімдеп қоя салыпты.
Осыны көрген бір бай, әдемі киініп алған адам:
- Сен қалайша бұлай айтуына жол бересің?! Сенің намысың келмей ме? - деп таңдана сұрапты. Омар күліп:
- Жүр менімен, - депті. Бай оған ілесіпті.
Омар сарайына кіріп, ескі сандықты ақтарып, одан дымға жарамсыз жыртық халатты тауыпты. Оны әлгі байға лақтырып:
- Мынаны өзіңе өлшеп көрші, саған шақ болуы керек,- депті.
- Мұның маған не керегі бар? Менің киімім қымбат, әдемі екенін өзің көріп тұрған жоқсың ба? Сен шынымен де жынданыпсың! - деп халатты Омарға қайтара лақтырыпты.
- Көрдің бе, сен жыртық, ескі халатты өзіңе сай көрмедің. Сол сияқты мен де маған айтылған балағат сөздерді өзіме сай көрмедім. Сені балағаттаған адамға ренжігенің - оның сөздерінің шындық екеніне келіскенің! - деп жауап беріпті Омар.

26 0 ER 0.0870
АУРУ ӘЙЕЛ МЕН БОЙЖЕТКЕН
/ғибратты әңгіме/

Бұл кексе әйел бұл күнде Сауд Арабиясында өмір сүріп жатыр. Оның екі бүйрегі де жұмыс жасауын тоқтатып, төсек тартып жатып қалған еді. Дәрігерлердің айтуынша әйелдің бүйрегін ауыстыру керек. Басқа ем-дом әсер етпейді. Сол үшін бүйрегін ақшаға сататын донор керек екен. Бұл әйелдің еңбекқор, мейірімді балалары бар еді. Олар бір бойжеткен қызбен келісіп бүйрегін сатып алып беретін болды.
Бұл бойжеткеннің отбасы өте кедей еді.
Күнкөрістеріне ақша таба алмай қиналғандықтан, ата-анасына жаны ашыған қыз бүйрегін сатуға мәжбүр болды.
Таңертеңгі болатын отаға дайындау үшін, кешқұрым қызды ауруханаға әкеліп, кексе әйелмен бір бөлмеге жайғастырды. Ол кезде әйел ұйықтап жатқан болатын.
Бойжеткен түні бойы, таңғы бамдат намазына дейін көз жасын көл қылып, ғибадат жасап, Аллаға жалбарынып дұға тілеп шықты.
Кексе әйел ұйқысынан оянып, бас жағында жас бойжеткеннің жылап дұға жасап отырғанын көрді де:
"Қызым, неге жылап отырсың?"-деп сұрады. Қыз:
"Мұқтаждығымыздан ағзамдағы бүйрегімді сатқаныма ішім ашып жылап отырмын"-деп жауап берді.
Әйел сол жерде ұлдарының біріне қоңырау шалып, тез келіп жетуін сұрады. Елгезек ұл бамдат намазы біте салысымен-ақ жетіп келді.
Анасы ұлынан:"Мына бойжеткенге келісілген ақша берілді ма?"-деп сұрады. Ұлы:"Жоқ, анашым, отадан кейін берілуге келісілген"-деп жауап берді. Анасы:"Ақшаны қазір бергенің дұрыс"- деді. Баласы болса:"Отадан кейін берілуге келісілген ғой анашым"-деді. Әйел:"Алла разылығы үшін қазір бергеніңді қалаймын"-деді. Ұлы бауырларына хабарласып, ақшаны әкелулерін айтты. Отыз мың риал алып келінді. Мейірімді ана қызға ақшаны беріп тұрып:"Қызым,мына ақшаны ал да үйіңе қайта бер. Ақшаны мұқтаждықтарыңа жұмсай беріңдер"- деді.
Қыздың қайғыдан төгілген көз жастары енді қуаныш жасына айналды. Ал әйел болса ұлына:"Жүр ұлым, кеттік. Доктор айтқандай бүйрегімді әр екі күн сайын келіп жудырып тұрармыз.Алла Тағалам бізбен бірге. Ол бізді тастап қоймайды"- деді.
Анасының бүйрегін бір рет жудыртуға балалары алып келді. Екі күннен соң тағы алып келгенде,докторлар әйелдің екі бүйрегінің де істеп тұрғаны туралы қуанышты хабарды жеткізді.
Бұл әйел қазіргі уақытта Жаратқан Алланың арқасында ризықтандырылып, сау-саламат өмір сүруде. Алла аса ұлы құдірет иесі!……..

20 6 ER 0.0874
Қасқырдың киесі……..
Күн жұма болатын.
Түнімен жол жүріп, Ақмола жақтан келе жатқан бетім еді. Қар борап тұрған. Күйік асуы жабық дегенді есітіп, амал жоқ тоқтағанмын. Таң атып қалған.
Көре кетейін деп Тараз қаласының орталық базарына кіре бергенім сол еді, бір бейтаныс жігіт жылыұшырай қолын созды. Амандастық.
- Аға, үйге жүріңіз, сізді күтіп тұр едім, - деді әлгі жігіт.
- Інім, мен сені танымаймын ғой, - шатастырып тұрған шығарсың, мен жай ғана жолаушымын. Бұрын бұл жақта болмағанмын.
- Есесіне, мен сізді танып тұрмын Орекеңсіз ғой, десін, бейтанысым мені таң қалдырып. Өзінің дегбірсізденіп тұрғанын да байқап қалдым. Ішкі ойым "не боп қалды екен" деп те тұр...
- Аға, мен сізді, түнде түсімде көріп едім, атыңызды да содан білемін. "Таңертең ерте орталық базарға барсаң, базардың кіре берісінде сол кісіге жолығасың, ертіп кел деп сізді суреттеген аяным бар еді" десін бейтаныс жігіт қиылып... қалғанын үйге барған соң айтармын. Мен одан сайын таң қалдым.
- Жарайды, олай болса, барайық, дедім.
Бейтаныс жігіттің үйі, қаланың шет жағында тұрады екен. Әне-міне дегенше келдік. Адамдар абыр-сабыр, таң атпай құрбандық шалып, қазан көтеріп жатыр екен.
Үйлеріне кіре берістегі аулада, сым шарбақтың ішінде қамаулы тұрған абадан қасқырды байқап қалдым. Байғұс аңның көздері жасаурап кетіпті. Мен өзім қасқырларды жастайымнан жақсы білемін және оларды түсінемін... "Обал боп тұр екен-ау" дедім ішімнен.
Жүрегім дүрсілдеп кетті. Қасқыр маған қиыла қарады, өзінің жағдайын айтпай ұқтырғандай болды. Бәлкім ол да мені таныды. Тек маған айтар тілі жоқ еді...
- Бейтаныс жігіт менің кідірістеп қалғанымды байқады ғой деймін.
- Аға, бұл қасқырды мына Күйіктің асуынан ұстап әкеліп едік, үш айдай болды осында, өзі де зор, ә... - деді мақтанып. - Қолға үйренбейді екен бұл жыртқыш, берген тамағыңды алмайды, мына шарбақтың үстінен лақтырып тастаймыз етті, онда да түнде ғана.
Біреулер сұраған еді, емдік қасиеті бар дей ме, өтін, тұяғын аламыз дей ме, уәде берген едім...
Мен ештеңе дегем жоқ, сонымен үйге кірдік.
Әңгіме былай екен:
-Аға, келініңізбен шаңырақ көтергенімізге онекі жыл болды. Бәрі бар бізде, тек шикі өкпе болса да бір балаға зар болдық. Барлық жерге бардық. Сөйтіп жүріп, әйтеуір, өткен жылы бөпелі болғанбыз.
Сол ұлымыз екі жарым айдан бері қатты науқас, көзін аша алмайды, түтікпен тамақтандырамыз. Қаратпаған жеріміз қалмады, дәрігерлер де шаршады. Көрген аянымды өзіңізге айттым. Ендігі сенімім өзіңізде ғана болып тұр...
Менің таң қалысым шыңына жетті... "Бұған не істей аламын" деген сұрақ қой...
Жалпы, мұндай оқиғалар менің басымнан көп өткен. Және көп жерде науқастарға жәрдемім де тиген еді. Бірақ, мен ол туралы ешкімге тіс жармайтынмын.
Мына жағдай тіпті қиын екендігін сезіп те тұрмын. Бұл тұста тылсым тілі ғана сөйлей алады. Бір жасар баламен қалай тілдесемін... Сәбидің басынан сипадым. Маңдайынан шып-шып тер шыққанын байқадым.
Ары қарай не істеуім керек, ол жағы тұманды еді. Ойымның бәрі сыртта қамауда тұрған абадан қасқырға қарай бұрыла береді ғой... Кенет бір шешімге келдім.
- Баланы көп қымтай бермеңдер, деп, орнымнан тұрдым.
Өзімді қандай күш жетелегенін білмеймін, асығыс сыртта тұрған қасқырдың жанына келейін. Не боп қалды деп бейтанысым менің қасыма жүгіріп келді.
- Босат, мына қасқырды! - дедім.
- Аға, былайырақ тұрыңызшы, майып боларсыз!
Менің оны тыңдауға шамам жоқ еді...
- Көлігіңді алып кел!
Бейтанысым көлігін алып келгенде мен қасқырды темір шарбақтан шығарып, желкесінен сипап тұр едім...
Күйікке келгенше қасқыр менің қасымда отырды. Күйікте боран тіпті ұлып тұр екен. Мен қасқырды көліктен түсіріп жібердім. Киелі жануар артына бір қарады да, бұрқыраған ақ түтек боранға сіңіп кетті.
Біз бейтаныс жігіттің үйіне қайтып келгенімізде сәбидің көзі де ашылып, анасының омырауын борпылдата еме бастаған екен.
Оралбек Бекболатов.

27 16 ER 0.0930
ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫ БОЛМАҒЫ НАҒАШЫДАН

1. Интеллект әкесінен баласына берілмейді. Яғни, егер сіз ғұлама болсаңыз, сіздің ұлыңызға бұл қасиет мүлде берілмейді.
2. Нақұрыстық та әкесінен баласына дарымайды. Егер сіз түзелмейтін есалаң болсаңыз, онда сіздің ұлыңыз да сондай болады деу қате ұғым. (осыныңызбен құттықтаймыз!))
3. Интеллект әкесінен тек қызына өтеді. Әрі тек жарым жартылай.
4. Жігіт интеллектіні тек анасынан алады. Ал, анасы өз әкесінен алады.
5. Ғұламаның қызы әкесіндегі ақылдың тура жартысына ие болады, ал оның ұлы ғұлама болады. Егер әкесі ақымақ болса, қызы да жартылай ақымақ болады.
6. Сондықтан дана әйел болмайды. Сол сияқты жүз пайыз ақымақ әйел де жоқ. Есесіне ғұлама еркектер мен топас еркектер жетіп артылады. Осыдан ішкіш ақымақтар мен тірі жесірлер легі көбейді. Оған қоса нобель сыйлығының иегерлері. Олардың көбі ер адамдар.
Еркектер бұдан не түйеді:
1. Ұлыңның ақылын білгің келсе, әйеліңнің әкесіне қара. (егер тəрбиелеген əке ақылды болса, онда сіздің ұлыңыз да ақылды болады).
2. Қызыңыз ақылыңыздың жартысын алады. Сонымен қоса иттігіңіздің жартысын да алады. Интеллекті бойынша ол сізге жақын болады. Қызыңыздың ұлы яғни жиеніңіз сіздің ақылыңызды бүтіндей алады. Өзіңе тартқан ақылды ұрпақ аңсасаң, қызым болсын де.
3. Ал, сіздің ақылыңыз анаңыздан берілген. Нақтырақ айтқанда, нағашы атаңыздан.
Әйелдер не түйеді:
1. Сіздің ұлыңыздың ақылы — сіздің әкеңізден, Сондықтан: "әкең сияқты топассың" деп ұрысуыңыз бекер.
2. Қызыңыздың тәрбиесі өзіңізге тартады, ал ақылы әкесінен беріледі. Қызыңыздың ұлдары күйеуіңіздің ақылын алады.
---------------------------—

Бұл, бүгінгі ғылымның ашқан жаңалығы екен. Хош делік. Ерте заманда, Ата-Бабаларымыз алғаш патшалық құрып, ел бола бастаған уақыттарда тақ мұрагерін жиендерінің ішінен таңдағаны тарихтан белгілі. Дана халқымыз жиені өзінің "көшірмесі" екенін сол кездері ақ білген. Одан беріде, Қалмақтың ханы Қалдан Серен Қазақтың биі Қазыбекке: "Қыз алысып құда болайық. Сеннен патшалығыма ие болатын тұқым алғым келеді" деп өтініш айтқан. Сонда Қазыбек би: "Қалмақтан қыз алармын, бірақ қыз бермеспін!" деген екен. Тап осылай ұлына келінді текті әулеттен алуға ұмтылатын қазақтар әліде кездеседі. Кезінде атақты батыр, билердің қыздарын дүниеге шыр етіп келген күні -ақ атастырып қоятын болған. Бұл дәстүрді қазақта "Бесік құда" деп атаған. Текті атаның қыздарына жұрт таласып, қолы жеткені ғана құда атанған. Қазақта, "Мата атымен бөз өтер, Әке атымен қыз өтер" деген сөз осыдан қалған.

Кейінгі кездерде өзге ұлттарға тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздары көбейді. "Шыққан қыз шиден тысқары" дейді бұл қазақ. Нәсілі бөлектен туған жақсы жиеннен бұл қазаққа келер қайыр жоқ. Жатырмен кеткен жақсы ұрпақ қай ұлттың шаңырығында туылса, сол елге қызымет жасайды. Түптің-түбі алмағайып заман туса өзімізге сілтенер айбалтаға айналуы да ғажап емес. Ағаш балтаға айтқан екен: "Сенің мені шапқаныңа емес, сабыңның ағаш болғанына қапа боламын..." деп. Сол айтқандай өз жиенің өзіңе балта көтергенін көрмейін десең, қамығып қапа болмайын десең өзге ұлтқа қыз беруді доғару керек. Қазақ қыздарын өзге ұлттан қорғау бүгінгі күннің өте өзекті, әрі ең бір күрделі мәселесі.

Ел арасында: "Үйдің жақсы болмағы ағашынан, Ұлдың жақсы болмағы нағашыдан" - деген сөз күні бүгінге дейін айтылып жүр. Бұл әбден өмірлік тәжірбиеден өтіп, зерттеліп, зерделеніп айтылған атадан қалған асыл сөз. Егер, ұлыңның нағашысы жайлы теріңірек білгің келсе өз ұлыңа зер сал, бақыла Иншалла текті қазақты көрерсің.

Әрбір қазақтың жиені "Алтын асықтай" болғанын менде қалаймын жəне ƏКЕ абұройын асқақтатарына сенемін!
Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ. Созақ.

84 10 ER 0.1195
ӘЖЕМНІҢ АҚЫЛ-ӨСИЕТТЕРІ:

• Біреуге жамандық жасасаң да, қайырымын, кесапатын, зиян-зардабын өзің тартасың
Жақсылық жасасаң да, шарапаты өзіңе тиеді. Жасаған жақсылығыңды көпсінбе, міндетсінбе.
• Әлдекімнің жеткен жетістігіне, үйіліп-төгіліп жатқан ырысына, мыңғырған мал-мүлкіне, аспандап тұрған атақ-абыройына көзіңді сүзбе, тымырайып-тыжырайма. Ішіңде қырық пышақ айналмасын. Әркім өзіне бұйырған ғана несібесін жейді. Не артық, не кем емес.
• Адамдардың екі әшекейі бар: әдебі мен кішіпейілділік-қарапайымдылығы. Оның ішінде қыз баланы сүйкімді ететін әшекейі: ол ибасы мен тазалығы. Өзің ұқыпты, жинақы киініп, үйіңді таза ұста. Жансарайың, денең, төсеніш-кілемің, тағам-дастарқаның, айналаң үнемі таза жүрсін.
• Ботам, алақандай жеріңе еге бол. Ертеңің үшін.
• Тұрмысқа шыққаныңша, өсіп-өнген ұяңның ары мен беделісің. Қанатыңды қомдап, қонар жеріңе қонған соң, сол шаңырақтың түтінін түтетіп, отымен кіріп, күлімен шық. Себебі, ендігі жерде, сен сол шаңырақтың шаттығының шайқалмауының ұйытқысысың.
• Көптеген жақсылықтарға жетудің себебі - үлкендердің батасы. Көнекөз қариялардың разылығын көбірек ал, жолың ашылады.
• Жоқтан бар еткен, ең әдемі пішін берген, керекті мүшелерді, күштерді берген ақыл-сана берген, азық-сусыныңды, асап жер дәміңді себепсіз, ақысыз берген құдіретті Алла Тағалаға шүкіріңді айтудан жалықпағайсың, жанботам.
• Омырауыңды одырайтып, етегіңді едірейтіп ашып жүрме. Елдің көзі түспесін, еркектің көзі түспесін. Етек-жеңің жинаулы болсын, қызым. Шашыңды жайма, тым құрығанда өріп қой екі өрім қылып. Шаш жаю - қаралы хабардың, жаманаттың нышаны болған ертеректе.
• Көпшілік алдында аз сөйле. Тіл кіші болса да, айыбы үлкен, қалқам. Қыз баланың сумақай тілді, сыпсың сөзді болғаны - өте сүйкімсіз. Жауласаң, сыпайы әрекет-қимылыңмен, күлімсіреген жүзіңмен, жылы-жұмсақ сөзіңмен жаула адамдардың жүрегін. Көркем мінез иесі бол.
• Шықбермес Шығайбайдың кейпін киме, қарағым. Жомарт бол. Қонақ келсе жайғап, көңілін тауып, төбеңе көтер. Қолыңдағы соңғы бақыр тиының, соңғы сыйың болса да, қолына ұстатып жібер. Одан қазаның ортайып қалмайды. Жылы қабақпен шығарып сал.
• Қыз баланың талдырмаш, жіңішке, үзілердей боп тұрғаны тәуірірек. Артық салмақ қоспа. Қосып алсаң, тез арыл. Аз тамақ жегеннің жүрегі нұрлы, таза болады. Тоқтық ойлануды азайтады. Шектен тыс тоқ адам нәпсісінің тұтқынына айналады. Тоқтық деген құтыртады, қызым.
• Дүниелік болмайтын істерге бола араздасып, біржола көріспей, ара-қатынасын үзіп кететіндерді құлақ естіп, көз көрген талай. Жан-жағыңмен жауласпай, бауыр бол, балам.
• Кедейлік жалқаулықтан келеді. Ешкімге мұқтаж болмау үшін білегіңді сыбана еңбек қыл.
• Жаман мінез жұқпалы келеді. Ортаңды жақсы адамдармен толықтыр. Адамның жүрегі сүзгіш секілді ғой. Жақсыны да, жаманды да сіңіріп алады. Әдемі, көркем қасиеттермен жарқырат жүрегіңнің ішін.
• Берген қол алған қолдан жақсы. Шама-шарқың жеткенінше мұқтаж адамдарға садақа беріп тұр.
• Мәдениетті бол. Ішкі мәдениетің тіптен жоғары болсын.
• Қабағыңды түйіп жүрме. Адамдар сенің жылуыңа жылынсын, шуағыңды шашып, күлімдеп жүр үнемі.
• Үлкен-кіші болсын көмек қолын созып, көбірек жақсылық жасай бер. Ондайда жаның рахаттанады. Көмек жасап алған ләззат бөлек. Ләззат алудың төресі сол.
• Әлдекімдердің ұсқынсыз, көріксіз екенін, сыртқы көрінісін әңгіме етпе. Оның иманы сенен мықты, ішкі дүниесі сенікінен сұлу болуы мүмкін. Күйе жағып, тіл тигізуге тырыспа да. Ар- ожданыңды олай ластап, жүрегіңді олай улама.
• Адамнан емес, Алладан сұра.
• Жұмыр жердегі жұмыр басты пенденің ғұмыры жаялық пен кебіннің ортасында өтеді. Қарап отырсаң, екеуі де мата делік. Екеуінде де қалта болмайды. Бос келіп, бос кетесің. Дүния жиям деп арам тер болма. Ұрпақ әкел өмірге. Артыңда ізің қалсын. Сол ұрпағыңа ақыл айта алатындай білім-өнеге жина, бере алар тәлім-тәрбиеңді түзе. Игі іс жаса. Жақсы қызмет қыл.
• Ертеңгі күні отбасылы боласың. Сондағы айтарым, еріңді сүмірейтпе. Сен еріңе сүйкен қайта. Алдыңда бас болып қасқайып жүрсін. Сүйіспеншілігің мен махаббатыңды сыйла, жылы шырай білдір. Азып-тоздырмай, өзіңнен алға оздырып жүргейсің.
• Жан баласын ренжітпе, жарығым. Айыпты өзіңнен ізде.
• Жасанды дүниелерге жолама. Түр-сипатың да, қылығың да, харекетің де шынайы болсын. Бетперде киме. Шыншыл бол.
• Аз ұйықта. Ризығыңа бөгет болады.
• Қиыншылықтарға төз. Қай нәрсе де оңай келмеген, келмейді де.
• Тәкаппарды Тәңірі сүймейді. Мұрныңды көкке шүйірме.
• Жер-жаһандағы қырғын-сүргін, қулық-сұмдық, зұлымдық арсыздықтан келеді. Ұятың болсын. "Ұят болады" ұғымын түйсігіңе тоқып ал, көкем.

79 5 ER 0.1157
МЕНІҢ ТОНЫМ

Кейде бір адамды жақын танымай жатып-ақ сыртынан жақтырмай қаласың ғой. Мектеп асханасында көмекші болып істейтін Айзада деген әйелді осында жас мұғалім болып келген кезде-ақ ұнатпай қалғам. Өзі толық, қараторы әйел. Түріне қарасаң ешқашан күлмейтін сияқты, түмірейіп жүреді. Оны ұнамсыз еткен қылығы – күнде асхана жұмысы аяқталғанда екі пакет көтеріп әкетеді. Маған ол мемлекет дүниесін қанап жатқан секілді көрінетін. Адамдардың мемлекет дүниесінен басып қалсам, пайда көріп қалсам деген әрекеттерін бұрыннан ұнатпайтынмын, барлық кезде өз білгенімше адал болуға тырыстым.

Анау асханадағы Айзада күнде тамақ тасиды да жүреді екен, – деп бірде әңгіме қозғалып кетті мұғалімдер бөлмесінде.
Иә, мен осында келгелі тамақ тасуын қойған емес, – дедім оны жақтырмайтын басқалардың барына қуанып.
Жуынды таситын шығар...
Жоға, жуындыны ДШ ағай алып кетеді екен ғой күнде. Дәу екі алабай иті бар екен. Директормен келісіп алған.
Мәссаған, сонда әлгі әйел таза тамақты тасып жүр ме?
Солай болғаны ғой.
Байғұс, үйінде бала-шағасы көп шығар...
Кім біледі...
Әйтеуір мемлекет мүлкінен пайда көріп көріп қалсақ деген адамдар көбейіп кетті ғой бұл күнде.
Соны айтам.
Сабаққа қоңырау соғылды. Мұғалімдер бөлмесінде Айзаданы әңгіме еткен біраз жас мұғалім сыныбымызға тарап кеттік. Мен де алтыншы сыныптағы сабағыма кірдім. «Әдебиеттік оқу» сабағы. Бүгін шығарма жаздыруым керек. Әдеттегідей балалармен амандасып, түгендеп болғаннан кейін білімді адамның болашағы жарқын болатыны туралы бір-екі ауыз ақылымды айттым.

...Қазір білімдінің заманы, балалар. Сондықтан оқыңдар. Әйтпесе анау Айзада ұқсап күнде пакетпен тамақ тасып жүресіңдер. – Соңғы сөйлемді ішімнен айттым әрине. Балаларға ешкімді жамандауға болмайды деп үйретіп жүрмін ғой өйткені. – Бүгін «Ең мейірімді жан» деген тақырыпқа шығарма жазамыз. Өздерің кімді мейірімді деп ойлайсыңдар, сол жайында шынайы ойларыңды, сол адамға деген алғыстарыңды айтып әдемі бір шығарма жазыңдар. Ал, қане, кірісіңдер.
Балалар тапсырманы орындауға кірісіп кетті. Біреуі қаламын тістелеп ойланып отыр. Біреуі жазуға бар ынтасымен кірісіп кетіпті. Бір бала парталасы не жазып жатыр екен деп мойнын созып қарап жатыр. Ол парталасы «көшірме» дегендей қабағын шытып бір қарап дәптерін қолымен көлегейлеп алды. Қоңырау соғылуға бес минут қалғанда балалар дәптерлерін жинап берді. Мен үй тапсырмасын беріп, түсіндіріп болғанша қоңырау да соғылды. Келесі бір сағат «терезе», сонша дәптерді үйге көтеріп апармай-ақ мұғалімдер бөлмесіне апарып тексеріп тастап кетейін деп ойладым.

«Менің анам ең мейірімді жан...» деп басталыпты шығарманың көбі. Әрине, әлемдегі ең мейірімді жан – ана. Оған ешкімнің таласы жоқ. Біреулері қалаға барып жұмыс істеп, отбасын асырап жүрген әкелерін ең мейірімді жан депті. Әжесі мен атасын, ағасы мен әкпесін ең мейірімді дегендері де бар. Мұның бәрі табиғи нәрсе. Адам өзі үлгі тұтқан, өзін шын жақсы көретін, өзі шын сүйетін жанның бойынан мейірім көреді.

Келесі бір дәптерді ашсам, «Ең мейірімді жан ол Әшен тәтем» деп басталыпты. Оқушым әкпесін жазған сияқты. «Әшен тәтем әкесі қайтыс болып кеткен, анасы ауырып жүрген, бес бауыры бар Ермектің үйіне тамақ апарып береді. Біздің көшенің басында жалғыз өзі тұратын Бақтыбай атаға да тамақ береді. Ажар әженің үйін жинап, тамақ берген. Әкемде жұмыс болмай қалғанда бізге де тамақ әкелген. Әшен тәтені көшедегі барлық бала жақсы көреді. Ол сондай мейірімді, бәріне көмектеседі. Үнемі күліп жүреді. Әшен тәтемнің күйеуі де жақсы кісі, бәріне көмектеседі. Балалары да тәтем сияқты мейірімді. Қаладан келгенде бәрімізге сыйлық әкеледі. Анам оны әкпем, Әшен тәтем деп жақсы көреді. Біз де Әшен тәте дейміз. Мен үшін әлемдегі ең мейірімді жан – асханада жұмыс істейтін Әшен тәте.» Шынымен мейірімді кісі екен. Әйтпесе асханадағы талай тамақ жуындыға кетеді ғой кейде. Сөйтеді де анау Айзада секілді қап-қара әйелдер үйіне тасиды. Шығарманың соңы келесі бетте екен. «Әшен тәте біздің асханада жұмыс істейді, шын аты Айзада. Кейбір апайлар оны толық, қап-қара деп менсінбейді. Бірақ ол әлемдегі ең мейірімді жан.» Біреу арқамнан қамшымен осып жібергендей болды. Қамшының ұшы бетіме де, көзіме де тиіп дуылдатып жіберді. Жоқ, маған ешкім қамшы тұрмақ қол көтерген емес. Таяқ жеп көрмеппін. Анамнан да шапалақ жеген жоқпын. Қамшының қалай тиетінін білмейтінмін. Қазір білдім. Оңдыртпайды екен ғой. Тырп ете алмай қаласың. Тамағыма доп-домалақ бірнәрсе келді де, не ары өтпей, не бері шықпай тұрды да қалды. Жан дүнием қопарылып жатты. Мен қабылдаған, дұрыс деген құндылықтың көбі шыңырауға шыңғырып құлап жатты...

Асханаға келдім. Айзада балалардан қалған тамақты жинап жүр екен. Кейбір балалардың қасық салмай қалдырып кеткен тамақтарын әйнек құтыға құйып жатты. Бір тістеп тастап кеткен самса, бәліштерінің тістелген жерін жұқалап кесіп тастап, қалғанын пакетке салды. Менің есіктің алдында состиып тұрғанымды байқамады.

Айзада, кешір. Дүниедегі ең мейірімді жан туралы жаман ойым үшін кешір. – Осылай айтам деп келгем, айта алмадым.
Айзада, самса мен шай бересің бе?
А? – Айзада қылмысының үстінен ұсталғандай ыңғайсызданып қалды. – Иә, иә, қазір берем. Мына балалар жемей тастап кеткен тамақ құры босқа ысырап болмасын деп...қазір...қазір...
Қысқатолқынды пешке дайын самсаның бірін сала салып, шай демдеп кетті. Шеткі үстелдің біріне барып жайғастым. Қамшы тиген арқам әлі ауырып тұр. Бір кезде Айзада табаққа салған ыстық самса мен шайымды әкеп берді.

Рахмет! – Айзаданың жүзіне қарадым. Құдайым-ау, шынымен мына келіншектің жүзінен мейірім төгіліп тұр ғой. Қасы қалың болғандықтан ғана қабағы түксиген сияқты көрінеді екен. Күлкісі де жып-жылы екен. Толықтығы да өзіне жарасып тұр.
Әлемдегі ең мейірімді жан екеніне күмәнданудың өзі күнә секілді. Кейде біреудің сыртына қарап пішкен тонымыз не кең, не тар, я болмаса түкке жарамай қалады екен ғой. Ол тонды өзіміз де кигіміз келмес еді. Бірақ біреуге кигізіп қойып, өз олақтығымызға өзіміз саусақ шошайтып күлеміз, табалаймыз. Ал шын мәнінде ол тонның иесі өзіміз екенін білмейміз-ау.

Мира СЕМБАЙҚЫЗЫ

20 15 ER 0.0864