Статистика ВК сообщества "Тарбағатай ауданы"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Зайсан қаласында Ақсуаттың Жәнтікей ауылының тұрғыны Нұржан Қайрат ұлы 200 кг тайыншаны 105 метрге дейін жүріп көтеріп ұтып алыпты

3 0 ER 0.5090
Республиканский турнир по қазақ күресі

В столице на республиканском турнире по қазақ күресі "Үздіктердің үздігі" на призы Первого Президента Республики Казахстан-Елбасы Н.А.Назарбаева наш земляк, уроженец села Кокжыра Шалкыбек Рахметоллаев стал победителем и выиграл главный приз (10 000$). Шалкыбек является учеником Серикказы Ильтанова, уроженца села кокжыра.

0 1 ER 0.1997
Алар асуларың биік болсын дейміз!

Бақытхан Сайханов атындағы спорт мектебінің еркін күрес балуандары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне арналған оқушылар арасындағы облыстық спартакиадада кіші жас өспірімдер командасы командалық 1-орынды, ересектер арасында Өскемен мен Семейді ғана алға жіберіп, командалық 3-орынды жеңіп алды.
Осы балаларды жаттықтырған Берік Алимов, Самғат Дәуітбеков, Дастан Рахымбаев, Мирас Жазықбаевтарға алар асуларың биік болсын дейміз!

0 2 ER 0.1748
Бүршік жарып көңілімнің көктемі.
Туған жерде өсіп,өніп,көктеді.
Сұлуталым сумен кетіп шайылып,
Өткен күннен ғайып болды көп белгі.

Тосын апат,топан су кеп шуласып.
Ауылымды алған шақта су басып
Ескі ауылды суға беріп сұраусыз
Жаңа ауыл бой көтерді қырды асып.

Жаңа ауыл жаңа үйлер тізбегі.
Ауылымның жаңарғаны ізгі еді.
Көңілімнің тереңінде тұп-тұнық
Ескі ауыл тұр,жұртта қалған түздегі.
Сонда қалды өткен күннің іздері.

Сонда өтті ең қызықты шақтарым.
Бозбалалық боз түндерім,ақ таңым.
Өткен күннің өткінші бір елесін
Жаңа ауылды шарласамда таппадым.

Туған жердің тыңдап бесік әлдиін.
Ескі ауылда өтті алаңсыз сәби-күн.
Мектеп барған,білім алған мекенім
Ыстық маған суға кеткен там үйің,
Кең сарайдай көрінетін тар үйім.

Суға кетті әкем үйі салдырған.
Сонда іздері балғын шақтың балдырған.
Өгейсіткен жаңа ауыл тұр жарқырап,
Ескі ауылды құрбандыққа шалдырған.

Ескі ауыл ескілердің көзі едің,
Өртенеді сені жоқтап өзегім.
Жаңа ауылдан жанға жылу сезбедім,
Тұрғанымен мұнда жұртым, өз елім.

Тұрғанымен мұнда туыс,дос,бауыр.
Жаңа ауыл жаныма жат басқа ауыл.
Сұлуталды кіндігіммен күрмелген
Талақ қылған тағдырым ба тасбауыр?!

Ауыл деген аңсарым бір кепкендей,
Ой арқалап қайттым мен зіл кетпендей.
Көкек ойлар жұмыртқа сап көңілге,
Ұясынан айырылған кептердей.
Сұлуталым деген менде сағыныш,
Ескі ауылмен суға ағып кеткендей..
_______________~_________
Ескі ауылдың бар бақытын тартып ап,
Жаңа ауыл тұр жаңа үйлері жарқырап.
Суға келіп күрсініп бір қария
Өткен күнін еске алып тұр қалтырап....

0 0 ER 0.1375
Ауыл медицинасының жетістіктері
Шығыс Қазақстанда аудандық аурухананың хирургтері замануи әрі күрделі ота жасады
Ауыл тұрғыны ауруханаға жедел түрде ауыр жарақатпен жеткізілген екен. Пациентке қажетті диагностикалық шаралар жасалғаннан соң, оның оң жақ бұғанасының акромиальді ұшының толық орнынан шығуы деген диагноз қойылған.
«Бүгін ауруханамызда бірінші рет травматологиялық науқасқа заманауи әдіспен оперативтік ем жүргізілді. Ол науқас бізге екі күн бұрын құлап, жарақат алып түсті. Хирург әріптестерім рентген суретін көрсетіп, оң жақ бұғананың акромиальді ұшының толық орнынан шыққанын анықтады. Операцияға дайындық аяқталғаннан кейін науқасқа заманауи, аз жарақаттаушы құлыптаушы ілмек тәрізді пластина қою арқылы операция жасалды», — деп бөлісті Тарбағатай ауданының N2 аудандық ауруханасы бас дәрігері Елжан Манарбеков.
Айта кету керек, бұған дейін мұндай ота түрлерін жасау үшін ауыл жұрты Семейге немесе облыс орталығына барып келген. Ал аудандық ауруханаға қабырғасында бұл алғашқы күрделі трамвотологиялық ота, дейді бас дәрігер.
Бұл ретте, отаның артықшылықтарын да атап өткен жөн, науқасқа операциядан кейін гипс салынбайды, металлокострукцияның миграциясы болуының қаупі төмен, отадан кейінгі жара жазылғаннан кейін физикалық жүктеме жасауға шектеу болмайды
«Біздің пациентіміз қазір үйіне, күнделікті тірлігіне оралды, сонымен қатар оның отбасының бюджетіне бұл операция еш салмақ түсірген жоқ, себебі барлығы тегін МӘМС есебінен жүргізілді, жалпы алдағы уақытта травматологиялық операцияларды өзімізде жасау мақсатында құрал-жабдықтарды толықтыру жоспарлануда», — дейді медициналық мекеме бас дәрігері Елжан Манарбеков.

1 1 ER 0.1624
"Тәуелсіздік ұрпақтары" атты жастар форумы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Тарбағатай ауданының жастарын бір арнаға тоғыстырған форум өтті.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында өткен іс-шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқысында Ақсуат мәдениет үйінің кіші залында көрме ұйымдастырылып, онда өнерлі жастардың қолынан шыққан картиналар, қолөнер бұйымдары, өнертапқыштықпен құрастырылған робототехникалар ел назарына ұсынылды.
Түс ауа мәдениет үйінде салтанатты шара болып, аудан әкімінің орынбасары Ержан Советбекұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әсет Мадрахимов тұғырлы Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығымен құттықтап, жалынды жастарға мерекелік лебіздерін білдірді.
Жыл қорытындысы бойынша түрлі номинация иегерлері анықталды. Атап айтқанда, Көкжыра ауылының тұрғындары Рауан Баяхметов пен жары Айман Ержанова «Үздік жас отбасы», Ақсуат мәдениет үйінің жанындағы «Сұлусаз» фальклорлы ансамблінің мүшесі, домбырашы, әнші, гитарист Ұлан Майқанов «Жыл өнерпазы», аудандық орталық аурухананың дәрігер-хирургі Аяулым Сабихан «Жылдың үздік жас дәрігері», Маңырақ ауылында А.Байтұрсынов атындағы мектеп оқушыларын тәлімді тәрбие мен бәсекелі білімге баулып жүрген Ерқанат Алихан «Жылдың үздік жас ұстазы», Ақжар ауылының Б.Сайханов атындағы спорт мектебінің тәлімгері, бокстан талай байрақты бәсекеде жүлдегер атанған Әлжан Саясатов «Жылдың үздік спортшысы», Қарасу ауылы әкімдігі аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші Дарын Шериязанов «Жылдың үздік жас маманы», Ақсуаттағы «Өкпеті» кафесінде ісін дөңгеліп, қоғамдық тамақтану желісін жолға қойған Ерсұлтан Құрманқажиев «Жылдың үздік жас кәсіпкері», ізгі ниетімен еңбегіне ақы сұрамайтын, тек қоғамға пайда келтіруді, жақсылық жасауды өзіне ұстаным еткен Жетіарал ауылының тұрғыны Бауыржан Құрманбеков «Жылдың үздік жас волонтері» номинацияларына ие болды.
Ал, мемлекеттік жастар саясатын дамытуға белсенді атсалысқаны үшін аудандық жастар ресурстық орталығының методисі Әлихан Жанасылға, жастар ресурстық орталығының Ақжар ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі маманы Сауытжан Әдияға Шығыс Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығының арнайы дипломдары табысталды. Мерекелі шара барысында «ЖасОтан» жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш Өскеменнен бейне-құттықтауын жолдады. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, әр ауылдық округтен келген әнші, бишілер, күйшілер, жайдарманшылар өз өнерлерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

0 0 ER 0.0874
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шеңгелді ауылына тамаша тарту жасалды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шеңгелді ауылына тамаша тарту жасалды.
Қабанбай ауылдық округінің Қазақстан елді мекеніндегі оқушылар бұдан былай Шеңгелді ауылына жайлы әрі су жаңа автобуспен қатынайтын болды. Облыстық білім басқармасынан берілген қоғамдық автобустың кілтін тапсыру салтанатында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы білім саласы бойынша келешекте атқарылатын шаруаларды тілге тиек етті.
Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, «Тарбағатай тарланы» медалінің иегері Тоқтарбек Кенжин Шеңгелдідегі С.Сәтбаев атындағы негізгі орта мектеп ұжымын құттықтап, директоры Бақытгүл Құдайбергеноваға су жаңа автобустың кілтін салтанатты рәсімде табыс етті. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Нағызханқызы алдағы уақытта ауданға тағы екі автобус әкелінеді деп сүйінші жаңалықпен бөлісті.

0 0 ER 0.0874
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы

Тәуелсіздік күні қарсаңында игілікті шаралар Көкжыра ауылында да жалғасын тапты.
Мұнда «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасымен күрделі жөндеу жүргізілген мемлекеттік «Асыл» балабақшасы жаңаша сипатта ашылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов, облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова, аудан әкімі Асхат Смаилов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бірқатар мерекелік марапаттаулар да болды. 100 балаға арналған тәрбие орнының заман талабына сай қайта жаңғыртылуы әсіресе, ата-аналарды қуантуда.
«Балабақшаның жөнделуі келешекке дұрыс бағыт алуымыздың бастапқы сатысы, тәрбие мен білімнің алғашқы мекені де осы жер. Оның үстіне ауылда көпбалалы аналар да, жас отбасылар да біртіндеп көбейіп келеді. Төрт баланың анасымын, балаларым осы балабақшаға барып жүр. Осыған қолдау жасап отырған облыс әкімі Даниал Ахметовке ата-аналар атынан айтар алғысымыз зор»,-дейді ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Жанар Сембаева.

0 0 ER 0.0624
Тарбағатай ауданы тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі өткізілді.

ШҚО әкімі орынбасарының бекіткен кестесіне сәйкес, 2021 жылдың 24-25 желтоқсаны күндері Өскемен қаласындағы "Фрэш Маркет" гастрономы маңында Тарбағатай ауданы тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге ауданның барлық ауылдық округтерінен ауылшаруашылық тауар өндірушілер белсене қатысты.
Жәрмеңкеде 500 келі жылқы еті, 4600 келі сиыр еті, 1200 келі қой еті және 2000 келі балық саудаланды.
Облыстық ауыл шаруашылығы бекіткен бағалар жылқы еті 2300 теңге, сиыр және қой еттері 2100-ден болса, ауданның тауар өндірушілері қала халқына бекітілген бағадан да төмен бағада саудалауға жетісті.

0 0 ER 0.0624
Республиканский турнир" Жас барыс"

Максутов Сабыржан стал победителем республиканского турнира по қазақ күресі "Жас барыс", посвященного 30-летию Независимости Республики Казахстан, в весовой категории до 55 кг. Наставник- тренер спортивной школы М.Имашева Д.Сайдахметов.

0 0 ER 0.0624