Статистика ВК сообщества "Работа в Воронеже"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Қабірдегі 25 жыл.

Алғашқы түн.

Бірінші боп қарын мен жыныс мүше саси бастайды. О, Құдірет! Бұл екеуі адам баласының бұ дүниеде құмарын өтеуге (дегенін жасауға) тырысқан екі ағзасы ғой! Сондай-ақ Алла жолына түсуге кедергі болған да осы екеуі болатын. Одан кейін бүкіл дене көгере бастайды.

Екінші күн.

Жекелеген ағзалар; бауыр, өкпе, асқазан саси бастайды.

Үшінші күн.

Жоғарыдағы ағзалардың сасық исі қатты шығып, мүңки түседі.

Бір аптадан соң.

Екі көз, тіл, жақ ісіп, томпая бастайды.

Он күннен соң.

Басқа; қарын, асқазан, бауыр секілді дене-мүшелер ісіп-кеуіп, жарылуға жақындайды.

Екі аптадан соң.

Бастың шаштары түсе бастайды.

Он бес күннен соң.

Көк шыбындар 5 км жерден сасық иісті сезіп, ұшып келе бастайды. Құрттар пайда болып бүкіл денеге жайлай бастайды.

Алты айдан соң.

Мәйттің орнында тек сүйек қана қалады.

25 жылдан соң.

Адамның сүйегі бір түйір дәнге айналады. Ол дәннің ішінде «ажбуз-зәнәб» деп аталатын сүйек орналасады. Мұнда адам жайындағы барлық мәлімет сақталып, осы арқылы ол Қиямет күні қайта тіріледі.

Біздің өмір бойы қызғыштай қорғап келіп, өзгеден артық көрген денеміздің ақыры осылай болмақ. Өмір бойы Аллаға күнә жасаған, тізе бүгіп, сәждеге құлауға уақыт таппай жүрген қымбатты да аяулы денеміз осындай күйге ұшырамақ.

109 17 ER 0.1657
Өлгеннен 30 минуттан кейін денеде рефлекс деген ештеңе қалмайды.

Сүйектер босаңсығаннан кейін ауыз бен көз шарасы ашылып қалады. Босалту жүйесі де толығымен босаңсып, жеңіл дәрет ағып кетеді.

Өлімнен 24 сағат өткеннен кейін дене шіри бастайды. Бактериялар өз жұмысына кірісе бастайды.

Бірінші болып шіритін ағзалар көз, ми және ішек-қарындар.

Мәйіт семіз болса тез шіриді, тұзды суда буылып өлгендердің шіруі бәсең болады.

Соңында шіритін мүшелер жүрек, қуық, бүйрек.

Алғаш шірігені үшін азқазан мен ішектерде бактериялар көбейе бастайды, соның салдарынан қарынға жел толады.

Бұл жел қарынның ісуіне себеп болады. Терінің жоғары жағына су жинала бастайды, денеде біріккен күкірт қышқылынан дененің түсі қарая бастайды.
Күн сайын ісе бастаған қарын жарылады және кеуде төмендейді. Бұл жағдайда қабірдің үстінен естілетіндей қатты дыбыс шығады.

Шамамен 4 жылдан кейін адам толығымен сүйек болып қалады.

Әдемілігің, сұлулығың, байлығың, тәкәппарлығың, атақ-даңқың қайда қалды? Жер бетінде тәкәппар, кішкентай тауларды мен жараттым экосындағылар, өзінің кішкентай миымен басқа адамдарды төмен санайтындар, өмірді кішкентай сәттіліктер мен өткінші жеңістерімен мақтанып жүретіндердің соңы осы.

Ақшаның сатып алған адамдардың соңы осы. Атақ-даңқ үшін өзін сатқандар, достарын сатқандар, қиындыққа ұшыраған адамдардың үстінен езіп қорлайтындардың соңы осы.

Сұлулығымен, өмірі бойынша жүзін әрлеумен, денесі құрғамасын деп әр күні қымбат кремдер жағып жұмсатылған дененің соңы осы.

Өмірін фитнестерде айнаның алдында өткізіп, мақсаты денесін әдемілеп сомен инстаграмға сурет қоятын кісілердің соңы да осы.

Оқыңыз, білім алыңыз, жұмыс істеңіз, жеңістеріңіз көп болсын, адамдарға пайдаңыз тисін бірақ өмірді үлкейтпеңіз. Өзіңізді үлкейтпеңіз. Тәкәппар болмаңыз. Қолымызда тек қана жасаған жақсылықтарымыз бен жасаған жақсы амалдарымыздан басқа ештеңе қалмайды.

116 36 ER 0.1733
«ЖӘННАТТА ДӘРЕТХАНА БОЛА МА?» ДЕГЕН АТЕИСТ СҰРАҒЫНА ӘБУ-ХАНИФАНЫҢ БЕРГЕН ЖАУАБЫ

Имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахымына бөлесін) заманы - әртүрлі ағымдар мен философиялық мектептердің қайнап жатқан шағы тұғын. Сол күннің өзінде Ислам дінін қор көріп, ондағы діни наным-сенімдерін масқара еткісі келетіндердің қатары аз емес-тін.

Күндердің бірінде Құдайға сенбейтін, ақырет пен қайта тірілуді және пейіш пен тозақті жоққа шығаратын, ақылға сыйымсыз заттарды өтіріксінетін бір топ атеистер Имам Ағзам Әбу Ханифаның дәріс алқасына келеді.

Имам Ағзам Әбу Ханифа оларға қарап:

- Сіздер кімсіздер? – деп сұрайды.

- Біз Аллаға сенбейтін атеистерміз – деп жауап береді олар.

Әбу Ханифа (рахимаһуллаһ):

- Маған неге келдіңіздер?

Атеистер:

- Қояр сұрағымыз бар. Жұрт сізді білгір деп жүр. Әр нәрсеге жауабыңыз дайын екен. Естіп жатырмыз.

Әбу Ханифа:

- Мархабат. Не сұрағыларыңыз келеді? Атеист: - Мұсылмандар өлгеннен кейін қайта тірілу күні, яғни, қиямет қайым бар дейді екен. Рас па?

Әбу Ханифа:

- «Баъсу баъдәль мәути хаққун» - яғни Өлгеннен кейін қиямет-қайымда қайта тірілу – хақ.

Атеист:

- Және есеп-қисап күні бар, ол күні - барлық адам өткен өмірінің есебін береді дейсіздер. Солай ма?

Әбу Ханифа:

- Солай.

Атеист:

- Есеп-қисаптан кейін кейбір адамдар пейішке, кейбір адамдар тозаққа барады дейсіздер. Солай ғой?

Әбу Ханифа:

- Әлбетте.

Атеист:

- Жәннатқа барғандар қалаған нәрсені жейді, қалаған нәрсені ішеді, бірақ әжеттерін өтемейді дейсіздер, әжетханаға бармайды дейсіздер. Солай ма?

Әбу Ханифа:

- Дәл солай - Күні бойы жеп-ішкен адам ешқашан әжетханаға бармауы мүмкін бе? Өздері қалаған нәрселерін тоя жеп тұрса, тоя сусындар ішіп жатса, қалайша үлкен дәретке де, кіші дәретке де бармауы мүмкін? Бұл ақылға сыйымсыз нәрсе ғой. Осындай ақылға сыйымсыз дүниелерге қалай сенесіздер? Ешқандай дәлелі жоқ әртүрлі нәрселерге сенесіздер. Бірақ мынауларыңыз мүлдем шеттен шығушылық. Соқыр сенімділіктің де шегі бар шығар! – деп, атеист қарсы шығады.

Сонда Имам Ағзам Әбу Ханифа жымиып:

- Оның ақиқат екенін дәлелдеп берсем, қабыл етесіз бе? – деп сұрайды.

Атеист:

- Оны қалай дәлелдемекшіңіз? Мені о дүниеге апарасыз ба? – деп күледі.

Әбу Ханифа:

- Оны дәлелдеу үшін о дүниеге аттанудың қажеті жоқ. Осы дүниеден-ақ дәлелдеуге болады.

Атеист:

- Ол қалай болмақ?

Әбу Ханифа:

- Сіздер дүниеге келмей тұрып, қайда едіңіздер?

Атеист:

- Анамыздың ішінде.

Әбу Ханифа: - Ол жерде қанша уақыт болдыңыздар?

Атеист:

- Тоғыз ай.

Әбу Ханифа:

- Хош. Тоғыз ай бойы тірі едіңіздер ме, әлде өлі ме?

Атеист:

- Әрине, тірі едік.

Әбу Ханифа:

- Хош. Сонша уақыт ана жатырында тірі қалу үшін ішіп-жеудің қажеті бар ма, қажеті жоқ па?

Атеист:

- Қажеті бар, әрине. Ол жерде де шақалақ анасы арқылы қоректенеді. Онсыз өліп қалады емес пе, - дейді атеистер.

Әбу Ханифа:

- Демек, сіздер аналарыңыздың ішінде тоғыз ай бойы ішіп-жедіңіздер ғой, солай ма?

Атеист:

- Иә, солай деуге болады.

Әбу Ханифа:

- Олай болса, дәрет сындыру үшін қайда барған едіңіздер? Ғалымның бұл сауалына не дерін білмей сасып қалған атеистер:

- Шынында да, ана жатырында әжетхана жоқ қой. Оны қалай ойламағанбыз, - дейді бір-бірлеріне.

Әбу Ханифа:

- Ееее, көрдіңдер ме?! Бұ дүниенің өзінде құдіреті күшті Алла Тағала әжетке бармайтын жер жаратып қойған болса, о дүниеде де сол сияқты әжетін өтемейтін жер жаратуға құдіреті жетпейді деп ойлайсыздар ма?

Сөзден жеңілген атеистер Имам Ағзамның тапқырлығына бас иіп, тілдерін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған екен.

/АбдуСамат Қасым/

78 10 ER 0.1404
🤲 [club54102428|Жәннатқа асығыңдар ツ]
Дұға етіп қойыңыздар

3 33 ER 0.1219
РИЗЫҚ-НЕСІБЕНІ АРТТЫРАТЫН 7 АМАЛ

Бір түйір нанның өзі маңдай терді төгіп, еңбек етумен келеді. Бейнетсіз зейнет жоқ. Бұған қоса Жаратқанға иман келтіріп, бес уақыт намазына берік болу парыз. Ал, енді иманды беки түсетін, ризық-несібеге берекет беретін көптеген амалдар бар. Дәлірек атсақ, құлшылық түрлері бар. Міне, сол құлшылықтар ішінде білегі мықты азаматпен қатар нәзікті жанды әйелдер де, белі бүкірейген қарттар да оңай атқара алатыны бар. Солардың жетеуін атын айтып, түрін түстеп шығайық.

1.Тақуалық

Құран Кәрімде: «...Кім Алладан қорқып, тақуалық етсе, Ол шығатын жол жасайды. Әрі Ол оған оның өзі ойламаған жақтан ризық береді...», - деген аят тақуалық әркімнің қолынан келмейтін қазына есіктерін айқара ашатын қасиетін паш етуде.

2. Истиғфар

Истиғфар – біліп-білмей, байқамай немесе әдейі жасалған үлкен-кішілі күнәлары үшін өкініп, Алла Тағаладан кешірім сұрау.

Құран Кәрімде: «Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол – көп Кешіруші. Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді. Сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады», - десе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім көп истиғфар айтса Алла Тағала әрбір уайым-қайғының артын қуаныш, әрбір қылыс-таяң кезінен кейін шығатын жол көрсетіп, ойламаған жерден ризық-несібесін береді», - деп, истиғфар сырын ұқтыруда.

3. Тәуекел

Құран Кәрімде: «...Ал, кім Аллаға жүгініп, Оған тәуекел етсе, Ол оған жеткілікті...», - десе, хадисте: «Аллаға лайықты және шынайы түрде тәуекел етсеңдер құс сияқты несібелі болар едіңдер. Құс ұясынан жемсауы бос боп ұшып шығып, кешке толтырып қайтып келеді», - деп баяндайды.

4. Туыстық қарым-қатынас

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім ризық-несібесі кең болуын және өмірінің ұзақ болуын қаласа, туысқандарымен жақсы болсын», - деп, ағайын тату болса, шаңыраққа берекет тұрақтайтынын түсіндіруде.

5. Садақа жасау

Құран Кәрімде: «...Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп әмір етілген. Расында, садақа – мың бір қасиеті бар тылсым құлшылық.

6. Дұға

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Умамәға (р.а.): «Алла Тағала уайымыңды кетіріп, қарызыңнан құтқаратын сөздерді үйретейін бе?» – деді. Әбу Умамә: «Әрине, уа Алла елшісі!» – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Таң атса және кеш батса: «Уа, Алла! Уайым мен қайғыдан Сенен пана сұраймын, әлсіздік пен жалқаулықтан Сенен пана сұраймын, қорқақтық пен сараңдықтан Сенен пана сұраймын, қарызға батып, адамдардың өктемдігіне қалудан Сенен пана сұраймын, - деп айт, - деді. Әбу Умамә: Мен осы сөздерді айтып, уайым-қайғы мен қарыздан құтылдым, - дейді».

7. Нығметке шүкіршілік

Құран Кәрімде: «Егер шүкіршілік етсеңдер, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін...», - деп әмір етілген. Омар бин Абдулазиз (р.а.): «Алланың берген нығметін Аллаға шүкіршілік етумен байлап ұстаңдар. Шүкіршілік – нығметті мықтап ұстайды», – деген екен.

Ендеше, несібелі де берекетті болуды қаласаңыз иманыңызды қуаттайтын әрі табысыңызға берекет кіргізетін осынау құлшылықтарды күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз.

107 0 ER 0.1458
Аллаға әлемдегі барша мұсылмандар үшін дұға жасап қояйық!

9 13 ER 0.1060
ҚҰРАННЫҢ ЖҮРЕГІ БОЛҒАН СҮРЕ

Ясин сүресі – мұсылмандардың ең көп оқитын және басқа сүрелерге қарағанда көбірек таңдайтын сүрелерінің бірі болып табылады.

Ясин – Құран Кәрімдегі отыз алтыншы сүре және оның атауы бірінші аяттағы “иа” және “син” әріптеріне байланысты берілген. Оны араб тілінде «әл-хуруф әл-муқаттаға» деп атайды. Оның нақты мағынасын бір Алла ғана біледі.

«Йа-син» сүресі – мұсылмандар арасында ең танымалы және діни рәсімдерде көп оқылатын сүре. Сексен үш аяттан тұратын Ясин сүресі негізінен Мекке қаласында, кейбір сүрелері Медине де түсірілген. Ардақты пайғамбар Ясин сүресінің қасиеттері туралы:

«Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі, кімде кім Ясинді оқыса Құранды он мәрте оқығандай сауап жазылады» және «Ясин Құранның жүрегі. Алла Тағаланың рахметінен, ақырет күнінің жақсылығынан үміттене отырып, Ясин оқыған адамның өткен күнәларын Алла Тағала кешіреді. Қайтыс болған адамдарың үшін Ясин сүресін оқыңыздар» деп бұйырған

. Фатиха сүресі Құранның өзегі болғандықтан оған «Уммул Китап – Кітаптың анасы» деген атау берілсе, Ясин сүресіне де тоқыраудан құтқарып, рухқа ықпал жасап денедегі жанды белсендіретіне байланысты «Құранның жүрегі» деп аталады.

Ясин сүресін пайдалары:

1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.

2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.

3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.

4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.

5) Мұқтаждар жәрдемші табады.

6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді. «Иә-Сиин» — қиямет күні шөлден құтқарады.

7) Сусыз қалған адам қанғанша дейін жететін су табады.

8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.

9) Киімі болмаған адам киім табады.

10) Жоғалған нәрсе табылады. Жүрек дененің әміршісі болса, Ясин сүресі де Құран сүрелерінің әміршісі болып саналады.

74 3 ER 0.1231
ДҰШПАННАН ҚОРҒАНУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

Шайтан мен дұшпанның зиянынан және көз тиюінен қорғану үшін

«Әстағфируллаһ мин кулли ма карихаллаһул азыйм әлләзи лә илаһә илла һуәл хаййәл қаййум уә әтубу иләйһ»,- деп оқу керек және оқығанда мағынасын ойлау керек. (Баршаға қажетті иман)

Мағынасы:

Разы болмаған нәрселерден, істегендерімді кешір және істемегендерімді істеп қоюдан қорға ей ұлы Аллаһым! Барлық нәрсені жоқтан бар қылған және әр сәтте болмыста ұстап тұрған тек қана Сенсің! Сен әрдайым барсың!

41 0 ER 0.0921
ЖҮЗ КҮНӘНІ КЕШІРІП, ЖҮЗ САУАП ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗ

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә 'алә кулли шәй-ин қадир».

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) Билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге тольқ жетеді».

(Бұл сөздерді күнделікті танңертең 100 рет қайталау керек немесе адамды жалқаулық басқан кезде 1 рет айту керек).

- Оларды күні бойы жүз рет айтқан адам он құлды босатқанмен тең болады және оған жүз ізгілікті iстер жазылып, ал жазылған жүз жаман істері өшіріледі.

Бұл сөздер оған күні бойы кешке дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда, ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды». (Бұхари).

- «Аллаһуммә, инни әс-әлукә 'илмән нәфи'ан, уә ризқан тай-ибән, уә 'амәлән мутәқаббәлән!»

Аудармасы: «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!» (Таңертең айтылады.)

«Әстәғфиру-Ллаһа уә әтубу иләйһи» Аудармасы: «Мен Алладан жарылқау тілеймін әрi Oған тәубе етемін» (Күніне 100 рет айтылады).

68 0 ER 0.0961
АС ҚАЙЫРУ МІНДЕТ ПЕ?

Алла Тағала мұсылмандарға: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе берген ризықтарымыздың тазаларынан жеңдер де, Аллаға шүкірлік етіңдер, егер расымен Оған құлшылық еткен болсаңдар», – деп бұйырады.

Сондықтан да мұсылманның тамақ жеуден бұрын «Бисмилләхир рахманир рахим» деп айтқаны дұрыс. Тамақтанып біткеннен кейін Алланы мадақтап, шүкір ету әдеп саналады.

Өйткені, біз қорек еткен барлық нәрсе Жаратқан иеміздің берген ризығы. Сол себепті Алланың берген нығметіне пенденің шүкір етуі уәжіп. Омар ибн Саләмә (одан Алла разы болсын):

«Бала кезімде мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қамқорлығында болдым. Әдетте мен қолымды ортаға қойылған ыдыстың әр тарапына соза беретінмін. Бір күні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған:

«Ей, балақай! «Бисмиллә» деп айт, оң қолыңмен же, және өз алдыңнан же!» деді. Содан бері мен тек солай тамақтанамын», – деп айтқан екен.

Ал тамақтан соңғы дастархан батасы әртүрлі болуы мүмкін. Оның қысқасы әрі кең таралғаны: «Әлхамду лилләһил ләзи атғамәна уә сәқана уә жәғаләна минәл мүслимин» (Бізді ішкізіп-жегізген және мұсылман еткен Аллаға мақтау болсын!).

50 4 ER 0.0913