Статистика ВК сообщества "Работа в Новосибирске"

0+
.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Күнделікті іске айналдырыңыз!
______________________________
1.Фатиха сүресі 3-рет;
2-Ихлас сүресі 3-рет;
3-Фәләқ сүресі 3-рет;
4-Нас сүресі 3-рет.

✨ Зікір:

Субханаллаһи уә бихамдиһи субханаллаһил азыйм 100-рет (барлық мақтау-мадақ Аллаға лайық, әрі Ол кемшілік атаулыдан пәк)

✨ Кешірім сұрау:

Әстағфируллаһа уә әтубу иләйһи 100-рет.
(мен Алладан жарылқау тілеймін әрі Оған тәубе етемін)

❤Салауат:

«Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд»

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат 100-рет н/е оданда көп (Жұма күні көбейтіңіз).

✨Тәсбих:

Субханаллаһ 33рет,
Әлхамдулилләһ 33-рет,
Аллаху әкбар 33-рет.

✨ Дұға:

Лә иләәһә иллаллаһу уахдәһу лә шәриикә ләһу, ләһул-мульку уә ләһул-хамду уә һуә ‘алә кулли шәй'йн Қадиир. 10-рет.

(Алладан басқа тәңір жоқ. Ол – ешбір серігі жоқ Жалғыз. Бар мадақ пен бар билік бір Аллаға тән. Сондай-ақ, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді)
__________________________________
Жоғарыдағы жатқа білмейтіндеріңізді оқып жаттай беріңіз.
Бәрін бір уақытта айту маңызды емес. Маңыздысы бәрін 1 күнде айтып бітірсеңіз, жақсы өзіңіз үшін сауапты іс.

386 4 ER 0.3246
🤲 [club57777198|• Ислам діні - ең таза дін]
Дұға етіп қойыңыздар

11 42 ER 0.2238
Даун синдромы бар қыз Құранды толық жаттап шықты

Даун синдромымен туылған иорданиялық Равана Двейк қасиетті Құранды толық жаттап шықты. 26 жастағы мұсылман әйел мұндай диагнозбен Құранды жаттап, осындай жетістікке жеткен алғашқы адам.

Қыздың мұғалімдері айтқандай, көп жағдайда ол өзінің мінезінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізді. Равана әрқашан қайсарлығымен және еңбексүйгіштігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, хафиз қызын тәрбиелеудегі үлкен еңбек анасына тиесілі.

«Мен оны босанып, Даун синдромымен ауыратынын білгенде, қатты қайғырдым. Бірақ содан кейін мен қызыма Құран оқуды үйретемін және біз Алланың көмегімен бүкіл кітапты үйренеміз деп Алла Тағалаға ант бердім », - дейді Равананың анасы Аватеф Джабер.

«Менің анам қасиетті Құранның бір аятын оқыды, мен артынан қайталап отырдым. Әр аятты кем дегенде 10 рет қайталаймын, содан кейін жатқа айтамын. Маған бұл тапсырманы жеңілдеткен Алла болды », - дейді мұсылман Хафиз.

19 21 ER 0.1719
Дінмұхаммед атамыздай басшы қаласақ, сол кісінің көңіліндей таза пейілді халық болуымыз керек...

21 4 ER 0.1172
Осындай керемет дұғаға қанша адам әмин дейді екен? ⤵️

6 42 ER 0.1124
Әмин дей кетіңіз 🤲

🤍 [club57777198|• Ислам діні - ең таза дін]

14 85 ER 0.1257
НАМАЗДА СӘЛЕМ БЕРГЕННЕН СОҢ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР.

«Әстәғфиру-Ллаһ (3 рет). Аллаһуммә, Әнтә-с-Сәләму, уә минкә-с-сәләму, тәбәрактә, йа Зәл-жәләли уәл-икрам!»

((أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ (ثَلاَثَاً) اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلاَمُ، وَمِنْكَ السَّلاَمُ، تَبَارَكْتَ يَا ذَا الْجَلاَلِ وَالْإِكْرَامِ))

Аудармасы: «Алладан кешірім сұраймын (3 рет). Я, Алла! Сен Мінсіз («әс-Сәләм» - Аллаhтың қандайда кемшілік атаулыдан азат екендігіне нұсқайтын Оның көркем есімдерінің бірі.), әрі есен-амандық Сенен (Яғни: кез-келген қайғы-қасіреттерден Сен ғана құтқарасын), уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, Сен Игі-Берекелісің»

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир (3 рет). Аллаһуммә, лә мәни’а лимә ә’тайта, уә лә му’тыйя лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдду».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ [ثلاثاً]، اللَّهُمَّ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلاَ مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық, және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді (3 рет). Я, Алла! Сен берген нәрседен ешкім айыра алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Күш-Құдірет иесінің күш-құдіреті Сенің алдыңда пайдасыз болып қалады».

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир. Лә хаулә уә лә қууатә иллә биЛләһ. Лә иләһа иллә-Ллаһу, уә лә нә’буду иллә ийәһу, ләһу-н-ни’мәту уә ләһул-фәдлу уә ләһу-с-сәнә-ул-хәсәну, лә иләһа иллә-Ллаһу мухлисынә ләһу-д-динә уә ләу кәриһәл-кәфирун».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ، وَلاَ نَعْبُدُ إِلاَّ إِيَّاهُ, لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الْفَضْلُ وَلَهُ الثَّنَاءُ الْحَسَنُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الكَافِرُونَ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі барлық мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Біз Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Нығметтерді Ол береді, артықшылықтарға да Ол ие (Ең жоғары, кемел артықшылықтар немесе сипаттар меңзеледі), Оған көркем (лайықты) мақтау-мадақтар болсын. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, ал біз Алланың алдында дінде ықыластымыз, тіпті бұл кәпірлерге ұнамаса да».

«Субханә-Ллаһи, уәл-хамду ли-Лләһи, уа-Ллаһу Әкбару (33 реттен), лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир!»

((سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ (ثلاثاً وثلاثين) لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ))

Аудармасы: «Алла Пәк (33 рет), бүкіл мақтау Аллаға (33 рет), Алла Ұлы (33 рет). Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді!»

«Ықлас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін әр намаздан кейін бір рет, ал таң (фәжр) және ақшам (мағриб) намазынан кейін үш рет оқу керек:
Әрбiр намаздан кейiн келесі «Аятул-Курсиді» оқу керек:

بسم الله الرحمن الرحيم

اللهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَىْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ

Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол оларға дейін болғанды да, олардан кейін не болатынынды да біледі, ал олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі (Алланың Күрсиі, Оның ‘Аршымен бір емес) көктер мен жерді қамтиды. Оған оларды қорғау ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор» («әл-Бақара» сүресі , 255-аят). «Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юхйи уә юмиту, уә һууә ‘алә кулли шайин қадир».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ يُحْيِي وَيُمِيتُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ)) عَشْرَ مَرّاتٍ بَعْدَ صَلاةِ الْمَغْرِبِ وَالصُّبْحِ

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді, әрі өлтіреді. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» (бұл сөздерді таң (фәжр) намазы мен ақшам (мағриб) намазынан кейін он реттен қайталау керек).

«Аллаһуммә инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан-тайибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән».

((اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نافِعاً، وَرِزْقاً طَيِّباً، وَعَمَلاً مُتَقَبَّلاً)) بَعْدَ السّلامِ مِنْ صَلاَةِ الفَجْرِ

Аудармасы: «Я, Алла! Шын мәнінде, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе, (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын» (Таң (фәжр) намазынан кейін оқылады).

125 1 ER 0.1331
Мына 7 амал ризық-несібеге берекет береді

Бір түйір нанның өзі маңдай терді төгіп, еңбек етумен келеді. Бейнетсіз зейнет жоқ. Бұған қоса Жаратқанға иман келтіріп, бес уақыт намазына берік болу парыз. Ал, енді иманды беки түсетін, ризық-несібеге берекет беретін көптеген амалдар бар. Дәлірек атсақ, құлшылық түрлері бар. Міне, сол құлшылықтар ішінде білегі мықты азаматпен қатар нәзікті жанды әйелдер де, белі бүкірейген қарттар да оңай атқара алатыны бар. Солардың жетеуін атын айтып, түрін түстеп шығайық.

1. Тақуалық.

Құран Кәрімде: «…Кім Алладан қорқып, тақуалық етсе, Ол шығатын жол жасайды. Әрі Ол оған оның өзі ойламаған жақтан ризық береді…[1]», — деген аят тақуалық әркімнің қолынан келмейтін қазына есіктерін айқара ашатын қасиетін паш етуде.

2. Истиғфар.

Истиғфар – біліп-білмей, байқамай немесе әдейі жасалған үлкен-кішілі күнәлары үшін өкініп Алла Тағаладан кешірім сұрау. Құран Кәрімде: «Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол – көп Кешіруші. Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді. Сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады[2]», — десе Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім көп истиғфар айтса Алла Тағала әрбір уайым-қайғының артын қуаныш, әрбір қылыс-таяң кезінен кейін шығатын жол көрсетіп, ойламаған жерден ризық-несібесін береді[3]», — деп истиғфар сырын ұқтыруда.

3. Тәуекел.

Құран Кәрімде: «…Ал кім Аллаға жүгініп, Оған тәуекел етсе, Ол оған жеткілікті…[4]», — десе Хадисте: «Аллаға лайықты және шынайы түрде тәуекел етсеңдер құс сияқты несібелі болар едіңдер. Құс ұясынан жемсауы бос боп ұшып шығып, кешке толтырып қайтып келеді[5]», — деп баяндайды.

4. Туыстық қарым-қатынас.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім ризық-несібесі кең болуын және өмірінің ұзақ болуын қаласа туысқандарымен жақсы болсын[6]», — деп ағайын тату болса, шаңыраққа берекет тұрақтайтынын түсіндіруде.

5. Садақа жасау.

Құран Кәрімде: «…Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы[7]», — деп әмір етілген. Расында, садақа мың бір қасиеті бар тылсым құлшылық.

6. Дұға.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Умамәға (р.а.): Алла Тағала уайымыңды кетіріп, қарызыңнан құтқаратын сөздерді үйретейін бе? — деді. Әбу Умамә: Әрине, уа Алла елшісі! — деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Таң атса және кеш батса: «Уа, Алла! Уайым мен қайғыдан Сенен пана сұраймын, әлсіздік пен жалқаулықтан Сенен пана сұраймын, қорқақтық пен сараңдықтан Сенен пана сұраймын, қарызға батып, адамдардың өктемдігіне қалудан Сенен пана сұраймын, — деп айт, — деді. Әбу Умамә: мен осы сөздерді айтып, уайым-қайғы мен қарыздан құтылдым, — дейді[8]».

7. Нығметке шүкіршілік.

Құран Кәрімде: «Егер шүкіршілік етсеңдер, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін…[9]» , — деп әмір етілген. Омар бин Абдулазиз (р.а.): «Алланың берген нығметін Аллаға шүкіршілік етумен байлап ұстаңдар. Шүкіршілік – нығметті мықтап ұстайды»,-деген екен.

Ендеше, несібелі де берекетті болуды қаласаңыз иманыңызды қуаттайтын әрі табысыңызға берекет кіргізетін осынау құлшылықтарды күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз.

94 11 ER 0.1218
Алла Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айта отырайық

11 18 ER 0.0971
Неке бұл жеңіл қарайтын нәрсе емес.
Бұл қадамды басқаннан соң артқа қайтар жол жоқ!
Егерде артқа қайтар болса әйел жесір бала жетім қалады. Әйел жесір қалса сөз болады, бала жетім қалса қоршаған ортасында қор болады...
Сондықтанда неке мәселесін ақырет ісі деп білу керек!
Бұл жолды ерге мықты сабыр, әйелге шүкіршілік керек болады.
Егер сабырмен шүкіршілік бір арнада тоғысса, Аллаһ оларды мына дүниеде және ақыретте нығметке бөленгендерден етеді.

58 24 ER 0.1058