Количество постов 5 110
Частота постов 31 час 44 минуты
ER
3.59
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
"Өтірік ғұмыр кешуді өмір сүрудің негізгі тірегіне айналдырып алған бүгінгі қитұрқы адамдардың айнымас құбылысын көріп жүрегің айниды. Ел ішіндегі шектен шыққан парақорлық пен әділетсіздік, мансаптың тағы үшін мақтанға салынып, басының бағы үшін ар-ұятын саудаға салып жағымпаздықтың жарапазанын айтып жүрген "жасампаздарды" көргенде "апыр-ай, жұмыр жер неге жыртылып кетпей шыдап тұр" деген ойға қаласың. Құлағын сатқандардан Құдай атқандардың сүлдесін көріп сасқанымнан күңіренем де күрсінем", - деп еді Софы аға бір сөзінде. Керекке жарамайтындарды керемет тұтқан бүгінгі қомағай-қоғам көмейі бүлкілдегеннің бәрін -шешен, көптің үстінен зіркілдегеннің бәрін көсем етіп қойды. Көлгірсіп сөйлеп көптің көңілін аулайтын жылтырлар көбейді. Азаматтық позицияның жоқтығы мен тапшылығы мұңайтады. Ұлтының жанын ұқпай ұлы болғысы келетіндерін қайтесіз!Ұлт бар жерде ұлттық проблеманың болмай қалуы мүмкін емес. Еліміздің жақсылығына қуанамыз, жаманына неге көз салмаймыз, неге жанымыз ашымайды?! Көп нәрсені саясатпен байланыстыра салғымыз келеді, ол саясат емес, азаматтық борышымыз емес пе? Бір ойшылдың: "Адамзат баласы заңның емес, салт-дәстүрдің "құлы" болған кезде бақытты өмір басталады" дегенін оқып едім. Расында да солай! Біз үлкенін ардақтаған, салт-жорасын салмақтаған, дәстүрім -дәулетім, ғұрпым - ғұмырым, салтым санам деп өскен текті ұлттың ұрпағы едік қой. Бүгінде салт-дәстүрмен санасудан гөрі заңнан ғана қорқу, сырт көзден ғана қаймығу басым. Дәстүрлі өмір салтымыздан жаңылып, ата-бабамыз қалыптастырған ұлтымыздың ең тамаша қасиеттерінің бірі болып табылатын адамдар арасындағы өзара кісілік, үлкен мен кішінің, туыс пен туғанның, жат пен жақынның, еркек пен әйелдің қатынас қалыптарының шырқын бұзып алдық. Қазақтың кез келген ұлттық әдет-ғұрпында кісілік, адамгершілік, мейірім бар еді. "Тыйым көрмеген баладан тексіз шығады. Тектеу адамды әдептілікке үйретеді". Міне, қазақтың төл тәрбиесінің озық үлгісі. "Ұят болады" мен "обал боладыны" баласының санасына тәй-тәй басқаннан, алғаш былдырлай бастағаннан сіңіріп келген қазақ бүгінде тыйым мен тектеуді ұмытты. Қазіргі бала жалтақ қоғамның жағымпаз адамдарынан қандай тәрбие көріп отыр? Көрсетер өнегеміз қайсы? Осының бәрі, айналып келгенде, ұлттық мінез-болмысымызды жоғалтып алғанымыздың кесірі. Дәстүрлі наным мен сенімге мойынсынбаған соң, салт-дәстүрді сақтамаған соң көргенсіздікке бой алдырып, татулықты қатулықпен ірітіп жүрміз. Баяғы бауырмал көңіл, қазақы қайырымдылық жоқ. Қулық пен сұмдықтың құдығына сүйреген қуаяқ, сұмауыз болып барамыз. Өзекті өртеген осы ойлар көңілге -тыным, жүрекке маза бермейд|………………..
QAZAQ ELI
QAZAQ ELI
Кеше кешкісін мешіттен шығып келе жатып, мына оқиғаның куәгері болдым. Жас шамасы 60-тардағы ер адам, көлігін артқа жүргізіп жатып, байқаусызда, авто-тұрақта тұрған қымбат шетелдік көлікті соғып алды. Дабылқаққыш іске қосылды. Көліктің иесі жақын маңда жүрген болуы керек, лезде оқиға орнына келіп жетті. Тіпті, көлікті соққан кісі көліктен шығып та үлгермеген еді. Соғылған көліктің иесі, келе салып әлгі кісіге:
— Ассалаумағалейкум аға, — деп қос қолдап қолын алды да, — Жағдайыңыз қалай? Жарақат алмадыңыз ба? — деп сөзін жалғады. Әлгі кісі түк түсінбей, таңырқай қарап:
— Көліктің иесі кім? — деп сұрады. Ал көліктің иесі жылы қабақ танытқан жігіт екенін білген сәтте, кешірім сұрай бастады. Ал жігіт болса, көлігінің соғылған жерінен 1-2 рет ұрғылап қойып:
— О не дегеніңіз аға? Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз. Жолыңыз болсын, — деді де көлігіне отырып кете барды.
Мұндай кісілердің жер бетінде өмір сүріп жатқандығына Аллаға шүкіршілік айтып, олардан көп үлгі алу керек екен деп, ол жігітке екі дүниенің бақытын тіледім....
QAZAQ ELI ...........!
Желіден алынды!
АЛЛА ЕКІ ДҮНИЕНІҢ БАҚЫТЫН НӘСІП ЕТСІН!🤲🕊

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітуге ниет етіп жүрген жандар осы дуғаны жаттап алғандары абзал.
Буйырса ертең қасиетті Рамазан айы басталады. Ораза ұстамас бұрын мұсылмандар қандай амалдар жасауы керек?
Тазалық
Он екі айдың ең ұлысы саналатын қасиетті Рамазан айына дайындықты тазалықтан бастау керек. Тазалықты өзіңіздің үйіңіз бен айналаңыздан бастаңыз. Рухани жағынан да тазаруға тырысыңыз. Құрметті қонақ келерде үйіңізді қалай жинайсыз, қасиетті Рамазан айы келерде де сондай тазалық жұмыстарына кірісу керек. Үйдің ішін ғана емес, ауланы да тазалап, ескі заттардан арылған абзал. Ғұсыл алып денеңізде артық түктерді де тазалап тастаңыз.
Ниет
Алдын ала ниет етпей, ешбір нәрсе қабыл болмайды. Рамазан айында ораза ұстауға, ауыз бекітуге бел бусаңыз, шынайы түрде ниет етіңіз. Бір ай бойы оразаның амалдарын мүлтіксіз орындауға дайындалыңыз. Оразаны салмақ тастап, арықтау үшін, денсаулықты қалпына келтіру үшін, диета үшін немесе жұрттан қалмау үшін емес, Алланың разылығы үшін ұстауға ниет ету керек.
Сөзді түзеу
Тамақтан тыйылып, ұйқыны азайтып қана ораза амалдарын толық орындадым деп айтуға болмайды. Қасиетті Рамазан айында тек дүние жағынан ғана емес, рухани жағынан да, тәрбие жағынан да түзелу керек. Ауызы берік адамға жаман сөз айтуға, адамдармен ұрсысып, ренжісуге, балағаттауға, өсек айтуға болмайды. Ауыздың беріктігі тек тамақпен ғана емес, сөзбен де есептелетінін ұмытпаңыз.
Уақытты үнемдеу
Көп адамдар тамақтан тыйылған соң бос уақыт көп болады, оны ұйқымен, демалумен өткізу керек деп ойлайды. Бұл қате пікір. Рамазан айы адамның нәпсісін тыюға, өз-өзін дамытуына таптырмайтын уақыт. Сондықтан, бос уақытыңызды ғаламтор мен әлеуметтік желілерде емес, дұға жасап, Құран оқумен, тым болмаса кітап оқып, ізгі іс жасаумен өткізуге тырысыңыз. Кез келген нәрсені ысырап етпеу керек. «Судың да сқрауы бар». Сондықтан, уақытыңызды үнемдеп, ұтымды пайдалануға қазірден бастап дағдыланғаныңыз жөн.
Өзіңіз ғана ораза тұтпай, жақындарыңыз арасында насихат жүргізуді де ұмытпаңыз. Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітуге ниет етіп жүрсеңіз, ниетіңіз қабыл болсын!

Алла тағаламыз айтады екен , қол жайып сураған пендемнің қолын қур алақан қайтарудан Уялам дейді екен
Ендеше осы бір керемет айда барша дуға тілектеріңізді Алладан сураныздар!

Оразаны қалай тәмамдау керек?
Халифа Омар ибн Абдулазиз (Алла оны рақымына бөлесін) барша аймаққа Рамазан айын "истиғфар" (әстағфирулла деп айтып жарылқау тілеу) айту және пітір садақасымен тәмамдауды бұйырған екен.
Себебі пітір садақасы ораза тұтқан кісінің оразасын кемшілік атаулыдан тазартады, ал истиғфар ораза кезінде болған ағаттықтардың орнын толтырады.
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!

Қатерлі ісікке шалдыққан соң қайырымдылық жасап көз жұмған миллионердің аянышты өмірі
Австралияда мұсылман миллионер Али Банат 32 жасында көз жұмған еді. Оны жақсылығы мен қайырымдлығы әлі де ел есінде. Сиднейде миллионердің қазасына мыңдаған адам келді. Әлі де Алидің жақсылығын айтып, еске алады. 29 жасына дейін Али Банат ғажап өмір сүрді. Қымбат көлік мініп, атақты дизайнерлердің киімін киді. Үш жыл бұрын өзінің қатерлі дертпен ауыратынын білгенде өмірі күрт өзгерді. Дәрігерлер оның 7 ай өмірі қалғанын айтты. Алайда ол 3 жыл өмір сүрді. Осы уақытта қайырымдылықпен айналысып, қаражатының бәрін жұмсады. "Әлемдегі мұсылмандар" атты қайырымылық қорын ашты. Оның қаражатына мешіттер салынды, мектеп пен жетім балаларға арналған аурухана салынды. Алидің айтуынша, қатерлі дерт оған құдайдың берген сыйы. Соның арқасында өмір сүрудің мәнін түсініп, адамдар мен Аллаға жақындауды үйренді. Ол байлықтың өзгелерге көмектесу құралы екенін түйсінді. Өлер алдында Али Банат адамдарды қайырымдылыққа шақырды. Бәрінде өзі секілді мүмкіндік болмайтынын, көп адамның аяқ астынан мерт болатынын айтты. Әркез жақсылық жасауға үндеді. Мұсылман миллионердің өзі өлсе де, жақсылығы, аты өлмеді. Оның қалдырған ісі, ашқан қоры әлі де жұмыс істеп тұр…………………