Статистика ВК сообщества "ШөмекеЙ"

0+
Ассаламағалейкум Шөмекейлер! Сіздерге арнап арнайы ашылған веб-сайтымызға қош келдіңіздер!😜😜😜

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

2020жыл Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аққұм ауылына Қорен батыр бабамызға ескерткіш құлпытас қойған сәт. Руым Шөмекейдің Бозғылынан тараған Қасай. Аты-жөнім Ильясов Олжас Құдайбергенұлы 29.07.1992 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылында туылғанмын.

1 8 ER 0.9312
ДӨЙТ ҰРАНДЫ ШӨМЕКЕЙ

Ескінің есебінде бөтен ой жоқ,
Тегімді түгел қаузар,
бөгемей тек.
...Ұрпақтар біліп өссін,
біздер неге
Атандық “Дөйт ұранды Шөмекей” боп.

Естілер беріп кеткен ерен баға,
Қасиетті жан екен
Шөмен баба.
Әруақты кісі боп,күн кешіпті,
Болмысы жаралған соң кемел,дара.

Көкейіне кенен ой,ақыл тұнған,
Бабамыз бар тірлігін батыл құрған.
Қастерлі осы Шөмен бабамыздан
Дөйт,Шөмекей есімді екі ұл туған.

Жүрмесін желең сөзді
“гөйттеп” адам,
Мен енді бабам айтқан
жайтқа бағам.
Кіші ұл Шөмекейден төрт ұл тарап,
Өсер ұрпақ қалмапты
Дөйт бабадан.

Жағдай бұл бабаларды ойландырған,
“Дөйт—біздің тектіміз-деп-
айбар қылған...”
Атағы жансын,аты өлмесін деп,
Шөмендер Дөйтті ұранға айналдырған.

Содан бері ту тұтып,тұмар етіп,
Дүйімді даңғылына құмар етіп.
Даңқты Дөйт бабамды
Шөмекейлер
Келеді өздеріне ұран етіп.

Тоғыта түсер болсам
ой құнарлы,
Бабаммен даңқым бірге айбынданды.
Атасам,
Тоқа,Көнек,Аспан,Бозғыл—
Шөмекейлер осы жұрт
Дөйт ұранды.

Бабадан бота емес,
бата алғанбыз,
Батадан жүректерге
от алғанбыз.
Дөйт бабаның есімін жаңғыртып біз,
“Дөйт ұранды Шөмекей ” атанғанбыз.

Ақын Наурызбай Жарбосынұлы

10 4 ER 0.9872
Қобыз тартып отырған қыз Қыдырбай Меруерт Ерболқызы Шөмекей- Бозғұл-Балқы-Жауғашты-Отарбай.

0 2 ER 0.2578
Аспан Ханкелді Байбосынұлы Мақанның 27- жасында ауырып жатқанда, елі жұртымен, ағайын туыстарымен қоштасып жазған толғауы (бақылдасуы).

Баласы Баймаханның атым Мақан,
Бұтақсыз, жалғыз қурай шөлде жапан.
Шақыртты керуен "Кел" деп жол ауызында,
Жер болса барамын ба шақырмаған.
Бар еді қариялардан қалған кеңес:
"Кім өлсе соған туады ақырзаман".
Қалып бар әр пендеге, бәрі осындай,
Бірақ, дүниеден кетемін-ау құралақан!

Екі онға келді жасым, тағы жеті,
Адамның шын жолдасы--ақниеті.
Біреу кеш біреу ерте, керуенбіз,
Жан болса бәрінде бар бір нәубеті.
Дариға-ай есімде жоқ бұл шамада,
Құданың қиын емес екен құдіреті.
Халқым-ай жан барында қоштасайын,
Бізге жоқ бүгіннен соң елдің шеті.

Ей Алла, әмірің күшті, шарам шап-шақ,
Сөйлейін, сөз мәнісін тәуір тапсақ.
Артында ер жігіттің дәулет перзент,
Қарайып қалса артында, тіпті жақсы-ақ!
Қолым бос, көзім ашық бара жатырмын,
Баянсыз жалғаншының артын бақсақ!
Атымды, тастай көрме қайран халқым,
Қалмайды үйірінен құлан да ақсақ !

Ей Алла әмірің-парыз, дәдің- қабыл,
Жан шіркін бір тынбай тұр алып өршіл.
Сақтай гөр малығұнның уасуанынан,
Ер едің Мазаман-ай пірім кәмил!
Басшы едің жеті атама жол көрсеткен,
Халияға Ибраһим атың шәмил!
Тақсырға арыз ықылас көп айта гөр,
Үмітім дұғасынан, барсаң абил!

Жайлайды Жайық барған су саласын,
Орал тау Еділ менен екі арасын.
Пірі еді Дәріқожа алты Аспанның,
Абылай дұғасынан құр қаларсын!
Әр жылда үсір, зекет тапсырып жүр,
Екеуің Нұрмақанмен бір барарсын.
Сал сүйек ұйқы жолдас, ауыр едің,
Сен шіркін қатарыңнан құр қаларсын.

Қабыл ет, жаратқан ай пірдің демін,
Барғанда, өзің сүйе ердің кемін?!
Кеткенді көңілім қалай хош көреді,
Дәрігердің ұмытпаймын қылған емін.
Қай жерде қара, таңнан қапы қалма,
Ұшпайды сөз қылмасаң, сұңқар жемін.
Бергендер, перде бұзып, ақты көрген,
Жақсының ал дұғасын, алма тегін!

Арғы атам— би жасауыл ер Жәнібек,
Ол ерлер жібермеген дұшпанға кек!
Бір екі ай ағайынды аралайын.
Мен үшін қылсаң, баба-ай ақтан тілек?!
Бар еді бұрынырақ көрген түсім,
Не шара, десем бүгін "Есім кеуек!"
Әркімге ажал жетсе, тірлік қайда,
Шыдамай құр далбаса қыламын тек?!

Арзықұл, Баха би мен бай Алпарға,
Халқым-ай болса көңілің сөз тыңдарға.
Байбосын, Тайбосынмен екі ініңнің.
Сынып тұр оң қанаты соғып жарға!
Қашаннан халық басқарған адам едің.
Жан ата-ай, айла барма тоқтатарға?!
Бапамның басында бар мұндай жұмыс,
Жасаған артқан-дағы, жүгін нарға!

Ырзақұл, Дәулетияр, Төрежанға,
Мақтанар қолындағы әркім барға.
Атыңды жан барында жад етейін,
Біз түгіл, патша барады шақырғанға.
Түрінен бұл науқастың шошып тұрмын,
Қиындық боларма деп біздің жанға.
"Саусың ба, Мақанжан-ай?" деуші едіңдер.
Кірмеспіз, қош қалыңдар, енді санға!

Төрт молда, екі Қожа, екі Ахмет,
Жазуға, бас басына келмейді рет.
Ағалар, көріскенше хош аман бол.
Жібермес қоштасуға бұл келген дерт!
Кетерде көре алмадым еш біріңді,
Әрқайсысын есіткенде бір дұға ет!
Көп жылдар " Жаратқан-ай!" деп жүріңдер,
Халық құтты болғай сізге, біз елден шет.

Сәлем айт халық қалаған төрт нарсудқа,
"Би болған--деген бекер--күйер отқа"
Әділдің аяғына шаң ілмейді.
Парасын байқап, ісін алса сотқа
Неушаруан әділ еді Омар да сол,
Бір тұрман тақпақ мирас азаматқа.
Би болып, төрелік берген болса жаман,
Пайғамбар неге отырды қылапатқа?!

Сәлем айт Игілік бен Қалыбайға?!
Келмембет аға емеспе Қоңыртайға?!
Арманға айт, қатар өскен құрбым еді.
Ойлаушы ем жүрермін деп бірталайға.
Аға еді көңілі жақын молда
Мұнар.
"Жолық--дейтін тілектес бол--абыройға!"
Ел халқым көріскенше хош аман бол,
"Барғай" —деп дұғада бол--жақсы жайға!

Ақсұңқар мекен қылады тау қиясын,
Жасайды қыран бүркіт жерге ұясын.
Аға-еке- ай, қартайғанда саған қиын,
Көп төкпе, қылып шүкір, көздің жасын!
Айта гөр ақылыңды әжем Сараға.
Мезгілсіз "Мақан--ай!" деп жыламасын.
Нұрмахан, шырағым--ай хош аман бол,
Ей Алла ұзайта гөр ғұмыр жасын?!

Сарқырап ағар бұлақ, тау--сағасы,
Ажалдың тиді маған, атқан тасы !
"Әділің Нұрмаханмен болмайма?" деп,
Тай-екем, "Қой--деп айтар--отағасы!"
Қорқамын ақ сүтіңнен әже-ай сенің,
Алдымнан дария болар деп көзің жасы,
Жоқтатпас Әділ мені тірі болса,
Нұрмаханның теңелгенше жетім жасы.

Қараша қаз қайтар, Қауыс қатса мұзы,
Біледі Қауыс күнін жердің жүзі,
Мария Жамила мен шырақтарым,
Енді жоқ Баекңнің басқан ізі!
Әжеке-ай, бер қолыңнан бір жұтым су,
Балаңның осы болар, татқан тұзы?!
Көшерге керуенім даярланды,
Шақырып жаннаттағы үрдің қызы!

Қош енді, сау болыңдар сан азамат,
Біз кетіп, сіздер қалып, боламыз жат!
Телесбай, Ибраһим, Әбіл, Қарға,
Сіздерге жүктемесін халық жаманат,
Аға--екем азды көпті дәулетінде,
Абайла, бастарыңа алма ұят!
Дариға-ай, қиын екен бүгінгі күн,
Аяянбай шамаң келсе, қыл қайрият!

Жетесбай, інім Біліш, Шоқпар Бекет,
Сіздерге жолықтырмас бұл келген дерт.
Кей уақытта "Баймахан-ай!" деп жүрмесін,
Әбілдің бір, екі-үш жыл қызметін ет!
Қалмасын қияметке қарыз болып,
Бар болса, алысқан қол айтылып мерт.
Қалыс қыл қайбіреуің қызмет қылсаң,
Көңіліме мұңдылардың қылмай міндет!

Әбіл-ай көп құрбыдан көрдім сені,
Не дейсің құрбыларың сұраса мені?!
"Баймахан базар кетті, келер" дей гөр,
Құрбының "Өлді!"десең шошыр дені.
Айырып атын айтып не қылайын,
Бар еді байқағандай ақыл кені.
"Көзі ашық дүниеден кеттім!" деймін,
Осы айтқан халыққа жайсаң әңгімені!

Қорқамын бұл науқастан оңалмастай,
Басында-ақ неге өлмедім, кетіп жастай?!
Әжіғұл жездем еді, сәлем дей гөр,
Арамыз алыс болды-ау, көре алмастай!
Әбілтай, Шоқпар, Құспан, Қожа Ахмет--
Ағалар, түрім боллды-ау көре алмастай!
Жартыбас, Жапбар би мен Өмірзақ,
Біз болдық, қош қалыңдар қосылмастай!

Жүндібай, Құтпанбет пен екі ағам-ай,
Кеуілде айтуға жоқ көп қапам-ай.
Басыма, ажал жақын, түсіп сауда,
Болмай тұр, осы уақытта, жан санам-ай!
Болғанда дүние тегіс, ерге бір іс,
Болып тұр біздің бүгін іс тамам-ай!
Шәлтікбай ұмытпастай құрбым едің,
Болмай тұр, бір көруге, бос жағам- ай!

Нағашым--Дүйсенбай мен Жанұзаққа,
Шама жоқ, алдым тайыз шақырмаққа,
Срокқа бұл науқастан қосылмаспын,
Келіп тұр сөйлесуге тілім шаққа.
Көгерген дарағыңнан бұтақ едім,
Біз, қайыр қош есен бол, әмри аққа!
Дұға қыл! "Жайың--жаннат, жиенім!" деп,
Ие бол мұнда да зор ұлы баққа!

Емі жоқ көрінеді бұл науқастың,
Деген соң, ем болсын ба: "Бітті наның!"
"Адамның ақылы анадан" деген болса,
Мен едім нағашы-еке, жарты жаның,
Жатырмын әміри аққа қайыл болып,
Деген соң "Бол осылай!" Меһрибаным.
Көрінген көлеңкелі қарағым-ай,
Ішінде, жад қыла гөр фатиханың!

Жазып алған 1990 жыл.
Ramadan Turgaliuly Zhubandyk

Жалғасы бар.

0 0 ER 0.1455
Құрметті Кедей би атамыздың ұрпақтары, ғылыми зерттеу жұмыстарына сіздердің көмектеріңіз керек. Атамыздың қорымын білетін кісілер болса және интернет желісінде табыла бермейтін ақпараттарды білетін болсаңыз суретін немесе жазба ақпараттарымен бөліссеңіздер.
Құрметпен Кедей би атамыздың ұрпағы.

1 1 ER 0.1002
Аңызға айналған тарих!
Қайқы атаның ұрпақтары: Отарбай мен Қосбармақ ата, Жауғаштының баласы бір анадан туған.
Отарбай ата дүниеден өткесін, әйелі тама қызы Дана анамыз жыл садақасын беріп, қайнысы Қосбармақ атаға неке салдырып тұрмыс құрады, кейін құрсағынан дүниеге Аралбай, Шоңай атты екі бала келеді.
Замандар өте Қосбармақ ата балаларына еншілерін бергесін, көп ұзамай дүние салады.
Шалының жылы өткесін Дана ана өзінің алғашқы көтерген шаңырағы, Отарбай ата отбасы Бәйсейіт баласының үйіне қайта оралады. Отарбай атадан : Құлжаманды, Бәйсейітті, Қарабатырды және Қосбармақ атадан: Аралбай, Шоңай балдарының басын қосып , қарылық шегіне жеткен шағында өсиеті мен аналық бәтесін береді.
- Балаларым , мені мұқият тыңдаңдар:
1. Жан қанатымның астында есейіп, ержеттіңдер, ұмытпаңдар.
2. Қос емшегімнен емген ақ сүттеріңді, ұмытпаңдар.
3. Ақ бесікте аялаған аналық мейірімді, ұмытпаңдар.
4. Жүректеріңнен бойларыңа тараған қандарыңның бір ананың қаны екендігін, ұмытпаңдар.
5. Ата тектеріңнің Жауғашты ұрпағы екендігін, бір жатырда жатқандарыңды, ұмытпаңдар.
6. Бір-біріңмен бауыр-туыстық сана-сезімдеріңді жоғалтпай, келер ұрпақтарға туыстықтарыңның дәлелді үлгісі болсын, бір-біріңе қыз беріп-қыз алыспаңдар. Келесі ұрпақтарға “ана өсиетін орындау, ана сүтін ақтау” деп өсиет етіңдер.
Сол замандағы халықтың ұйытқысы болған, ұлық-дана ақсақалдары келер ұрпаққа ана өсиетін бабалардың берген батасы болсын деп қалдырған.

0 0 ER 0.0716
Ассаламалейкум Ағаиндар.Мен Әлімбет Балқы мын.хабарласындар

0 0 ER 0.0573
Ассалаума алеикім Шөмекеилер менде шөмекеидің ішінде мөңке аю мөнке аюлар болса хабарлассын

0 0 ER 0.0573
Ассалам алейкум шөмекейлер қалайсыздар. Өнтек балқылар барма?

0 2 ER 0.0859
Шомекей шежире китап калай кимнен заказ берип алуга болады???

0 0 ER 0.0436