Статистика ВК сообщества "ТАҢДАУЛЫ САХИХ ХАДИСТЕР"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітуге ниет етіп жүрген жандар осы дуғаны жаттап алғандары абзал.

Буйырса ертең қасиетті Рамазан айы басталады. Ораза ұстамас бұрын мұсылмандар қандай амалдар жасауы керек?

Тазалық
Он екі айдың ең ұлысы саналатын қасиетті Рамазан айына дайындықты тазалықтан бастау керек. Тазалықты өзіңіздің үйіңіз бен айналаңыздан бастаңыз. Рухани жағынан да тазаруға тырысыңыз. Құрметті қонақ келерде үйіңізді қалай жинайсыз, қасиетті Рамазан айы келерде де сондай тазалық жұмыстарына кірісу керек. Үйдің ішін ғана емес, ауланы да тазалап, ескі заттардан арылған абзал. Ғұсыл алып денеңізде артық түктерді де тазалап тастаңыз.

Ниет
Алдын ала ниет етпей, ешбір нәрсе қабыл болмайды. Рамазан айында ораза ұстауға, ауыз бекітуге бел бусаңыз, шынайы түрде ниет етіңіз. Бір ай бойы оразаның амалдарын мүлтіксіз орындауға дайындалыңыз. Оразаны салмақ тастап, арықтау үшін, денсаулықты қалпына келтіру үшін, диета үшін немесе жұрттан қалмау үшін емес, Алланың разылығы үшін ұстауға ниет ету керек.

Сөзді түзеу
Тамақтан тыйылып, ұйқыны азайтып қана ораза амалдарын толық орындадым деп айтуға болмайды. Қасиетті Рамазан айында тек дүние жағынан ғана емес, рухани жағынан да, тәрбие жағынан да түзелу керек. Ауызы берік адамға жаман сөз айтуға, адамдармен ұрсысып, ренжісуге, балағаттауға, өсек айтуға болмайды. Ауыздың беріктігі тек тамақпен ғана емес, сөзбен де есептелетінін ұмытпаңыз.

Уақытты үнемдеу
Көп адамдар тамақтан тыйылған соң бос уақыт көп болады, оны ұйқымен, демалумен өткізу керек деп ойлайды. Бұл қате пікір. Рамазан айы адамның нәпсісін тыюға, өз-өзін дамытуына таптырмайтын уақыт. Сондықтан, бос уақытыңызды ғаламтор мен әлеуметтік желілерде емес, дұға жасап, Құран оқумен, тым болмаса кітап оқып, ізгі іс жасаумен өткізуге тырысыңыз. Кез келген нәрсені ысырап етпеу керек. «Судың да сқрауы бар». Сондықтан, уақытыңызды үнемдеп, ұтымды пайдалануға қазірден бастап дағдыланғаныңыз жөн.

Өзіңіз ғана ораза тұтпай, жақындарыңыз арасында насихат жүргізуді де ұмытпаңыз. Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітуге ниет етіп жүрсеңіз, ниетіңіз қабыл болсын!

24 6 ER 0.8503
«Ақша мен биліктен де құдіретті дүние бар»: Бейсен Құранбектің желідегі соңғы жазбасы

"Білу - бөлек , түсіну - басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім. Бірінші. Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол- ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін. Екінші. Халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым. Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық - қолға ұстаған мұз, Бақыт - басқа қонған құс, Бала - артта қалар із, бұл өмірдің қызығы - Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім. Менің ешқандай "заслугам" жоқ туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді. Бар болыңыздар"

(с) Бейсен Құранбек

3 0 ER 0.5393
Жаттауға жеңіл дұғалар. Керек болар, қабырғаңызға ала кетіңіз!

21 3 ER 0.6756
Жаттауға жеңіл дұғалар. Керек болар, қабырғаңызға ала кетіңіз!

25 0 ER 0.6743
Жаттауға жеңіл дұғалар. Керек болар, қабырғаңызға ала кетіңіз!

22 0 ER 0.6434
Бүгін мына апайды көріп кідіріп қалдым. Шаршаған ғой, ұйықтап кетіпті. Бір жылдары бастан өткен өмірімді еріксіз көз алдыма әкелді.

Ол кезде 6-7-сынып оқимын. Мамаммен ілесіп Алматыдағы "Айнабұлақ" базарына ауылдан картошка әкеп сататынбыз. Мамамның маған үйде қал дегеніне қоймай қалаға бірер жылда бір келіп тұратын едім. Сондағы арман - Алматыны көру болатын.

Базардағы көкөніс сөресін жағалап келе жатқан адамдарды көргенде бізден алса екен деген үміт кеудені кернейтін. Бірі картошкамызды ары ұстап, бері ұстап өтіп кетеді. Енді бірі ұнатып 4-5 келісін бірақ алады. Тағы бірі кірпияз, бірі өзің салып бергеніңе риза боп жатады. Қысқасы, небір адамды көресің. Көңілге түйесің.

Сөйткен өмір қол бұлғап алыста қалды. Бірақ мен ол күндерді, сол сәттерді еш уақытта ұмытпаймын. Өйткені ол мені өсірген өмірдің үлкен мектебі. Біз үшін қол қусырып отырмай тырнаштап еңбек еткен әкем мен анамның маңдай тері.

Осы өмірді бергеніңе, көрсеткеніңе шүкірлік еттім, Алла!

-Апа, мына жер ызғар. Анау күнге отырсаңызшы,-дедім мына кісіге.
"Жоқ. Онда барсам клиентке келіп үлгермей қаламын",-деп күннің салқынына қарамастан саудасын жалғастырды.

Отбасы, баласы үшін отқа да, суға да түсіп жүрген осындай абзал жандарға Алла молшылық, денсаулық бере гөр деп тілеуімді айтып мен де жөніме кеттім.


Ертай Нүсіпжанов

2 5 ER 0.4114
✅ Таңғы және ақшам намазынан кейін:

1. «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни минан-нар) деп 7- рет айтып жүргендерді, Алла тозақ отынан сақтайды.

2.Алланың Әл-Азизу есімін 40-рет қайталаса, Алла Тағала оның қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

3. Алланың Әл-Фаттаху есімін 70-рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жай табады.

4 " Кімде-кім таңғы намаздан кейін Ихлас сүресін 11-рет оқыса, ол күні оған бірде-бір күнә жақындамайды. Шайтан азғыруға тырысса да қорғанған болады"

5. Ей, Алла! Шын мәнінде мен Сенен пайдалы ғылым, адал ризық-несібе (Өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын.

6. Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкiм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет

7.Алланың Әс-Сабуру есімін меңгеріп 100-рет айтып, Алланы еске алып, зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жіреді.

Бесін намазы:

1. Бесін намазының төрт рәкағат сүннеті
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Бесін намазының парызынан бұрын және кейін тұрақты түрде 4 рәкағат сүннет оқыған адамға Алла Тозақ отын харам етеді» (Мишкат, Тирмизи, Әбу Дауд, Насаи мен Ибн Маджа).
Түсініктеме:
Мынадай тәртіппен оқыған абзал: 4 рәкағат сүннет намаз, 4 рәкағат парыз намаз, 2 рәкағат сүннет намаз, 2 рәкағат нәпіл намаз.

Екінті намазынан соң:

Алланың Әл-Ғаффару есімін екінті намазынан соң ; «Иә ғаффару иғфирли»-деп айтып жүрсе, Алла Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.

Ақшам намазынан соң:

1. Тозақ отынан азат болу
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Ақшам намазын оқып болғанда: «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни мин әл-нар) деп 7- рет айтыңдар. Осыны айтып, сол күні түнде дүние салған адамға Тозақ отынан қорғаныш беріледі. Таң намазынан кейін осы сөзді айтып, сол күннің ішінде көз жұмған адамға тозақ отынан қорғаныш беріледі» (Әбу Дауд).

2. Ақшам намазынан кейін алты рәкағат.
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-кім төртінші намаз ақшамнан кейін бесінші намаз Құптанның уақыты кіргенге дейін артық сөз айтпай, 6 рәкағат намаз оқыса, 12 жыл ғибадат жасаған адамның сауабын алады» (Тирмизи).
Түсініктеме:
Бұл жерде «артық сөз» деп дүниеуи әңгіме жайында айтылып жатыр.
Бұл намазды екі рәкағат сүннет намаз бен намаздан соңғы зікірден кейін оқыңыз.

3.Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкәм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет.

17 0 ER 0.4184
Жаттауға жеңіл дұғалар. Керек болар, қабырғаңызға ала кетіңіз!

9 1 ER 0.4570
СІЗДІ АЛЛАҒА СҮЙІКТІ ЕТЕТІН 10 ӘДЕП

1. Мұсылмaн бауырыңды көргенде оған: «Ассаламуъалейкум» немесе «Ассаламуъалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ» деп сәлем бер.
Бұл сөз «Сізге Алланың есендігі, амандығы мен бейбітшілігі болсын!» деген керемет әдемі тілекті қамтиды.
Ал егер ол сенен бұрын амандасып қойса, оған:
«Уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ» деп көркем түрде жауап қайтар. Мағынасы: «Сізге де Алланың есендігі мен сәлемі, бейбітшілігі болсын!»

2. Егeр бір жерге (біреудің үйіне) кіргің келсе, алдымен есікті тықылдатып, даусыңды шығарып, үй иесінің рұқсатын алып кір. Біреудің үйіне рұқсатсыз кіру – әдепсіздіктің белгісі.

3. Тaмақ, су, т.б кез келген асты ішер алдында «Бисмилләһ» деп Алланың атын аузыңа ал. Тамақты оң қолыңмен же және өз алдыңнан жеуге дағдылан. Ыдыста тамақ қалдырмай, тамақты бітіріп ішу және болған соң қолды жалау – ысыраптан сақтайды әрі бұл Пайғамбарымыз ﷺ көрсеткен ізгі әдеп екенін ұмытпа. Тамақтанып болған соң «Әлхамдулилләһ» деп тамақ беріп, қарныңды тойдырған Аллаға мақтау айт.

4. Тек жақсы сөз сөйле әрі даусыңды қатты шығарма. Адамдармен қатқыл сөйлеспе. Егер біреу саған қарап әңгіме айтып тұрса, оның сөзін бөлме, соңына дейін тыңда. Әсіресе, үлкендердің сөзін бөлу, алдына түсіп, сөз айту – көргенсіздіктің белгісі.

5. Егер ұйқыға жатар болсаң, онда дәретпен ұйықтауға тырыс. Оң жақ бүйіріңе қарап жат және «Аятул Курсиді» оқуды әдетке айналдыр. Екі алақаныңды жайып, оған «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқы. Кейін екі алақаныңа ақырын ғана үрле де, сол қолдарыңмен денеңнің барлық бөлігін сипалап шық. Осылай 3 рет жаса. Бұл жатар алдында «дем салу» деп аталады.

6. Түшкірген кезде бетіңді қолыңмен не киіміңмен көлегейлеп жап және «Әлхамдулилләһ» деп Аллаға мақтау айт. Егер біреу «ЯрхамукаАллаh» «Алла сені рахмет етсiн» деп жауап берсе, оған: “Йаһдикумул-лаһу уә юслиху бәләкум (Алла Тағала сендердi де тура жолға бастап, iстерiңдi оңғарсын) – деп жауап бер.

7. Есінегің келсе, даусыңды қатты шығарма және аузыңды қолыңмен басып есіне.

8. Егер бір жиынға келсең, көпшілікке даусыңды шығарып (олар еститіндей) сәлем бер. Және адамдардың шетіне келіп жайғас. Өзгелерді аттап, мазаларын алма, олардың рұқсатынсыз араларына отырма. Әрі отырған адамдарды орындарынан қозғама.
«Субхәнака Аллаhумма уә бихамдика, әшhәду әллә иләhа иллә әнта, астағфирука уә әтубу иләйк»
"Алла Сен Пәксің әрі Саған мақтау-мадақтар болсын. Сенен басқа құлшылық етуге лайықты Құдай жоқ. Мен Сенен күнә, қателіктерім үшін кешірім сұраймын және тәубе етемін"
деген жиында айтылатын сөзді айт.

9. Жолда келе жатсаң әдептерді сақта. Жан-жағыңа алақтап қарай берме. Адамдардың сәлеміне жауап бер және ешкімге зияныңды тигізбe.

10. Өзіңе үйлесетін жарасымды киім ки және ең жақсы киім ақ түсті киім екенін ұмытпа. Киімді оң жағынан бастап киіп, сол жақтан шeш.

13 2 ER 0.3894
Он екі мүшеміз сау, дін аман, ертеңгі жақсы күндерді көруді Аллам нәсіп етсін!
Жайлы жатып жақсы тұрыңыздар.......

3 35 ER 0.5572