Статистика ВК сообщества "Zhuldyz музыкалық телеарнасы"

0+
Қазақ эстрадасының үздіктері тек бізде. Бейнебаян түсіру, айналдыру. +7727 305 04 69, +7707 707 707 1

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Әр сәрсенбі сайын
20:00 де
#Көктөбеде
@zhuldyz.tv
Ұйымдастыруымен
⭐⭐⭐⭐⭐
«Жұлдыздар Көк Төбеде» концерті

СОНЫМЕН: 🔥
Осы сәрсенбі (среда) 20:00 де сүйікті әншілерің сені #КөкТөбеде күтеді!
Кіру ақысыз ✋

Ұйымдастырушылар:
@zhuldyz.tv
@sayana_zholdas
[id644181953|@nazar__serik]
Дизайнер:
@kulayna_orazbekkyzy

1 0 ER 0.0046
Қадірменді ағайын Сіздерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен, ыстық ықыласпен құттықтаймыз.
Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз.
Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Келер Жылда отбасыларыңызға құт - береке тілейміз.
Ізгі ниетпен Домбыра Ұлттық Телеарнасы Жұлдыз Музыкалық Телеарнасы Республикалық "Домбырашылар Одағы" қоғамдық бірлестігі және MuzLife музыкалық телеарнасы ұжымдары және мен Қанат Ержігіт!

1 0 ER 0.0046
Қадірменді ағайын Сіздерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз.
Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз.
Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Келер Жылда отбасыларыңызға құт - береке тілейміз.
Ізгі ниетпен Zhuldyz TV & MuzLife телеарналары ұжымы!

1 0 ER 0.0030
Қанат Ержігіт – «Dombyra» Ұлттық телеарнасының басшысы

«Dombyra» Ұлттық телеарнасын – қазақ халқының рухани жан серігіне айналдыруымыз қажет»

Ұлттық аспабымыз болып, шаңырағымыздың төрінен табылатын Домбыраның «Нағыз қазақ» деп аталуы тегін болмаса керекті. Себебі, онда ұлттық кодымыз жасырынған. Қазақ болып сөйлейді, қазақ болып тебіренеді, қазақ болып шалқиды. Жуырда «Домбыра күні» атап өтілді. Осы ретте «Dombyra» ұлттық телеарнасының директоры Қанат Ержігіттен ұлттық аспабымызды насихаттауға бағытталған телеарнаның жай-күйімен таныспақ ниетте сұхбат құрған едік. Мархабат!

Қанат мырза, жуырда еліміз «домбыра» күнін атап өтті. Сіздің «Домбыра» ұлттық телеарныңыздың ашылғанына екі жылдан аса уақыт болды. Телеарнаның ел арасына кеңінен танылмауына не себеп?

Бірінші себеп, еліміздегі 5000-дай ауыл OTAU TV ұлттық спутник желісіне қосылған. Біздің телеарна сол OTAU-ға қосыла алмағандықтан, ел бізді білмей отыр. Бізді көрермен тек Қазақтелекомның ID TV кабельдік желісінде және Smart tv-ға қосылып, телефон арқылы ғана көре алады.

Бұл туралы билікке ашық хат жолдадыңыздар ма?

Билікке телеарна ашылған 2019 жылы да, сосын 2020 жылы да ашықхат жолданды. Қырық беске жуық зиялы қауым өкілдері қол қойып, Президенттен және Елбасынан осы телеарнаны спутниктік желілерге қосуға қол ұшын берулерін сұрадық. Бірақ бұған биліктен мардымды жауап болмады.

Зиялы қауым өкілдері арасында қандай танымал тұлғалар бар?

Ашықхатты жолдаған зиялы қауым өкілдерінің ішінде Мұрат Әуезов, Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Дулат Исабеков, Жүрсін Ерман, Секен Тұрысбеков, Қайрат Байбосыновтар бар. Тізімдегілердің бәрі ұлтымыздың айтулы азаматтары. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Менің түсінгенім, билікке, мысалы жер дауы, Жаңаөзен оқиғасы, короновирус секілді күрделі кезеңдерде, сын сәттерде осы зиялы қауым өкілдері елге басу айту үшін ғана қажет екен. Ал осындай іргелі іске келгенде біз биліктен қолдау таппадық.

Телеарнаның бағдарламалық кестесі туралы айтып өтесіз бе? Қандай бағдарламалары бар?

Телеарнада қазір екі ғана бағдарламамыз бар. «Сыр перне» деген бағдарламамыз домбыра үйретуге қатысты. «Інжу-маржан» бағдарламасы — әрбір әнге, күйге тоқталатын, туындының тарихына қатысты. Қалған уақыттарда солтүстік пен оңтүстік, батыс пен шығыстың ән, күй, жыр, термелері орындалады.
Облыс-облысты аралап бірнеше жоба ұйымдастырғандарыңызды білеміз? Осы жоба туралы айтып өтсеңіз. Алдағы уақытта тағы ұйымдастыру жоспарларыңызда бар ма?

Екі жылдың ішінде еліміздің 12 облысын араладық. 2 облыс қана араланбай қалды. 5000-ға жуық шығарма жазып алдық. (Әрине ішінде қайталанатындары да бар). «Ел іші — өнер кеніші» дегендей, елде жатқан дәстүрлі өнеріміздің бәрін жазып алдық десек те болады. Ешкімге шектеу қойған жоқпыз. Бәрін жазып келуге тырыстық. Енді алда ел аралаған кезде, сапарымызды тарихпен, табиғатпен үйлестіріп түсірсек пе дейміз. Бірақ осыған байланысты облыстарға хат жолдасақ та, көңіл бөлінбей отыр.

Телеранның ұжымдық командасы туралы айтып өтесіз бе? Қнадай білікті мамандар қызмет етеді?

Телеарнаның ұжымы үлкен емес. Бірақ өзіміздің режиссеріміз, журналисіміз, операторларымыз бар. Ел аралап жүрген кезде, жай жүрмей, әр түрлі шеберлерден сұқбаттар жазып жүрміз. Түрлі концерттер ұйымдастырып тұрамыз. Сол кездерде режиссерлеріміз жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта қаражат мәселесі шешілсе, әлі біраз кәсіби мамандар алсақ дейміз. Оған қазір біздің жағдайымыз көтермей тұр. Біз үкіметке ұрпақ тәрбиесіне қатысты, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қатысты бірнеше бағдарламаларды ұсынғанбыз. Бірақ ешқайсысына қолдау таппадық. Ондай бағдарламалардың өзінің арнайы командасы болады. Режиссері, жүргізушісі, редакторы деген сияқты. Ал олардың бәрінің еңбекақысы төленбесе, ешкім тегін жұмыс жасағысы келмейді.

Қаржылық қиындықтарды қалай шешудесіз?

Қаржылық қиыншылықтарды шешу жағына келсек, бұдан басқа «Жұлдыз» деген телеарнамыз бар. Сонда концерт ұйымдастырамыз, бейнебаян түсіреміз, ротацияға аламыз. Содан кейін басқа да кәсіптерім бар. Сол кәсіптерден түскен ақшаны осы телеарнаға жаратып отырмыз. Бірақ мына пандемияға байланысты біздің ол кәсібіміз тоқтап қалды, сөйтіп біраз қарызданып та қалдық. Біраз дүниелерді сатуға тура келді: жер, автокөлік. Қызметтік көлігімізді, ең арысы балаларымды тасып жүрген әйелімнің көлігін сатып жіберуге тура келді.

Сіздердің телеарнаға ең бірінші кезекте қандай қолдау қажет?

Бұл коммерциялық арна емес. Сондықтан бұған мемлекет тікелей қолдау көрсетуі керек. Өйткені түркі халықтарының ішіндегі дәстүрлі өнерге ең бай халық — қазақ. Біздің қазақта күй де көп, ән де көп. Затаевичтің өзі айтқан ғой: «Қос ішекті домбырадан шыққан күйде қазақтың бүкіл табиғаты, тарихы, тағдыры жатқандай. Көз алдыңа қазақтың баласы да, данасы да, даласы да келеді» деп. Міне осы дәстүрлі өнерімізді әрі қарай дәріптей түссек дейміз.
Біріншіден, осы телеарнаға мемлекет өзінің көңілін бөлсе екен деймін. Біз ел аралап жүргенде айтып жатады, (мысалы бұрын қазақтың осы дәстүрлі өнерін жинақтаған Затаевич) сіздер «екінші Затаевичсіздер» деп. Сол Затаевичті де билік, Сәкен Сейфуллин ағамыз КСРО-ның хатшысы боп тұрған кезінде, үлкен ауқымды қаражат беріп, бір чемодан алтын беріп, бүкіл қазақтың даласын аралатқан екен. Міне біз соның ізін жалғап жүрміз, ел аралап, жазып. Енді осының аясында 24 сағат біздің Домбырамыз дүрілдеп тұрса, ұрпақ тәрбиесіне қатысты, дәстүрімізге қатысты, ұмытылып бара жатқан дәстүрлеріміздің заманға ұласып жатқан заманауи түрлерін көрсетсек дейміз. Сондай бағдарламалар түсіргенге мемлекет көңіл бөлсе дейміз.

Алдағы уақыттағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз.

Алдағы уақытта өңір-өңірлерді аралап, өңір-өңірлерде түсірілім жасасақ дейміз. Негізі біз барлық түсірілімді өзіміз жасаймыз ғой. Өңір-өңірлерден түсірілімге көмектесетін жанашыр азаматтар табылса дейміз. Ұлттық өнерге жанашыр азаматтар. Енді осы дәстүрлі өнердегі азаматтардың басын қосу үшін, біз домбырашылар одағын құрдық. Оған мүшеліктерді кіргізіп, солармен жұмыс жасасақ, әрбір өңірлерден өз филиалымызды ашып, солармен жұмыс жасасақ дейміз. Жоспар көп. Қолдау боп жатса, бірнеше бағдарлама ашқымыз келеді. Жалпы жоспар көп, ел ішінде таспаға түспеген ән көп, жыр көп дегендей. Алдағы уақытта елімізбен шектелмей, Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстанды аралап, сол жақтардағы қандастарымыздан да жазып алсақ деген ойымыз бар.
Жұмысқа қатысты қателіктеріміз де болып жатады. Тұрмыс билеп, уақытымыз ел аралауға жетпей, қаражат табумен жүреміз. Сол кезде көп нәрсені жіберіп алып жатырмыз. Негізінде жаз мезгілдерінде, бес-алты айда біз бүкіл Қазақстанды араласақ дейміз. Қазақстанда 250-ге жуық аудан бар екен. Әр ауданға бір күніңді берсең де, күнің жетпейді. Сондықтан, осының бәрін ілгерілету, дамыту үшін, қатарымызға жанашыр, ниеттес-тілектес азаматтар келсе дейміз.

Ойға алған жоспарларыңыз орындалып, мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектестік таныта отырып, сұхбат бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз!

Сұхбаттасқан: Наурызбек САРША

0 0 ER 0.0000