Ядролық жарылыс
⠀
Түсінбей махаббаттың ұлылығын,
Ақынның мың құбылды жыры бүгін.
Жетеді жүрегімді мұздатқаның
Жетпей жүр титтей ғана жылылығың.
⠀
Сезімнің ұғамысың иірімін,
Иірім - ғашықтардың биі гүлім.
Болмай-ақ кеудеңдегі тәкаппарлық
Болса ғой кіп-кішкентай мейірімің.
⠀
Алыстығы түк емес шақырымның,
Бәрібір мен жалғыз-ақ жақыныңмын.
Зор болды ғой аздығы арманыңның
Сор болды ғой көптігі ақылыңның.
⠀
Жүректегі жазуды жия беріп,
Ақ параққа төгілді сия болып.
Сағыныштан туатын көңілдегі
Жарылыстан қорқамын ядролық.
⠀
Жәнібек Салқынбек
Количество постов 130
Частота постов 479 часов
ER
144.69
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Біртүрлі өлең
Мен бір қызды сүйемін,
Ол да мені сүймейді.
Мен өртенген сезімге
Оның жаны күймейді.
Құрметтеймін мен оны,
Ол жүреді қырсығып.
Гүл сыйлайын дегенде
Сыйлап кетті бір шыбық.
Көктемдей боп көңілім,
Күз жүрекке жолықты.
Жақындауға тырыссам
Алыстықтан қорықты.
Оның ары тап-таза,
Мен ғой қара боп жүрген.
Мың сұлуға қарамай
Бір қызды ойлап көп жүрген.
Бақыт деген не өзі,
Күту ме шын сүйгенді.
Елес сезім онсыз да
Жалғыздыққа үйренді.
Ей, ақынның аруы,
Жаңылмашы жолыңнан.
Табаныңа төсемей
Ұста менің қолымнан.
Мен бір қызды сүйемін,
Ол да мені сүймейді.
Тағдырына жазылса
Тек менімен билейді.
Өлең жазып жүрмін ғой,
Жауабы жоқ түр-түрлі.
Осы өлеңім бір қызға
Бұрынғыдан біртүрлі.
Жәнібек Салқынбек
Мен бір қызды сүйемін,
Ол да мені сүймейді.
Мен өртенген сезімге
Оның жаны күймейді.
Құрметтеймін мен оны,
Ол жүреді қырсығып.
Гүл сыйлайын дегенде
Сыйлап кетті бір шыбық.
Көктемдей боп көңілім,
Күз жүрекке жолықты.
Жақындауға тырыссам
Алыстықтан қорықты.
Оның ары тап-таза,
Мен ғой қара боп жүрген.
Мың сұлуға қарамай
Бір қызды ойлап көп жүрген.
Бақыт деген не өзі,
Күту ме шын сүйгенді.
Елес сезім онсыз да
Жалғыздыққа үйренді.
Ей, ақынның аруы,
Жаңылмашы жолыңнан.
Табаныңа төсемей
Ұста менің қолымнан.
Мен бір қызды сүйемін,
Ол да мені сүймейді.
Тағдырына жазылса
Тек менімен билейді.
Өлең жазып жүрмін ғой,
Жауабы жоқ түр-түрлі.
Осы өлеңім бір қызға
Бұрынғыдан біртүрлі.
Жәнібек Салқынбек
Достарым
Не дейін халқым, не дейін,
Көсемсіп отыр көмейім.
Достарым өзін танысын
Бір өлең жазып көрейін:
Сақтайтын сақа қалыбын,
Қайдасың асыл бауырым?!
Мінезің сенің шынайы
Ғұмырың тұнған тағылым.
Қарызым қайда ей, досым,
Көңілге келед(і) кейде осың.
Бермесең берме, өзің кел
Қолымның кірі сый болсын.
Шақырып жүрген мешітке,
Жақсының аты өшіп пе?
Ақыреттік бауырлар
Бұйырған екен несіпке.
Қойсаңшы досым құмарды,
Құмарың есті шығарды.
Барасың төмен құлдилап
Жігіт ең көпке ұнамды.
Хабарсыз кеткен саңлағым,
Кімдерді бүгін таңдадың.
Орындалып жатыр ма
Көп еді бұрын арманың.
Ешқашан да лақтырмас,
Болар-ау деп ем нақ құрдас.
Таптырмайтын кей досым
Керек кезде таптырмас.
Бағаланбас батырым,
Бөлмейді бізді шақырым.
Қасымда жүріп қас болмай
Дос болған менің жақыным.
Сен дейтін кейде сіз дейтін,
Әйтеуір үміт үзбейтін.
Жолдастар да баршылық
Іс түссе ғана іздейтін.
Қара бол мейлі ақ та бол,
Темір бол мейлі мақта бол.
Жалғыз болма ешқашан
Сыйластыққа баста жол.
Болмауы тиіс басқа жол!
Жәнібек Салқынбек
Не дейін халқым, не дейін,
Көсемсіп отыр көмейім.
Достарым өзін танысын
Бір өлең жазып көрейін:
Сақтайтын сақа қалыбын,
Қайдасың асыл бауырым?!
Мінезің сенің шынайы
Ғұмырың тұнған тағылым.
Қарызым қайда ей, досым,
Көңілге келед(і) кейде осың.
Бермесең берме, өзің кел
Қолымның кірі сый болсын.
Шақырып жүрген мешітке,
Жақсының аты өшіп пе?
Ақыреттік бауырлар
Бұйырған екен несіпке.
Қойсаңшы досым құмарды,
Құмарың есті шығарды.
Барасың төмен құлдилап
Жігіт ең көпке ұнамды.
Хабарсыз кеткен саңлағым,
Кімдерді бүгін таңдадың.
Орындалып жатыр ма
Көп еді бұрын арманың.
Ешқашан да лақтырмас,
Болар-ау деп ем нақ құрдас.
Таптырмайтын кей досым
Керек кезде таптырмас.
Бағаланбас батырым,
Бөлмейді бізді шақырым.
Қасымда жүріп қас болмай
Дос болған менің жақыным.
Сен дейтін кейде сіз дейтін,
Әйтеуір үміт үзбейтін.
Жолдастар да баршылық
Іс түссе ғана іздейтін.
Қара бол мейлі ақ та бол,
Темір бол мейлі мақта бол.
Жалғыз болма ешқашан
Сыйластыққа баста жол.
Болмауы тиіс басқа жол!
Жәнібек Салқынбек