ҚАРЫЗЫҢНАН ҚҰТҚАРАТЫН ДҰҒА ҮЙРЕТЕЙІН БЕ?
Белгілі сахаба Әбу Саид әл-Худри (р.а.) аталмыш дұғаға қатысты мына бір оқиғаны әңгімелеген:
Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан тыс уақытта мешітке кіргенінде ансарлық Әбу Үмәмә атты бір кісінің отырғанын көріп: «Әй, Әбу Үмәмә! Намаздан тыс уақытта мешітте не істеп отырсың?», − деп сұрайды. Ол: «Уа, Алланың елшісі! Қарызға белшеден батып, қатты қиналып отырмын», − деп жауап берді. Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Саған оқығаныңда уайым-қайғыңды сейілтіп, қарыздарыңнан Алланың Өзі құтқаратын бір дұға үйретейін бе?» − дегенде, Әбу Үмәмә (р.а.): «Әлбетте, уа, Алланың елшісі!», − дейді. Сонда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған осы дұғаны үйретіп: «Бұл дұғаны таңертең және кешке үзбей оқып тұрғын», − дейді. Кейіннен Әбу Үмәмә: «Мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырғанын бұлжытпай орындап жүрдім. Соңында Аллаһ тағала менің барлық уайымқайғымды сейілтіп, қарыздарымнан да толық құтылдым», − деген болатын[1].
Оқылуы: Аллаһуммә йнни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл-кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә дал‘йд-дәйни уә ғаләбәтиррижәәли.
Мағынасы: Уа, Аллаһым, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!
[1] Сунәну Әбу Дәууд, Китәбу ас-саләәт 1330
Количество постов 8 658
Частота постов 122 часа 29 минут
ER
2.60
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Таңға аман жеткен адам оқуы тиіс дұға
Әбу Дәуідтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына: «Араларыңнан кімде-кім аман-есен таң атырса, міндетті түрде осы дұғаны оқысын. Кеш батқанда да (дұғадағы таң сөзінің орнына кеш деп) міндетті түрде оқысын», − деп айтқаны жеткізілген[1].
Оқылуы:
Асбахнә уә асбахәл-мульку лилләһи Раббил-‘аләмиин. Аллаһуммә инни әс'әлукә хайра һәзәл-иәуми фәтхаһу уә насраһу уә нуураһу уә бәракәтәһу уә һудәәһу уә ә‘уузу бикә мин шәрри мә фииһи уә шәрри мә ба‘дәһу.
Мағынасы:
Біз де, бар билік те әлемдердің Раббысы Алланың иелігінде болған күйде таң атырдық. Уа, Раббым! Сенен осы күннің жақсылығын – жеңісін, жәрдемін, нұрын, берекесін және тура жолын сұраймын. Сондай-ақ, осы күннің және осыдан кейінгі күндердің жамандығынан сақтай гөр деп бір Өзіңнен пана тілеймін!
[1] Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4421

Кешіру де зор сауап
Сахабалардан Хазіреті Әнас әңгімелеуде: Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.а.у.) бірге отырғанбыз. Әлден уақытта тісі көрінетіндей ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай түсіндірді:
О дүниеге барғанда үмметімнен екі кісі Алла Тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін көрсетіп:- Я, Рабби, менің мына пәленшеде кезінде ақым кеткен, сол ақымды алып бер,- деп өтінеді.
Алла Тағала: - Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар,- дейді.
Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген екіншісі:- Я, Алла Тағала! Менің сауаптарымнан ештеңе қалмады ғой? - дегенде Алла Тағала бірінші адамға қарап: - Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады, бұған не дейсің?- деп сұрайды. Сонда бірінші адам: «Олай болса менің күнәларымнан өзіне алсын», - дейді.
Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн – аса бір зор күн болмақ. Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де, сөзін ары қарай жалғастырды:
Сол кезде Алла Тағала ақысы кеткен адамға:- Басыңды көтер де Жұмаққа қара!- деп дауыстайды. Сонда бірінші кісі: - Я, Алла Тағала! Алтынмен апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын. Бұған қай пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие? - деп сұрайды.
Алла Тағала:
- Бұлар маған өтемін төлегендер үшін,- деп жауап береді.
- Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді?- деп сұрайды адам.
- Қаласаң бұған сен де ие бола аласың,- деп жауап береді Алла Тағала.
- Қалайша?- деп таңырқайды адам. Сонда Алла Тағала:
- Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына жолдасыңды кешірер болсаң,- деп жауап береді.
- Олай болса мен оны кешірдім,- деп жауап береді әуелгісі.
- Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де Жұмаққа барыңдар!- деп бұйырады Алла Тағала.
Сөйтті де Пайғамбарымыз(с.а.с.): «Алладан қорқыңдар! Алладан қорқыңдар да сендер де араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Алла Тағаланың өзі мүміндердің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!»,- деді.

Имам Ағзамның сүннетке беріктігі
Имам Ағзам Әбу Ханифа ата-тегі парсы ұлтынан болатын. Ол Хақ Елшісі (с.а.у)-ның кіндігінен тараған алтын ұрпақ өкілдерін (әһлі бәйт) басына хан көтеріп, олармен бас қоса қалса, дәйім төрден орын беретін. Әйткенмен, базбір әһлі бәйт өкілдері қазының қиясқа (ақыл) көбірек жүгінетінін естіп, оған сырттай наразы болып жүруші еді.
Бірде, Имам Ағзам Әбу Ханифа Меккеде Алла Елшісі (с.а.у)-ның ұрпақтарының бірі Мұхаммед әл-Бакрмен кездеседі. Ол салған жерден:
- Сен Әбу Ханифасың ба? деп сұрайды.
Имам Ағзам:
- Иә, деп жауап береді.
- Пайғамбарымыздан (с.а.у) қалған асыл мұра - сүннеттің орнына, қияспен үкім беріп жүрген сен екенсің ғой, - деп, зілді үнімен өкпесін білдіреді.
Имам Ағзам:
- Мен ешқашан Хақ Елшісі (с.а.у)-ның сүннетіне құрметсіздік танытқан емеспін, – деп, қасам айтқанымен, Мұхаммед әл-Бакр оңайлықпен жіби қоймайды.
Бұлтартпастай дәлел айтпаса, Мұхаммед әл-Бакрдің өкпесін жаза алмайтынын ұққан Имам Ағзам:
- Алланың разылығы үшін асықпай отырып сөйлесейік - деп әдептілік танытып, әһлі бәйт өкілін екеуара сұқбаттасуға шақырады.
Имам Ағзам:
- Еркек пен әйелдің қайсысы әлсіздеу? – сауал қояды.
Мұхаммед әл-Бакр:
- Әлбетте, әйел әлсіздеу, - дейді.
Имам Ағзам:
- Мирастың әйел адамға қанша бөлігі тиесілі?
Мқхаммед әл-Бакр:
- Еркектен екі есе кем ала алады.
- Егер, мен әсіре қиясшыл болсам, керісінше әйелге екі бөлігін, ер адамға бір бөлігін берер едім. Себебі, әйел заты әлсіз болып жаратылған. Ол еркекке қарағанда қамқорлыққа зәру. Осылай болса да, мен сүннетті өзгертпей, әйелге еркектен екі есе кем мұраны үкім етіп келемін, – деп, дәлелді уәжін айтқанда, Мұхаммед әл-Бакр үнсіз қалады.
Имам Ағзам:
- Намаз артық па, ораза артық па?
- Намаз артық.
- Рамазан уақытында әйелдің етеккірі келсе,ол оразаның қазасын өтейді ме, әлде намаздың қазасын өтейді ме?
- Оразаның қазасын өтейді, - дейді.
Сонда, Әбу Ханифа:
- Осы мәселені қиясқа салар болсақ, оразадан көрі намаздың қазасын өтеуге үкім шығаруға болар еді. Себебі, намаз құлшылық атаулының ұлығы. Басқа ғибадатқа қарағанда, намаздан анағұрлым көбірек сауап аламыз. Бірақ, мен Хақ Елшісі (с.а.у)-ның сұлу сүннетін өзгертпей, әйелдерге намаздың емес, оразаның қазасын өтеуге пәтуа беріп келемін.
Мұхаммед әл-Бакр қазыға қарсы уәж айта алмай, аузына құм құйылады. Сонда Имам Ағзам оған соңғы сауалын қояды.
- Зәр нәжіс пе, еркектің ұрығы нәжіс пе?
- Зәр нәжіс, деп жауап қатады Мұхаммед әл-Бакр.
- Егер қиясқа салсам, онда мен еркектің ұрығы шыққанда емес, зәр шыққанда ғұсыл алынуы керек дер едім. Бірақ, сүннетте зәр мен ұрыққа қатысты не айтылса, мен ол пәтуаны қызғыштай қорғап келемін, - дегенінде Мұхаммед әл-Бакр еріксіз Имам Ағзамның даналығына бас иеді.

Білім – үш қарыстан тұрады.
Бірінші қарысқа жеткен адам (қол жеткізген азғандай мағлұматына тәнті болып) тәкәппарланып, менмендікке салынады.
Екінші қарысқа жеткен адам қарапайым, ынсапты болады.
Үшінші қарысқа жеткен адам болса, ештеме білмейтіндігін түсінеді.
Имам Шафиғи (рахимаһуллаһ)

Алғашқы бала мұсылман
Пайғамбарлықтың алғашқы күндері болатын. Ардақты пайғамбарымыз хазірет Хадишамен бірге намаз оқып жатқан. Он жасар Али ол кісілерді таңғала тамашалап тұрды. Намаз біткеннен кейін: «Сіздер не істеп жатырсыздар?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Уа, Әли, бұл Алланың таңдаған, ұнатқан діні. Сені жалғыз Аллаға иман етуге шақырамын. Адамға пайдасы не зияны жоқ пұттарға табынбау керек».
Али сәл іркіліп қалды да: «Бұл мен үшін бұрын-соңды естімеген өзгеше жағдай екен. Әкемнің рұқсатын алғаным жөн болар» деді. Сол күні ешкімге бұл туралы жақ ашпады. Түнді ойланумен өткізді. Таңның сібірлеп атуымен көңіліне нұр ұялады. Тіке Расулалланың қасына барып былай деді:
«Алла мені жаратарда әкем Әбу Тәліптен сұрамағаны анық. Ендеше, мен неге Аллаға иман етіп, құлшылық жасау үшін барып ол кісіге жолығуым керек?»
Осылайша алғашқы мұсылман бала болу бақытын иеленді.

Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды ұлттық мерекеміз - шуақты Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз - күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың жаршысы. Діні мен дәстүрі біте қайнасқан дана халқымыз қасиет тұтқан ұлттық мереке.
Бұл күні ренжіскен жандар татуласып, туыстық, достық қарым-қатынастарды нығайта түседі. Адамдар арасында сыйластық пен сүйіспеншілікті арттыру - асыл дініміз ислам да үндейтін игі іс.
Құрметті бауырлар!
Ұлыстың ұлы күні жанұямызға құт-берекесі мен шаттығын, мол несібесі мен қазына-байлығын ала келгей.
Жаратушы Иеміз ел амандығы мен жұрт тыныштығын бергей! Бейбітшілігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Көк туымыз көгімізде желбірей берсін!
Наурыз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Болатбек қажы Ұласқанұлы
Қызылорда облысының Бас имамы

Ислам үшін не сұрар едіңіздер?
Бірде сахабалар мәжіліс құрып отырады. Хазірет Омар олардан жеке-жеке сұрайды:
«Сіздер Исламға қызмет еткілеріңіз келеді. Алла Тағала тілеулеріңізді қабыл алмақ болса, Исламға қызмет ету үшін не тілер едіңіздер?»
Бірі: «Уа, мүминдердің әміршісі, егер Алла менің дұғамды қабыл алса, онда мен бір сандық тола алтын сұрар едім. Сол алтындарды Ислам жолына жұмсар едім» дейді.
Жанындағыдан сұрағанда ол: «Мен бір сандық тола күміс сұрар едім. Соны Ислам жолына жұмсар едім» дейді.
Басқа біреуінен сұрағанда: «Мен Алла Тағаладан сай сала тола қой сұрар едім. Сол қойлардың етін, жүнін, сүтін мұсылмандарға беріп, исламға солай қызмет етер едім», - деп жауап қатады.
Осылай әрбірінен сұрағанда әртүрлі жауаптар естиді. Кезек халифа Омардың өзіне келеді. Сахабалар одан: «Исламға қызмет ету үшін сіз не тілер едіңіз?» деп сұрайды. Сонда ол: «Егер Алла Тағала дұғамды қабыл алып, тілегімді берер болса, сендер секілді алтын күміс, сай сала тола мал сұрамас едім. Мен Алладан адам сұрар едім, адам», - деп сөзін жалғайды: «Әбу Үбәйда секілді, Әбу Зәрр секілді, Муаз ибн Жәбал секілді мықты кісілер сұрар едім».
Иә, маңыздысы, қоғамға пайда тигізетін адам бола білу.