Статистика ВК сообщества "Өсек - Төсек"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Артынан бiр ауыз жаман сөз айтылмаған жалғыз қазақ басшы.

5 16 ER 0.2281
Фара деген атпен танымал актер өмірден өтіпті. Иманды болсын!

3 64 ER 0.2503
Қазақстан Еуразиялық одақтан шығу керек пе? Пікіріңіз...

0 38 ER 0.0889
ҚАЗАНҒА ҚИ САЛУ ТУРАЛЫ ХИКАЯ
Тоқсаныншы жылдардың басында Мойнақ ауданының Шағырлық аталатын ауылына тойға баратын болдық. Әкемнің бала үстінен қайтыс болған алғашқы зайыбының інісі ұлының үйленіп жатқанын айтып, өзі арнайы келіп шақырды. Үзіліп қалған араны жалғамақ ниетін айтты.
Ақылдаса келе тойға әке-шешем, аға-жеңгем және мен баратын болдық. Жолға шығар сәтте кішкентайы ауырып қалған жеңгем бара алмай қалды да, төртеуміз аттандық.
Бізді хан көтеріп күтіп алды. Әсіресе, әке-шешеме деген құрметтері ерекше еді. Күндізгі беташардан кейін оларды бөлек үйге әкетті. Арнайы қонақасы әзірлетіпті. Ағам екеумізді басқа үйге жөнелтті.
Осы жерде қызық болды. Бізді күтуге қойған жігіт шалабурыл екен. Бірдеңе айтып отырып, шығып кеткен, содан оралмады. Шай құйып берген келіншек те кенет жоғалды. Ағам екеуміз ғана қалдық. Кешкі тойға дейін әлі біраз бар.
Ағам қатты намыстанды. Әрі-бері күтіп ек, ешкім келетін емес. Сосын сыртқа шықтық. Той болып жатқан үй жақ қарбалас. Қазан қайнап жатыр. Абыр-сабыр. Біз көрші үйдеміз.
- Бауыржан, сен ана қораға кіріп, бір уыс қи алып кел, - деді ағам.
- Қи? Не үшін?
- Ана қайнап жатқан еттің үстіне салып жібереміз.
- Қой, қазанға қи салғаны несі? Шошып кеттім.
- Салғанда... енді салмаймыз ғой. Тек... Жарайды, - деді менің түкке түсінбей тұрғанымды аңғарып. Ендеше, сол маңға бар да, қазанға қи саламыз деп айт.
Білдей КазГУ-дің студентіне біреуге барып: "Қазаныңа қи саламын" деу ыңғайсыз ғой. "Бармаймын" деуге ағамның өрт сөндіргендей түрін көріп, тағы батпадым. Иығымды қиқаң еткізіп, қазан-ошақ жаққа беттедім. Ар жағында, үйдің жанында айғыр топ тұр. Сірә, тойды басқарып жүрген азаматтар.
...Жылыұшырай қараған бір келіншекке қазанға қи салатынымыз туралы міңгірледім. Ол әуелі менің кім екенімді сұрап алды. Сосын:
- Бригат қайнаға-ау, мына жиендерге көңіл бөлінбей қалыпты ғой, - деді әлгі жалды топқа жақындап барып, жарқырай күліп. - Қазанға қи саламын дейді мына қайным.
- Бұл кім? Ай, інішек, кімнің баласысың?
- Бабажанның.
- Ойбай, жиен екенсің ғой. Хас масқара бола жаздаған екенбіз-ау. Өй, әкеңнің... пәленше қайда? Жиендерге қара деп едім ғой.
Кенет бәрі шала бүлінді де қалды. Үлкендер әлдене есіне түскендей кеңк-кеңк күліп жатыр. Бір кейуана риза кейіппен келіп, маңдайымнан сүйді.
Сол-ақ екен, бәрі біздің үстімізге үйірілді. Ең маңызды қонақ болып шыға келдік. Той иесі жүгіріп келіп, кешірім сұрады. Сөйтсек, бізді күтуге бөлінген кісі мас болып ұйықтап қалыпты. Шай құйып отырған келін де келіншектің жүгін қараймын деп тайып тұрған. Сәлден соң қызып алған ағам нағашыларға біраз кәрін төкті)))
"Қи салу" туралы әңгіме дереу тарап кетіпті. Біреу әкеме барып айтқан екен, ол қолын бір-ақ сілтепті: "Нағашыларының аулына келіп жатыр ғой, білгендерін істесін".
Кейін анықтасам, бұл өздеріне назар аударылмай қалғанда жиендер қолданатын әдіс екен ғой. Әрине, есі ауысып кеткен біреу болмаса, қазанға қи салмайтыны анық. Бірақ қолына қи ұстап барып, қорқытатындар болған көрінеді бұрын. Біз сол дәстүрді жаңғыртыппыз.
...Қайран, қазақтың мәдениеті, әркімнің өз орны, соған лайық құрметі бар ғой сенде. Енді бір ширек ғасырдан соң қазанға қи саламын деп қоқаңдайтын жиен де, оны түсініп, жолын жасайтын нағашы да қалмайтын шығар. Тіпті жабайылық деп жатса да таңғалмаймын. Біздікі тек сондай салттың болғанын хатқа түсіру ғана...
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ.

2 5 ER 0.0227
Халық бір күні жарылады! Жұрт әділетсіз сот жүйесінен әбден зәбір болды...

Сөй деген Нұржан Әлтаев билікке талап қойды. Оның аргументі орынды ма?

1 1 ER 0.0137
Келісесіз бе? Сонда махаббат деген бос әңгіме ме? Сүйіп қосылған жарыңыз қартайып, жүзіне әжім кіргенде тоқал алар ма едіңіз?

0 4 ER 0.0084
🆘 Басқыншылар оқиға орнынан ақпарат таратып, кәсіби қызметін атқарып жүрген журналистерге оқ атты!

"Тек әскери нысандарды атқылаймыз" деген Путиннің сөзі жалған екенін осыған қарап-ақ көз жеткізуге болады.

Оккупанттар журналистерге, Қызыл крест ұйымының өкілдеріне, дәрігерлерге, өрт сөндірушілерге, бір сөзбен айтқанда жазықсыз тұрғындарға оқ атуда!

2 1 ER 0.0089
Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 17-ге жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды.

"Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші мерт болды. Ол бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын", - делінген хабарламада.

Осылайша жарылыстан қаза тапқандар саны 17-ге жетті. Сондай-ақ, жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық зардап шегуші ауруханаларға жатқызылды, оның 49-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған. Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

1 1 ER 0.0054
Жоқшылықтан шаршадық! "Аралтұз" жұмысшылары ереуілге шықты...

Қызылорда облысында "Аралтұз" АҚ тұз өндіру кәсіпорнының жұмысшылары 9 күн бойы ереуілге шығып жатыр деп хабарлайды "Шындықтан қаша алмайсың" тобы.

Йодталған ас тұзын өндіретін кәсіпорын алдына 1 қыркүйектен бастап жиналған жұмысшылар жалақыны көбейтуді сұрайды. Олар "Аралтұз" акционерлік қоғамы 2014 жылдан бері жұмысшылар жалақысын көбейтпегенін, қазіргі жалақылары 48 мың теңге екенін айтқан. Арал өңірінің экологиялық апат аймағы болып саналуына байланысты жалақыларына 50 пайыз коэфициент қосылады.

Тұз зауыты жұмысшыларының бірі Бауыржан Сәрсенбековтің сөзінше, жалақыны көбейту жөнінде зауыт басшылығына бір ай бұрын жазбаша да талап қойылған.

Бұл мәселе бойынша "Аралтұз" АҚ президенті – акционер Д.Мұқашевпен ZOOM платформасы арқылы кеңес өткізген. Кеңес барысында акционер тарапынан қыркүйек айының 1-інен бастап басшылық құрамнан бөлек, жұмысшылардың жалақысын 12,5 пайызға, жыл соңында жоспар орындалса әр жұмысшыға 42 500 теңгеден сыйақы беруге және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы да жалақыны 10 пайызға көтеруге қатысты шешім қабылданғаны туралы айтылды. Онлайн кеңестен кейін тиісті азаматтар кәсіпорынның ауласына шығып, жұмысшылармен кездесу өткізді.

Алайда күндіз-түні зауыт ауласында наразылық білдіріп отырған жүздеген азамат мұнымен келіспейді.

"Аралтұз" зауытының жұмысшылары айлығымызды екі есеге көтерсін деп талап етеді. Айтуларынша зауыттағы ең ауыр жұмысты істесе де, оларға жалақы 50-55 мың теңгенің көлемінде ғана төленіп келген.
Ал тоғыз күннен бері ереуілдеткен азаматтарға жұмыс заңнамасын бұзғандары жөнінде ескерту хат келіпті.

Айта кетейік, еліміздегі тұз өндіретін ең ірі өндіріс орындарының бірінде қазір мыңнан аса жұмысшы бар. Зауыт жылына 500 тонна тұз өндіреді. Оның 75 пайызы шет елдерге экспортталады.

0 0 ER 0.0039
Қазақстанда міндетті вакциналау енгізілетін болды | DalaNews

0 8 ER 0.0059