Статистика ВК сообщества "Kazlenta.kz | Новости Казахстана и мира"

0+
Количество постов 31 763
Частота постов 21 минута
ER 0.01
94.61% 5.39%
53.73% 46.27%
20.21% подписчиков до 18
96.10% 1.56% 0.13% 0.00%

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ӘЙЕЛ ДАНАЛЫҒЫ

Күйеуі ашу үстінде әйелінің жағынан тартып жіберіпті. Әйелі: «Мен саған шағымданамын» - дейді. Сонда әлі де болса ашуы тарқамаған күйеуі: «Үйден шыға алсаң...» - дейді.
- Сонда мені есік пен терезені жауып үйде ұстамақшысың ба? Жоқ, ол мен үшін кедергі бола алмайды.
- Сонда не істемек ойың бар?!
Сонда әйелі: «Оның жолын табамын», - деп жуынатын бөлмеге бет алады.

Күйеуі: «Е-е-е, мынау терезеден қашамын десе керек», – деп, үйдің сыртына шығып, жуынатын бөлменің жанында күтіп тұрады. Бірақ қанша күтсе де терезеден ешкім көрінбейді. Содан соң «Бұған не болды?» деген оймен үйге кіреді.
Үйіне кірсе әйелі дәрет алып жуынатын бөлмеден шыққан беті екен. Жүзі мен қолынан дәреттің ізі көрініп тұр. Сол сәтте ол: «Енді не істер екен?» - деген күйеуінің бетіне күлімдеп қарап: «Мен қазір Алла Тағалаға шағымданамын. Ол үшін ешбір есік кедергі бола алмайды» - дейді де жайнамазды алып намазға жығылады.
Мұны көрген күйеуі үндеместен тұрған жерінде мелшиіп тұрып қалады.
Әйелі намазын ұзақ оқиды. Әсіресе намаздың сәждесінде ұзақ тұрады.
Әйел намаз оқып болған соң істің мәнін түсінген күйеуі: «Сәждеде ерекше көп дұға еттің ғой деймін, а?» - деді. Әйелі бетіне қарап тұрып байсалдықпен: «Сен қалай ойлайсың?» - деді.
Істегеніне өкіне бастаған күйеуі: «Негізі саған қол көтеру ойымда жоқ еді. Ашу үстінде байқамастан саған қол көтеріп қойдым» - деді. Сонда әйелі: «Оны мен де түсіндім. Сол себепті сәждеде саған емес, бәлкім арамызға түскен лағнеті шайтанға шағымдандым. Ақіреттік жолдасым, балаларымның әкесіне жамандық тілесем, менің кім болғаным?» - дейді. Мұны естіген күйеуі көзіне жас алып, әйелінің екі қолын сүйеді де: «Құдай ақы! Осыдан соң саған ешбір жамандық істемеймін» - деп ант ішеді.

26 5 ER 0.0274
Әзірейілдің келбеті

Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) құлшылық жасайтын өзіне тән жеке бөлмесі бар еді. Бұл мінәжат етіп, Жаратушының құдіретіне мың мәрте шүкір етер жайлы да тыныштық салтанат құрған орын болатын. Әлдебір шаруа уақытында кілттеп кететін.

Бір күні ішке кіргенде, бөлме ортасында тұрған бөтен біреуді көреді. Босағасы бекітулі шаңыраққа қалай кірді деген оймен таңырқап: «Сені кім кіргізді?!» – деп сұрайды. Бейтаныс адам: «Мені осы үйдің иесі кіргізді», – дейді. Ибраһим (ғ.с.): «Бұл үйдің иесі менмін», – дейді. Әлгі кісі: «Сенен де, менен де бұрынғы осы мекеннің иесі кіргізді», – деп, Жаратушыны меңзеді.

Хазірет Ибраһим (ғ.с.) оның Әзірейіл періште екенін біліп: «Әй, Әзірейіл, маған мүмин құлдардың жанын алардағы бейнеңді көрсетші?» – деп өтінді. Әзірейіл: «Онда артыңа бұрыл», – дейді. Ибраһим (ғ.с.) артына бұрылып, аз уақыттан кейін қайта қарағанда, тым келбетті, тартымды, киімі сәнді, хош иісті, жап-жас жігіттің тұрғанын көреді. Сол кезде хазірет Ибраһим (ғ.с.): «Мүмин кісіге өлер алдында сені осындай келбетте көрудің өзі жеткілікті марапат қой», – деген екен.

8 2 ER 0.0193
Ма шаа Аллаһ..))

- Сен маған тұрмысқа шығуға келісесіңбе?
Бірақ, үйімде ешқандай жағдай жасалмаған,
мен жерде ұйықтаймын.
- Үйінде намаз оқитын орын және жайнамаз
бар ма?
- Иә, Бар.. - Маған сол да жеткілікті.

5 6 ER 0.0177
Анамның өтініші

Шешесі бірде Әбу Ханифаға өтініш жасап, бір мәселенің жауабын ғалым Омар ибн Зәррден сұрап келші деп жұмсайды. Айтқан кісісі алты шақырымдай алыста тұратын.

Әбу Ханифа анасының айтқанын екі етпестен дереу әлгі кісіге барады. Шешесінің өтінішін жеткізеді. Алайда, ғалым ол жауапты білмейтіндігін айтып, жауабын Әбу Ханифаның өзінен сұрайды. Әбу Ханифа ол жауапты білетін еді, айтып берді.

Таңырқаған Омар ибн Зәрр: «Өзің де біледі екенсің, маған несіне келіп әуре болдың?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «Шешемнің аузынан шыққан өтінішін орындау – менің міндетім», – деп жауап берген екен.

8 0 ER 0.0166
Данышпанның ақылы

Баяғыда бір бір кедей өмір сүріпті. Ол қанша тырбанса да, жарлылықтан құтыла алмаған көрінеді. Әбден зығырданы қайнаған кедей бір данышпаннан ақыл сұрай барыпты.

-Уа, тақсыр, сізге бір өтінішім бар еді. Жоқшылықтан әбден қажыдым, не әрекет етсем де бірім екі болмайды. Бұл қалай, не кеңес бересіз?

-Данышпан оған үйленуге кеңес беріпті.

-Мұныңыз қалай, тақсыр, ішерге ас, киерге киім таба алмай жүргенде, үйлену менің немді алған?-деп безек қағады кедей.

Данышпан оны егіндікке ертіп барып, пісіп тұрған бидайды оң қолымен ғана (сол қолын тигізбей) оруға бұйырады да:

-Орғаныңды бір жерге жия бер,-деп кетіп қалады. Сәлден соң қайтып келген данышпан:

-Өндіре алмапсың ғой, бұл қалай?-депті кедейге.

-Сыңар қолмен қиын екен, тақсыр.

-Ендеше, қос қолдап орып көрші.

Қос қолдап орған кедей жұмысты өндіріп тастайды.

-Есіңде болсын, жігітім,-дейді данышпан,-оң қол ер, сол қол әйел. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды». Әйелің өзіңе сүйеніш, ақылшы, жәрдемші болса, кедейшіліктен де құтыласың,-деп әлгі жігітке өз ақылып айтыпты.

14 4 ER 0.0182
«Ясин» сүресімен берілген тәрбие

Дінге берік, тақуалықпен өмірін өрнектеген мұсылман әйел өз балаларына әрқашан ана сүтін Құранның жүрегі саналған «Ясин» сүресін оқып отырып береді екен. Яғни, баласын емізерден бұрын жақсылап дәрет алып, сосын ана сүтін баласына берер кезінде: «Бисмилләһир рахманир рахим. Ясиин. Уәл Қуранил хаким» деп бастап, «Ясин» сүресін толығымен оқып шығады. Алланың құдіреті «Ясин» сүресін аяқтағанда, бала да ана сүтін емуді тоқтатады екен. Уақыт өте келе мұсылман әйелдің бұл амалы балаларының ислами тәрбиемен өсіп-жетілуіне және ілім иесі болуына үлкен септігін тигізе түседі. Балалары да ана сүтін ақтап, бір-бір ғалым дәрежесіне жетеді. Балаларының жетістігіне қуанған ана әрдайым Аллаға мақтау айтып, шүкіршілік жасайды. Балаларына да: «Ей, ұлдарым! Жеткен жетістіктеріңді, жақсылықтарыңды өзімдікі деп санамаңдар, оның барлығын Алладан берілді деп біліңдер. Мен тек сендерді «Ясин» сүтімен бағып-қақтым», - дейді екен.

13 4 ER 0.0175
Алла үшін жұмсаған уақытыңа ешқашан өкінбейсің. Ешқашан!

1 1 ER 0.0131
Ақшаң болса қалтаңда,
Садақа бер əр таңда.
Байлықты емес бауырым,
Жəннəтты сен арманда!

3 0 ER 0.0131
Алла тағала баршамызға тыныш ұйқы, қайырлы таңды нәсіп қылсын. Пайдасыз қызбен, жігітті ойлап жатпай Аллаға сансыз шүкірлер, Пайғамбарымызға (с.а.с) салауаттар айтып жатайық. Бәрібір әлемді қанша шарласақта, көрінгенді алдасақта бұл дүниені қолда ұстап қала алмаймыз.

1 3 ER 0.0129
Бақытты адамдардың сегіз әдеті:

1. Намаз оқиды.
2. Басқалардың ол туралы не ойлайтыны қызықтырмайды.
3. Дұға жасайды.
4. Барлық істе жақсылықты көре біледі. Жамандықтың арты жақсы болатынына сенеді
5. Ашық көңіл
6. Үнемі күліп жүреді.
7. Жаман істерден өзін аулақ ұстайды.
8. Барлығы үшін Жаратушыға шүкіршілік етеді.

10 0 ER 0.0143