Статистика ВК сообщества "Жас Ақындар"

0+
Қазақ тілін бірге дамытайық

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Сүйе алмайды жүрегі ақындардың!

Ғашық емес жүрегі ешкімгеде,
Сірә солай ақынға ес кіргенбе,
Құлағыда естімей қалады екен
Махаббаттың ауені естілгенде.

Күндіз толғау ал түнде жұмбақ адам,
Ақындар шабыт алар ақындардан,
Жүрегін мұз басқан теңіздейін
Ақында көп болмайды жақын адам.

Кеудесі тас...
Бірақта сырға толы,
Ақындар ай ешкімді сүйе алмаған
Жүрегі бос
Кітабы жырға толы,
Ақындар ай өз өзін жие алдаған.

Жылуы жоқ жанында жақындардың,
Мен Ақынмын өлеңге жақын жанмын
Сүйме мені ұнатпа,ғашық болма,
Себебі...
Сүйе алмайды жүрегі ақындардың

4 41 ER 0.9141
Мені ұмыт
Жадыңнан жой, ұмытқын енді мені,
Есіңе алма, ешқашан, жоқпын енді.
Іздеуге де тырыспа, ойлама да,
Тірі емеспін, сен үшін, өлгем тегі.

Қанша қинал, бәрібір шыдамды бол,
Өмір - сынақ, сынап жатыр,қинайды ол.
Әлсіз жерің мен емес, сүріндірер,
Ұмытып, кете барсаң, бақытың сол.

Армандар орындалар, мақсатың айқын болса,
Қажеті жоқ нәрсеге қолды созба.
Мен емес, сен қалаған қажеттілік,
Мен үшін тым қиналма, ешбір тозба!

Мен кетермін, өзгенің сағымындай,
Мен кетермін, жоқ болып, сағынып ай.
Бақытты, қыла алмасам, айып етпе,
Бір өзіңе тапсырам, сақта, құдай.

Іздеме, сұрама да, мені ешкімнен,
Ақ парақпын, сен үшін, тым ескірген.
Парақ болып, ескіріп, кете барам,
Есейдің ғой, жігітсің, есі кірген.

Тым алыста өзіңнен, қашықтамын,
Жақын болып қалсам да, қашық жаным,
Енді мені, елеме, тым аулақ бол,
Жүрегіммен, мен сенен алыстамын.

Қайғырма, еш мұңайма, күлімдегін,
Күлкіңді көрген сәтте, күлімдедім.
Сол күлкі, сәуле силап, жүрегіме,
Сол сәтте қалып қойған, күлкім менің.

Жанарыңнан аққан жас әлі есімде,
Әлі есімде, сен соған сенесің бе?!
Мүмкін, жүрек әмірі қарсы өмірге,
Ал, өмірге қарсы сен келесің бе?!

Ұмытшы, қинамашы өзіңді де,
Мен үшін, жасқа малдың көзіңді де.
Қанша сөз, қанша серт болса дағы,
Мән бер ме, естен шығар сезімді де.

Сау бол енді, бұл соңы бәрінің де,
Үтір қойып, келеміз әлі күнге.
Ал, тыныстап, ойымды аяқтасам,
Нүктеменен бітеді мәтінің де.

11 18 ER 0.6929
Таңдаусыз тағдыр

Таңдарын білместей қай жанды,
Бұзбайын ұйыған айранды.
Білсем де көрмеген болып мен
Тартыла тілім де байланды.

Біраздан бірге өскен бауырым,
Байқамай бос соқты сауырын.
Тапқанды таңдауда тапжылмай
Қызғалдақ гүлдің де тәуірін.

Күндермен күн өтті таласа,
Жұптары жазылмай жараса.
Махаббат мақсаты құрылар
Жастар бұл бір-бірін қаласа.

Шығара сүйем деп бос үнді,
Болды жәйт өткенде тосынды.
Бақыттың бабы бір божырап
Араға тағы гүл қосылды.

Байланып екі кеме біреуге,
Бағынбай байыпсыз тіреуге.
Сезімнің толқыны соққанда
Дауылы дауасыз үдеуде.

Обал боп бірі су кешуге,
Ескексіз қалқып құр есуде.
Дайын тұр тірегі теңізде
Құлап ақ бір желде кетуге.

Білмедім бойдақтар жанжалын,
Ұятқа достым-ау қалмағын.
Обалды ойлашы оларға
Айтпай-ақ түсінші қалғанын.....

4 13 ER 0.6097
Жүрегіңде болса жараң,
Оқыма намазыңды бірен-саран.
Бес уақытта оқысаң намазыңды,
Болмайсың сен надан адам.

4 1 ER 0.4248
Кей біреуге мал қайғы,
Кей біреуге жан қайғы.
Қандай қайғы болса да,
Қазақ үшін зор қайғы.
Айға барсаң НұрОтан,
Сайға барсаң НұрОтан.
Қайда барсаң НұрОтан,
Сайраудан жағы талмайды.
Сайлауда ғана оянып,
"Тамаша, бәрі жақсы"-деп,
Уәдемен елді алдайды.
Қазағым сенен не пайда,
Қазақша сөйлер түрің жоқ.
Мұсылман сенен не пайда,
Дәстүрлі таза дінің жоқ.
НұрОтан сенен не пайда,
Айхайың мен шуың көп,
Шұғылаң мен нұрың көп.
Үкімет сенен не пайда,
Үніңнен басқа түгің жоқ.
Министр сенен не пайда,
Көк тиындық құның жоқ.
Әкімдер сенен не пайда,
Халықты ойлар түрің жоқ,
Жағынбай өткен күнің жоқ.
Исатай менен Махамбет,
Қытайға кетті-ау құл болып.
Әлия менен Мәншігің,
Кәріске кетті-ау күң болып.
Нұрсұлтан сенен не пайда,
Осыны ойлар түрің жоқ.
Қатты айтты деп сөкпеңдер,
Сүйексіз тілде буын жоқ.

// Бауыржан Халиолла. Айтыстан бір қайырым

5 8 ER 0.4622
Құрбым ДИАНАҒА!

Періштесің, жаным құрбым асылым,
Сен болмасаң қиын маған жарығым.
Сендей құрбы санаулы бұл ғаламда,
Төгілгенін қаламаймын жасыңның.

Өміріңде болсын деймін жақсылық,
Жазса екен бізге парыз өтеу құлшылық.
Шыңдарға шық әрқашан да жалғызым,
Сендей құрбы сыйы маған Тәңірдің.

Әрқашан да күлімдегін , шынайы,
Адал жанның болшы жалғыз күн- айы.
Арманыңмен мақсатыңның жолында,
Сүріндірмей жеткізсінші Құдайым.

Білем құрбым, кездеспейміз біз жиі,
Сағынамын, өзіңді мен әр күні .
Уақыт деген өтіп жатыр зымырап,
Достығымыз мәңгі біздің шынайы.

Жаным құрбым, күлімдеші жылама,
Аяғыңнан шалсын мейлі надандар,
Сен сонда да берілмеші құлама.
Өмірде бар әлі талай сынақтар,
Басыңды көтер, сен ешқашан мұңайма.

Сұлусың сен, жаның таза кіршіксіз,
Айтарым көп, алғысым саған шексіз.
Мейлі біз сағаттап тілдеспесекте,
Өмірімде өзің ғана сенерім мінсіз!

Авторы: Абилхасимова Аружан

3 7 ER 0.3884
Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт - сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Айналдырма қымбат сәтті ойынға!

Бұл өмірден сан ғасырлап көп адам,
Бақыт сырын өтіп кеткен біле алмай.
Бақытты олар сырттан іздеп, сандалған,
Уақытын жоғалтып ап, күле алмай!

Бақыт деген адамның өзінде екен
Ақ жолыңды биікке жалғайды екен.
Ойы жақсы адамның көзінде екен,
Бақытың сенен өкшелеп, қалмайды екен.

7 8 ER 0.4709
Мен 20 жасымда журналистикаға келдім. 23 жасымда ҚазҰУ-дың журфагының күндізгі бөліміне оқуға түстім. Қарасам, жан-жағымдағы өзге әріптестеріме жете алмаппын. «Мен бұларды қайтсем де қуып жетем» деп алдыма мақсат қойдым. Бәсекелестіктің арқасында компьютерде жылдам теруді үйрендім, он саусағым бірдей жұмыс істейді. Жылдам оқуды, есте сақтауды меңгердім. Кез келген мамандықты жаттығу арқылы меңгеріп кетуге болады.

* Қазір ол бәсекелестікпен жұмыс істемеймін. Бәсекелестік жастарды қалыптастыру үшін ғана керек. Отыз жастан кейін қажеті болмай қалады екен. Жас адам жарыспен, бәсекелестікпен өседі.

* Мен ұяң болып өстім. Мектеп бітіру кешінде тілім таңдайыма жабысып, сөйлей алмағам. Жиырмадан асқанша қызға сөз айта алған жоқпын. Бірақ қазіргі мінезімді журналистика қалыптастырып берді. Себебі, бұл мамандық елмен тіл табысуды қажет етеді.

* Мен үшін негізгі құндылық – отбасым. Анаммен күнделікті әңгімелесуге уақытым болмай қалды. Әңгімеміз таусылмайды. Ол кісінің шалы туралы айтамыз, шал іздейміз. Соңғы бір жылда анаммен сырласуға, балаларымның тәрбиесіне, сабағына араласуға уақытым болмай кетті. Астанада үш бөлмелі пәтерім, жақсы жұмысым болса да, ауылға көшіп келдім. Себебі, тоқсаннан асқан қарт анам ауылда тұрғысы келеді. Мен үшін анамның жанында болу – бәрінен маңызды. Мен Астанада тұруға талай үлгерермін, ал анаммен бірге өткізетін сәттер шектеулі.

* Екі қызым бар. Үлкені 13-те, кішісі 10 жаста. Баланы жақсы көрдім екен деп, үнемі оның жағдайын жасай берудің қажеті жоқ. Өткенде кішкентай қызым: «Әке, айфоным болса күшті болар еді», – дейді. Мен балаларыма қазір айфон алып бермеймін. Қазір бағасы 10 мың теңгеден аспайтын телефондары бар. Бірақ, сабақ кезінде ешқашан қоспайды. Ұялы телефонның радиациясы балаларға өте зиян.

* Мен 27 жасымда үйлендім. Моральдық тұрғыда 22-23 жасымда үйленуге дайын едім. Бірақ маған қыздар «дипломың жоқ» деп қарамады. Сол сөзге намыстанып, «диплом алған күні үйленемін» деп өз-өзіме сөз бердім. Студентпін, «Рахат» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезімде, алғашқы жұмыс орным «Спорт» газетіне бардым. Сайын (Тұрсынов) ағамыз: «Бейсен, қыз таптың ба?» – деді. «Диплом алсам, қыз табам да, үйленем», – дедім. «Көп сөйлеме, мен сені бір қызбен таныстырамын. Сол қызға үйленесің», –деді де, мені корректорлар отыратын кабинетке алып келді. Қарапайым бір қыз отыр, менің қиялымдағы ару емес. «Мынау – менің балам. Мен қандаймын, бұл да тура сондай. Саған жақсы күйеу болады. Сөйлесіңдер», – деп Сайын аға есікті жауып кетіп қалды. Екеуміз сілейіп кабинетте қалдық. Сөйлесейік десек, әңгімеміз жараспайды. Бір-бірімізді жақтырмадық.

Ойлана келе, «Сайын аға өмір көрген, маған қандай жар керек екенін біледі, айтқанын істейін» деген шешімге келдім. Қызға барып «үйленейік» десем, көнбей қойды. Күніге жұмысынан шығарып салуға баратын болдым, ол қарамайды. Іштей өз-өзіме «осы қызды қайтсем де аламын» деп серттесіп алдым. Алты ай жүріп өзіме қараттым, жеті айдан соң үйлендік.

Бірақ, үйленетін кезде отбасының 10 қағидасын жасадық.

1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;

2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;

3) Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргізбейміз;

4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;

5) Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;

6) Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» –деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;

7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды. Күйеуінің бөтен біреуге басы айналып қалмайтынын білетін әйел бақытты;

8) Біздің үйде ағайын-туыс туралы өсек-аяң болмайды; Қалған екі қағида айтылмайды. Ол жеке қарым-қатынасқа байланысты.

Бейсен Құранбек

7 4 ER 0.4062
Қазақстандық әнші және композитор, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев дүниеден озды.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды. Кейін әншінің ауыр халде жатқаны белгілі болды.

Әр қазақтың жүрегінен орын тапқан әнші 81 жасында бақилық болды.

Ескендір Хасанғалиев — танымал қазақстандық композитор-әнші, лирикалық баритон. Заманауи қазақ әндерінің негізін қалаушылардың бірі.

Иманды болсын!

1 12 ER 0.4272
Қаламаймын!

Анашым сен жылама,жылауыңды қаламаймын,
Өмір болған соң, бар мұнда бақ пен уайым.
Сен менің өмірімде жалғызымсың,
Сол жалғыздың солуын қаламаймын.

Сені жылатпауға қызың дайын,
Әрқашан аман жүрші маматайым.
Маматайым сені қалай жұбатайын,
Ағарған әрбір бір тал шашың,
Болып жүр ерке қызыңа үлкен уайым.

Мықты болам әрдайым маматай сен үшін де,
Қуламауға тырысамын сол үшін де.
Қаламаймын, өмір сені өксіткенін,
Тоқтатар емес қызың өзін шектеткенін.

Көзіңнен бір тамшы жас құламасын,
Аллам сені мәңгілік жылатпасын.
Әрдайым көрсем екен ақ жүзіңді,
Бізбенен өмір сені сынамасын.

Авторы: Абилхасимова Аружан

5 0 ER 0.3180