Статистика ВК сообщества "Kaz TENGRINEWS"

0+
Өзекті ақпарат - өз уақытында! ✅

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті.

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров естіртті.

"ҒАЗИЗА АПА.... Апа-оу егілттіңіз ғой, жылаттыңыз ғой дүйім елді.... Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева - жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді.... Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш... Ғазиза Апа, асыл апам-ай...", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970). Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді. 1993 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысқан.

Актриса "Сіз кімсіз, Ка мырза?", "Біржан сал", "Айналайын", "Ләйләнің зары", "Кемпір", "Зауал" және тағы басқа фильмдерде ойнаған.

2 20 ER 0.1274
Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдақтары гүлдеді.

Қызыл кітапқа енген гүлдердің суретін Ольга Михайлова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Әдемі, иә?

1 1 ER 0.0637
Астаналық 27 жастағы Әйгерім Әбдібекова тұрмыс құрған арулар арасындағы "Әлем ханымы - 2021" байқауына Қазақстан атынан қатысады

0 0 ER 0.0534
Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының ширек финалында қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты

0 1 ER 0.0450
Танымал әнге арқау болған Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері 72 жаста еді.

2 2 ER 0.0501
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жаберді жеңді

0 3 ER 0.0418
Енді дүкендерде алкоголь өнімдері мен темекі сатылмайды

0 1 ER 0.0353
Стендап-комик Нұрлан Сабуров бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен жаттығу өткізді.

Екі танымал қазақстандықтың жаттығуы түсірілген видео Серік Сәпиевтің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Нұрланмен жаттығу жасадым. Видеода соққысы қойылғанын, бокс мектебі жақсы екенін өздеріңіз де көріп тұрсыздар", - деп жазды Олимпиада чемпионы видео сипаттамасына.

0 3 ER 0.0387
Ұлан Әліпов жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды", - деп жазды баспасөз хатшы Facebook-те.

Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясын 2019 жылдың ақпанынан бастап алдымен компания басшысының міндетін атқарушы, содан кейін басқарма төрағасы ретінде басқарды.

0 5 ER 0.0410
17 жастағы қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

0 3 ER 0.0356