Статистика ВК сообщества "Өлең патшалығы"

0+
Келіңіздер! Ақын хақты таныса ғана ақын!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Бір адам..🌸

Мен арқылы өз бақытын құраған
Қалаулысы болып барға ұнаған
Қысты күні аяздарда жылытар
Қажет маған мейірімді бір адам

Қажет маған мейірімді бір адам
Жаратқаннан амандығын сұраған
Сырларымды соған ғана ақтарар
Қажет маған жаны тұнық бір адам

Көңіл көншір болса егер сол аман
Әндеріме құлақ салар тыңдарман
Тым сыпайы мінезімен сыйлатар
Қажет маған хақ жолынан бір адам

Қиындыққа қарсы тұрып шыдаған
Пенде қалпын сақтап қалған шын адам
Қуаныш та жұбаныш та болатын
Қажет маған тек бір сөзді бір адам

Авторы:Мерей Шахмет

7 9 ER 0.2271
"КЕЗЕҢ"

Періштедей, НƏРЕСТЕ болып
Есігін ашқам фəнидің.
Ақ сүттің иісі аңқыған ,тəтті
Бір қарасам ,СƏБИМІН.
Уайым мен мұңнан болған ем ада,
Естігем ғалам əлдиін...
Жауым да жоқ, досым да жоқ,
Анамды ғана танимын.
Түсінбесемде желісін тыңдап
Анам айтқан ертектің.
Омырау емес ,емізік емген,
Бір қарасам, БӨБЕКПІН..
Ойынға түрлі құмарым қанбай,
Қуандым да, күлдім шын.
Жүгіретұғын еш тыным таппай,
Бір қарасам, БҮЛДІРШІН !
Əр күн сайын əлемді танып,
Ойыншықпен сырласа
Таңғажайып ертегі сұрап,
Ұйықтамайтын түн ауса.
Тосапты жейтін саусағын малып,
Өсіп қаппын-ау , БАЛАУСА
Алтын емес,
балмұздақ көріп жылтырады-ау жанарым
Кектену əлі əдетім емес,
Бойымда жоқ нала, мұң
Дақ түспеген , көңілім таза,
Бір қарасам, БАЛАМЫН!
Сынаптайын сырғиды уақыт,
Бақылап өзің қарашы.
Күлгін түсті барлық дүние,
Жүректін жоқ жарасы.
ЖЕТКІНШЕК кезге жетіппін міне,
Əлі де ойын баласы.
Пайда болып бойымда атауы жоқ ерке-мұң.
Анама емес, сырымды
қүрбыма неге шертемін??
Сəл нəрсеге назданып , қобалжитын жүрегі,
Бір қарасам өзіме ,ЖАСӨСПІРІМ екенмін..
Көбелектей елпілдеп, əр нəрсеге ой кеткен.
Көрген жандар тамсанды -
"Сүйкімдісің ой, неткен! "
Тотыдайын таранған,
Мен едім ғой БОЙЖЕТКЕН...
Мақсатым көп алдымда , қиялдарым жүз екен.
Кей кездері тəкаппар, жаурататын мұз екем.
Бір қарасам өзіме, əп-əдемі ҚЫЗ екем...
Байқамай қалдым өзімде атқанын талай ақ таңның
Көзді ашып жұмғанша КƏРІ ҚЫЗ қалай атандым?!
Ішімдегі жасырын мұңдарымды білдірмей,
Өмірім əлі қызық -деп құрбыма кеше мақтандым...
******
Кəріліктің өзінде мол бақыт бар , сеземін.
Сүре білсең əдемі, əрбір жасың, кезеңің
Сағат санап, күн санап, жағаласпа уақытпен,
Ағысымен ақсыншы "өмір "атты өзенім...

Автор: Жұлдыз Сүлейменова.

6 0 ER 0.1484
"Білмеймін"

Білмеймін ,суйдім бе? ұнаттым ба?
Жүрегімді уакытша жұбаттым ба?
Қыстың күні көктемге асығам деп,
Мезгілсіз шешек жарып, бүр аттым ба?!

Адасу ма ?Шынайы махаббат па?!
Бұл сезім ұқсайтын алапатқа
Ғашыктыктың алауы жылдам сөніп
Лайық болмай қалды ғой марапатқа...

Білмеймін, өзімде дым түсінбедім...
Өңі емес, мен оның тусіндемін
Өзіне сүймеймін деп айтсамдағы,
Қиялымда нұр жүзін мүсіндедім...

Романдардан окитын сезім бе еді?
Арманшыл, əдемі кезім еді
Білемін біздерді алыстатқан
Ұмыт - деген сұп суық сөзім еді

Білмеймін , кеттік қалай жырақтап.
Жаралайтын өтірікті құрақтап.
Қаншама жан əдемі сөз айтсада ,
Жүрегімде əлі жүр ме тұрақтап?!

Сол бір жанды көруші едім досымдай
Сырларымды бəрін айтқам ,тосылмай
Ойда жоқта бүршік атып гүлдейтін
О,Махаббат, аярсың ба осындай?!

Жұлдыз Сүлейменова. (06.08.2019ж архивімнен)

5 4 ER 0.1440
Бір аруға

Айда, күнде келбетіне тең келмес,
Көрген адам айдан күннен кем демес.
Сұлулығын жазалмаймын сыйпаттап,
Ол ару қыз бұлда, олда, сенде емес.

Күнде емес түн жұлдызын шашып төккен,
Жанарынан күлкісін азық етем.
Сол ару қыз өзіне тартып мені ,
Арбап, алдап өзіне ғашық еткен.

Міне міне қолыма қалам алдым,
Поэзия дейсің бе? Оныда жазам.
Шабытыма үлесін қосқан өзің,
Ен мен терең сөздер ойып қазам.

Сөйлеген сөздерінде еркіндік бар,
Құдды бір сайрағандай еркін құстар.
Кейде өзім тыңдағанда тоқтап қалып,
Кетемін елігіне болып құштар.

Көз жанары тұп- тұнық айдын көлдей,
Көз алмай қарай берем құрғап шөлдей.
Қас- кірпін айдын көлдің етегін де,
Сəнін беріп тұрғандай көлмен бірдей.

Өрген шаш елестет ем түңгі аспанға,
Жұлдыздай жылтырлап тұр айлы аспанда.
Ерін, тіс маржандай жағылсады, ай мен бірге,
Сен үшін қойғандай ғой айды аспанға...

С. Мейрамбек

4 3 ER 0.1219
Нүкте...

Сен мен үшін өзгелерден ерексің.
Маған емес ,шығармама керексің.
Мезі ететін өмірімде сүреңсіз,
Бір мұңайып, күлуіме себепсің.

Еске түсіп бірге өткізген сəттерім...
Сен жəйлі ойға толып бітті дəптерім.
Гүл сезімге жолдаймын деп өлеңді,
Лирикаға батып кетті-ау пəтерім.

Тілдескенде кетуші едік нұрланып.
Қазір жүрміз бостан-босқа сұрланып.
Арамызда ұялатын түк те жоқ,
Маған олай қарамашы ұрланып.

Кеудемдегі тоңалса да сан арман.
Шықпай жүрсің əлі менің санамнан.
Гүл сезімге жолдай беріп өлеңді,
Ұялатын болыппын ғой қаламнан.

Тауыстың-ау қаламымның сиясын.
Салқындыққа мені қалай қиясын?!
Үнсіздікпен жазаламай жанымды,
Өртеп кетші үмітімнің ұясын...

Бұл сезімнің қояйықшы нүктесін.
Қоштасайық, жүрек сені күтпесін.
Осы жолы ағыл-тегіл жылайын,
Поэзиям көз жасымды сүртпесін.

Мен расында қойдым бүгін нүктесін..
Қам көңілім енді сені күтпесін.
Бұдан былай өлең жазсам əсерлі,
Саған емес ,жүрегіңді түртпесін...

Жұлдыз Сүлейменова (архивтан алынған)

3 1 ER 0.0988
"Кəрі қыз"

Көз тартатын бұрындары əріңіз.
Сізге қарап қызығушы ек бəріміз.
Уақыт , уақыт, өзінікін алған ба,
Атаныпсыз бұл күндері кəрі қыз...

Үстіңе киіп жүрсің сəнді киім.
Тағатының жылтырақ алтын бұйым.
Жалғыздыққа арналған жолдама ма,
Құтты болсын жақында алған үйің...

Көп мінезің қажетсіз ,өшірмедің
Есімде хан қызындай есіргенің.
Кезіксенде жалғыздық-жалмауызбен,
Талайларды қор санап ,менсінбедің.

Жассың -деп алдайды ма көңіл, шіркін.
Таусылмапты əлі де ойын-күлкің.
Анашың айтпады ма сізге кеңес,
Өкінетін кез келер іштей бір күн...

Өмір осы, сынайды төзіміңді.
Кəрі қыз атанудың өзі мұңді.
Түндерде ұзақ ,жалғыздық серігін боп,
Əдет қылдың тым ерте көз ілуді...

Жан бе едің бос мақтанға құмарланған.
Сəн, жылтырақ, өткінші, күнде алдаған.
Əйел заты расында сұлу екен,
Қолында сəбиімен іңгəлаған.

Жүру керек өмірдің заңыменен
Əйел деген қадірлі арыменен.
Үй, көлік немесе ақша емес,
Нəзік жандар бақытты жарыменен.

Кеш батпады...
Тайған жоқ əлі əріңіз.
Отбасың құр!
Үлгеріңіз кəрі қыз.
Жинасаңда дүниенің байлығың..
Жылытпайды... жалғыздықта бəрі мұз

Авторы : Жұлдыз Сүлейменова

6 0 ER 0.0933
Бір ауыз сөз, тағдырынды шешеді,
Бір ауыз сөз, жүректі мүгедек етеді.
Бір ауыз сөз, айтылған сөз атылып,
Жүрегіңнің қақ төріне жетеді.

Бір ауыз сөз, бір соғысты тоқтатқан,
Бір ауыз сөз, қан майданды бастатқан.
Бір ауыз сөз, бұйрық болып келгенде,
Әскерде жоқ сарбаз одан бас тартқан.

Бір ауыз сөз, бір ауылды көшірген,
Бір ауыз сөз, айыптыны кешірген.
Бір ауыз сөз, айтылғанда қажыға,
Сөздің шыны өзегінді өлтірген.

Бір ауыз сөз, бақыттарға бастаған,
Бір ауыз сөз, жамандыққа жақ салған.
Бір ауыз сөз, хақтан шықса бір асыл,
Жүрегінді ластықтан қайтарған.

Бір ауыз сөз, жағар жанға үмітті,
Бір ауыз сөз, көбейтеді күдікті.
Бір ауыз сөз, бір ауылды айналып,
Ел ішінде, ірітеді бүлікті.

Бір ауыз сөз, жанға бақыт сыйлаған,
Бір ауыз сөз, арға тиіп қинаған.
Бір ауыз сөз, бәсенденіп шыққанда,
Елі оны қайтаруға қимаған.

Бір ауыз сөз, көктем қылар өмірді,
Бір ауыз сөз, күзге салар көңілді.
Бір ауыз сөз, таңғажайып сиқырлы,
Маған да бір, айтындаршы бір сөзді.

Абзал Батырханов

1 0 ER 0.0323
Жазылмас менде текке өлең
Шарасыз мұңым беттеген
Іштейін жылап қалатын
Қоштасу сәтін жек көрем

С. Нұржігіт. Н

1 0 ER 0.0329
Әскерден хат...

Екеумізге ортақ аспан, ай.
Амал жоқ бұдан басқалай.
Сен жүрсің туған жеріңде,
Мен жүрген жерім Қостанай!

Жабығып жүдеп жүрсің бе?
Күрсінбе жаным күрсінбе.
Оралам саған әскер боп,
Осынау 1 жыл ішінде.

Жүгіріп жүріп ентігіп,
Шыдайды сынға ер жігіт.
Көреміз сосын барлығын,
Бақыттың бәрін тең жүріп.
...Күт мені!

0 0 ER 0.0274
Қыз сезімі...💔 Авторы : Әріпқан Фариза Нуриддинқызы

Сақ боп келем
Сақтап келем сезімді
Сол бір сезім жеп барады төзімді
Мен өзімді жегідей жеп тұрамын
Көрген кезде күлімдеген көзіңді

Қарамашы "қалсын десең көңілім"
3 жыл сүйдім өтіп жатыр өмірім
Өзектегі жүрек өлген секілді
Бірақ өтер мінсіз сенің өмірің

Ал мен болсам қарап саған жыр жазам
Он кітапты толықтырар жыр жазғам
Оқып отсаң түсінерсің сен мені
Бәрін жазып шықтым міне аз- аздан:

Әйтеуір бір тиеді ғой қолыңа
Хат дегенді тастап кетем жолыңа
Жаратқаным жанымды бір сынапты
Тисе деп ем қолым сенің қолыңа

Иісіңе құмарымды баса алмай
Қыздық намыс дегеннен бір аса алмай
Күнде түнде сені ғана ойлаумен
Ұйықтамаймын көздеріме жас алмай

Ия солай сыналады бұл сезім
Жетсе егер жүрегіңе бір сөзім
Бір сөзіңде жауап қаттың қатайып:
"Не" деп қатқан жауабыңа жыр тіздім

Жыр тіземін, мен сеземін себебі
Кездейсоқ бір кездесулер келеді
Сол бір кезде Жаратқаным бір сәтке
Көз алдыңда бәрін тізіп береді

Шыдайсың ба мен сезінген сезімге
Неге маған тіл қатып ең кезінде
Неге менен көңіл күйді сұрадың
Содан кейін шын күлмеппін өзімде!!!

1 0 ER 0.0274