Статистика ВК сообщества "Ұлы Адай Ұрпақтары"

0+
Адай деген ел едік, Аруағы бұлттай торланған. Екі талай іс болса, Бір жағын күшпен қолға алған!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Замана қайтіп түзелсін -
Қоңсыдан туған би болды,
Бұ сықылды күй болды,
Көрген жұртқа таң болды.
Азамат ердің баласы
Айдарына малы жоқ,
Топ көрерге зар болды.
Қара кісі хан болды,
Қоспақтан туған қортықша
Қатарға шығып нар болды.
Асылзада баласы,
Дәулеті кетіп қолынан,
Қоңсысына құл болды.
Асылсыздың баласы,
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды.
Шыр көбелек айналып,
Замананың адамы,
Заманың мұндай сұм болды!

// Мұрат Мөңкеұлы

1 0 ER 0.0677
ІЗДЕУ САЛАМЫЗ!!!

1931-32 жж. "Адай көтерілісі" кезінде жазалаушы отрядтармен ұрыс кезінде, абақтыда сотсыз атылған және ауырып қаза тапқандар саны
(Толық емес)

1) 15.04.-20.04.1931 жылы Боқмаш Шолановтың Толағайсор жеріндегі ұрыста 20 адамы оққа ұшқан. 834 адам тұтқындалған, оның ішінде 70 адам басшылар.

2) 15.04.1931 жылы Ханқожа жерінде Рахмет Әминұлының 9 адамы қаза тапқан.

3) 26.04.1931 жылы Каратай жерінде (Бозашы. Каракешу) 120 көтерілісшімен 24-ші полктың Каввзвод арасында атыс болып, 15 көтерілісші қаза тапқан, 12 адам тұтқындалған.

4) Мамыр айында, Боздақ жерінде Досан Шопанұлының 6 адамы қаза тапты. 8 адам тұтқынға түсіп, оның 5 қайтыс болған.

5) 08.06.1931 жылы Сенек құдығында Қаңғабайдың 3 адамы отряд қолынан қаза тапқан.

6) 11.07.1931 жылы Сам жерінде көтерілісшілерден шегініп бара жатқан комотряд Мостовой 17 тұтқынды атып тастаған.

7) Шамамен тамыз айында Желтауда болған қақтығыста Басығарин тобынан 42 адам өлген, 30 адам жарақаттанған. 100-дің үстінде адам тұтқындалған.

8) Салғараев пен Шантыков бандысынан 57 адам өлген, 31 адам жараланған. 217 адам тұтқындалған.

9) Қараған-Босағада 75 адам қаза болған.

Әзірге біздің қолымызда ұрыс кезінде 379 көтерілісшінің өлгендігі туралы ақпарат бар.

ОГПУ деректері бойынша көтерілісшілерден 168 адам қаза болған.

Ғалым А.С.Мусағалиеваның зерттеуі бойынша ұрыс даласында әзірге 348 адамның өлгендігі туралы дерек табылған.

Осы ұрыс кездерінде қаза болғандар туралы мәліметтер іздейміз. Ұрпақтары, тумаластарының ұрпақтары болса хабарласуды сұраймыз.

Топ жетекшісі Нұржігіт Нұрболатұлы. тел: +77755512551

7 0 ER 0.0805
АЛАТАУДАЙ АСҚАҒЫМ

«Парасат» қозғалыс ұйымының Жаңаөзендегі төрағасы, қоғам қайраткері, аяулы жарым, жеті баламның әкесі Тұров Беркалы Шапағатұлы (1944-2014) туралы толғаныс

Бисмиллә! – деп бастайын,
Басыңа Құран жастайын.
Құран болғай құрдасың,
Иман болғай жолдасың.
Еліне болған елеулі,
Халқына болған қалаулы.
Ағын судың тұнығы,
Асылдардың сынығы.
Алтыннан да ардақтым,
Күмістен де қымбаттым.
Оза шапқан қазанат,
Озық ойлы азамат.
Өскенде болар дана деп,
Жасынан «Батыр бала» деп
Жеңгелері ат қойған,
Тұлғасын танып, нақ қойған.
Жан серігім жасымнан
Кеткелі ұзап қасымнан,
Күндерім өтті жоқтаумен,
Түндерім өтті жылаумен,
Көңілім сөйтіп басылған.

Өткінші мынау сұм жалған,
Сұм жалғаннан кім қалған?
Пайғамбарым Мұхаммед
«Үмбетім» деп мұңданған.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба,
Солардан қалған бұл жалған.
Патшалар өткен неше бір
Дүниені билеп, құлданған.
Шайырлар өтті аңыз боп,
Артында мұра – жыр қалған.
Байлықтан ешбір пайда жоқ,
Пұлдылардан пұл қалған.
Біреу ерте, біреу кеш,
Өлімің де сын болған.
Ең үлкен сый өмірде
Балаларың – бақытың:
Артыңда қыз бен ұл қалған.

Бұл Маңғыстау қашаннан
Ата-бабам туған жер,
Кіндік қаны тамған жер.
Қыс қыстауы – Жем-Сағыз,
Жаз жайлауы – Маңғыстау,
Үстірт үстін жайлаған.
Тәңкеден он бір құдық қаздырған,
Бәйгеде жүйріктерін оздырған,
Бабаларым кілең ер.
Боталарын боздатып,
Нар маяны байлаған.
Құлындарын кісінетіп,
Боз биені сайлаған.
Қозыларын шұбыртып,
Алдына қойын айдаған.
Қонақ келсе күтіп ап,
Мал семізін сойдырған.
Қымыз-шұбат ішкізіп,
Арғымақ ат мінгізіп,
Зағран бешпет кигізіп,
Шығарып салған қонағын
Өтеген атам ауылы –
«Олжашы деген мас ауыл,
Жігіттері жасауыл.
Тоғыз тақта Шылымда
Салмақтасып келгенде
Өтегеннің тасы ауыр...»
«Баласы Өтегеннің жеті қабылан.
Ішінде ең үлкені Мәмбет, Таған...»
Атанған аталардың бір ұрпағы –
Шапағатұлы Беркалы Тұр ұрпағы.
Жеті баламның әкесі, азаматым –
Жан жарыма арналар жырым тағы.

Бекең десем – өлеңім төгіледі,
Жүрегім жылап, жаным егіледі.
Тағдырдың талай сынын бастан кешіп,
Еңіреп өткен есіл ерім еді.
Өмір жолын ойласам оңашада,
Сол күндер кешегідей көрінеді.

* * *

Өте шыққан өмірінен қас қағым
Толғап кетсем, мұңлы шығар дастаным.
Рухына дұға қылып Бекеңнің,
Тағдырынан бір әңгіме бастадым.
Тәуелсіздік әпергенмен азаттық,
Нарық заңы тарылтты елдің аспанын.
Күннен-күнге қиындады күнкөріс,
Елдің бәрі ойлап қара бас қамын;
Жұмысшылар жалақысын бере алмай,
ГорИсполКом басшылары сасқанын;
Азық-түлік сатып алар ақша орнын
Бір жапырақ қағаз – талон басқанын;
Кезек күтіп күні-түні әйелдер
Жаулығымен сүртіп терін, жас, қанын;
Жазда күйіп, қыста тоңып, тұрмыстың
Тауқыметі жаралады жас жанын.
Қойма алдында талып жатты байғұстар,
Көтеруге жарамады бастарын.
Кезек жетсе, тауарлары «таусылып»,
Кекеткендей: «Кел, – деп елге, – басқа күн»;
Несібесін қағып халық аузынан,
Тойдырмақ боп боқ қарынын басқаның;
Заңсыз жолмен азық-түлік вагондап
Алыс-жақын шет елдерге асқанын –
Көре тұра шыдамады ерлерім,
Бой көтерді Алатаудай Асқағым.

Елі қолдап Беркалыдай басшы ұлды,
«Парасат» атты қоғамына бас қылды.
Ерім сонда «Елім» дейтін жандарды
Жақын тартып, қандыкөйлек дос қылды.
Елдің қамын емес, нанын жеп жүрген
Арамтамақ басшыларды қас қылды.
«Рыба-мясо» дүкенінен ет тиеп,
Бекдашыға бара жатқан қос «Камаз»
Ішіндегі адам тектес «қасқырды»
Ұстап алып, ГОВД-ға тапсырды.
Пара беріп ГорИсполКом басшысы
Жалбарынды, жанарында жас тұрды.
Азаматтар арын сатпай ақшаға,
Арыз жазып «Парасаттың» атынан,
Жемқорлардың бергенінен бас бұрды.

Бұл істері жақпай барлық бастыққа,
Арандатты, барды талай қастыққа.
Қол қоюға қорқып Сұлтан Ноғаев,
Түйеқұстай басын тықты жастыққа.
Федор Афанасович Новиков
Арыздарын қабылдап, қол қойыпты
Ақтаудағы ел билеген бас тұтқа.
«Жеткенінше біздер тыным көрмейміз
Елдің аузы азық-түлік, астыққа», –
Деп алаңда митинг-жиын өткізіп,
Алты азамат жариялады аштық та.

Ел ашынған – қарны емес, аш жаны,
Беркалы Туров наразылық бастады.
Қалдыбай Қартбаев бірге тұрып қостады.
Арыстан Сәдуақасов, Әли Жақсылыков,
Вагид Касумов, Нұрлыбай Қырықбаев достары
ГорИсполКом алдына киіз үй тігіп,
Аламанға байланды ердің бастары.

Бұл 1992 жылдың 7 сәуір күні еді.
«Аштықты тоқтатыңдар!» – деп, Алматыдан Ұлттық қауіпсіздік комитетінен (КНБ), прокуратурадан адамдар келді. Аштық жариялап жатқан алты арысымыз: «Нұрсұлтан Назарбаев әлде Серікболсын Әбділдин келмесе тоқтатпаймыз!», – деді. Депутаттыққа сайланарда үлкен ұлым Жомарт екеуміз 1200 адамға қол қойғызып берген Қайролла Ережепов келіссөзге шақырғанда: «Келген ізіңмен кері кет!» – деп қуып жіберді. Басқа келушілерді де қабылдамады.
26 сәуір күні таңертең Ф.Новиков келді: «Нұрсұлтан Әбішұлы уәде берді. «Жігіттердің талабы дұрыс! Менің қолым тимейді. С.Әбділдин жұмыс сапарымен Түркияға кетті, 11 мамырда барады, жігіттерге уәде берем деді», – деп, жыларман болып өтінді. Беркалы жігіттерге: «Тәуекелге бел байлап, әзірге аштықты тоқтатайық, егер айтқан күні келмесе тағы жатамыз!» – деді. Аштықты тоқтатты. Халық жиналып алаңда садақа берді. Өр мінезді, ержүрек азаматтарды қаланың 70 000 халқы қолдады.
Бірақ 11 мамыр күні С.Әбділдин сертінен тайып Өзенге келмеді. «Парасат» қоғамының азаматтары ашуланып, алаңға қайта барып, енді «құрғақ аштыққа» жатты. Қалалық ішкі істер департаментінің (ГОВД) бастығы Ісенбай Ермакашов, Тагиров бастаған милицияларымен келіп раскладушкада жатқан жігіттерді раскладушкасымен қосып лақтыра бастады. Балам Жомартты да әкесімен бірге күштеп, көлікке тиегенде Беркалы Ісенбайға: «Ісің менімен болсын, баламды босат!» – деп Жомартты босаттырады. Өздерін алып кетеді.
Үш күн хабар-ошар жоқ. Біздер барсақ қуады. Ол кезде «Парасат» қоғамының мүшелері көп болды. Зәуреш Жайылханова бастаған ержүрек әйел-қыздар да қол қусырып қарап отырмадық. Мен «УТТ-1» мекемесінің шеберіне көркемдеп 20 дана трафарет жасаттым. Оны суретшіге жаздырттым. Наразылық сөздер жазылған тақтайшалар, плакаттар алып, қыз-келіншектер болып ГорИсполКомды қоршап алдық. Қолымызға банкалы бензин, шырпы алып шықтық. Ешқандай арыз жазбадым. І.Ермакашов бастаған менттер екі-үш көлікпен келді. Оларға: «Біздерді де қама! Қорықпасаң жақындап көр! – деп айғайладым. Үн жоқ, жақындай алмады. – Новиков келсін, келмесе өздерімізді өртейміз!» – дедік.
Содан сағат 11-де қалаға Ф.Новиков келді. «Волгадан» түсе бергенде галстугына жабыстым. Қылғындырдым. «Қане Назарбаев? Қане Әбділдин? Уәде қайда? Азаматтарымыз «сухой голодовкада», 3 күн ГОВД-да жатқанда неге келмейсің?» – деп айғайға бастым.
Ол қорыққанынан: «Мен білмедім», – дейді.
Серік Оспанов «Апалап» жалынып жүр: «Апа, қолыңызды алыңызшы, босатыңызшы, қазір ГОВД-ға барады», – деп. Қалған әйел-қыздар «Волганың» астына жатып алды.
ГОВД-ға бірге еріп кеттік. Сөйтіп, сағат 3-те жігіттерді босатып, «Өзен» санаториясына жатқызды. 10 күн емделді. Қала халқы хал-жағдайын сұрауға кезекпен барып тұрды. Сол кездегі ержүрек батыр тұлға Адай кыздарына, «Парасат» қоғамының жаңаөзендік төрағасы Беркалы Туровқа қолдау көрсеткен қоғам мүшелеріне, қаланың 70 000 тұрғынына Алланың нұры жаусын!
3 маусым, 1992 жыл.

* * *

Ал С.Ноғаевтың жандайшаптары: «Олар еріккендер, алқаштар, нан таппай жүргендер», – деп, арандатпақ болды. Аштықта жатқан ағаш үйін өртемек болып ұмтылды. «Парасат» қоғамының қайраткер мүшелері Жаңбырбай Сәпиев, Қосай Демесінов, Зәуреш Жайылханова, Қаржаубай Рейімбайұлы, Гүлшара Омарова, Азия Гумарова, Үзілхан Түгел, Аманқос Айтбаев, т.б. қоғам мүшелері оларға тойтарыс беріп қуып қайтарды. Олар алыстан балта лақтырды... Ал «парасаттықтар», қаһарман қала тұрғындары аштық басталғаннан соңына дейін ыстығына күйіп, суығына тоңып, шыдамдары таусылмай жүрді. Осындай оқиғаларды бастан өткіздік.
Айналайын сол кездегі Жаңаөзеннің 70 000 халқы қолдап, өндірістегі жұмысшылар, қала тұрғындары мекемедегі жұмыстарын тастап ағаш үйді қоршап тұрды. Кейін Бекең сотқа арыз жазып, үкім шығартып, олардың жұмыстан қалған күндерінің де жалақыларын төлеттірді. Оларға әлі күнге бас иіп, шексіз алғысымды айтамын.
Аштық кезінде қоғам қайраткері, «Парасат» қоғамының мүшесі ұстаз Тәтіш апа өлең шығарды. Ұстаз Сәбира апа балам Жомартпен бірге атсалысып, әрбір сөйлеген сөзімен азаматтарға күш-қуат беріп, мекеме басшыларын қайтарып тұрды. Ақын Қаржаубай Рейімбайұлы «Аштықта жатқан алты арысым» деп жыр арнады.
Жаңаөзен қаласына ГОВД-ның жаңа басшысы болып келген М.Мангубаев біздің отбасымызға қысым көрсете бастады. Азаматтар аштық жариялап жатқанда үйлеріміздің есігін өртеді. Вагид Касумовтың 10-ыншы класта оқитын қызын біреулер зорлап кетті. «Парасат» қоғамының мүшелерінің артына түсе бастады. Менің төрт ұлымды алып кетіп, жазықсыз айып тағып, отырғызды. Өздері сол күні түнгі 12-де үлкен той жасапты: «Ұялы қылмыскерді ұстадық, Б.Туров деген енді бізге ештеңе істей алмайды», – деп.
Кейін М.Мангубаевпен бірге істеген достары айтты – ол Қарақияның жолында бір дипломат ақша алып, көлікпен келе жатқанда апатқа ұшыраған. Сол күні 30 000 теңге сыйақы, тоңазытқыш сыйға берген екен...
Ұлдарым Алексей мен Зәуірбекті екі күн қамауда ұстады. 13-14 жасар Зәуірбекті талтайтып қойып сабаған. Екі баланы этаппен екі жыл сүйреді. Судя С.Қауылтаев, облыстық соттың басшысы Н.Чиняев ақты қара деп жала жауып, біреуін 15 жылға, екіншісін 9 жылға соттап жіберді. Мен ардагер анамын ғой деп, Сара Алпысқызы Назарбаеваға 17 бетті толтырып арыз хат жаздым. Жауап болмады. Сол кездегі облыстық прокурор: «Назарбаевқа арыз жазсаң да маған келеді», – деді.
Беркалының мініп жүрген 08-20 «Жигули» көлігін арестке алды. Сотта «Жигулиді» ақтады, бірақ Бекең қайтып алмады. Қайда әділдік? Бекең әділетсіздікке қарсы күресті, кесірі отбасымызға тиді. Жағдайымызды айтып, облыстың жаңа әкімі Ләззат Қиыновқа да бардық. Ол бұл іске араласа алмайтынын айтты.
Кейін «Парасат» қоғамының Ақтау қаласындағы төрағасы Қанат Махамбетов, Жаңаөзен қалалық төрағасы Беркалы Туров пен серігі Арыстан Сәдуақасов үшеуін Н.Назарбаев, С.Әбділдин шақырды.
Кездесуде бұлар Н.Назарбаевқа үш мәселе қойған:
1. Талон жүйесін өзгерту;
2. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету;
3. Жұмыссыз жастарды қызметке орналастыру және жұмысшылардың берілмеген жалақысын толық өтеу. Үш талабы да орындалды.
Келіссөзден кейін барлығы бірге ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын қабылдау шарасына қатысады. Н.Назарбаев Елтаңбаны қабылдау рәсімі кезінде Беркалыға бір сөз айтқан. «Оны өзімен келесі кездескенде айтамын», – деп біздерге айтпады, ақыры ішінде кетті.
С.Әбділдин Беркалыға: «Адайдың батыр баласы, кел, қарын түйістірейік!» – деп құшақтап сүйген. Бұларды риза қылып шығарып салған. Көңілі жайланып келген соң маған: «Мен, сен және Жомарт үшеуміз тарихта қаламыз», – деп еді, имандым.
Ержүрек азамат, халық қамын ойлаған қайраткер тұлға Беркалы Туров туралы халықаралық «Азаттық» радиосы 1992 жылы 14 қараша күні Германияның Мюнхен қаласынан хабар таратты.
Саясаткер достары: Хасен Қожа-Ахмет, Батырхан Дәрімбет, Дос Көшім, Жасарал Қуанышәлин, Айсұлу Қадырбаева, т.б. қатты құрметтейтін.
50 жыл тынбай қызмет етіп, Қазақстанға еңбегі сіңді. Қаланың құрмет тақтасында бірнеше жыл суреті тұрды. Тоқсаныншы жылдары Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық мұнайшылар съезіне екі жыл қатарынан делегат болып қатысқан. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың өмір жолы осылай болды. Жақын араласқан дос-жарандары: ағайын құрдасы Елубай Арыстанов, руы Дулат – шардаралық Искендер Бекжанов, жаңөзендік Андрей Көптілеуов, Ералы Ықыласов, досы Жеткізген, Мирошник Володя Яковлевич, т.б.
Беркалының қанды көйлек достары – Жаңаөзен қаласына еңбегі сіңген, халқына сыйлы азаматтар «тампонажниктерге», «УОС-5» мекемесіндегі азаматтарға, Беркалыны сыйлап келіп, арулап шығарып салған азаматтарға, достары: Ізгелді Абдугалиев, Борис Ізтілеуов, Заур Гунаев, Василий Мефодич, т.б., Жаңаөзен тұрғындарына Алланың нұры жаусын!

* * *

16 жасымызда отау құрғанда, некемізді шежіреші, ақын, Қараш Ыбырайым ахун Құлбайұлы қиған еді. Шүкір, 54 жыл бірге тұрып, бала-келіндерімыз – Жомарт пен Маржан, Нұрлан мен Мереке, Нұрлыбек пен Нұржамал, Зәуірбек пен Замира, қызымыз Райхан, жеті баламыздан он екі немере, үш шөбере сүйдік. Дүниеден ерте өткен ұлдарымыз Забур мен Алексейдің қасына әкесі де жайғасты.
Бекеңнің іні-келіндері Хасан-Рухан, Сүлеймен-Рабиға, қамқор көңіл, тілекші қос бірдей қарындасы Қамқам мен Нағимам, күйеу балаларымен қиналғанда жаныма демеу болды. Бауырлары Набат пен Омар марқұмдар дәм-тұзын ерте тауысқан еді, артынан барған бауырымен рухтары қауышқан шығар.
Ағайын-туыс, құда-жекжатқа, нағашы-жиен, бөлелерге, көрші-көлем, дос-жарандарына алғысым шексіз. Балзипа қарындасы ағасының барлық кәделеріне қатысты. Ағасын жоқтап, елді жылатып шығарып салды. Айнахан, Күләш, Нұраштар: «Ірі тұлға, еліне сыйлы, құрметті аға қайда?» – деп жоқтады. 82 жастағы Дәмеш жеңгесі, 80-дегі Ақбөпе жеңгесі кішкентайынан қолында өскен қайнысын жоқтау айтып шығарып салды. Менің апам Әдемі күйеу баласын жоқтап жылады. Атыраудан келген келіні Жұмагүл де жоқтау айтып отырды...
«70 жасқа жетсем жарайды. Бапамның жасына жетсем болады», – деп өмірді қысқа тіледің. Құдірет тілегіңді берді. Бейнет берді – 1 жыл, 4 ай ауырдың. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Ажалыңа арашашы бола алмадым. Мен жыласам, жұбатып, «Жалғызым» деп екі қолымды кезек сүйіп, маңдайыңа тигізетінсің. «Жалғызым» деп жүріп, өзің мені жалғыз тастап кеттің.
Ендігі қалған ғұмырымда Бекең деумен өтермін. Алладан бұйрық келген күн қасыңа мен де жетермін.

Жаратқан Алла сүйсе – құл жеңерлік
Сынау үшін қайғы мен мұң жегер жүк.
Өмірдің ащысы мен тұщысын біз
Бірге татып, барлығын бірге көрдік.

Бас қосып, отау құрған кезімізден
Бақ таптық біз екеуміз – өзімізден.
Кей түндер қайғы шегіп, ұйқы көрмей,
Атқыздық көрер таңды көзімізбен.

Демеу болып біріміз-бірімізге,
Жұбатумен өтті көп күніміз де.
Сонда да шүкіршілік деумен болдық,
Кәлимадан жаңылмай тіліміз де.

Ағысқа қарсы біздер жүзіп бағып,
Дүние қуып, дәулетке қызықпадық.
Еңбегіңнің жемісін көрген кезде –
«Бейнет түбі – зейнет» деп қызықтадық.

Ел деп туған ержүрек ерім едің,
Сегіз қырлы, бір сырлы серім едің.
Баян тартып, ән айтып, би билесең,
Жұрт қызыға қарайтын керім едің.

Ойсырап қалды сенің орның төргі,
Естелік қып айтатын болдым енді.
Азабы мен ғажабы қатар жүрген
Сағынамын мен ылғи сол күндерді.

Топырағың торқалы тұрақ болғай,
Көлігің пейіштегі пырақ болғай.
Жаратқаннан рахым, Пайғамбардан
Шапағат боп, мекенің – жұмақ болғай!
Әумин!

Турова Тілектес Шапағаткеліні (1944-2015),
«Не хабар?!» газеті, 27.05.2015.

4 2 ER 0.0681
Аса таяк Пір Бекет Ата -1
Аса таяк Пір Бекет Ата-2
АСА ТАЯК(Кут Куйрук скрытое значение "Та" "Ха") ПІР БЕКЕТ АТА-3

0 2 ER 0.0502
Жаратқан иенің басы жұмырдың бәріне ақыл бере бермегені сияқты, аузы тесіктің бәріне пәтуа бұйыртпай, сөз екеш сөздің де сұрауын бар қып жаратқаны да тегін емес шығар. Ал сөзінің сұрауы бар азаматтың айтқанын дос та, қас та түгендеп отырады. Оның жұрттың бәрінің жабыла айтып жатқанын айтпай қалуы да қайсарлық. Жұрттың бәрінің айта алмай отырғанын айтуы да қайсарлық. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың бойынан осы екі қайсарлықтың екеуі де молынан табылады.

Әбіш Кекілбаев.

1 0 ER 0.0371
2 Байғанин ауданы
Байғанин ауданы — Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. Байғанин, — "Адай уезінің" солтүстік-шығысындағы ірі аудан болған, кейін Ақтөбе облысының әкімшілігіне енді. Халық ақыныН. Байғаниннің құрметіне аталған (1961). Бұл өлкеде қазаққа атақты жырау Ақтан ақын дүниеге келген. Халыққа белгілі тұлғалар: Түрікпенбай палуан, шегем - Көбен би, Таймас Ишан, Байтақ мақсым, Мыңбай батыр осы өлкенің қадірлі мақтанышы. Сондай ақ бұл өлкені би әрі болыс болған Бабық Мыңбай батыр басқарған. Өңірдің тарихы: қалмақ шапқыншылығынан табын руларының қарақалпақ жеріне босып кетуіне байланысты табын руы уақытша қоныс қылған

2 0 ER 0.0306
Құрысын бəрі, ауылға барам!
Жаныма жара салмайтын.
Ағайын, туыс, бауырға барам,
Аяқтан тартып, шалмайтын...

Құрысын бəрі, ауылға барам!
Өз ұлын өгей қылмайтын.
Ағайын, туыс, бауырға барам,
Арқадан пышақ ұрмайтын...

Ауылға қарай асығам, алып,
Азаяр сонда сор, қайғы...
Марқұм əжемнің басына барып,
Шер тарқатпасам, болмайды.

Неге келді екем алыс қалаға?
Ойланып жүрмін, əліде...
Кетемін ертең, Қамысқалаға,
Бір сілтеп қолды, бəріне!

Арманы мансап, тілегі байлық,
Бір-бірін иттей талаған.
Жүрексіздерден жүрегім айнып,
Жиіркеніп кеттім, қаладан...

Жиіркеніп кеттім қаладан мынау,
Ақ жүрек Елді, сағындым.
Ауылдан ғана таба аламын-ау,
Дауасын дертті жанымның.

Жоқты іздеп бекер сабылған екем,
Тарылып бітті, тынысым.
Ауылға кетем, ауылға кетем,
Ауылға кетем, құрысын..!

// Тілеген Əли - Ауылға барам...

3 0 ER 0.0327
Нужно к этим словам подобрать взрывную музыку как это могут петь настоящие батыры Адайцы.Хорошо бы было чтоб и на русском спели и на казахском,чтоб весь мир услышал песню о роде Адай!

1 0 ER 0.0131
Друзья у кого есть скиньте исторические флаги адаевского восстания в российской империи и ссср

0 0 ER 0.0109