Статистика ВК сообщества "Работа Ачинск"

0+
Размещение вашего поста через сообщения сообщества 📝
Количество постов 10 208
Частота постов 4 часа 10 минут
ER 3.32
92.43% 7.57%
51.08% 48.92%
23.55% подписчиков от 18 до 21
95.10% 2.80% 0.00%
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ҚАДІР ТҮНІН ДҰҒАМЕН ӨТКІЗЕЙІК!

1.Ата-ана үшін жасалатын дұға

«Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!»

«Роб-бир-хәм-һу-мәә-кә-мәә роб-бә-иәә-нии со-ғии-роо»

2.Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».

3.Жақсы мінез сұрау

Я, Аллаһ! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә уәсриф ъанни сәий-әһә лә йәсрифу ъаннисәий-әһә иллә әнт».

4.Ризық сұрау

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».

5.Жақсылық сұрау

Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір.

«Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби».

6.Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау

Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет!

«Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик. Аллаһумма инни әс- әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ».

7.Береке сұрау

Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын.

«Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ».

8.Алланың разылығын сұрау

Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын.

«Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә».

9.Алладан көмек сұрау

Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың.

«Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли».

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Раббысының пендеге ең жақын болатын уақыты түннің соңғы бөлігі (мұнда түннiң соңғы үштен бiр бөлігі туралы сөз болуда). Сол сәтте Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!», «Пенденің Раббысына ең жақын болатын уақыты сәждеге бас қойған кезі. Осы уақытта Аллаға көп дұға етіңіздер». Яғни, дұғаларды түннің соңғы бөлігінде және сәждеде жасауға тырысайық!

Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін...

208 4 ER 1.0956
Осындай әйелден еркек разы

Халифа Омардың (р.а.) кезінде қазылық қылған Шүрайх есімді мәшһүр бір қазы болған екен. Бір күні Шүрайхқа бір жас жігіт келіп, үйленгісі келетінін, үйленетін қыздың да оқу көрген, қалада туып-өскен біреу болғанын қалайтынын жеткізіп, осыған қатысты бір насихат айтуын сұрайды. Қазы Шүрайх та мұсылманның үйі жәннат екенін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) да осылай дегенін айтып, басынан кешкен мына бір оқиғаны айтып береді:

– Жас жігіт шағым еді. Үйленетін уақыт келіп, отау тігуді ойлай бастадым. Бір күні Бәни Махзум руының қоныс тепкен жерінен өтіп бара жатып бір қызға көзім түсті. Сөйттім де әлгі қызға құда түсе бардық. Қыздың әкесі де біз жайлы сұрастыра келіп, аз уақыттың ішінде разылығын білдіріп, келісімін берді.

Көп ұзамай той да атқарылды, дұға-тілектер де айтылды. Осылайша ерлі-зайыпты екеу болып, отбасылық өмірге алғашқы қадамымызды бастық. Алайда, көп ұзамай бойымды бір өкініш сезім билей бастады. «Бұл қала көрмеген ауылдың қызы, оның үстіне оқу-тоқу көрмеген біреу, мұнымен қалай өмір сүремін» деген ойлар жайлап, бұл қабылдаған шешіміме қатты өкіне бастадым.

Арадан көп уақыт өтпей бір күні үйдегі келіншек келіп былай деді:

– Мырзам! Сіз болсаңыз бір ғалым адамсыз, ел арасындағы атақ-абыройыңыз да асқақтаған біреусіз. Ал, мен болсам, қырда өскен, қала өмірінен бейхабар бір ауыл қызымын. Асылында, «тең теңімен, тезек қабымен» болып, сіз өз теңіңізбен, мен өз жөніммен кетуім керек еді. Бірақ, жазмыштан озмыш жоқ. Тағдыр төскейдегі басымызды төсекте қосты. Алла Тағала мен секілді ауылдың бір қызын сіз секілді даңқты ғалымға нәсіп етті. Енді сіз маған менің білмеген тұстарымды түсіндіріңіз, мен де соларға бойұсынайын. Мәселен, сіздің үйіңізге менің туғандарымнан кімдер келе алады, сіздің ағайындарыңыздан кімді қонақ қылайын. Кімдерге суық қабақ танытып, кімдерден алыс жүрейін, кімдерді үйге алмайын? – деді.

Әйелімнің бұл сөздерінен кейін оны бағаламаған ойларымнан өзім ұялып, өкініп, оған былай дедім:
– Бәйбіше, егер бұл сөздеріңе берік болып, орындай білсең, онда мені бақытты қылғаның... – дедім де мыналарды айттым:
– Діндар болмаған ешкімді үйге кіргізбейсің, діндар болса да сенің туғандарың үйге өте көп келе бермесін. Ал, менің туғандарымнан болса, мына-мына адамдар келмесін, ал мына адамдар тіпті кірмесін деп керекті дүниелердің бәрін айтып бердім. Арадан тура бір жыл өтті. Үйден шынының сыңғыры да естілмеді. Бір күні қызмет орнымнан, пәтуа мекемесінен шығып, үйге келсем, үйде барынша жамылған бір әйел отыр екен. Келіншегімнен кім екенін сұрадым. Ол да анасы екенін айтты. Қайын енем екенін білгеннен кейін қолымнан келгенше құрметімді көрсетіп, жақсылап күттім. Біраз уақыттан кейін енем маған:
– Ұлым, келіншегіңе разымысың? – деді. Мен де:
– Алла сізге разы болсын! Қызыңызға өте разымын. Бұл уақытқа дейін ешбір шағымым болған емес, – деп ризашылығымды білдірдім. Сонда енем тұрып:
– Ұлым, қызыма,әрине, разы боласың. Себебі, біз оны жәннатта өсірдік. Үйіміз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) білдіргендей, бір жәннат еді. Оған Құран ахлағынан басқа ештеңе үйретпедік. Десек те, сен билік тізгініне берік бол! Өйткені, әйелдер екі себептен тез еркінсіп, есіріп кетеді. Біріншісі – оған деген махаббатыңды жүзіне айтқан кезде. Екіншісі – қайырлы бір ұрпақ дүниеге әкелген кезде, – деді.

Міне, осы бір оқиғаның өзі түсінген адамға тұнған насихат пен толған ғибрат. Ендеше сіздермен сол насихат пен ғибратқа ой жүгіртіп көрейік.

Жалпы, кез-келген адам үйлену шағына келген кезде өзіне жақсы жар боларлық адам қарастыра бастайды. Еркек те, әйел де. Екеуінің де өзіндік бір есебі болады. Біреуі сұлулығына қарайды, біреуі байлығына қарайды, енді біреуі тегіне қарайды, ал есебінде ұтылып қалуды қаламайтындар қыздың діндарлығына қарайды. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі жарды діндарлығына қарап таңдағандар ұтылмайтынын айтқан. Ал біз – мұсылмандар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл сөзіне имандай сенеміз. Өйткені, бұл – иманның бір шарты. Міне, сондықтан да, әркім есебіне қарай үйленеді.

Үйленген соң көптеген еркек пен әйелдің бойында түсініксіз бір өкініш пайда болайды. «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» дей бастайды. Дұрысын айтсақ, мұны Ібіліс дегізе бастайды. Сөйтіп, опық жегізе бастайды. Өйткені, Ібіліс үйленбеген, некесіз жандардың көзін матап, бір-бірінің кемшілігін көрсетпей, некесіз жақындасуға, зина жасауға итермелейді. Ал, некесін қиып, үйленген соң, Ібілістің бұл әрекеті, керісінше, терісінен кетеді. Бұл кезде ол қосылған екі жасты ажырастыруға талақ айтқызуға әрекет етеді. Ерлі-зайыпты бір-бірінің бойынан бұрын көрінбеген кемшіліктер көре бастайды. Ібіліс те кемшіліксіз пенденің кішкентай кемшілігін баттитып көрсетеді. Ақыры, көзге ұрып тұрғандай көрінген кемшілікті қосылған екі жарты бір бүтін бір-бірінің жүзіне ұра бастайды. Не керек, ақыры шайтан Ислам атты қорғанның бір-бір кірпіші болған мұсылман отбасыларын бұзып, қорған қабырғасын біртіндеп сөге бастайды. Себебі, оның мақсаты – Ислам қоғамының шаңырағын шайқап, ортасына түсіру, керегесін бұзу. Сондықтан да, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйелдің кемшілігін болмысынан деп біліп, оған көз жұма қараңдар», – дейді. Әйтпесе, Ібілістің қақпанына түсіп қалу қаупіміз бар. Сол үшін бұл жағдайда еркек пен әйелге тақуалық қажет. Әсіресе әйелдің тақуалығы басым рөл атқарады. Әйел тақуалық танытып, күйеуіне толықтай бойұсынған жағдайда ғана отбасында береке-бірлік орнайды. Әйел ендігі Жәннаты күйеуінің қабағына байланысты екенін жақсы білуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) егер адамға сәжде етуге рұқсат берілген жағдайда әйелдің күйеуіне сәжде етуін әмір ететіндігін айтқан.

Әйел тақуалық танытқан кезде, күйеуіне толықтай бойұсынған кезде кеудеде пайда болған өкініш те ортадан кете бастайды. Міне, сол кезде бақыт табалдырығыңа өзі-ақ келіп, есігіңді қағады.

«Ал, тақуалықты қайдан табамыз?» деген де сұрақ туындауы мүмкін. Тақуалықты Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен іздейміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің ең қайырлыларың – әйелімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың. Ал мен отбасыммен ең жақсы болғандарыңнанмын», – дейді. Сол себепті, отбасылық мәселелерде бізге Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) асқан үлгі жоқ. Сондықтан да, бақытқа, шаттыққа толы шаңырақ құруды қаласақ, ардақты, сүйікті Пайғамбарымыздың өмірбаянына үңілуіміз керек. Қыздарымызды да соған тәрбиелеуіміз керек.

Салтан Сайранұлы

86 2 ER 0.4730
БЕС ЖЕРДЕ АСЫҒУ СҮННЕТ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى للهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يُسْتَجَابُ لِاَحَدِكُمْ مَا لَمْ يَعْجَلْ فَيَقُولُ قَدْ دَعَوْتُ فَلَمْ يُسْتَجَبْ لِى. (د)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Дұға еттім, дұғам қабыл болмады деп асықпасаңдар, дұғаларың қабыл болады”. (Сүнән Әбу Дәуід)

Асығу – бірдеңені мезгілінен тезірек болса екен деп тілеу. Адам табиғаты сабыр мен төзімі аз және көп нәрсені тезірек болса деп тілейтін сипатпен жаратылған. Расында асығыстық шайтанға тән мінез.

Хатәм Әсам былай деген:

“Асығыстық шайтанға тән болғанмен, бес жерде асығу Пайғамбарымыздың (с.a.у.) сүннеті:

- Құдайы қонақ келгенде ас беруде.

- Біреу қайтыс болғанда, oны көмуде (жуып, кебіндеп, жаназа намазын оқып жерлеуге).

- Балиғатқа толған қыз баланы тұрмысқа беруде.

- Мезгілі толған қарызды қайтаруда.

- Күнә жасағанда тәубеге келуде”.

20 0 ER 0.3184
Зина жасаудың екі дүниеде алты түрлі зияны болмақ

Осы дүниеде:

Біріншісі – жүзінде нұр-иманы болмайды;

Екіншісі – өмірі қысқа болады;

Үшіншіcі – кедейлік пен жоқшылыққа өтеді;

О дүниеде:

Біріншісі – сұрағы қатты болады;

Екіншісі – Алла азап беріп қинайды;

Үшіншісі – әлбетте тозаққа түсуіне себеп болады.

43 8 ER 0.3305
Қарыздан құтқарған салауат

Ілгеріде бір адам мұсылман бауырынан бес жүз динар ақша қарыз алады. Келісілген уақытта қайтара алмаған соң, қарыз беруші адам қазыға барып шағымданады. Қазы қарызқор адамды зынданға салуға бұйырады. Сол кезде қарыз алған адам қазыға:

"Құрметті қазы мырза! Мені зынданға салғанын жанұям білмей қалады ғой. Тым болмаса жағдайымды айтып, қоштасып келсем бола ма? - дейді.

Қазы:

"Қашып кетсең не істейміз?! Саған кім кепіл болады?", - дейді.

Қарыз алған адам:

"Кепілге Расулалланы (с.ғ.с) қоямын", - дейді.

Қазы діндар адам болатын. Бұл адамның шынайы ниетпен айтқан сөзіне сеніп, қоя береді. Әлгі адам отбасына келіп, болған жағдайды айтады. Кепілдікке Расулалланы (с.ғ.с) қойғанын естігенде, барлығы жылайды. Бұл жағдайдан шығу үшін бала-шағасымен бірге салауат айта бастайды. Түні бойы салауат оқып отырып, баршасы қалжырап, ұйықтап кетеді. Отағасы түсінде Расулалланы(с.ғ.с) көреді. Расулалла (с.ғ.с) бұл адамға:

"Ертең таңертең қала әкіміне бар. Менен сәлем айт, сенің қиыншылығыңды шешіп берсін. Қияметте мен оған шапағатшы болып, қиындығын шешемін де. Дәлелің не десе, әр күні бұл адам маған мың мәрте салауат айтатын, бірақ өткен түні жартысын ғана айтты. Ана беретін ақшасы соның өтеуі болсын деп айт", - дейді.

Бұл адам таң атқан соң, қала әкіміне барып Расулалланың (с.ғ.с) сәлемін жеткізеді.

Қала әкімі:

"Сен маған сүйінші хабар жеткіздің. Өйткені, кімде-кім түсінде Алла елшісін (с.ғ.с) көрсе, оны көргені. Расулалланың (с.ғ.с) бейнесіне шайтан кіре алмайды. Бірақ, қандай дәлелің бар?, - дейді.

Бұл болса:

"Сіз әр күні мың мәрте Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтады екенсіз. Бірақ өткен түні жартысын ғана айтыпсыз. Соның өтеуі ретінде менің қарызымды төлесін деп айтты", - дейді.

Қала әкімі:

"Алла ұлық! Бұл нәрсені жанымда жатқан жұбайым да білмейді. Сенің түсің ақиқат. Маған сүйінші хабар жеткізгеніңізге Алла разы болсын! ",-деп бес жүз динар қарызын төлеуге, үстінен мың динар сүйінші хабары үшін береді.

Ақшаны ала салымен қазыға асығып келсе,қазы да соттың алдында бұны күтіп тұр.

Қазы:

"Бауырым сені күтіп тұрмын. Сенің шарапатыңмен Расулалланы (с.ғ.с) түсімде көрдім. Маған қарызға батқан адамның ақысын төлесең, Қияметте шапағат етемін деді. Маған одан үлкен бақыт жоқ! Міне бауырым бес жүз динар қарызыңа, ал мына мың динар осы түс үшін, өйткені өмірі мұндай қуанышты түс көрмедім,-дейді.

Осылай, қазымен сөйлесіп тұрғанда, қарыз берген адам да келеді.

Ол да:

"Бауырым сені іздеп келдім. Мен бүгін түсімде Расулалланы (с.ғ.с) көрдім, маған:

"Ана кісінің қарызын кеш. Қияметте саған шапағатым уәжіп болады ", -деді. Қарызымды кештім. Ал, мынау сенің берекетіңмен осы түсті көргенім үшін мың динар сыйлығым", - деп ақшасын береді.

Осылайша кеше ғана қарызын берерге ақша таба алмай тұрған жан салауаттың шарапатымен үйіне төрт мың динар әкеліп, Аллаға көп шүкір етіпті. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) хадисінде:

"Қиямет күні адамдардың Маған ең жақыны – мына дүниеде Маған көп салауат айтқаны"(Ат-Тирмизи),- деп айтқандай, Жаратқан Иеміз бізге көп салауат айтуды және Пайғамбарымызды(с.ғ.с) - түсімізде көруді нәсіп етсін!



Қуат Қабдолда.

41 2 ER 0.3146
АЙНҰР ТҰРСЫНБАЕВА БЫЛАЙ ДЕДІ:

"Студент кезім. Демалыс күні жатақханада босқа жатпайық деп М құрбымның үйіне бардық. Ұйықтап жатқанбыз, айқай-шудан ояндық. Сөйтсек М-ның ажырасып кеткен жеңгесі дүниесін алып кетуге кеп жатыр екен. Түсінгенім келін кедейлеу отбасынан. Дүниесін тиеп алған келін есіктің аузында тұрып, "ертең мына 3 қызыңыз мен құсап дүниесін тиеп әкеп тұрғанда, менің шешемнің қалай қиналғанын түсінерсіз" деді де шығып кетті. Субхан Алла, 3 қыз да ажырасып келді. Бас-аяғы 7 немерені шешелері өле-өлгенше бақты. Былтыр қайтыс боларында "қыздарым, кешіріңдер, бәріне мен кінәлімін" депті.

Осыны естігенде басқа біреуге жамандық жасаймыз деп, өзімізге қастандық қылатынымызды түсіндім.

2003 жылы жақын құрбым ақшадан қатты қысылып, далада қалды. Жалдап тұратын пәтері қуып шықты. Сонда қалтамдағы соңғы 30 мың теңгеме 1 айға пәтер жалдап бердім. Және сол пәтерін төлеп бергенімді міндетсінгендей көп жұмсайтын едім. Содан ертесіне Қызылордаға айтысқа барып тұп-тура 300 мың теңге ұтып алдым.

Сонда берген садақамызды, шын мәнінде, өзімізге беретінімізді түсіндім. Садақа еш уақытта байлықты кемітпейді екен!

"Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның /жұмсағандарыңның/ орнын қайта толтырады. Ол ‒ ризық берушілердің ең қайырлысы" (Сәба" сүресі, 39-аят).

2016 жылы есіктің алдында тұрған машинамды біреу соғып кетті. Камера арқылы тапсам, 18 жасар бала екен. Правасы да жоқ. "Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым ғой, шешем білсе жүрегі ауырады, айтпаңызшы" деп жылады. Әрине, кешірмедім! Анасы да келді еңіреп. 1 айдай жүріп, машинаны жөндеп берді. Былай қарасаң менікі 100% дұрыс.

2 айдан соң 18 жасар менің қызым адам қағып кетті. Алла сақтағанда, жеңіл жарақат қана болған. Байқамай қалдым деп қызым еңіреді. Содан ана баладан күнде кешірім сұрайміз. Ол, әрине, кешірмейді. Сенесіз бе тұп-тура 1 ай дегенде кешіріп, татуласып тарқастық. Ал енді кімді кінәлаймын?!

Сол кезде біреуге жасаған қаталдықты өзімізге жасайтынымызды түсіндім.

Алла Тағала Құранда: "Кімде-кім тозаңның салмағындай жақсылық істесе, соның сауабын көреді. Кімде-кім тозаңның салмағындай жамандық істесе, соның зардабын татады", – дейді (Зілзәлә сүресі)", – деп жазды Тұрсынбаева.

29 17 ER 0.3076
НЕЛІКТЕН ТҮНДЕ ТЕРЕЗЕНІ АШЫП ЖАТУҒА БОЛМАЙДЫ?

Түнде бөлме ыстық болғандықтан терезені ашып жатуға бола ма?

Әлде, Пайғамбарымыздың صلى عليه و سلم бұйрығы бойынша мүлдем ашуға болмай ма?

Құрметті сауал жолдаушы, пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм түнде жатарда есіктерді кілттеп, ыдыс-аяқтардың бетін жабуды және шырақты өшіріп жатуды кеңес еткен[1].

Мұндағы ыдыс-аяқтардың бетін жабу - тазалық шарасы десек, есік-терезені жауып жатуды қауіпсіздік шарасы деп түсінуге болады. Үкімі – мұстахаб (ұнамды). Сондықтан да, терезені ашып жату ешқандай қауіпсіздік тудырмайтын болса, түнде ашып жатудың зияны жоқ, осы орайда терезені ашарда "бисмилләны" айтып ашқан артық болмайды.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! [1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари» -Әшриба»; Имам Мүслім: «Сахих Мүслім» - Әшриба: Сахаба Жәбір риуаят еткен хадисте Алла елшісі былай дейді: «Үйге кіргеннен кейін «бисмилләны» айтып есікті жап. Өйткені, шайтан (бисмилләмен) жабылған есікті аша алмайды. Бисмиллә деп шырағданды өшір. Бисмиллә айтып көлденең қоятын бір шыбықпен болса да шелектердің бетін жап (шыбықты көлденең қой). Бисмиллә деп су құйылған ыдыстың бетін жап».



Абдусамат Қасым

39 1 ER 0.2717
ҚАДІР ТҮНІН ДҰҒАМЕН ӨТКІЗЕЙІК!

1.Ата-ана үшін жасалатын дұға

«Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!»

«Роб-бир-хәм-һу-мәә-кә-мәә роб-бә-иәә-нии со-ғии-роо»

2.Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».

3.Жақсы мінез сұрау

Я, Аллаһ! Мені өмірдің қиындығынан сақтай гөр. Мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен айықтырғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумр. Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә уәсриф ъанни сәий-әһә лә йәсрифу ъаннисәий-әһә иллә әнт».

4.Ризық сұрау

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».

5.Жақсылық сұрау

Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір.

«Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби».

6.Алладан Өзін жақсы көретін жүрек, иман сұрау

Я, Алла! Өзіңді жақсы көруді және Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп ет. Уа, Алла! Сенен мәселенің қайырлысын, жақсы дұға, жақсы нәтиже және жақсы сауап сұраймын. Мені бекем ет және таразымды ауырлат, иманымды нығайт, дәрежемді көтер, намазымды және ғибадаттарымды қабыл ет, қатемді кешір және маған жоғары дәрежелі Жәннатты нәсіп ет!

«Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик. Аллаһумма инни әс- әлукә хайрал-мәс-әләти, уә хайрад-дуъа-и уә хайран-нәжәхи, уә хайрас-сәуәби, уә сәббитни уә сәққил мауазини, уә хаққиқ имәни, уәрфаъ дәражәти, уә тәқаббәл саләти уә ъибәдәти, уәғфир хати-әти уә әс-әлукәд-дәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ».

7.Береке сұрау

Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын.

«Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ».

8.Алланың разылығын сұрау

Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын.

«Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә».

9.Алладан көмек сұрау

Я, Алла! Істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің. Өмірімді ізгі амалдарды көбейту, ал өлімімді барлық жамандықтан демалу қылғайсың. Уа, Раббым! Маған көмектесе гөр және маған қарсы көмектеспегейсің. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме. Мені тура жолға сал және тура жолды маған жеңіл қылғайсың.

«Аллаһумма әслих ли динил-ләзи һууә ъисмәту әмри, уә әслих ли дуния-ялләти фиһә мәъәши, уә әслих ли әхиратил-ләти иләйһә мәъади, уәжъалил-хәятә зиядатән ли фи кулли хайрин, уәжъалил-мәутә рахатән ли мин кулли шәрр. Уә Рабби әъинни уә лә туъин ъаләйя уәнсурни уә лә тәнсур ъаләйя, уәһдини уә йәссирил-һудә ли».

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Раббысының пендеге ең жақын болатын уақыты түннің соңғы бөлігі (мұнда түннiң соңғы үштен бiр бөлігі туралы сөз болуда). Сол сәтте Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!», «Пенденің Раббысына ең жақын болатын уақыты сәждеге бас қойған кезі. Осы уақытта Аллаға көп дұға етіңіздер». Яғни, дұғаларды түннің соңғы бөлігінде және сәждеде жасауға тырысайық!

Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін...

54 2 ER 0.2795
Адамның іштей айтқаны амал дәптерге жазыла ма?

Әссәләмуғалейкум! Ұстаз, адамның іштей айтқаны амал дәптерге жазыла ма?

Жауап
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Адамның іштей айтқаны да, ойлаған ойы да амал дәптерге жазылады деуге негіз бар.

Хадис шәрифте былай делінеді: «Алла Тағала жақсылық пен жамандық хақында жазғанда былай баян етті: «Кімде-кім, бір жақсылық жасауға оқталып, бірақ оны іс жүзіне асыра алмаса, онысын Алла Ттағала өз құзырында «жақсылықты толықтай жасады» деп жазып қояды. Егерде ниет еткен жақсы амалды жүзеге асырса, Алла Тағала оған өз құзырында он сауаптан, жеті жүзден аса сауапқа дейін жазып қояды...».

Аталмыш хадисте ниет қылған жақсы амал жүзеге аспай қалса да онысы «орындалды» деп жазылады делініп тұр. Бұл – іштей ойлаған жақсы, ізгі ойларымыздың амал дәптерге сауап боп жазылатындығын білдіреді.

Хадистің жалғасында: «...Сондай-ақ, кімде-кім бір жамандық істеуге ниеттеніп, алайда ол ниетін жүзеге асырмаса, Алла Тағала өз құзырында «бір жақсылық жасады» деп жазып қояды. Ниетін жүзеге асырған күннің өзінде (жасаған жамандығына) «бір жамандық жасады» деп жазып қояды», – делінген[1].

Яғни, жаман ойларымыз үшін де жауаптымыз. Мысалы, іштегі қызғаныш, көре алмаушылық, әлдекімге деген жаман ойлар қалыптастыру, біреуге жамандық ойлау т.б. бұлардың бәрі амал дәптерге жазылады. Дегенмен, райымыздан қайтып, ойымызды дұрыстайтын болсақ, Алла Тағала кешірім етеді. Онымен қоймай, жаман ойдан тыйылғанымыз үшін де сауапқа бөлейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) не деді? Жаман ниеттен баз кешсе, бір жақсылықтың сауабы жазылады деді.

Мәселенки, басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Жүрегінде зәрредей тәкәппарлық болған адам пейішке кірмейді». Жүректегіні Алла білмесе, өзге адам білмесі анық. Бұның өзі іштегі ойлаған ойымыз бен іштей айтқан сөздеріміздің амал дәптерге жазылатындығына дәлел.

Әйтсе де, жаңа айтып өткеніміздей, адам жаман түсініктерден арылуға тырысып, «әғузуді» не «астағфирулланы» айту арқылы күнәға жетелейтін ойларды қуып отырса, кешірім бар әрі сауапқа кеңеледі.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1] Сахих Бұхари мен Сахих Мүслім. Осы хадиске түсіндірме бере келе белгілі хадисші ғұлама ибн Хажар әл-Асқаләни (м.1372-1448ж.) былай деп өтеді: «Адамның көкейіндегі нәрселерден періштенің хабардар екендігіне осы хадис дәлел. Онысы Алланың білдіруі арқылы болуы мүмкін немесе іштегіні біле алатын қабілет жаратуы арқылы болуы мүмкін». (Фатхул Бари - №6126 хадис).

32 3 ER 0.2428
Алла Тағала он адамның намазын қабыл етпейді

Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала он адамның намазын қабыл етпейді.

Олар:
намазды жалғыз қырағатсыз оқушы,
зекет бермеуші,
бір қауымға олардың разылығынсыз имам болушы,
қашып кеткен құл,
арақ ішуші,
күйеуі разы болмаған әйел,
орамалсыз намаз оқушы әйел,
риба жеуші өсімқор,
залым әмірші,
намазы бұзықтық пен теріс істерден тыймаған адам.

Бұлар намаз оқығанмен Аллаға еш жақындамайды».

25 3 ER 0.2237