Статистика ВК сообщества "Ислам_мен_Иман [Ahl-us-Sunnah wal jama'ah]"

16+
بِســــــــمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِــــــــــيمِ ... Алла біледі. Сендер білмейсіңдер. Нұр сүресі 19 аят .
Количество постов 20 290
Частота постов 132 часа 33 минуты
ER 1.22
62.70% 37.30%
24.14% подписчиков от 21 до 24
77.56% 11.54% 0.00%

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🔷ЖЕТІ ЖАҒДАЙДА СӨЗ ҚОЗҒАМА

1. Кедейдің қасында дүниең туралы.
2. Науқастың алдында деніңнің саулығы туралы.
3. Әлсіздің алдына күш-қуатың жайлы.
4. Жолы болмай жүрген кісінің алдында бақытты екенің жайлы.
5. Түрмедегі кісінің алдында бостандығың туралы.
6. Бедеу кісінің алдында балаларың туралы.
7. Жетімнің алдында әке-шешең туралы.

4 0 ER 0.0327
✅ Жүктi әйел шашын кессе – iштегi бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.

Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды. Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi. Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, была жылауық, өскенде өсекшi болады. Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.

Сәбидiң қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса – қарғысы қатты болады.

Балаға қарғыс өтпеу үшiн оны үш кемпiрдiң бұтынан өткiзiп алады.

Үйге кiрiп келе жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.

Жүктi әйел шашын кессе – iштегi бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.

Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгiлi азамат болып өседi, бүк түсiп ұйықтаса – уайымшыл, жiгерсiз болып шығады, етпетiнен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.

Балаға асық етiн мүжiтпейдi. “Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме” деген бар.

“Бойы өспей қалады” деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.

Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгiсi.

Есiктiң тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетiн, екi алақанын, екi табанын жуса, тәуiр болып кетедi.

Қалы үлкейiп кетпесiн деп, қалымен туған балаға “Қалдыгүл, Қалдыбай” деп ат қояды.

Әйел итке тас лақтырса – үйдiң ырысы кетедi, әйелдiң бағы қайтады.

Аты сүрiншек болады деп балаға төстiң сүрiншегiн жегiзбейдi.

Жеңiлтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.

Келiн атасы мен енесiнiң төсегiне отырмайды.

Толғағы қатты болады деп екiқабат келiншекке толарсақ жегiзбейдi.

Жас босанған әйел 40 күнге дейiн қолын суық суға малса – баласы тас бауыр болады.

Бөбек мезгiлiнде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткiзедi, сонда тез еңбектеп кетедi.

Сәбидiң тiлi мезгiлiнде шықпаса – нағашысының үйiнен апарып, бiр қойды сойдырып, соның көтеншегiмен буындырады.
Қатты тиседе ащы шындық тобынан алынған сенбесңіз кіріп көріңіз...

10 0 ER 0.0395
Университет Аль-Азхар один из самых престижных и старейших исламских университетов. Египетский университет является крупнейшим высшим учебным заведением во всем Ближнем Востоке и Африке. Назван в честь дочери пророка Мухаммада Фатимы Захры.

2 0 ER 0.0241
Жаттауға жеңіл дұғалар. Керек болар, қабырғаңызға ала кетіңіз!

1 0 ER 0.0172
ӘЛ-АҚСА МЕШІТІНДЕГІ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейірім мен шапағат айы болған Рамазан айында Әл-Құддыстағы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын әл-Ақса мешітінде орын алған жағдайға алаңдаушылық білдіреді және күрделі мәселенің оң шешімін табуын тілейді.
Алла Тағала қасиетті Құранда: "Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші)" ("Исра" сүресі, 1-аят) деп баяндайды.
Еліміздегі барша мұсылманды қасиетті айдың соңғы күндерінде қасиетті мекеннің тыныштығы үшін дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала қасиетті Әл-Ақсаның бейбітшілік пен амандықта болуын нәсіп етсін! Әмин!

1 0 ER 0.0172
Күйеуі: Асыр намазын оқыдың ба?

Әйелі: Жоқ, жұмыстан шаршап келдім, жатып тынығып алайын, кейін оқимын...

Күйеуі: Жатпай тұрып, қазір бар да оқы.

Әйелі: Жарайды.

Ертесіне куйеуі командировкаға кетті. Жеткенде хабарласушы еді. Бүгін хабар жоқ. Өзі қоңырау шалды. Жауап жоқ. Қайта хабарласты.... жауап жоқ! Солай 4-5 рет хабарласып жауап алмаған соң уайымдай бастады. 4 сағаттан соң күйеуі өзі қоңырау шалды.

Әйелі: Қашан жеттіңіз?

Күйеуі: 4 сағат бұрын.

Әйелі: Сонда содан бері 1 рет хабарласуға қолыңыз тимеді ма? 2 минут уақтыңызды бөле алмадыңыз ба маған? Әлде менің қоңырауымды естімедіңіз бе?

Күйеуі: жоқ естідім. Кеше сен де азанның даусын естігенде жайбарақат отырғансың, сен де Аллаһ разылығына 2 минутыңды бөле алмағансың...

Әйелі: Біраз үнсіз тұрды да, жылап кешірім сұрады.

Күйеуі: Жоқ менен емес Аллаһтан кешірім сұра жане бұны қайталамауға тырыс. Әйтпесе мен де Аллаһтан екеумізге арнап жаннат сұрауға ұяламын деді.....

3 0 ER 0.0190
Ақпарат ағымы – нақты шегі мен шекарасы жоқ сұрапыл күш. Әсіресе, діни білім алу тұрғысынан алғанда ғаламторың қауіптілігі жоғары. Сондықтан болар бүгінде рухани ілім беріп, діни сауат аштырамыз деген шетелдік күмәнді топтардың жалған жарнамаларына алданған жастар көп.

@aqmeshit.kz
@kzo.dzo

0 0 ER 0.0121
«Талибан» ұйымы қайда және қалай пайда болды? Олар мұсылманба? Мұсылман болса қай мәзһабты ұстанады? Олардың шығу тарихы туралы не айтасыз?
«Талибан» араб тілінде «талиб» – ізденуші, шәкірт мағынасын білдіреді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Кеңес үкіметі коммунистік идеологияның аясын кеңейту мақсатымен Ауғанстанға басып кірді. Кеңес әскері коммунистік идеологияны қолдамаған дін адамдарын аяусыз қырып жойды. Осы кезде босқын болып Пәкістан жеріне қашқан Ауған жеткіншектері Пешевардағы Диобенттік бағыттағы Хаккани медресесінде білім алады.

Диобенттік мектеп – фиқһта ханафи мәзһабы, ақидада матруди мектебін ұстанады. Үндістанның Деобенд қалашығында 1866 жылы Рашид Ахмед Гангуһи және Мұхаммед Қасым Нанутеби құрған бұл мектеп ағылшын империализміне қарсы құрылған. Алайда, қозғалыс мүшелері ислам шариғатын қатқыл ұстануымен ерекшеленеді. Осы Деобенттік бағыттағы Хаккани медресесінде білім алған пуштун жастары (таліптер) 1989 жылы Кеңес Үкіметінің әскері кері шегінгенде, Ауғанстанның ішкі саясатына араласа бастады.

Таліптер өздерін: «Алланың шәкірттеріміз» деп атайды. Олар таза шариғатты ұстану арқылы Ауғанстанда ислам мемлекетін құруды көздейді. Әйткенмен, халықаралық сарапшылардың көпшілігі Хаккани медресесінің артында АҚШ саси технологтары тұр деп біледі. Кеңес Үкіметі Ауғанстанды қанға бояп жатқанда, АҚШ қашқын жастардың басын біріктіріп, оларды діни идеологиялық тұрғыдан коммунистік билікке қарсы тәрбиелеу үшін Пәкістандағы Хаккани медресесін қаржыландырған. Тәліптер өсіп жетіле бастағанда, оларды қару-жарақпен һәм қаржымен қамтамасыз етіп, Ауғанстан саясатына араласуға үндеген. Кеңес Үкіметінің әскері 1989 жылы Ауған жерін тастап шыққаннан кейін билік басына келген моджахедтер мен тәліптердің арақатынасына жік түсіп, екі тарап бір-бірімен соғысуға мәжбүр болды.

Пуштун тәліптері 1995 жылы Ауғанстанның басым көпшілігін жаулап алды. Оларға Деобенттік мектептің өкілі Мохаммад Омар жетекшілік жасады. Әу баста Мохаммад Омар Қандағар қаласын тәліп қозғаласының орталығы етті. Кейін 1996 жылы Кабул қаласын басып алып, тәліптер Ауғанстан билігін қолына алды. Мохаммад Омар Ауғанстандағы мемлекет жүйесін ислам шариғатына сай құрғысы келді. Мемлекеттің ең жоғарғы билік институты – «Ислам Шурасы» болды. Ал, мемлекет әмірі болып Мохаммад Омардің өзі сайланды. Тәліптер билікке келе салып, қоғамдық қатынастарды ислам шариғатын сай реттейтін саяси жүйені енгізді. Ислам өмір салтынан өзге үлгілерді немесе зайырлы құндылықтарды тұтыну қылмыс болып есептелді. Қыздар мен әйелдер ниқаб киюге міндеттелді. Оладың қоғамда жұмыс істеуіне шектеу қойылды. Теле-радио жұмысына, музыка тыңдауға үзілді-кесілді тиым салынды. Жалпы, ислам мәдениетіне жат саналған барлық құндылықтар харам деп есептеліп, оны тұтынған немесе жасаған адамдар қатаң жазаланды. Тәліп үкіметі Бамиан аңғарындағы II-V ғасырларда жасалған алып Будда ескерткіштерін қиратумен күллі әлемді үрейлендірді.

2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Әл-Кайда жетекшісі Усама бен Ладен Ауғанстанды келіп паналады. АҚШ үкіметі Ауғанстан басшысы Мохаммад Омардан Усама бен Ладенді ұстап беруді сұрағанмен, ол бұл ұсынысты қанағаттандырған жоқ. Нәтижесінде АҚШ және «Солтүстік Альянс» әскери күштері 2003 жылы Ауғанстан жеріне басып кіріп, тәліптерді биліктен тайдырды. Әйткенмен, тәліптер Ауғанстанның Визаристан аймағында әлі де ықпалды күшке ие.

Мұхан Исахан

2 0 ER 0.0121
Сонгы умит сиздерде Барша мусылман бауырлар. Кишкентай Айбол Батырга кол ушын созайык достар.
Туылганнан ДЦП болып ауру азабына тотеп келуде Айбол батырдын омирге деген талпынысы оте жаксы, алгыр бала.
Казирги танда аягын басу оте киын. Сударга сонгы кездери коп устайды. Алдагы уакытт укен операция жасалуы керек Айболга. Достар
Голд:5169 4971 7820 8900
Перевод: 87471502487.
Инста:arim01.05

0 0 ER 0.0086
🔵Ғибрат! Үлгі алайық...!

Зейнеп Аxметова жас кезінде анасына шағым айта барыпты. Сол кезде анасы: "Шыққан қыз шиден тысқары, сенің түпкілікті тұрағың, түтінін түтетіп, тілеуін тілейтін үйің - күйеуіңнің үйі. Бір еркектің ыстық-суығына төзе алмасаң, кедір-бұдыр мінезін кешіруге кеңдігің жетпесе, жоғын бар етіп, ашылғанын жаба алмасаң, әйелдік ақ жаулықтан садаға кет, -депті.
Қазақы тәрбиенің тереңіне көз салатын болсақ, қазақ әйелі ерін қай заманда болмасын, өзінен бір саты жоғары қойған. "Әйелдердің жақсысы - көзің түскенде қуандырып, бұйырғаныңа мойынсынғаны. Үйіңде болмағаныңда ар-намысың мен малыңды сақтағаны." Қазақ тариxының өткеніне, бүгініне немесе болашағына зер салатын болсақ та, әйелдің бақыты - отбасы. Бұл- қалыптасқан қағида. Дегенмен де, тым төмендеп, өз дәрежеңді жоғалтып алу да - басты қателік. Азаматыңыздың пікірімен санаса отырып, өз пікіріңді өтініш ретінде жеткізе білу керек. Ер адамдар тым ақылды болғанды қаламайды. Сондықтан ер- азаматтарыңыздың алдында пәлсапа соғудың қажеті шамалы. Осы орайда да, Зейнеп Аxметоваға атасының айтқан сөзін пайдамызға жаратуға болады. "Күйеуіңе жақсы жар боламын десең жұғымды, жағымды боламын десең, тым ащы да, тым тәтті де болма! Өте ащы болсаң - түкіріп тастайды, асыра тәтті болсаң - жұтып қояды. Дәмді болу керек." Қолыңнан келгенше сұлу бол, қалағаныңша дана бол. Алайда ақылды да саналы болуға міндеттісің. Шын мәнінде, әйелдер қауымы, соның ішінде қазақ әйелдері саналы болуға міндетті. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі, қан тазалығы, тектілік - әйелдің құдіреттілігінің көрінісі.

1 0 ER 0.0104