Статистика ВК сообщества "Психологиялық тесттер"

0+
Өз-өзіңе сен!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Мысыққа қарап мінезіңізді анықтаңыз

Үй жануарларының арасында еркесі әрі киелісі мысық саналады. Әр үй жануары өз иесіне ұқсайды деген де сөз бар. Суретте көрсетілген мысықтардың бірін таңдап, өз мінезіңіз туралы ақпарат алыңыз.

Мысық №1: сіз – сенімді доссыз
Егер сіз алғашқы мысықты таңдасыңыз, демек сіз – сенімді әрі адал доссыз. Адамдар арасындағы қарым-қатынас сіз үшін бос сөз емес. Жақын жандарыңыз үшін өзіңізді екінші орынға қоюдан қашпайсыз және татуласуға қадамды да сіз жасайсыз. Сіз үшін отқа да, суға да түсетін достарыңыз да көп.

Мысық №2: көңіл көтергенді жақсы көреді
Екінші мысық ойнағанды жақсы көретін мысық түріне жатады. Олар бос уақытын ізденіспен өткізеді. Егер бұл мысықты таңдасаңыз, онда сіз көңіл көтергенді жақсы көретіндер қатарына жатасыз. Кештер мен жиындардан қалмайсыз. Кез келген жаңалыққа қызығушылық танытасыз.

Мысық №3: нәзіктік пен ақыл
Үшінші мысықты таңдасаңыз, сіздің бойыңызда нәзіктік пен ақыл үйлесім тапқан. Ол білім алуға, бірнәрсе үйренуге құштар. Одан бөлек, әркез жан-жағына жылулық сыйлап жүргенді жаныңыз сүйеді.

Мысық №4: өз ойларыңызбен жеке қалғанды жақсы көресіз
Өзіңізге артық назарды қажет етпейсіз. Көбіне жалғыз қалып, ойланғанды дұрыс көресіз. Сағынасаңыз өзіңіз-ақ хабарласып, жағдай сұрайсыз. Бірақ, сізге сағызша жабысып алып, артыңыздан қалмайтын адамдарды жақтырмайсыз.

Мысық №5: ұзақ ашулана алмайсыз
Бесінші мысық "мейн-кун" тұқымына жатады. Ол өзінің елгезек мінезімен танымал. Бұл нұсқаны таңдасаңыз, сіз ұзақ ренжитін адамдардың қатарына жатпайсыз. Бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру – сіздің басты қалауыңыз. Одан бөлек, сіз басқаларға қарағанда әлемді басқаша қарайсыз.

Мысық №6: өнегелі адамдардың қатарына жатасыз
Айналадағы адамдарға жарқын эмоциялар сыйлай алатын адамдардың бірісіз. Сізді эмпат деп те атауға болады, сіз адамдардың жан-дүниесінде не болып жатқанын жақсы сезесіз. Қиын жағдайға тап болған адамдардың бәрі сізден қолдау күтіп, кеңес алады.

5 0 ER 0.0650
Ақшамен доссыз ба? (психологиялық тест)

Бұл психологиялық тест ақшаға қатысты. Аса көп уақытыңызды алмайды, оның үстіне дәлме-дәл келеді. Суретке қарап, көп ойланбастан бір бейнені таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес нөмір мәтінінің жауабын оқыңыз.

1-сурет

Кеңес кезеңіндегі монетаны таңдадыңыз. Ол мақсатқа жету үшін өте көп тер төгуге дағдыланғаныңыздың белгісі. Сіздікі – нағыз адал еңбек. Шектен тыс жұмыс істейсіз, бірақ оны еш міндетсімейсіз. Көп ақша табу үшін тек аянбай күш салу керек деп есептейсіз. Қолда барына шүкір етіп отырасыз, үйреншікті жұмысыңыздан қол үзгіңіз келмейді. Мұндай адамдардың орташа табысы бар, соған да шүкір дейді. Егер табысыңыз артсын десеңіз, тек есекше жегіліп жұмыс істегендер ғана миллиондап табады деген түсініктен арылыңыз. Тәулігіне жиырма сағат жұмыс істеген де, тек төрт сағат жұмыс істеген де бірдей табыс табуы мүмкін. Сондықтан өзіңіз үшін көп табыс не үшін керек, соны анықтап алыңыз.

2-сурет
Қаржы тұрғысынан алғанда өте жақсы таңдадыңыз. Жақын арада ойламаған жерде мол табысқа кенелесіз. Тағдырдың сыйынан бас тартпай, бар мүмкіндікті пайдаланыңыз. Адал еңбек жайын да назардан тыс қалдырмаңыз.

3-сурет
Қаржы жағынан көңіліңіз шалқып өмір сүру үшін біраз жұмыс істеу керек екенін жақсы білесіз. Бұл ойыңызға әрекетіңіз де дәлел. Жасаған жұмысыңызға лайық марапат алуға дағдыланғансыз. Алдағы уақытта табысыңыз еселенеді. Алайда ол жұмыс майданында демалыссыз шапқылай беру керек деген сөз емес.

4-сурет
Көз алдыңызда қомақты қаржыға кенелуге дайын болыңыз. Өзіңіздің жай ғана табыс магниті екеніңізді түсінесіз. Ауқымды лоторея ұтуыңыз мүмкін әлде кездейсоқ мол мұраның иесі боп шығуыңыз ықтимал. Не болса да тағдырдың тамаша тартуынан бас тартпаңыз.

2 0 ER 0.0239
Ең маңыздысы не? (психологиялық тест)

Адам өмірде жайдан-жай ештеңе істемейді. Әр әрекетінің себебі мен салдары болады. Біз тек оның тереңіне үңіле бермейміз. Әр күні шығарған шешіміміз, таңдаған нәрсеміз әлемді қабылдауымызға тікелей байланысты. Мына суретте берілген төрт әрекеттің қайсысын бірінші жасайтыныңызды ойланып көріңіз. Бұл таңдауыңыз да сіз туралы біраз нәрсе айтады.

Егер бірден шайнек тұрған пешті өшіруге жүгірсеңіз, абыржулы күйде жүргеніңізді білдіреді. Сіз барлық әрекетін екі қайтара тексеріп жүретіндер қатарынансыз. Сізге аса мұқият және пысық болу қасиеті тән. Жан-жағыңызды барлай білесіз, сондықтан түрлі жағдайдан тез жол табасыз. Бір жерге кешігіп бара жатсаңыз, мазаңыз қашып, тынышыңыз кетеді.

Ал телефон тұтқасын алуға асықсаңыз, сабырлы адам екеніңізді білдіреді. Қарбылыс тірліктен қашық жүруге тырысасыз. Өмір өз ағысымен жүруін және жиі-жиі демалып тұруды тілейсіз. Үй тірлігі жасалмай жатса да, он минут болсын төсекте жата тұруды жақсы көресіз. Жүрегіңізге жақын жанмен ашық-жарқын араласа бересіз. Алайда анау-мынау адамды жаныңызға жуыта қоймайсыз. Көп адамның ортасы сізге аса ұнамайды.

Бірден балаға ұмтылсаңыз, сіздің жауапкершілігіңіз зор. Өмірді ойын секілді қабылдайсыз. Өзгелерден ерекшелігіңіз тез әрі дұрыс шешім қабылдай білесіз, оның үстіне барлығына өз күшіңізбен жетесіз. Жақындарыңыз сіздің жаныңызда өзін өте жайлы сезінеді. Сізді танитындардың бәрі қиындықта жалғыз тастамайтыныңызды жақсы біледі.

Ең алдымен иттің сазайын беру керек деп шешсеңіз, онда сіз қызба адамсыз. Жүйкеңіз тым жұқа. Айналаңыз үнемі сізді ашуландырғысы кеп тұратындай сезінесіз. Тәртіпке дағдыланғансыз, барлығы ретімен тұрғанын тілейсіз. Тыныштықты сүйесіз және оны қадірлейсіз. Сыртқы тыныштық қана сізді ішкі гармонияға жетелейді. Бір жақсысы сіздің мінезіңізді жақындарыңыз жақсы біледі. Басқалар да бақытты болуы үшін сіз тыныш болсын дейді.

3 1 ER 0.0274
Ой ағыны сізді қайда жетелейді? (тест)

Қандай бағытта қадам басып келесіз? Қазіргі жағдайыңызға көңіліңіз тола ма әлде жаныңыз өзгерісті қалай ма? Адамның мінезіне арналған психологиялық тесттер эмоциялық жай-күйін бағалап, ары қарай дұрыс бағдар беруге арналады. Бүгінгі берілген тест нәтижесін білу үшін сананы бір сәтке істен шығарып, суретке мұқият қараңыз, ол қай бағытта жылжып жатыр? Әлде сол қалпы қозғалмай тұр ма?

Фигура оңға қарай қозғалды
Қара дақтар ақ түске айналады. Ойыңызды мәселелер жаулап алған, тек қиындықтар туралы ғана ойлайсыз. Жаныңызға батқаны сонша, алға қарай жылжитын әл-қауқарыңыз қалмаған. Түнек лабиринттің ішінде адасып, шығарға жол таба алмай жүргендей сезімдесіз.
Ойыңызды басқа арнаға бұрып, сергуге тырысыңыз. Мәселелерді уайымдаған сайын, ол да сізден ажырағысы жоқ. Неғұрлым ойыңызды тез жинақтасаңыз, соғұрлым шешімге де оңай жетесіз.

Фигура солға қарай жылжып барады
Ақ дақ қара дақты басып алды. Көңіл күйіңізді анықтауға арналған тест өміріңізде ақ жолақтар көбейіп келе жатқанын көрсетеді.
Сәтсіздіктердің барлығы артта қалды, қазір бойыңызды қуат кернеп барады. Бақытқа жету жолында кез келген тауды қопаруға дайынсыз. Бастысы, сеніміңізді жоғалтпай, тек алға баса беріңіз.

Жоғары қарай қозғалу
Мұндай қозғалысты көру – өкініш сезімінен хабар береді. Біраз уақыт бұрын қателікке жол бердіңіз, қазір сол жағдай сізге жан таптырар емес.
Өткенге өкініп, тәубеге келу өзіңізді ар алдында тазарта түседі. Бұдан былай ондай келеңсіздікке жол бермейтіндей сабақ алсаңыз болғаны.

Төменге қарай жылжу
Сіз әбден шаршағансыз, ағзаңыз соңғы қуатын жұмсап жұмыс істеп тұрғандай күйдесіз.
Бір сәтке барлығынан демалып, бойыңызға қуат жинап алыңыз. Жұмыс ешқайда қашпайды.

Фигуралардың ретсіз қозғалысы
Тест сіздің өміріңіздегі үйлесімділікті көрсетіп тұр. Жан жайлылығын бұзатын ештеңе жоқ, барлығына риза халдесіз. Бәрі де өз ойыңыздағыдай, жоспарлар орындалып жатыр. Жарайсыз!

Фигуралар қозғалыссыз күйде
Бұл екіұдай сезімде жүргеніңіздің белгісі. Қай бағытқа бет алған дұрыс боларын білмей дал болып жүрсіз.
Дауыл алдындағы тыныштықта тұрғандайсыз, егер бір нәрсені дұрыс істемесеңіз, өкініштен өртенем бе деп қорқасыз. Алаңдамаңыз, ішкі дауысыңызға құлақ түрсеңіз, ол сізді адастырмайды. Барлығы жақсылыққа.

1 0 ER 0.0137
Өмірлік бағытыңызды анықтайтын психологиялық тест

Психологиялық тест адамға өзін және айналасындағы адамдарды тануға мүмкіндік береді. Бұл тест арқылы өмірлік бағытын да анықтай алады.

Егер осы бірінші бейнені таңдаған болсаңыз, алдағы барар бағытыңызды, әр қадамын ойластырып қойғаныңыз абзал. Бұл тек бағдарыңызды белгілеп қана қоймай, жақын жандарыңызбен дұрыс қарым-қатынас орнатуға да септігі тиеді. Егер әлдене сіз жоспарлағандай болмай жатса, қол жетпестей көрінген биікке қол созудан танбаңыз. Жаратылыс өзі сізге ең ұлы армандарыңызға жол ашып береді. Жаңа идеяларды жүзеге асыратын уақыт та алыс емес.

Екінші бейнені таңдар болсаңыз, онда сізді жақындарыңызбен, туыстарыңызбен күрделі әңгімеге күтіп тұр. Оламен мәмілеге келіп, мәселеңізді бір жақты ету керек. Ойға алған ісіңді жүзеге асыру үшін белгілі уақыты келеді. Жаныңыз қалаған іспен айналыссаңыз, түрлі жаңа идея келіп, сол арқылы ақшаның көзі де ашылады. Жоспарыңыз іске аспай жатса ашу шақырмаңыз. Жақындарыңызбен қатынасыңызды да реттейтін тылсым күш барына сеніңіз.

Үшінші бейнені таңдаған болсаңыз, сізді алда өміріңізді түбегейлі өзгертетін жайлар күтіп тұр. Қызық та ерекше кездесулерден соң көңіл күйіңіз, ішкі күйіңіз өзгеріп сала береді. Әсіресе, жаныңыздағы сүйген адамыңызға көбірек көңіл бөліп, түсінбеушіліктің, ұрыстың алдын алыңыз.

2 0 ER 0.0171
Психологиялық тест: Қандай адамсыз?

Психологтар адамның бәт-әлпетінен бастап, жүрген-тұрғанына дейін зерттеп, әр әрекетінен түйін шығарып отыратыны белгілі. Бүгінгі кезек адамның телефонды қалай ұстайтынына байланысты мінезін анықтау.

Егер телефонды бір қолға ұстайтын болсаңыз, бұл сіздің сегіз қырлы, быр сырлы жан екеніңізді көрсетеді. Сіз барлығын тап-тұйнақтай етіп жасайсыз. Өзіңізге не ұнайды, не ұнамайды – бірден анықтайсыз.

Аз тыңдап, көп сөйлейсіз. Бірақ ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейсіз. Шынайы махаббат пен жалған сезімнің парқын ажырата аласыз. Жан жарыңыз үшін тау қопаруға да дайынсыз.

Телефонды екі қолға ұстап, (пернетақтаны) бас бармақ басатын болсаңыз, ер адамның өзіңізге көңіл бөліп, қамқор болуына мүмкіндік туғызасыз. Денеңізді босаңсасытып, қалыпқа келіп алмай, еш іске кірісе алмайсыз. Өзіңізге не керегін өзгелерге ашық айтуды үйреніңіз және эмоцияға ерік беріңіз.

Телефонды екі қолға ұстап, қос бас бармақпен басып, мәтін теретін болсаңыз, жетістікке күрделі жолмен жетесіз. Ол үшін жаныңызда бағыт-бағдар берер сенімді серігіңіз болуы керек. Сонда ғана өзіңізге сеніп, алға қадам басасыз. Біреу қолдап отырмаса, еш іске мойын бұра алмайсыз. Айналаңыздан қолдау көрмедіңіз екен, бітті. Бәрі кері кетуі мүмкін.

Телефонды бір қолға ұстап, сұқ саусақпен мәтін теретін болсаңыз, сізге тыныш та бірқалыпты өмір тән. Өзгелер әлденеге қол жеткізу үшін барлығын құрбан етуге барсыз. Адам көп жиналған жерден бойыңызды аулақ саласыз. Жаныңыз жай табатын тыныш жерде ұзақ уақыт тұрақтайсыз. Махаббатта да солай, тыныш өмірді таңдайсыз. Тек жақындарыңыздың көз жасын көтере алмайсыз. Жаныңызға кім қандай қаяу салса да, бірден кешіре бересіз.

1 2 ER 0.0205
Қай санды таңдайсыз? (психологиялық тест)

Өмірімізде не боларын, өзіміздің басты қкөзге түсетін қасиетіміз қандай екенін бәріміз де білгіміз келеді. Ол үшін осы төрт санның біреуін таңдау жеткілікті. 7, 24, 61 немесе 3, біреуін таңдаңыз да, сәйкес сипаттаманы оқыңыз.

7: Сіздің қиялыңыз ұшқырлығы соншалық, тіпті мен деегн жазушылардың өзіне қызғаныш сезімін туғызасыз. Саяхаттауға деген құштарлық пен жаңаны тануға деген ынтаның арқасында адам ойына келмейтін оқиғаларды елестетіп, ойлап шығара аласыз. Армандауға жаныңыз құмар. Соның арқасында жаңа идеялардың жаршысы болып жүресіз. Басты қасиетіңіз: қиялдау.

24: Сіз өмір бойы тәуелсіздікті көксеп келесіз, оған жетіп те қалдыңыз деуге болады. Әрдайым өз жолыңызды ғана таңдайсыз. Ақылыңызбен және ерлігіңізбен ерекшеленесіз. Ал жетістікке жеткеннен кейін оны міндетті түрде айналаңыздағылармен бөлісуге асығасыз. Басты қасиетіңіз: еркіндік.

61: Сіз шаттықты өмірдің фонтанысыз. Жаныңыздағы адамдар сізге қарап-ақ бойына қуат алады. Сіз өзгелерге шуақ шаша жүріп, әрдайым өмірге балғын көзбен қарауға дайын тұрасыз. Айналаңызда үнемі көңілді де өмірге құштар жандар жүргенін қалайсыз. Кейде көп сөйлейсіз. бірақ бұл сіз үшін артықшылық болып есептеледі, себебі жаныңыздан әрқашан пікір алмасатын өзіңіз секілді адам табылады. Басты қасиетіңіз: берекелік.

3: Түсіністік. Адамдардың барлығына түсіністік танытып, олардың орнына өзіңізді қойып көресіз. Барлық адамды өзім деп жақсы көресіз, оларға ең жақсы кеңес беретін жақыны да сіз. Бәріне қолыңыздан келгенше көмек көрсетп, көңілін көтеруге тырысасыз. Басты қасиетіңіз: мойынсұну.

0 1 ER 0.0137
Тест. Алғаш көргеніңіз – сіздің уайымыңыз

Адамның сырт келбеті кез келген уақытта ішкі күйін жетік көрсете бермейді. Әркімнің өз уайымы, бас ауыртқан мәселесі бар. Сіздің де санаңыз алысқан нәрсе болса, төмендегі сурет арқылы анықтап көрейік. Бұл суреттен бірінші нені байқадыңыз? Мына тізімнен тауып, сараптамасын оқып шығыңыз және кеңесті ескеріңіз.

Пантера

Ең бірінші пантераны байқасаңыз, сіздегі күйзеліс қарым-қатынастан туып отыр деген сөз. Сүйіктіңізбен араңыз алыстап бара жатқанын сезіп жүрсіз. Бәрін қалпына келтіру үшін ең алғашқы кездесуді, сүйіктіңіздің риясыз күлкісін, сізге деген ықыласын білдірген кезін еске түсіріңіз. Бастысы – жылы сөз бен жылы шырай.

Арыстан

Қарапайым дүниені жасау (үй жинау, киім үтіктеу, көлік айдау, т.с.с) аяқ астынан күрделі боп кетсе, бір апта еңбек демалысын алған дұрыс. Бірақ бұл демалысты өзіңізге арнауыңыз керек. Эгоңызды осы суреттен іздеп отырғаныңыз, арыстанды таңдағаныңыз осыған дәлел болып отыр. Стиліңізді, шаш қою әдісіңізді, қажет болса (бар болса) көлігіңізді ауыстырсаңыз да ұтылмайсыз.

Зебра

Отбасыңыз – сіз үшін алдыңғы шепте және олар үшін жаныңызды бересіз. Тіпті, әрқайсысын ойлап, ұзақ уақыт көз ілмейсіз. Уайым жемеңіз. Оларға бағыт-бағдар беріп, сыртынан бақылап жүрсеңіз, олар да өз бетімен өмір сүруді үйренетін болады. Бәрінің басын қосып, болашаққа құрған мақсат-жоспарын біліп отырыңыз, осы әлдеқайда пайдалырақ.

Керік

Керік байқасаңыз, жұмыс пен қаржылық жағдайыңызды қатты алаңдап жүргеніңізді білдіреді. Бәсекелестік кез келген жерде болады. Қаржылық қысым да ешкімге оңай соқпасы анық. Технология дамыған кезде сізде заман талабынан қалмай, өзіңізді кәсіби тұрғыда дамытыңыз. Тегін курстарға барып, онлайн шеберлік сыныптарды қараңыз.

Көгілдір құс

Алдымен көгілдір құсқа көзіңіз түссе, өзіңізді жапанда жалғыз қалғандай сезініп жүрсіз дегенді білдіреді. Бұл қазіргі таңда орынды мәселе. Адамдар қолдарындағы құрылғымен тіл табысып, көңіл күйін «сары бауырсақтармен» білдіріп жатса, сіздің кінәңіз емес. Олармен сөйлесе алмай жатсаңыз, бетпе-бет кездесуге шақырыңыз. Альтернативті нұсқалар ұсынып, көп уақытты шынайы өмірге арнауын «өтініңіз».

Ала құс

Бұл құстарды байқасаңыз, сіз де жалғыздықтан құса боп жүрген адамсыз. Бірақ сіз ойыңызды, сезіміңізді айта алмай жүрген «жалғызсыз». Ешкімге сырыңызды бөліскіңіз келмейді. Неге? Қорықпаңыз. Отбасыңыз, достарыңыз сізді тыңдай алады әрі сізге кеңес береді, қиналғанда жаныңыздан табылады.

Міне, осындай сараптама. Сіз алдымен нені байқап едіңіз? Шынымен сәйкес келді ме? Онымен қалай күреспексіз? Ойыңызды жаза отырыңыз.

2 0 ER 0.0136
Баланың анасы кім? (психологиялық тест)

Өте қарапайым тестті байқап көріңіз. Суретке қараңыз да, екі келіншектің қайсысы баланың анасы деген сұраққа іштей жауап беріңіз.

Нөмірі бір
Бұл жасы аздап үлкен, өзіне сенімді, ұстамды адамдай көрінеді. Бұл әйелді таңдаған жанның логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Сіздің өз қағидаларыңыз бар. Одан ешқашан аттап кетпейсіз. Кез келген жерде тайсалмай, тек алға қадам жасайсыз. Жоспарыңыздың барлығын орындап отырасыз. Жауапкершілігіңіз жоғары. Әр ұсақ-түйекті назардан тыс қалдырмайсыз. Сезіміңізді бақылауда ұстай аласыз. Жүрегіңізді емес, ақылыңызды тыңдайсыз. Өмірдің барлық саласына бейімделіп кете аласыз. IT саласында өзіңізді сынап көріңіз, сонымен қатар қаржы саласы да сізге жақын. Бұл бағытта біраз жетістікке жете аласыз.

Нөмірі екі
Бұл әйел жасырақ көрінеді, шашын жинауы мен киіну стилі де заманға да сай. Мұндай таңдау жасаған адамның ойлау жүйесі абстаркті тұрғысында. Сіз шығармашылыққа жақын тұлғасыз. Өзгелерден өзгеше ойлайсыз, Көппен тез тіл табысасыз. Бір көрген адамды өзіңізге баурап тұратын қасиетіңіз бар. Барлығын дос тұтасыз. Талғамыңыз да ерекше. Шығармашылық бағыттың барлық саласында: музыка, көркемөнер, дизайн, басқа да өнеріңізді жаңа қырынан ашыңыз. Таза ауада демалып, барлық жерден шабыт іздеп жүресіз.

2 3 ER 0.0239
Суреттен не көрдіңіз? (психологиялық тест)


Суретке мұқият қараңыз да, не көргеніңізді есте сақтап алыңыз. Тек көзіңізге түскен бірінші заттың жауабы ғана сізге сәйкес келеді.

Қол. Көшбасшылық қабілеті мол адамның көзіне бірден осы сурет ілігеді. Қазір бар назарыңыз жұмыста шығар әлде жаңа жобаны қолға алғалы жатсыз. Білек сыбана кіріскен ісіңізге әлі де көп еңбек сіңіруіңіз керек. Ал нәтижесі көп ұзамай көңіл қуантарына сене беріңіз.

Пальма. Демалысты аңсап шаршаған адам бірден осы картинаны көреді. Бірінші кезекте пальманы байқасаңыз, әбден қалжыраған екенсіз. Бір адамдай демаларлық жұмыс істеген шығарсыз, енді бір сәт өзіңізге еркіндік беру жағын ойластырыңыз.

Шам (лампа). Ақыл-ой жүйесі техникалық бағытқа бұрылған адам осы бейнені көреді. Қазір аса маңызды техникалық мәселені шешуге бар зейініңізді шоғырландырып жүрген боларсыз. Алаңдамаңыз, көп ұзамай оң нәтижені де көресіз.

Тотықұс. Бұл көтеріңкі көңілден хабар береді. Романтик, оптимист, қиялшыл болудың ауылы сізден алыс емес. Негізі сізге өміріңіздегі біраз нәрсеге жауапкершілікпен қарап, салмақтырақ болу керек.

0 0 ER 0.0068