Статистика ВК сообщества "Өмір жайлы бірер сөз"

16+
Қазақстанның ақылына көркі сай қыз-келіншектері! Бұл парақша сіздерге арналады. Сіздерді мазалаған сыр, құпияларыңызбен осы топта бөлісулері
Количество постов 55 417
Частота постов 19 часов 28 минут
ER 0.82
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Салеметсіздер ме, Қазақ елі.
Көп түкірсе көл дейдіғой ұлымның еміне кішкене каржы жетпей толықпай тұр.Инстаграмда сбор аштық
Бірақ толық жиналмай тұр. Баламның Диагнозы ДЦП. Отырып аяқ басып кетуіне кішкене болсада үлкесіңізді қосып кетулеріңізді сұраймын. Өзім жақында босанғалы жатырмын 3 4 айда. Соган дейін хотьябы баламның бір еміне болсада үлгерейін деп сіздерден комек сурап жатырмын. Барлығыңызга Алла разы болсын. Аллам ешкімді баламен сынамасын. Балапандар ауырмасыншы. 😔😢

Каспи голд 87074135019.
Майра Б.

2 50 ER 0.1820
Отбасының 7 қағидасы:

1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;

2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;

3) Қандай сыйлы қонақ келсе де,үйімізге ішімдік кіргізбейміз;

4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;

5) Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;

6) Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;

7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды.

(с) Бейсен Құранбек

25 12 ER 0.0908
Әні де, әдемілігі де жарасқан бұл бұл еді. Мәдина апамыз есіңізде ме?

1 3 ER 0.0610
Нағыз байлық деген не?!.....

Күндердің күнінде бір кедей жалғызбасты ана емізулі баласын құшақтап үй аралап садақа сұрап жүреді. Сонда ананың алдында зәулім сарай үй кездеседі. Бір ақша берсе сол үй береді, деген үмітпен әлгі ана үйдің қақпасын қағады. Сонда қақпаның арғы жағынан үй егесі шығып анадан мән жайды сұрайды. Ананың мұқтаждығын естіген үй егесі оған:

— Сенің қолыңда балаңда бағар қаражат жоқ. Оданда сол балаңды маған бер, мен саған орнына байлығымның жартысын беремін, дейді. Мұндай ұсынысты күтпеген кейуана дереу бас тартады. Сонда үй иесі оған қайта:

— Жарайды, онда сен маған баланың бір қолын бер мен саған орнына байлығымның 3/1 бөлігін беремін, дейді. Кейуана бұған да келіспейді. Сонда тағы:

— Онда балаңның бір кіші саусағын бер мен саған дәулетімнің 4/1 бөлігін беремін дейді. Бұған да кейуана келіспей баласын құшағына қатты басады. Сонда үй егесі сөзін қорыта:

— Көрдің бе?, саған қанша байлық ұсынсам да сен ойланбастан бас тарттың. Сен менен бай жансын. Себебі, менде жоқ перзент сенде бар. Ал, перзент деген ол біздің ешбір құнға сатып ала алмайтын барлық байлығымыз, деген екен. Алла тағаланың берген.......

БАЛАЛАРЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!!!

27 13 ER 0.0700
Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.

• Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.

• Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.

• Таспен атқанды аспен ат - жеңесің. Содан кейін алшақ жүр.

• Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.

• Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.

• Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын.

• Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тəрбиелей бер.

• Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа!

• Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.

• Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.

• Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.

• Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.

• Жүйкең əлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сəттерге бапта.

• Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі - жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі - тұңғиық, батасың да кетесің.

• Сырыңды ешкімге алдыртпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.

• Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!

• Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме!

• Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!

• Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.

• Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!

• Ұрпақ тəрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

• Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал!

(с) Бауыржан Момышұлы

62 5 ER 0.0747
Қалаулымнан мың есе артық бағдарлама еді. Келісесіздер ме?

0 8 ER 0.0500
Қызғанбайтын болдық-ау қатынды да,
Ғаламторда тілдесіп жатыр мұнда.
Қандай дос ол, кімменен сөйлесті деп,
Салынбаймыз сары уайым, қайғы мұңға.
Өйткені рас, өзің де желідесің,
Еркелермен есіріп ерігесің.
Бойдақпын деп, жар іздеп жүргендей бір,
Болса дейсің жас қыздан көңілдесің.
Қатыным сезбесін деп үндемейсің,
Қайдан келдің, кіммен деп,термемейсін.
Өз кінәңді жарыңнан жасырам деп,
Жұбайыңды тексеріп үлгермейсің.
Әлеуметтік желілер көбейуде,
Күннен күнге сан түрі көркейуде.
Жалаңаштық жаhанды жаулап алып,
Жас ұрпақтың санасын игеруде.
Жан досыңның жарына көз саласың,
Неткен сұлу, көркем деп тамсанасың.
Құдай қосқан қосағың ұмыт болар,
Өзге жанның құшағын аңсағасын.
Тәрбие тәлім алып өзге елден,
Ауруға да шалдықтық лезде келген.
Баламыз ғаламторда не көреді деп,
Қарамаймыз, қорғаштап ерсі желден.
Көкейде бір сұрақ бар жауабы жоқ,
Көбейуде ерлерім сауабы жоқ.
Сауна кезген серілер кесірінен,
Жетімдердің көз жасы жауады көп.
Жараса ма, айтуға жігіт десек,
Аңдығаны өсек пен, болса төсек.
Бір ананың өрімдей жас шыбығын,
Алдап арбап, көндірсе кеуде төсеп.
Ей, пенде, құмарлықты қоймадың ба?
Сауыққа сайран салар тоймадың ба?
Жас қыздың ар намысын қорлағанда,
Анаңды, қарындасты ойладың ба?
Уа жаратқан, тәңірім, раббым Алла,
Тәнімді мүгедек қыл, бәрін жалма.
Тек қана басымды иіп өтінерім,
Жүректен иманымды суырып алма.

Ринат Зайытов

19 18 ER 0.0557
АНА деген зор құрметке лайық жан ғой.

Кім келіседі?

0 8 ER 0.0399
Балаларым ешкімнен кем болмасын деп ештеңеге қарамай еңбек етіп жүрген АНАЛАРЫМЫЗ аман болсын 🙏

1 2 ER 0.0363
Семей қаласының 14 жасар тұрғыны Нұржігіт Әшімжанов Ертіс өзенінің жағасында батып бара жатқан қызды құтқарамын деп ерлікпен қаза тапты.

Нұржігіт Ертіс өзеніне достарымен демалуға барған. Кенеттен суға батып бара жатқан қызды көріп, өзі жақсы жүзу білмесе де батырлық танытып суға секірді. Қызды жағаға дейін жеткізуге күші жеткенімен, өзі жағаға шығуға халі шыдамады. Оқиға куәгерлері Нұржігітті ес-түссіз күйде судан шығарып, аман алып қалу үшін барлық амалды жасады. Жедел-жәрдем бригадасы да жасөспірімді реанимациялық шаралармен қамтамасыз етті. Бірақ, жас батыр мәңгілік мекенге аттанып кетті.

Келесі күні Нұржігіт қайтыс болғаннан кейін «Суға батып бара жатқан адамдарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Кең жүректі кішкентай батыр!

0 29 ER 0.0436