Статистика ВК сообщества "muftyat.kz - ҚМДБ | ДУМК"

0+
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының VK.com-дағы ресми парақшасына қош келдіңіз!
Количество постов 11 809
Частота постов 50 часов 27 минут
ER 10.07
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

😥 Кетіп барасың ба, уа, Рамазан? Біз сені сағынамыз. Сен қайта айналып келгенде біздің аман болуымызды Алладан тілейміз.

🌙👑 Көріскенше, айлардың сұлтаны!

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #Рамазан2022

8 4 ER 0.4195
🤲 Жәбірейіл (а.с.) періште бір күні былай деп тілепті:

–Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) деген Әбу Бәкірдің (р.а.) достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді…

…Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. Жәбірейіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден:

– Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (ﷺ) достығы үшін маған садақа тастаған адамның Алла тағала бар күнәсін кешірсін! - деп естірте дауыстай бастады. Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланбастан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да:

–Қане, тағы бір рет қайталашы? - деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады. Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда Әбу Бәкірде әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады. Сосын Біләлді (р.а.) шақыртып:

–Ей, Біләл! Айшаның үйіне барып маған бір киім әкел, — деді.

Біләл (р.а.) кетіп бара жатып жолшыбай Пайғамбарымызға (ﷺ) жолығып қалады. Алла елшісі (ﷺ)

–Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті бара жатқаныңды мен айтайын ба, әлде өзің айтасың ба?- деді. Біләл (р.а.) әдеп сақтап:

– Сіз айтыңыз,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған былай деді:

–Жол шетінде отырған соқыр, ол Жәбірейіл періште. Әбу Бәкірдің маған деген зор сүйіспеншілігі мен арамыздағы қыл өтпес достықтың қаншалықты адал екендігіне көз жеткізу үшін Алла тағаланың әмірімен осындай бейнеде келген.

Бұл кезде Әбу Бәкір (р.а.) Біләлді күтіп тұрды. Біләл Айшаның үйінен киім әкелді. Әбу Бәкір әкелген киімдерді киді.

Періште Жәбірейіл Расулаллаһтың (ﷺ) алдына келіп:

–Уа, Мұхаммед! Жәй ғана Әбу Бәкір Сыддықты бір сынамақшы болғаным болмаса, бұл киімдердің маған қажеті жоқ еді,- деп, Әбу Бәкір берген қымбат киімдердің бәрін қолына ұстатты.

Пайғамбарымыз (ﷺ) Жәбірейіл періште тастап кеткен киімдерді Әбу Бәкірдің өзіне әкелді. Ол болса:

–Сіздің жолыңызға арнап менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті жоқ. Кімге көңіліңіз соқса, соған берерсіз, - деген болатын.

Иә, Пайғамбарды ﷺөзінен де қатты жақсы көрмейінше ешкімнің де иманы толық болмайтындығы шындық.

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #ғибратнама

40 33 ER 0.4996
☀️ Бір күні ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (ﷺ) қызы Фатима әкесінен сұрайды:

- Әкетай! Дүние жүзінде ең бірінші жұмаққа кіретін кім?
- Анау төменгі ауылда, пәлен үйде тұратын бір кісі бар. Бірінші жұмаққа кіретін – сол, - деді Алла елшісі (ﷺ).

⏳ Хазреті Фатима бұл кісіні көруге құмартады. Айтқан үйге барып, есікті қағады. Арғы жақта қартайған бір әйел кісінің дауысы шығады:

- Бұл кім екен?
- Мен ғой, Фатима. Хазреті Пайғамбардың қызы Фатима.
Енді әлгі дауыстың қиналып, абыржып шыққаны байқалады:

- Айналайын, қызым! Сен ренжімеші! Бірақ отағасының рұқсаты болмаса, сені үйге кіргізе алмаймын. Мен бүгін рұқсат сұрап қояйын. Сен ертең келе аласың ба?

Бұл Фатима үшін күтпеген жағдай еді. Алғашқыда сасып қалады. Бірақ кері қайтып кетеді. Ертеңіне әлгі қақпаны тағы барып ұрады. Қасына сүйікті ұлдары Хасан мен Хусейнді ертіп алады. Әлгі әйел тағы да жөн сұрайды:

- Бұл кім, қасыңдағы кімдер?
- Бұл мен ғой, Фатима. Қасымдағы балаларым.
- Жаным, Фатима, айыпқа бұйырмашы. Мен күйеуімнен тек сен үшін рұқсат сұрап едім. Балаларың келетінін білмедім ғой. Тағы да ертең келесің бе? Рұқсат алып қояйын.

Фатима кері қайтады. Күн өткен сайын таң қалысы артып жатыр. Ертесіне тағы келеді.

- Бұл кім?
- Фатима.

🚪Сол кезде есік ашылады. Міне, қызық, кешеден бері дауысына қарап, үлкен апа шығар деп жүргені жап-жас, әп-әдемі келіншек екен. Фатима таң қалып сұрайды:

- Менімен сөйлесіп жүрген апа қайда?
Әлгі әйел ауызындағы тасты шығарып алып тастады да: «Ол мен ғой» - деді.

- Ұртыңызға неге тас салып алғансыз?
- Жолдан әрі-бері өтушілер болып қалып, менің себебімнен күнәлі болып қалмасын деген ниетім еді...

Міне, жұмаққа алғаш кіретін әйел осындай болған екен. Осы оқиғадан үлгі алуымыз керек-ақ. Күйеуіне соншалықты адал, діндар әйел. Сондай-ақ әйел кісінің даусының өзі кейде адамды күнәға батырып қоюы ықтимал.

✍ Асылбек Әуезханұлы

🌐 [club83400976|"Әзірет Сұлтан" мешіті]
📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #ғибратнама

53 2 ER 0.4247
☪️ Ханафи мәзһабында қырағат қылу – намаздың рүкіні. «Фатиха» сүресін оқу уәжіп, ал имамға ұйыған адам сүре оқымайды. Құран Кәрімде:

📖 «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхеметке бөленесіңдер»[1].

🔷️ Аяттың түсу себебінде имам Рази мына оқиғаны келтіреді: «Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі ﷺ намазда құран аятын оқып жатқан кезде артындағы сахабалардың бірі Алла елшісімен ﷺ бірге дауыстап Құран оқыды. Олардың дауыстары араласып кетті. Осы кезде жоғарыдағы аят түсті»[2] деді.

🔶️ Имам Ахмад: «Ғалымдар бұл аятты намазға қатысты екеніне бір ауыздан келіскенін»[3] жеткізеді. Жоғарыда келтірілген аяттағы «тыңдаңдар» дегені бұйрық дауысталып оқылатын намаздарды, ал «үндемеңдер» дегені іштей оқылатын намаздарды қамтыған. Сахаба Имран ибн Хусайн былай дейді:

📚«Пайғамбарымыз ﷺ бізге бесінде ме, жоқ екінті де ме имам болып, намаз оқыды. Намаздан кейін бізге қарап: «Қайсысың артымда тұрып «Сәббихисма Раббикәл әълә» деген?» – деп, сұрады. Ұюшылардың бірі: «Мен едім, бірақ, жаман ойым болған жоқ», – деп, жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ (өзгелердің имаммен қоса жарысып оқып тұруын дұрыс көрмей): «Қайсысы менімен жарысып тұрған деп ойлап қалдым»[4] - деген.

Пайғамбарымыздың ﷺ бір хадисінде: «Негізінде, имам басқалардың оған намазда ілесу үшін ғана қойылған. Ол тәкбір айтқанда, тәкбір айтыңдар! Ол Құран оқығанда, үндемеңдер»[5] делінген.

Сахаба Сайд ибн Сәбиттен имамның артында қосылып қырағат ету жайында сұрағанда, Ол (Алла оған разы болсын):
«Еш жерде имамның артында қырағат ету жоқ» деп жауап берген [6]. Имамның рукуғына үлгерген адам ижмағ бойынша ракәғатқа үлгерген болып санады. Бұл жерден имамның қырағаты ұйыған адамға жекткілікті болғаның аңғарамыз. Ханафи мәзһабының ғалымы Абдулла ибн Мубаракпен қатар Малик ибн Анас, Ахмад ибн Ханбал, Ибн Шихаб аз-Зухари, Исхақ ибн Рахауайхи сынды ғалымдар имамның артынан ұйыған адам сүре оқымайды деп санаған [7].

Қорыта келе, имамға ұйыған адам дұғаларды ғана іштей оқып, фатиха және қосымша сүрелерді оқымайды.

✍ Еркебұлан Олжабайұлы, Ерейментау аудандық «Тоқан Хазрет» мешітінің бас имамы

[1] «Ағраф»сүресі, 204-аят.
[2] Тафсир ал-Кабир, имам Рази, 4т, 500б.
[3] Шарх Сунан Ибн Мажа, 1/61
[4] Мүслім, №398
[5] Сунан Ибн Мажа, 1/276
[6] Сахих Муслим №577
[7] Бадаи ас-Санаи 1/160.

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #сұрақжауап

37 10 ER 0.3588
☪️ Пайғамбарымыз (ﷺ) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:

– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын!

Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:

– Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.

Алайда рұқсат берілмеді. Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз (ﷺ):

– Өкініштісі, олар бүгін ораза ұстаған жоқ. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбаттаған) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып тастасын, – деді.

Әлгі кісі айтылғандарды қыздарына айна-қатесіз жеткізді. Олар бұйрықты орындап, өздерін күштегенде кесек-кесек қан құсып жіберді. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымызға (ﷺ) білдіргенде, ол:

– Құдіреті күшті Алла Тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамағанда, тозақта күйдіретін от асаған болар еді, – деді.

...Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #ғибратнама

23 2 ER 0.3027
🌱⛏ Бір күні Айбол әкесімен бірге бақ ішінде шөп орып жүрген-ді. Әкесі:

– Балам, бір шыны суық су әкеліп берші, - деді. Айбол су әкеліп берді де, әкесінің қасына отыра кетті.

🕌 Әкесі суды ішіп жатқан кезде мешіттің мұнарасынан азанның дауысы естіле бастады. Әкесі баласына бұрылып:

– Рақмет, Айбол! Сен өзіңе айтқан тапсырманы орындадың. Маған су әкеліп, шөлімді қандырдың. Енді Алла Тағаланың не деп тапсырма беріп жатқанын естіген боларсың, - деді. Айбол әкесіне таңырқап қарады да:

– Әке, сонда Алла Тағала бізден қандай тапсырма орындағанымызды қалайды? – деп сұрады.
– Иә, балам. Алла бізден бір нәрсені орындауымызды қалайды.
– Әке, бірақ қандай тапсырма екенін түсінбедім.
– Бірақ сен азанды естіп тұрсың ғой!
– Иә, әрине естіп тұрмын.
– Ендеше балам, есіңде сақта, Алла Тағала бізге әртүрлі жолдар арқылы ескерту жасайды. Мәселен осы шақырылып жатқан азан сөздері бізді, яғни, мұсылмандарды намазға шақыруда. Сондықтан әр шақырған сайын біз Алланың тапсырмасын орындауымыз қажет, - деді әкесі.

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #ғибратнама

18 2 ER 0.2731
رَبِّ هَبْ لِي حُكْمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ

🤲 «Уа, Раббым! Менің бойыма даналық бере көр! Мені (үнемі игі істер істейтін) ізгі құлдарыңның қатарына қоса көр!»

📖 «Шұғара» сүресі, 83-аят

☀️ Жұма мүбәрак болсын!

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #күндердіңсұлтаны

15 5 ER 0.2592
🤲 Пенде Алла Тағалаға жалбарынып, дұға еткеннен кейiн «әмин» деп, тiлегi қабыл болуын сұрайды. Бұл амал өз бастауын Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар заманынан алады.

☪️ Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған намазда және дұғада «әмин» (деп айту) нәсіп болды, бұл менен бұрын Мұсадан басқа ешкімге нәсіп болмаған, Мұса дұға қылғанда, Һарун «әмин» деп тұратын. Сондықтан дұғаны әминмен аяқтаңдар. Өйткені Алла сендерден мұны қабыл етеді», – деп өсиет еткен (Ибн Хузайма).

📚 Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Имам «әмин» дегенде, сендер де «әмин» деп айтыңдар. Өйткені кімнің («әмин» деп айтқан) сөзі періштелердің айтуымен тура (пара-пар) келсе, оның бұрынғы өткен күнәсі кешіріледі», – деген (Бұхари, Мүслим).

Тағы бір хадисте: «Әмин деп айтпайтын адамның мысалы бір адамдармен бірге жорыққа шыққан кісіге ұқсайды. Олар жеребе тартып, жебе суырысқанда, барлығының жебесі шығыпты да, оның жебесі еш шықпапты. Сонда ол: «Менің жебем неліктен еш шықпады?» – дегенде, оған: «Өйткені, сен «әмин» деп айтпадың», – делініпті» (Әбу Яғлә).

Негізінде «әмин» арабтың сөзі емес, басқа тілден енген сөз. Имам Қуртуби (Алла оны рақымына алсын) айтады: «Ғалымдардың басым көпшiлiгiнің пікірінше, «әмин» сөзi «Уа, Алла! Бізден қабыл ет!» – деген мағынаны бiлдiрiп, дұға ұғымында қолданылады».

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) айтады: «Мен Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «әмин» сөзiнiң мағынасы не?» деп сұрағанымда, ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Раббым! Тiлегiмдi қабыл ет», – деп жауап бердi»
(«Әл-Жамиғу ли ахкам әл-Құран»). Сондай-ақ ғалымдар оның «солай болсын», «үмітімізді еш етпе» деген мағынасы да бар дейді.

Арабтар әлиф әрпін созып («әәмиин») және созбай («әмиин») екі түрде айтады. Қалай айтылса да, мағынасы өзгермейді, солай қала береді. Қазақ халқының дұғада «әмин» немесе «әумин» деп айтуы – «Алла қабыл етсін, сауабын жазсын» деген ниетінің көрінісі. Екеуі де қолданыстағы сөздер болғандықтан, мағынасы бірдей деуге болады. Қазақ әу бастан бата бер-генде «әумин» деп те қолданған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты дайындаған «Орфографиялық сөздікте» қазақ тілінің заңдылығы бойынша «әумин» жазу керектіні көрсетілген. Сондықтан оны қате деп айтпаймыз.

Бұл мәселеде «олай емес, былай» деп талас-тартыс жасамау қажет.

✍ Дайындаған Хасан Аманқұл

📰 «Мұнара» газеті, №11, 2021 жыл

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #сұрақжауап

22 18 ER 0.2785
🌃 Қадір түнінде оқылатын дұға

🤲 «Аллаһумма иннәкә ғафу’ун тухиббуль ғафуә, фәғфу анни!»

📜 Мағынасы: «Уа Жаратушы ием! Сөзсіз Сен кешірімдісің әрі кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

📚 Айша анамыз Алланың Елшісінен: «Қадір түнінде не айтсам болады?», – деп сұрағанда, Ол ﷺ осы дұғаны айтуды кеңес еткен (Әл-Хаким).

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #қадіртүні

31 0 ER 0.2628
🤲 «Уа, Раббым! Көкірегімді кең қылып, иман нұрына, ілімге толтыра көр! Ісімді жеңілдете көр! Тілімдегі түйінді шеше көр! Олар менің сөзімді жақсы түсінетін (ұғатын) болсын»

📖 «Таһа» сүресі, 25-28-аяттар

📲 [club70600179|muftyat.kz - ҚМДБ]
🔍 #жұмамүбәракболсын

15 6 ER 0.2314