Статистика ВК сообщества "Кіші жүз / Әлімұлы / Төртқара (Торткара) 04,11"

0+
Тамыр жайған Əлімнен, Төртқараның ұлымын!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Ақтөбеде салынып жатырған "Қарамашақ баба" мешітінің құрылысы жайындағы Төртқара ұрпақтарының жиналысы

0 4 ER 0.7435
Тең келетін әлемде жоқ пара-пар,
Суға түсіп, ел үшін, отқа барар,
Тумысынан ержүрек, батыл келер,
Жасай берсін, мәңгілік, ТӨРТҚАРАЛАР!!!

Жау кезіксе қамырша илеп өткен,
Самарқандты Жалаңтөс билеп өткен.
Досқа адал, дұшпанын аямастан,
Көкірекке көк найза түйреп өткен.

Төртқаралар бастан сөз асырмаған,
Таудан түскен тастай боп тасырлаған.
Түйдек-түйдек сөзімен ел таныған,
Әйтеке би атағы ғасырлаған.

Батыр туған, би туған, шешен туған,
Қарсы тұрып жауының қолын буған,
Бабалардың бүгінде ізін жалғап,
Аман болсын ағалар, жолын қуған.

Тең келетін әлемде жоқ пара-пар,
Суға түсіп, ел үшін, отқа барар,
Төрт құбылаң қашан да түгел болып,
Жасай берші мәңгілік ТӨРТҚАРАЛАР!!!

8 8 ER 0.8322
12 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында «Жалаңтөс Баһадүр» тарихи-танымдық қойылымының премьерасы Өнер орталығында өтті.

Бұрынғы халқымыздың басына нәубет төнген жылдары осылай Жалаңтөс Баһадүрдей батыр бабаларымыз туралы ашық айта алмағанымыз шындық. Төрткүл дүниеге аты жайылған рухты қазақ батыры, жолбарыс жүректі Жалаңтөс Баһадүр салдырған әлемге әйгілі Самарқанның орталығы Регистанды көру кім-кімге де арман. Әсемдігімен әлем жұртын таңдай қақтырған шаһарға Самарқан әмірі атанған Жалаңтөстің ерлігін, данышпандығын, ақыл-парасатын көрсете алған актерлер тарих шындығын сахнаға алып шықты.

0 7 ER 0.6994
Қарабұтақтан Ырғызға қарай кетіп бара жатқанда Ұлғайсынның тұсында Төртқарадан шыққан Назаралы әулие бабамыз жатыр, бірақ сол тұста атамыздың аты жазылған табличка жоқ, сол тұсқа "Назаралы баба әулие" деген табличка болуы керек деп ойлаймын, соны өзіміз қозғамасақ басқа ешкімге керек емес сияқты! Соны қолға алайық ағайындар

4 9 ER 0.6974
Басқасы басқа, Қазақта Төртқара деген рудың мықты екенін байқадым дейді))

5 13 ER 0.6765
Әлім деген бір ел бар
Әлімсақтан белгілі,
Аңыз болған әлемге
Ерлігі мен өрлігі.
Жолбарыстай жоталы
Арыстандай қаһарлы,
Биіктігі аспандай
Дала сынды кеңдігі.
Әлім деген шайқалған
Дүнияның теңізі,
Төртқарадан тараған
Сейітқұлдың сегізі.
Сегізінің ішінде
Іші гауһар, сырты дүр
Жалаңтөс пен Әйтеке
Ердің ері – негізі!
Еске салар дабылы
Найзағайдың күркүрін,
Жауды көрсе жайнаған
Шері сынды, шіркінің.
Маңдайдағы көзі ғой
Таңдайдағы сөзі ғой,
Ер баһадүр Жалаңтөс
Түбі терең түркінің.
Ораз қажы әулие –
Жалаңтөстің бабасы,
Артық еді патшадан
Ақылы мен санасы.
Ұлық ақсақ Темірге
Бас уәзір болған-ды,
Қара қылды қақ жарған
Кіші жүздің баласы.
Асыл Ораз қажының
Тоқпан батыр шуағы,
Бәрі алып шетінен
Ішінде жоқ уағы.
Сонда Тоқпан батырдан
Жаратылып Сейітқұл,
Сейітқұлдан арслан –
Ер Жалаңтөс туады.
Бес жасында Жалаңтөс
Аттың жалын тартады,
Он жасында Жалаңтөс
Топқа түсті алқалы.
Он бес жасқа толғанда
Бұқараның төрінде,
Қол басы боп Жалаңтөс
Даңқы көкке артады.
Ерек сүйіп жаратқан
Нұрын құйып Тәңірі,
Алатаудай асқақ-ты
Қаратаудай сабыры.
Сайын дала төсінде
Алапасы тасыған,
Сан ғимарат тұрғызған
Самарқанның әмірі.
Ер Жалаңтөс артына
Өшпес мұра қалдырған,
Сәулетшінің түр-түрін
Самарқанға алдырған.
Үш мың құлды тұтқын ғып
Айдап келіп Кабулдан,
Самарқанды гүлдентіп
Медресе салдырған.
Самарқанның әмірі
Шын өнерді таниды,
Қанша әмір болса да
Жомарт көңіл, жаны игі.
Өзі тауып шеберді
Өзі бас боп тұрғызған,
Самарқанның төріне
«Шир-дор», «Тіллә Қариді».
Ата жаудан тайсалмай
Ер Жалаңтөс тұрады,
Ақ найзасын қолында
Астында боз пырағы.
Шақпақ, Кеңгір тауында
Қонтайшы жау Батурдың,
Елу мың қол әскерін
Тас-талқан қып қырады.
Ер Жалаңтөс ежелден
Дұшпанға бас имеген,
Шапқан жауын батпақтай
Қансоқта ғып илеген.
Тәшкен менен Түркістан
Кабул менен Мешхетті,
Ақылымен, сесімен
Бағындырып билеген.
Хан-Патшадан кем емес
Ер Жалаңтөс қарасаң,
Алым-салық төлеген
Сый жіберіп орасан.
Үндістан мен Хорезм
Қырғыз, қашқар, қалмақпен
Тибет және Гераттан
Балқы менен Хорасан.
Сабасына түсірді
Тасқан менен асқанды,
Ер Жалаңтөс дітінен
Жүміле жұрт жасқанды.
Қол астына қараған
Барлық ұлттың өкілін,
Алаламай, шет көрмей
Әділдікпен басқарды.
Тербетілді, тербеді
Ұлы Тұран бесігі,
Кем болған жоқ патшадан
Жалаңтөстің несібі.
Алтынменен жазылды
Тарихына ерліктің,
Салқам Жәңгір, Жалаңтөс
Ер Есімхан есімі!
Беу, Жалаңтөс ер бабам
Алты алаштың туысың,
Сен есенде ешқашан
Шайқалмаған ырысым.
Самарқанның қақпасын
Алтынменен әдіптеп,
«Алшын» деген сөз жазған
Шыныменен ұлысың!!!

Бақытбек Смағұл,

8 10 ER 0.6541
Алланың қалауымен, Бұл батырдың лақап аты Жалаңтөс Баһадүр есімі берілді! Құтты болсын ағайындар! Жалаңтөс Баһадүр атамыз сияқты жаурының жерге тимесін! Алла жар болсын!

Әр күніміз сәттілікке толы болсын ағайын баршаңызға!🇰🇿💯👍
Алла баршаңызды қолдап қорғап жүрсін!🤲🕌🕋
______________________________________
#Жалаңтөсбаһадүр#Әлиғазытөртқара#ақтөбе#петропавл#agugai_media
#өміржолы #ғибрат #батыр #қазақелі #отбасы #жұлдыздар #жұлдыз #жақыныңажанашырбол #өмір #қазақ #қазақжастары #жұлдыздар #семей#qazaqstan #шындық #бізбіргеміз #отбасым #жұлдыздарәлемі #қазақстанжұлдыздары #қазақжастары #жастар #намыс #карантиндегіжұлдыз #қазақтыңтойыбітпесін #қазақтілі #павлодар#семей

2 5 ER 0.5021
Алланың нұры жаусын Қазақ елім!
Бүгінгі 1-ші Наурыз көктемнің алғашқы күнімен баршаңызды құттықтаймын. Төртқарадан Жалаңтөс Баһадүр, Əйтеке би, батырдың соңы Байқазақ жəне Қазақтың бұлбылы болған Мəдина Ералиева жəне т.б даңқты тұлғалар өмірге келген!
Өзіңе ала берме көп карағым,
Қазы мен қарта жеген Төртқарамын.
Қонағына қымызбен,шұбат құйып,
Тойларында құймаған көпке арағын.

3 6 ER 0.4918
Ассалаумагалеикум Агайын бауырлар. Мен Торткаранын Мазысымын. Ким кай рудан. Арал жакта турамын. 87783296790ватсап бар.
Атын еситсе бари жолдан кашатын.
Баскан изин манги бирге басатын.
Руым менин кадирли.
Торткаралар манги жасасын.

0 58 ER 0.8711
2022 жылдың 5-ші ақпанында Әлім баласы
Shavkat Rahmonov -тың келесі жекпе-жегі өтеді!

3 5 ER 0.4029