Статистика ВК сообщества "Ерлан Жүніс"

0+
Ақын

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

***

Аудиторияда ұзақ отыра алмаған
қаңғыбас шәкірт...
не етейін?!.
Таразда дәріс оқыған маған,
екі ұстаз болды –

екеуі –

екі ғұлама секілді еді,
кекілді едім
сол шақта,
арманшыл, ғашық, адасқақ бала болсақ та,

екі ұстаз мені желге ұшып кетсем,
шер құшып безген шақта да,

кітапханада,
духаналарда,
бақта да,

далада,
тауда,
қияда,
театрда,
үйде,
редакцияда

оқытты!

Оқытты мені Ұлы мәртебелі Уақыттың,

қай бір сәтінде,
жаңбыр ішінде, желдің өтінде
жүргенде,

том-том өмірмен бастырып кетті түндерде:

жыртылған,
тозған,
шаң жұтқан,

ішінде – бір сөз, жазу жоқ қалың томдықтар,

ұйқысыз,
ассыз,
жазсаң да оны неше түн –
қаламдар –
жазған сәтіңде қайта өшетін...

...сол қалам менен кітапты алып кеттім мен,
кеттім мен,
ұзақ жолдарға сапар шектім мен,

өтті ме, жылдар,
өтті ме, бәлкім, ғасырлар,

сол қалам,
кітап – алдымда, міне, ашылған,

кей сәтте жазу көрінер кейбір парақтан,
қалам да солай...

қалмаңдар, балалар, сабақтан!

#Ғасырлартәжі

3 2 ER 0.6399
***
Тойламадым еш мейрамды. Көңіл баяғы.
Жыл мезгілдері - өмір үтірлері,
Нүктесін Тәңір қояды.
Өмірдің көбі - өткен күн…
Мен сені сүйіп үлгердім,
Тағдырымдағы жалғыз леп белгім!..
***
Алақандарда дуылдаған алқызыл қошемет оты да басылды.
Басылды бәрі.
Шаттық та жүзін жасырды…
Осындай туған күн бола ма?!.
Ақтарыл,
ақтарма,
Мен күткен сөзді ешкім айтпады…
Қарап отырмын,
Жүрегінің түбінде сақтаған сөзі жоқтарға,
шынайы бір сөзі…

Екбер Гошалы, әзербайжан ақыны

Тәржімалаған: [club71966342|Ерлан Жүніс]

3 2 ER 0.5616
***

Сүмбіле.
Бұлт.
Аспан.
Жел.
Су суыған.
Күз.
Дала.
Гүл ұстаған балбал тас, тас емес, ол – қыз бала,

ол – қыз бала – жас ару,
тұрған шағы бүр атып,
жанарында жалт етіп тоқтап қалған уақыт,

тоқтап қалған уақыт көз жасында мөлт еткен,
тоқтап қалған уақыт жүрегінде селт еткен,

аспан мен жер арасы,
айдалада – балбал қыз,
балғын қызға бір сәтте айнала ма балбал қыз,

қыр басында күн қағып, қой баға ма балбал қыз,
боз далаға көз салып, ойлана ма балбал қыз,

жол ұшына қарай ма жанарына жас тұнып,
жонда жортқан бөрідей жорықта ма жас жігіт,

бөрібаста бағланы,
қайқы қылыш қабыланы,
орала алмай жорықтан оққа ұшты ма оғланы,

қырға шығып гүл теріп, қыз болып бір күле алмай,
алты бақан басында айхай дәурен сүре алмай,

қабылан жігіт жанында қатар басып жүре алмай,
Махаббатпен бір мезет мезірет те қыла алмай,

сол оғланның жолында,
бір тал гүлі қолында,
жалғыздықтың торында,
замананың сорында,

жылдар бойы зар кешіп тұрды ма екен балбал қыз,
шықтай болып таң алды тұнды ма екен балбал қыз,

аз ғұмыры арманмен өтті ме екен, дариға-ай,
тасқа айналып сол сәтте кетті ме екен балбал қыз?!

#Ғасырлартәжі

[club71966342|Ерлан Жүніс]

1 1 ER 0.4072
Кім ойлаған...

Кім ойлаған, бүгін аспан жылар деп,
Ақ қайыңның жапырағын тұлдатып,
Кім ойлаған, күн мұңайып шығар деп,
Жалғыздыққа жаңбыр әнін тыңдатып.
Кім ойлаған, сені менен кетер деп,
Терезеден қос қолымды бұлғатып,
Кім ойлаған, махаббатты өтер деп,
Жалғыздыққа жаңбыр әнін тыңдатып.
Кет, ғашығым, керегі жоқ ақталып,
Терезеден ең соңғы рет қарармын,
Бұлбұл сынды біздер барған бақтағы,
Жаңбыр әнін ең соңғы рет салармын.
Жаңбыр әнін сүйгендерге салармын,
Сүйгенінен айырылмауын қалармын,
Мен де бір күн келмесіме барармын,
Мен де бір күн кетпесімді табармын.

Ноғай тілінен аударған [club71966342|Ерлан Жүніс]

***
Ким ойланган...

Ким ойланган, буьгуьн ямгыр явар деп
Ак юзимнинъ япырагын йылатып.
Ким ойланган, танъды куьнъирт атар деп,
Дуныяга ямгыр сесин тынълатып.
Ким ойланган, сени меннен кетер деп,
Оьз артынънан терезеден каратып.
Ким ойланган, сени меннен кетер деп,
Оьз артынънан етим кимик йылатып.
Кет аьшиги, келееклер сав турсын.
Арт алдынъа тилеймен мен, карама.
Пышып кеткен тереклеринъ бав болсын,
Мен де сонынъ билбил кусы боларман.
Мен йырларман суьйгенлерге тек бир йыр:
Кудай сизди айырмасын дуныяда!
Кет аьшиги, мага оннан дел хайыр,
Табарман мен кетпесимди дуныяда!

Зухра Бұлғарова, ноғай ақыны

5 0 ER 0.4453