Статистика ВК сообщества "Ғылым жаңалықтары."

0+
Ғылым

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Ғылым техникасы дамыған елдер енді ғарыштан ақша тауып жатыр екен.

Не үшін ғарышқа ұша береді? Неге әлемдегі ірі миллиардерлер жаппай ғарышқа ақша салғыш болып кетті десем олар ғарыштан миллиард емес триллиондап ақша тапқысы келеді екен.

Қазір ғарыштағы Астероидтарды зерттеу, иемдену бәсекесі басталған. Себебі диамері 1.6 км келетін кішкене ғана Астероидтың құны 20 триллион доллар тұрады екен. Оның сонша қымбат болатын себебі Астероидтар платина, алтын және платина тектес индий, осмий сияқты өте қымбат металдардан құралады екен.

Мысалы кішкене ғана диаметрі 1 км келетін Астеоидтағы темір мен никел кенінің қоры бүкіл әлемнің 2-3 жыл өндіретін қорынан көп екен. Жерге жақын ұшатын 16 Psyche деген Астероидтағы Никел мөлшері 17000 000 000 000 000 тонна болып ол дегенің жершарын 1 миллион жыл Никел мен қамдауға жеткілікті мөлшер.

2009 жылдың басынан бастап Planetary Resources, Inc., компаниясы Астероидты қазу, барлау компаниясы ашылған содан бастап қазірге дейін үлкенді кішілі Астероид барлайтын 11 компания пайда болыпты.

Бұл сала қаржы салудың жаңа бағыты болып қазір ге дейін осы салаға қаржы салғандар атақты режисер Жеймс Камерон, Гугл комнаиясының басшысы және басқада танымал адамдар мен миллиардерлер көптеп табылады.

Қазір ғарышты игеру бәсекесі АҚШ, Жапон, Қытай және Ресей арасында жүріп жатыр.

Алғаш рет Айға шыққан АҚШ ның Аполло 11 әлем кемесі 22кг үлгі алып келген екен.
Сол жылы Аполло 12 34кг үлгі алып келіпті Айдан. Содан Аполло 13, 14, 15, 16, 17 бәрі 30 бен 100кг арасында Айдан түрлі минералдар алып келген екен.

Ал 1969 жылдан бастап 11 рет Айға шыққан Совет Одағы көбінесе сәтсіз болып тек 1972 және 1974 жылдары 54 және 101 грам ғана үлгі алып келген екен.
Ал Совет Одағының орнын басқан Ресей 1996 жылы 1 грамға да жетпейтін үлгімен оралса 2011 жылғы қадамы сәтсіз болып шығыпты.

Ал жерге жақын ұшатын Астероидтардан үлгі алып келіп олжамен оралған тек ЖАПОНИЯ мен АҚШ екен. 2014 жылы алғаш рет Жапонияның Hayabusa2 атты әлем кемесі 162173 Ryugu атты Астероидтан үлгі алып қайтса, АҚШ OSIRIS-REx әлем кемесі 101955 Bennu Астероидтан олжамен оралған екен. Ал Ресей 2011 жылғы сәтсіздіктен соң 2024 жылға дейін еш жоспар жоқ. Қытай Change5, 6 зымранын 2020, 2021 жылдары ұшырып, ғарыштан байлыққа кенелеміз деп үміттеніп отыр екен.

Айтпақшы бұлар неге ғарыштан су іздеп әуре болып жүр десем. Егер ғарыштан су буы немесе мұз табылса, суды оттек бен сутекке айыру ғарышта оңай екен. Судан сутек бен оттек алса олардың зымрандары жерден ұшып шыққанда немесе жерге қайтқанда таусылмас отын қорымен қамдайды екен. Ал қазіргі басты проблема осы жанар май екен. Яғни көздеген жерге жетуге әлем кемесіне жанармай жетпейді. Жерден толтырып шыға да алмайды себебі өте ауыр болып кетеді ұшуға.

Қысқаша осылай. Сөзімнің соңында айтарым білім мен ғылымға көңіл бөлген елдер осылай өсіп жатыр екен. Жерді зерттеу аздық қылып ғарышқа көшіпті. Дайын мұнай мен металдарды сыртқа тиынға сатып біз жүрміз, тағы дамудан үмітіміз зор.))).

3 1 ER 0.2967
Ғылым жаңалығы: ғылымы дамыған елдер Аспандан ақша тауып жатыр.

NASA 2022 жылы Psyche 16 деп аталатын астероидқа шықпақ. Бұл астероидтың басқаларынан ерекшелігі бұл астероид тас емес, тек металдардан құрам тапқан деген болжам бар. Метал болғанда да жерде өте сирек кездесетін өте бағалы металдар.

09.06.2021 ж. АҚШтағы Аризона университетінің Давид Кантилло (David Cantillo) бастаған ғалымдары аталған астероидқа зерттеу жасап, бұл астероидтың 85% метал, 7% төмен темір құрамы бар тастар, қалғаны карбонатты тастар екенін анықтады.

Өте бағалы металдар көп болғандықтан бұл астероид өте бағалы болып табылады. Бұл астероидтың жалпы құны 10 000 000 000 000 000 000 $ шамасында болады екен. Ол деген қазіргі жер бетінің барлық байлығынан әлде қайда көп ақша дейді ғалымдар.

Айтпақша жоғарыда аталған Давид Кантилло деген ғалымды үлкен ақбас шал екен деп ойлап қалып жүрмеңіздер. Осы зерттеуді жасап жүрген төмендегі суреттегі Давид Кантилло есімді Аризона университетінің студенті екен.

3 0 ER 0.2423
Дж.Уэбб телескопы Үлкен Жарылыстан кейін көп ұзамай пайда болған әзірше ең кәрі галактиканы тауыпты, 13.5 млрд жыл бұрын пайда болған, ал Үлкен Жарылыс 13.8 млрд жыл бұрын болды. Шын мәнінде бұл 13.5 млрд жыл бұрынғы көріністің суреті, дәл қазір ол жақта не болғанын, бұл галактиканың бар-жоғын білмейміз. Телескоппен өткен шақты көруге болады, күшті

1 4 ER 0.2298
EUROPA CLIPPER ҒАРЫШ АППАРАТЫН FALCON HEAVY ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРАДЫ

НАСА Юпитердің ірі серігі Европаны зерттеуге арналған Europa Clipper миссиясын ұшыру үшін SpaceX компаниясының Falcon Heavy аса ауыр зымыранын таңдады. Келісімшарт құны 178 млн доллар, старт 2024 жылдың қазан айында.

Бұрын АҚШ конгресі НАСА-ны бұл миссияны өзінің SLS зымыранымен ұшыруға міндеттеген еді. Алайда Boeing корпорациясы суперзымыран өндірісін кешеуілдеткендіктен, ол Артемида Ай бағдарламасынан артылмауы мүмкін. SLS-ты Falcon Heavy-ға алмастырудың арқасында НАСА 2 млрд доллар үнемдейді.

SLS-пен ұшырылғанда, Europa Clipper Юпитерге 4 жылда тіке барар еді. Ауыр Сұңқар аттандырған аппарат, екі гравитациялық маневр (2025 жылы ақпанда Марс маңында, 2026 жылы желтоқсанда Жер тұсында) жасап, алып ғаламшарға 2030-дың көкегінде жетеді.

Европаның қойнауында жаһандық сұйық су мұхиты бар, су кейде серік қыртысындағы жарықтардан гейзер болып атқылап та жатады. Мұхит түбіндегі геотермалды белсенділік микробтық тіршілікке қолайлы жағдай туғызуы мүмкін.

Europa Clipper Европа бетін картаға түсіріп, оның мұзды қыртысының қалыңдығы мен құрамын және мұхиттың құрамы мен қасиеттерін анықтайды. Екі күн панелі мен тоғыз ғылыми аспаппен жабдықталатын аппарат келесі жылы құрастырылып бітіп, сынақтан өте бастайды. Миссияның жалпы құны — 2,45 млрд доллар.

Falcon Heavy зымыраны 2022 жылы тамызда Психея астероидына НАСА-ның Psyche аппаратын, 2023-тің аяғында Айға NASA VIPER роверін, 2024-те Lunar Gateway аймаңы стансасының PPE, HALO модульдерін ұшыруға да таңдап алынған еді.

1 0 ER 0.1809
Адам миы және дельфин миы 🧠

Дельфиндердің миы өлшемі ұқсас басқа жануарлармен салыстырғанда олардың денесінің өлшемдерінен төрт-бес есе үлкен. Ғалымдар дельфиндерге жеке тұлға ретінде құқықтар берілуі керек деп санайды, өйткені олар күрделі мінез-құлық үлгілерін ескере отырып, «адам емес тұлға». Зерттеулер дельфиндердің қиын мәселелерді шешу үшін бірігетінін және тіпті балықты жеу үшін дөңгелектеу тактикасын қолданатынын растады. Олар тіпті басқа да жаңа мінез-құлықтарды үйрете алады.

Кит пен дельфиннің миында шпиндельді нейрондар деп аталатын арнайы ми жасушалары бар. Бұл тану, есте сақтау, пайымдау, қарым-қатынас жасау, қабылдау, өзгерістерге бейімделу, мәселені шешу және түсіну сияқты дамыған қабілеттермен байланысты. Демек, олар терең ойшылдар сияқты! Бұл ғана емес, олардың миының эмоцияларды өңдейтін бөлігі (лимбиялық жүйе) біздікінен гөрі күрделірек көрінеді.

0 0 ER 0.1596
Ең жоғары энергия түрлендіру тиімділігі бар икемді күн батареялары жасалды

Ғалымдар қола мен жезден жұқа пленкалы икемді күн батареяларын жасады. Олар энергияны түрлендірудің тиімділігі 12,2%-ға дейін көтерілген құрылымға қол жеткізді. Бұл икемді элементтер бойынша әлемдік рекорд. Енді ғалымдар технологияны коммерцияландырғысы келеді.

0 0 ER 0.1600
УЭББ НЕГЕ L2 НҮКТЕСІНЕ ЖІБЕРІЛДІ?

Хаббл ғарыштық телескопы Жерді 570 км биіктікте айналып жүр. Ал Уэбб неге алыстағы Күн—Жер L2 нүктесіне жіберілді? Өйткені ол — инфрақызыл обсерватория үшін ең қолайлы орын.

Мұнда Күн, Жер, Ай үшеуі әрқашан кеңістіктің бір жағында. Демек Уэбб олардың жарығы мен қызуынан өзінің сезімтал оптикасы мен аспаптарын бір ғана экранмен көлегейлеп тұра алады. Сөйтіп, оптика мен аспаптарды инфрақызыл жарықты сезуге қажет температураға дейін суытуға және аспанның жартысын үздіксіз бақылауға мүмкіндік туады. Ал аспанды толық шолуға Күннің қарама-қарсы жағына шығуға қажет алты ай өтсе жеткілікті.

Жер L2-ден 1,5 миллион километр қашық, сондықтан оның бөлме температурасындай ғана жылуы Уэббты қыздырмайды. Және де L2 гравитациялық тепе-теңдік нүктесі болғандықтан, онда Уэббқа өз орбитасын ұстау оңай.

L2 НАСА-ның Алыс ғарыштық байланыс желісі арқылы Жермен хабарласуға да ыңғайлы. Уэбб әрқашан Жерге қатысты бір орында тұрады. Жер үйірілгенде, DSN-нің Калифорния, Испания және Аустралиядағы үш кешенінің кемінде біреуі түнгі аспандағы Уэббпен байланыс ұстайды. Телескоп жиналған деректерді Жерге күніне екі мәрте хабарлайды. Обсерватория өзіне берілетін командалар тізбегін автономды орындай алады. Уэббты басқаратын Ғарыштық телескоп ғылыми институты (STScI) бір аптаның тапсырмасын бір-ақ беріп тастап, қажет болса, күн сайын өзгерістер енгізеді.

Тағы бір жәйт: L2-нің дәл өзінде тұрғаннан гөрі, оны айналып жүрген оңай әрі тиімді. Уэбб телескопы екінші Лагранж нүктесін периоды 6 айдай гало-орбитамен айналып жүреді. 832 000 км-ге дейін жететін бұл алып орбита Ай орбитасынан үлкен!

Сондай-ақ L2-ні айналып жүрген Уэбб назарынан Күнді Жер ешқашан тұтпайды. Бұл телескоптың жылулық тұрақтылығын сақтау және электр қуатын үздіксіз өндіру үшін маңызды. Gaia, Спектр-РГ сияқты ғарыштық обсерваториялар да осы себептермен Күн—Жер L2 нүктесін айналып жүр.

1 0 ER 0.1537
ЛАГРАНЖ НҮКТЕЛЕРІ

Уэбб телескопы Күн-Жер жүйесінің екінші Лагранж нүктесі (L2) айналасындағы гало-орбитада жұмыс істейтіні бәрімізге белгілі. Бұл поста Лагранж нүктелері не екенін түсіндіруге тырысып, бес Лагранж нүктесінің әрқайсының ерекшелігін сипаттаймыз. Ал Уэббтың неге L2-ге жіберілгені жайлы келесі поста айтылады.

Математикалық тұрғыдан, Лагранж нүктелері — «үш дененің шектеулі есебінің» шешімдері. Бір-бірін айналатын үш дене (екі ауыр және олардан әлдеқайда жеңіл үшінші) өзара орналасуын сақтайтын орнықты конфигурация бар ма? 1772 жылы (250 жыл бұрын!) француз математигі Жозеф Луи Лагранж (1736–1813) бұл есептің бес шешімі болатынын тапты. Яғни, екі ауыр нысанның тарту күштері мен жеңіл үшінші дене қозғалысының центрден тепкіш күші өзара теңгерілетін бес орын бар. Осы нүктелерде орналасқан жеңіл дене ең ауыр бірінші денені екіншімен үйлесімді айналады. Бұл орындар ғалымның құрметіне Лагранж нүктелері деп аталды. Лагранж нүктелері былай белгіленеді: оларды туғызған екі дененің (алдымен үлкенінің) аты және L1-ден L5-ке дейін. L1, L2, L3 — екі денені қосатын түзу бойында, ал L4 пен L5 — екі төбесі осы денелер болатын екі тең қабырғалы үшбұрыштың үшінші төбесінде орналасады.

Күн—Жер L1 нүктесі Күн мен Жердің арасында, Жерден 1,5 млн км қашықтықта. Негізі Күнге жақынырақ дене оны Жерден гөрі тезірек айналуы тиіс. Алайда Жердің тарту күші әсерінен бұл нүктедегі дененің Күнді айналу периоды Жердің айналу периодымен бірдей. L1 нүктесі Күнді зерттейтін обсерватория үшін ең қолайлы орын, өйткені мұнда не Жер, не Ай ешқашан Күнді тұтпайды. L1 айналасындағы периодты гало-орбитада SOHO аппараты, ал квазипериодты Лиссажу орбиталарында ACE, WIND, DSCOVR аппараттары жұмыс істеп тұр.

Күн—Жер жүйесінің L2 нүктесі Күн мен Жерді қосатын түзу бойында, Жерден 1,5 млн км әрі орналасқан. Күннен қашығырақ дене оны Жерден гөрі баяулау айналуы тиіс. Алайда Жердің тарту күшінің қосымша әсері оның айналу жылдамдығын арттырып, айналу периодын Жердікіне дейін азайтады. Бұл нүкте ғарыштық телескоптарды орналастыруға ең тамаша орын. Бұрын мұнда WMAP, Планк, Гершель телескоптары істесе, қазір L2 айналасындағы периодты гало-орбиталарда Gaia, Спектр-РГ обсерваториялары ұшып жүр.

Күн—Жер L3 нүктесі Күн мен Жерді қосатын түзу бойында, Жер орбитасының қарама-қарсы жағында. Бірақ Жердің тарту күші Күндікімен салыстырғанда өте аз болса да, бәрібір сәл әсер етеді. Сол себепті L3 нүктесі тура Жер орбитасы бойында емес, Күнге кішкене ғана, 263 км, жақынырақ.

Бір қабырғасы екі дененің центрін қосатын кесінді болатындай етіп, екі тең қабырғалы үшбұрыш салсақ, осы үшбұрыштардың үшінші төбелері L4 пен L5 нүктелеріне сәйкес келеді. Олар екінші дененің орбита жазықтығында, одан 60 градус ілгері және 60 градус кейін орналасады.

Барлық Лагранж нүктелері гравитациялық теңгерім нүктелері болса да, олардың бәрі бірдей толық орнықты емес. L4 пен L5 нүктелеріндегі тепе-теңдік орнықты. Екі ауыр денеге дейінгі қашықтық бірдей болғандықтан, олардың тарту күштерінің қатынасы массаларының қатынасына тең. Сөйтіп, қорытқы күш жүйенің массалар центріне бағытталады. Ал массалар центрі жүйенің айналу центрі де болғандықтан, қорытқы күш үшінші денені қалған жүйемен орбиталық тепе-теңдікте ұстап тұруға қажет күшке дәл сәйкес келеді.

Былайша айтқанда, L4 пен L5 ұзын биік жотаның төбесіндегі тайыз ойыс сияқты. Тепе-теңдіктен сәл ғана ауытқыған дене қайтадан ойыстың түбіне түседі. Сондықтан бұл нүктелерде троялық деп аталатын астероидтар жинала алады. Күн—Жер жүйесінің L4 нүктесінен бір троялық табылды, L5-тен әзірше астероид байқалмаса да, онда планетааралық тозаң шоғыры бары белгілі. Ал Күн—Юпитер жүйесінің L4, L5 нүктелеріндегі мыңдаған троялық астероидтар Күнді Юпитерден 60 градус ілгері және кейін айналып жүреді.

L1, L2, L3 — «метаорнықты» нүктелер, бұлардағы денелер орнықсыз тепе-теңдікте. Бұл нүктелер ердің алдыңғы және артқы қастарын қосатын қайқы белдің дәл ортасындағы нүкте іспетті. Жанынан қарағанда өзінен биік екі қастың арасындағы төмен, орнықты нүкте болғанымен, ердің екі жағындағы қос қапталымен салыстырғанда биік, орнықсыз. Мысалы, L1-дегі нысан әлдебір ауытқу әсерінен екі дененің біріне сәл жақындап кетсе, біріншінің тарту күші артып, екіншінікі, керісінше, кемиді. Нәтижесінде нысан бірінші денеге одан сайын жақындап, тепе-теңдік нүктесінен алыстай береді. Сондықтан бұл нүктелерде аспан денелері, астероидтар жиналмайды. L1, L2 және L3-тегі ғарыш аппараттары анда-санда қозғағыштарын қосып, орнын түзетіп тұрмаса, біртіндеп тепе-теңдік қалпынан шығып кетеді.

P.S. Уэбб телескопы L2 нүктесіне жеткен күннің ертеңіне, 25 қаңтарда Жозеф Луи Лагранждың туғанына 286 жыл толды.

0 0 ER 0.1153
Физиканың 127 жыл шешілмеген жұмбағы шешілді.
Көп жылдар бойы ғалымдар кеме немесе қайық жүріп өткендегі соңындағы толқынды есептеумен болған.
Осыдан 127 жыл бұрын Ирландиялық Физик Виллам Томсон (кейін Лорд Келвин деген атпен белгіліболған) кеме соңындағы толқынды көп зерттеген.
Соңында кеме немесе қайықтың үлкен-кішілігі немесе жылдамдығы қандай болсада толқын бұрышы 39°С тан кіші болады деген қорытындыға келген. Содан бері кеме соңындағы бұл бұрыш Келвин бұрышы (Kelvinangle) деп аталып келген.
Жақындағы (6 күннің алдында) Journal of Fluid Mechanics журналына шыққан бір мақала 127 жыл сақталып келген теорияны бұзды деп шулап жатыр Әлем физиктері.
Бұл мақала авторы Норвегия Ғылым және Технология Университетінің профессоры Simen Ådnøy Ellingsen тынық суда, ағынмен, ағынға қарсы әр түрлі судың және кеменің жылдамдығында зерттеу жүргізіп Келвин бұрышының судың ағу жылдамдығына өте тәуелді екенін байқаған.
Бұл кісінің байқауы бойынша толқын бұрышы ұқсас болғанымен, толқын қалыңдығы әр түрлі болады екен. Математикалық теңдеулер де бұл кісінің қорытындысы дұры екенін дәлелдеді.
Бұл жаңалықтың практикалық маңызы зор екен. Бұл теорияның ашылуы теңізде ұзақ жол жүретін кемелерге жанармай үнемдеуге мүмкіндік береді дейді.

0 0 ER 0.1198
NASA ға 7 жұлдыз (астероид) табуға көмектескен 8 жастағы қыз.

8 жастағы Оливейра есімді бұл қыз бала Халықаралық Астрономиялық зерттеу Одағынан астероид зерттеуге (табуға) қосқан үлесі үшін сыйлық алды.

Бұл кішкентай қыз Халықаралық Астрономиялық Одағының ең кішкене мүшесі және сол ұйымда 7 жұлдыз (астероид) тапқан әлемдегі ең жас маман.

Өткен айда бұл бала Бразилия Білім және Ғылым Минстрлігі өткізіген Халықаралық Астероид және Ғарыш атты конференсияда әлемнің ең үздік ғарыш саласының мамандарымен бірге баяндама жасаған екен. Жас кішкене болса да ондай үлкен халықаралық форумдарда баяндама жасап үйреніп кеткен бұл сәби баяндамасын өте керемет жасады дейді мамандар.

Кішкентай кезінен жұлдыздарға қатысты ертегілерді көп тыңдайтын бұл бала бар болғаны 6 жасында Бразилияның Астрономиялық зерттеу орталығының емтиханын керемет нәтижемен тапсырып тастапты.

Соңында не айтамыз? Бұл баланың дарының біздің және сіздің балларға жұғысты болсын. Тек ғылым-біліммен ғана дамитынымызды ұмытпайық.

0 0 ER 0.1206