Статистика ВК сообщества "Дін Ислам - Діңгегім"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

📌 Жаттауға жеңіл сүрелер. Керек болар, қабырғаңызға ала кетіңіз.

282 0 ER 0.2754
Қадір түні оқылатын дұғалар:

1.Ықылас сүресін 100 рет оқу керек.

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықылас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

2.Қадір сүресі – 100 рет.

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Алла Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Алланың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Алланың рахымы мен есендігі жауады».

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6.Лә иләһә иллаллаһу уахдәһу лә шарикәләһу, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

198 0 ER 0.2171
ЖҰМА МҮБӘРАК!

Истиғфар айту
Көптеген аяттарда: «Менi көп зiкiр етiңдер» және «Иза жәа»сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Аллаһу Та’алаға көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан көрiнiп тұр. Сондықтан Мухаммед Масум хазреттерi екiншi том, сексенiншi хатында:

«Бұл әмірге ұйып, әр намаздан соң 3 рет истиғфар дұғасын оқимын және 67 рет «Әстағфируллаһ» айтамын. Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ. Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек. Оқығандарды және жанындағыларды дерттерiнен, қиыншылықтарынан құтқарады. Көптеген кiсi оқып пайдасын көп көрдi. Ұйықтарда «Иа Аллаһ, иа Аллаһ» және 3-рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә карихаллаһ» - деп айтып, ұйықтағанға дейiн қайталау керек
Салауат айту
Мұхаммед ﷺ салауат айту шариғатта уәжіптік күші бар амал. Ол діндегі құлшылықтың бітіспес бір бөлшегіне айналған. Намазда, қажылықта, Құран оқығанда, сөз бастағанда, аяқтағанда, мәжілісте, мешітке барарда, қатты күйзелгенде, Алладан кешірім сұрағанда, үйге кірерде, бір нәрсені ұмытып есіне түсіре алмағанда, құда түсерінде, ұйықтағанда, ашуланғанында, Алланы еске алғанында т.б. өмірдің қай жағдайында болса да, Алланың Елшісін ﷺ еске алып, оған салауат айтуымыз тиіс екен. Әлбетте ол кісіге салауат айтуымыз ол кісінің бізге мұқтаждығын білдірмейді.Керісінше біздің сол салауат арқылы дәрежеміз көтеріледі. Үлкен сауапқа кенелеміз. Қиямет күні Пайғамбарымыздың ﷺ шапағатына ие боламыз.
Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын: «Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.

Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Көбірек истиғфар айтып,Алладан кешірім сұраңыз❤

40 0 ER 0.1272
(Қарыздан құтылу, берекелі ризық, қайырлы жұмыс, салиқалы жар, ізгі ұрпақ, қиындықтан шығар жол, аурудан шипа сұрайтын дұғалар)

Ислам ғұлмалары: «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген. 

Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген. 
Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.   

1. Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға.

«Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын». (Муслим)

«Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى، وَالتُّقَى، وَالْعَفَافَ، وَالْغِنَى

2. Алладан бала-шағаңызға және отбасыңызға  бәле-жаладан, қауіп қатерден қорған сұрайтын дұға.

Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорқыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ астымнан кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын! (Әбу Дауд, Насаи)

«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фид-дуня уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фи дини уә дуня-я, уә әһли, уә мәәли. Аллаһуммас-тур ъаураати уә әәмин рауъаати. Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәяя, уә мин халфи, уә ъан ямини уә ъан шимәәли, уә мин фәуқи, уә әъуузу би ъазамәтикә ән уғтәәлә мин тәхти».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي دِينِي وَدُنْيَايَ وَأَهْلِي وَمَالِي، اللَّهُمَّ اسْتُرْ عَوْرَاتِي وَآمِنْ رَوْعَاتِي، اللَّهُمَّ احْفَظْنِي مِنْ بَيْنِ يَدَيَّ وَمِنْ خَلْفِي وَعَنْ يَمِينِي وَعَنْ شِمَالِي وَمِنْ فَوْقِي وَأَعُوذُ بِعَظَمَتِكَ مِنْ أَنْ أُغْتَالَ مِنْ تحتي

3. Жар таңдағанда жаңылыспас үшін, салиқалы әйел, ізгі ұрпақ сұрау және адамдардың абзалы болуды тілеу. 

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ете гөр әрі бізді тақуалардың алды қыл!». («Фурқан» сүресі, 74-аят)   

«Раббәнәә һәб ләнәә мин әзуәәджинәә уә зуррииәәтинәә қурратә әъюн, 
уә-джъәлнәә лил-муттәқиинәә имәәмәә». 

رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا

4. Жаман көршінің, қырсық әйелдің, жетесіз баланың, қайырсыз дүние мен жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну.

«Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын». (Табарани «әд-Ду’а» 3/1425).
  
«Аллаһуммә инни аъузу бика мин жәәрис-суу, уә мин зәужин тушайибуни қабләл-мәшиб, уә мин уәләдин якуну ъаләйә рабба, уә мин мәәлин якууну ъаляйа ъазаба, уә мин халилин мәәкирин ъайнуһу тараани уә қалбуһу яръаани ин ра-а хасанәтән дәфәнәһә, уә изә ра-а сәйиәтән әзәәъаһа».

اللَّهُمَّ إنِّي أّعُوذُ بِكَ مِنْ جَارِ السُّوءِ، وَمِنْ زَوْجٍ تُشَيِّبُنِي قَبْلَ المَشِيبِ،وَمِنْ وَلَدٍ يَكُونُ عَليَّ رَبّاً، وَمِنْ مَالٍ يَكُونُ عَلَيَّ عَذَابَاً، وَمِنْ خَلِيْلٍ مَاكِرٍ عَيْنُهُ تَرَانِي، وَقَلْبُهُ يَرْعَانِي؛ إِنْ رَأَى حَسَنَةً دَفَنَهَا، وَإِذَا رَأَى سَيِّئَةً أَذَاعَهَا

5. Адам атамыз бен Хауа анамыздың Алладан кешірім сұрап тәубе жасағанда қабыл болған дұғасы. (Кім осы дұғамен Алладан шын өкініп, күнә-қателіктеріне кешірім сұраса Алла оның тілегін қабыл етеді)

«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Ағраф» сүресі, 23-аят).

«Раббәнә заләмнәә әнфусәнәә уә ил ләм тәғфир ләнәә уә тәрхәмнәә ләнәкуунәннәә минәл хасириин».

رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ

6. Қадір түнінде оқылатын арнайы дұға.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан(ﷺ) - «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар(ﷺ):
«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким).
   
«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни». 

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عُفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

7. Алладан кешірім өтінгенде оқылатын дұғалардың төресі.

«Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдем мен сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын әрі күналарымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды кешіруші ешкім жоқ!». (Бухари)

«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдук, уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мә-стәтаъту, әъузу бикә мин шәрри мә санәъту әбу-у ләкә би ниъмәтикә ъәләййа уә әбу-у би занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә Әнта!».

اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ

8. Алладан күнә-қателіктеріңізге кешірім сұрау дұғасы:

«Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!». (Бухари, Муслим)

«Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!»

اللَّهُمَّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْماً كَثِيراً، وَلاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ وَارْحَمْنِي، إِنَّكَ أَنْتَ الغَفورُ الرَّحيمُ

9. Кімде-кім: «Құлшылыққа лайықты одан басқа құдай болмаған, Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Алладан кешірім тілеп және Оған тәубе етемін», - десе, ол тіпті ол (мемлекет басшысы бұйырған) ұрыс алаңынан қашқан болса да Алла оны кешіреді. (Тирмизи)

«Әстәғфируллаһ-әл-Азыймә әлләзи лә иләһа иллә һуәл-Хайюл-Қаййуму уә әтубу иләйһ!»

أَسْتَغْفِرُ اللَّه الْعَظيمَ الَّذِي لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ القَيُوُمُ وَأَتُوبُ إِلَيه

10. Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға.

«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын». (Бухари) 

«Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَالْبُخْلِ وَ الْجُبْنِ، وَضَلَعِ الدَّيْنِ وَغَلَبَةِ الرِّجَال

11. Адамның бойына батырлықты қалыптастырып, сараңдықтан сақтайтын әрі қадірсіз қартаюдан Аллаға сиынатын дұға.

«Я, Алла! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан сыйынамын, әрі Саған қорқақтықтан сыйынамын, және Саған қаусаған қарт болып қалудан сыйынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сыйынамын».

«Аллаһуммә, инни әъузу бикә мин әл-бухли, уә әъузу бикә мин әл-жубни, уә әъузу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-ъумури, уә әъузу бикә мин фитнати-д-дуня уә ъазәбил-қабр».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْبُخْلِ، وَأَعوذُ بِكَ مِنَ الْجُبْنِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ أَنْ أُرَدَّ إِلَى أَرْذَلِ الْعُمُرِ، وَ أَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الْقَبْرِ

12. Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. (Бухари, Әдәбул Муфрад)

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт».

اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَدَنِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي سَمْعِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَصَرِي، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكُفْرِ وَالْفَقْرِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ

13. Жақсы мінез қалыптастыратын дұға:

Я, Алла! Мені ең жақсы мінездерге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен бұрғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды. (Ибн Әби Шәйба)  

«Аллаһуммаһ-дини ли әхсәнил-әхләәқ, фә иннәһу лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә, уәсриф ъанни сәий-әһә лә ясрифу ъанни сәийәһә иллә әнт».   

اللَّهُمَّ اهْدِنِي لأَحْسَنِ الأَخْلاقِ، فَإِنَّهُ لا يَهْدِي لأَحْسَنِهَا إِلا أَنْتَ، وَاصْرِفْ عَنِّي سَيِّئَهَا لا يَصْرِفُ عَنِّي سَيِّئَهَا إِلا أَنْتَ

14. Жалқаулықтан, кедейліктен, жаман мінез бен жаман аурулардан пан сұрау дұғасы.

Я, Алла! Әлсіздік пен жалқаулықтан, қатыгездік пен бейқамдықтан және дәрменсіздіктен, қорлық пен кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Пасықтықтан, бөліушіліктен, екіжүзділіктен және ел естісін, ел көрсін деген риякершіліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, мылқау, алапес, жынды, таз болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. (Табарани)

«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уә аъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәл-ъайләти, уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-фусуқи уәш-шиқақи уән-нифәәқ уәс-сумъати уәр-рия-и, уә әъузу бикә минәс-самами уәл-бакам, уәл-жунуни уәл-барас, уәл-жузәми уә сәийил-әсқам». 

اللَّهُمَّ ، إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الْقَسْوَةِ وَالْغَفْلَةِ وَالْعَيْلَةِ ، وَالذِّلَّةِ وَالْمَسْكَنَةِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الْفُسُوقِ وَالشِّقَاقِ وَالنِّفَاقِ ، وَالسُّمْعَةِ وَالرِّيَاءِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الصَّمَمِ وَالْبَكَمِ ، وَالْجُنُونِ وَالْبَرَصِ ، وَالْجُذَامِ وَسَيِّءِ الأَسْقَام

15. Алладан дүние-мүлкіңізді көбейтуін сұрау дұғасы

Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, мақрұм қыла көрме, бізді таңда да, құр қалдырма, бізді риза болатын құл қыл да, бізден риза бол. (Насаи)

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әәсирнә уә лә ту-әсир ъаләйнә, уардыйнә уарда ъанна".

136 0 ER 0.1423
Он екінші үлкен күнə: Зина.

Алла Тағала Құранда былай айтқан: (ولا تقربوا الزنى إنه كان فاحشة وساء سبيلا) (Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол) [Исра : 32].
жəне былай деген: (و الذين لا يدعون مع الله إلها آخر و لا يقتلون النفس التي حرم الله إلا بالحق و لا يزنون و من يفعل ذلك يلق أثاما * يضاعف له العذاب يوم القيامة و يخلد فيه مهانا * إلا من تاب) (Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады. Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мəңгі қалады. Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады) [Фурқан : 68-69].
жəне былай деген: (الزانية و الزاني فاجلدوا كل واحد منهما مائة جلدة و لا تأخذكم بهما رأفة في دين الله إن كنتم تؤمنون بالله و اليوم الآخر و ليشهد عذابهما طائفة من المؤمنين) (Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ақырет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын) [Нұр сүресі : 2].

Алла елшісі ﷺ былай айтқан: (لا يزني الزاني حين يزني و هو مؤمن و لا يسرق السارق حين يسرق و هو مؤمن و لا يشرب الخمر حين يشربها و هو مؤمن) "Ұрлықшы ұрлық жасап жатқан кезінде мүмін болып есептелмейді, зинаға түскен адам зина жасап жатқан кезінде мүмін болып есептелмейді, арақ ішуші арақты ішіп жатқан кезінде мүмін болып есептелмейді". [Сахих əль-Бухари 2475, 5578, 6772, 6810, Муслим 57]

Алла елшісі ﷺ былай айтқан: (إذا زنى العبد خرج منه الإيمان فكان كاظلة على رأسه ثم إذا أقلع رجع إليه الإيمان) "Пенде зина жасаған кезде иманы шығып басынын үстінде көлеңке секілді болып тұрады, сосын ол істен босаған кезде оған иманы қайтады". [Сахих хадис: Абу Дəуд 5690, ибн Мунда 519, əд-Дайлами "Муснад" 1245, əль-Марузи "Та`зим" 536, ибн Батта 976, əль-Хаким "əль-Мустадрак" 1/22]

Алла елшісі ﷺ былай айтқан: (من زنى أو شرب الخمر نزع الله منه الإيمان كما يخلع الإنسان القميص من رأسه) "Кімде-кім зина жасаса немеса арақ ішсе - адам басынан көйлегін шешкені секілді Алла одан иманды тартып алады". [Сахих хадис: əль-Хаким "əль-Мустадрак" 1/22]

Алла елшісі ﷺ былай айтқан: (ثلاثة لا يكلمهم الله يوم القيامة و لا ينظر إليهم و لا يزكيهم و لهم عذاب أليم شيخ زان و ملك كذاب و عائل مستكبر) "Алла Тағала үш топ адамдармен қиямет күні сөйлеспейді, оларға қарамайды, оларды тазартпайды, оларға қатты азап дайындалған: зинақор қария, өтірік айтатын патша жəне тəкаппар кедей". [Сахих Муслим 107]

Бір кісі пайғамбарға ﷺ келіп: "Алланың құзырында қай күнə ең үлкен?" деп сұраған, пайғамбар ﷺ: "Аллаға біреуді тең қылып алуың, ал Ол сені жаратты" деген, əлгі кісі: "Сосын қандай?" деп сұраған, пайғамбар: "Өзіңмен бірге жейді деп қорқып балаңды өлтіруің" деген, əлгі кісі: "Сосын қандай?" деп сұраған, пайғамбар ﷺ: "Көршіңнін əйелімен зина жасауың" деген. [Сахих əль-Бухари 4477, Муслим 86]

Пайғамбар ﷺ бір күні Жəбірейл мен Микаил періште келгендерін айтқан: пайғамбар ﷺ айтқан: "Біз пеш секілді нəрсеге бардық, оның төбесі тар ал түбі кең екен, ішінен айқай мен шулаған дауыстар шығып жатты, қараған едік жалаңаш ер кісілер мен əйелдерді көрдік, астыларынан жалындаған от шығып оның қатты ыстығынан олар айқайлап жатты, мен: "Бұл кімдер, əй Жəбірейл?" деп сұрадым, Жəбірейл: "Олар зинақор ерлер мен əйелдер" деді. [Сахих əль-Бухари 7047]

Пайғамбардан ﷺ жеткен бір хадисте былай айтылған: шайтан Ібіліс жер бетіне əскерін жіберіп оларға: "Қайсың мұсылманды ең қатты адасуға түсіресіңдер басына тəж кигіземін" деп айтады, ең үлкен бүлік жасаған шайтандар дəреже жағынан ібіліске ең жақын болады, солайша оған шайтандардын бірі келіп: "Пəленше əйелінен ажыраспағанша қасынан кетпедім" деп айтады, ібіліс оған: "Сен айтарлықтай ештеңе істемедің, жуық арада ол қайтадан басқа əйелга үйленіп алады" дейді, сосын басқасы келіп: "Пəленше мен бауыры арасына дұшпандық салмайынша қастарынан кетпедім" деп айтады, ібіліс: "Сен айтарлықтай ештеңе істемедің, жуық арада ол екеуі достасады" дейді, сосын тағы басқасы келіп: "Пəленше зина жасамағанша қасынан кетпедім" деп айтады, ібіліс: "Міне" дейді, сосын оған жақындап басына тəжін кигізеді".

Алла елшісі ﷺ: "Алла Тағала жек көретін төрт түрлі адамдар бар" деп айтып, соның ішінде зинақор қарияны айтқан. [Сахих хадис: ан-Наса`и "əль-Муджтəби" 5/86, ибн Хиббан 5558, əль-Қада`и "Муснад" 324, əль-Хатиб "Тарих" 9/358, əль-Байһақи "Шу`аб" 4853, 7365]

Алла елшісі ﷺ былай айтқан: (أن الإيمان سربال يسربله الله من يشاء فإذا زنى العبد نزع الله منه سربال الإيمان فإن تاب رده عليه) "Расында иман - киім, Алла оны қалаған пендесіне кигізеді, егер пенде зина жасаса - Алла одан иманнын киімін тартып алады, ал егер тəубе етсе қайтарады". [əль-Байһақи "Шу`аб" 4/352, əль-Мунзири "əт-Тарғиб уат-Тарһиб" 3/188]

Пайғамбар ﷺ былай деген: (يا معشر المسلمين اتقوا الزنا فإن فيه ست خصال ثلاث في الدنيا و ثلاث في الآخرة فأما التي في الدنيا : فذهاب بهاء الوجه و قصر العمر و دوام الفقر و أما التي في الآخرة فسخط الله تبارك و تعالى و سوء الحساب و العذاب بالنار) "Əй мұсылмандар, зинадан деген нəрседен сақ болыңдар, ол нəрседе алты белгі бар, үшеуі ақыретте үшеуі осы дүниеде, осы дүниедегі үшеуі: жүзден ажарлық кетеді, өмір қысқарады, ұзақ уақыт кедейлік болады, ал ақыретте: Алла Тағаланын ашуы, жаман есеп жəне отпен азап". [əль-Һинди "Кəнз" 13022]

Алла елшісі ﷺ хадистерінін бірінде былай айтқан: "Жаһаннамда бір ойпат бар, оның аты "қайғы құдығы", оның ішінде жыландар мен шаяндар бар, əрбір шаян қашырдын мөлшеріндей, олардын жетпіс инесі бар, əрбір инесінде у бар, у-ды денесіне салып шағып алған кезде адам оның ауырғанын мың жыл сезеді, сосын денесіндегі еті түседі əрі мүшесінен іріндер ағады".

Алдыңғы түсірілген киелі əз-Забур кітабында зинаға қатысты былай айтылған: Зинақорлар тозақта мүшелерімен ілінеді, оларды темір қамшымен ұрады, ұрғаннан көмек сұраған кезде тозақ періштелері: "Дүниеде бұл дауыстарың қайда еді, сендер күліп, қуанып, көңілді жүруші едіңдер, Алла бақылаушы деп Одан ұялмадыңдар ма?" деп айтады.

(Тозақтын жеті қақпасы бар) деген аятқа қатысты тəпсірші `Ата: "Ол қақпалардын ішіндегі ең қайғыға толы, ең ыстық, ең мұңды əрі ең иісі жағымсызы - оның харам екенін білгеннен кейін жасаған занақорларға арналған қақпа" деген.

Пайғамбар ﷺ былай айтқан: (فإن لم يستوف القصاص منهما في الدنيا و ماتا من غير توبة فإنهما يعذبان في النار بسياط من نار) "Егер зина жасағандар жазасын дүниеде толық алмаса жəне тəубе етпей қайтыс болса - екеуі де тозақта оттан болған қамшымен азапталады".

[Шамсуддин əз-Заһаби əт-Туркмани "əль-Кəба'ир" 1/162]

97 0 ER 0.1241
"Күйеуің - сенің Жәннатың не тозағың" - деген мағынада келген хадис бар.
Тұрмыстағы әйел адам Аллаһ разылығы үшін күйеуінің ризалығына бөленсе, намазын оқыса, оразасын тұтса, ар-намысын сақтаса, Ин ша Аллаһ, оған Жәннаттың есігі ашық.
Ал ер адам ата-анасының разылығын алса, Ин ша Аллаһ, Жәннаттық болады.

52 0 ER 0.1094
ШӘУУӘЛ АЙЫНЫҢ 6 КҮНДІК ОРАЗАСЫ

🧡 Оқымас бұрын 🧡

🌙Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп, бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген (Сахих Мүсілім).

Осыған байланысты, Шәууал айындағы оразаға қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген кейбір мәселелерге тоқталуды жөн көрдік.

1️⃣. Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз ыхтиярында. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады.

2️⃣. Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Және оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.

3️⃣. Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады.

4️⃣. Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады. Дегенмен, Рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал, Шәууәл айында 6 күн ораза тұту пайғамбарымыз ﷺ сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі адамның белгіленген ажалы айтпай келетіндіктен, алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс. Бұған қоса жоғарыда келтірілген хадисте «Рамазан оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса» делінгенін ескерсек, әуелі Рамазанның қазасын өтеудің абзалдығын ұғамыз.

5️⃣. Шәууал оразасы да Рамазан оразасы секілді «таң» намазынан (Таң намазына 10 минут қалғанда ауыз бекітіледі) басталып, «шам» намазына дейін жалғасады.

‼ Бір ай 29 не 30 күннен тұрады сондықтан осы аралықтағы кез-келген 6 күн ‼

🦋Әйел адамдар әйелдерге тән хәлге түссе тазарған соң кез-келген 6 күнде ұстай береді🦋

84 0 ER 0.1176
Қасиетті Рамазан айының алғашқы Жұмасы келіп жетті Аллаға шүкір!

9 0 ER 0.0911
Алла барша мұсылманды қияметте өз панасына алуды нәсіп етсін!

20 0 ER 0.0931
«Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир»

Аудармасы: «Алладан басқа Құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) Билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді». .

Оларды күні бойы жүз рет айтқан адам он құлды босатқанмен тең болады және оған жүз iзгiлiктi істер жазылып, ал жазылған жүз жаман істері өшіріледі. .

Бұл сөздер оған күні бойы кешке дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда, ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды». (Бұхари)

72 0 ER 0.1034