Статистика ВК сообщества "БӨРІЛІ БАЙРАҚ"

0+
Әр Қазақ менің жалғызым.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

#tarih_tolqyn

Қанша лайк жинай аламыз? Қабырғаңызға алып кетіңіз!

16 21 ER 0.9212
#tarih_tolqyn

Қазақ осындай халық!

Бауыржан Оспанов Жыланды ауылында 130 орындық мешіт, спорт кешенін, екі қабатты тігін цехын, мектеп-интернат, 20 млн теңгеге балаларға арналған саябақ пен кинотеатр салып, ауылдық мәдениет үйін, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, мектептің педогокикалық құрамын, материалды-техникалық базасын жетілдірді, дарынды оқушыларды дайындайтын мектеп-лицейдің сырттан келген он ұстазына жалақыларын беріп, баспаналы болуына себепкер болды. Аз қамтылған оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп ұжымы мен оқушыларына 5 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетті.

Осындай ЖҮРЕГІ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ азаматтарымыз жасасын

19 66 ER 0.7674
#tarih_tolqyn

Егеpде 250 жылға артқа шегінсек біз жер бетінен Американдық деген ұлтты таппайды екенбіз. Егер 900 жылға шегінсек Орыс деген ұлтты таппаймыз. 1200 жылға шегінсек Ағылшындарды, 1700 жылға шегінсек Француздарды, 2000 жылға шегінсек Немістерді көрмейді екенбіз ғой. Бірақ, қанша ғасыр артқа шегінсек те кез-келген жерден түркінің ізін көре аламыз, түркінің атының тұяғы тимеген жер жоқ жер бетінде.

55 42 ER 0.7152
Екі мықты, екі арыс бір жылда қайтатынын кім білген. Аллаһ рахымына алсын

12 47 ER 0.6649
Орыс тілін ресми тілден айыратын уақыт келді

Отыз жыл бойы бүкіл билік орыс тілінде сөйлеп, ақпарат таратып келді.
Мемлекеттің жағдайы жақсарып, халықтың көзі ашылып кеткенін көргенім жоқ.
Тіпті заңның өзі орыс тілінде жазылып, таратылады. Бұл ең бірінші ұлттың құқығын таптау! Қазақ тілінде сөйле десең, "нацист" деп жағадан алады.
Ауылдағы қара халық пен биліктің тілі екі тілде болған соң, мемлекетте жемқорлық жайлап әділдік жоқ. Халық пен биліктің арасында байланыс жоқ!Тіліне құрмет көрсетілмеген ел дамымайды, құлдырайды тіпті жоқ болып кетуі әбден мүмкін.
Әрбір ұлтты тіліне қарай танисың, ал біздің тіл дәл қәзір айыр тіл!
Өз елімде, өз жерімде ешкімге жалтақтамай, өзге ұлттардың алдында қорланбай өз тілімде сөйлегім келеді.
Қазақ тілінің мәртебесі көтерілмей, қазақ қоғамның жағдайы жақсармайды.
Бір тұғырлы тіл болсын!

Айгүл Орынбек

12 67 ER 0.6435
🆕🇰🇿ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЕГІЗ ПАЛУАНДАРЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Күрестен Моңғолия елінде өтіп жатқан Азия чемпионатында Мадина мен Жәмила Бақбергенова да топ жарды!

📍🇰🇿🥇68 КЕЛІ.
Топтық кезең
🇰🇿Мадина🆚🇰🇬Мейірім Жұманазарова 0️⃣:5️⃣
🇰🇿Мадина🆚🇰🇷Парк Су Жин 9️⃣:0️⃣

1/2 финал
🇰🇿Мадина🆚🇯🇵Наруха Матсуики 3️⃣:3️⃣

Финал
🇰🇿Мадина🆚🇰🇬Мейірім Жұманазарова 3️⃣:2️⃣

📍🇰🇿🥇72 келі.
🇰🇿Жәмила🆚🇲🇳Даванасан Енхамар3️⃣:3️⃣
🇰🇿Жәмила🆚🇺🇿Светлана Окназарова 1️⃣3️⃣:2️⃣
🇰🇿Жәмила🆚🇮🇳Никки Никки 7️⃣:0️⃣
🇰🇿Жәмила🆚🇯🇵Сумире Никура 4️⃣:4️⃣

Азия чемпионатында дәл осы салмақтарда бір сәтте топ жарған сәт сонау 2012 жылы ғана тіркелген.
🥇🇰🇿67 келі — Елена Шалыгина
🥇🇰🇿72 келі — Гюзель Манюрова

11 29 ER 0.5835
#tarih_tolqyn

Eл білмейтін шындық ашылды. Соңына дейін оқуға кеңес береміз....

Сталин бүкіл түркітілді ұлттардың ертеден бар арабша жазбасын әуелі латын әрпіне, сосын кириллицаға көшіртті. Өз жазбалары бар армян, грузин ұлттары жазбасына тиіскен жоқ. Осылайша ол барлық түркітілді ұлттарды жаппай сауатсыздарға айналдыра білді және ең бастысы, араб әріпті жазбалардың қажетсіздіктен немесе кейінгі ұрпақтың оларды оқи алмауынан толықтай жойылуына жол ашты. Арабша әріптер көмегімен жазылған шынайы тарихты осылай жоқ етті, оны сақтап қалғысы келген ұлт жанашырлары түгелдей жойылды. Иранды билеп-төстеген сол заманда ондағы қазақ халқына қатысты атаулар мен деректерді толықтай бұрмалап өзгертті. Осы кітапта көптеген атаулардың арабша жазылулары арқылы сондай бұрмалаулардың болғанын көрсетіп кеттік. Мысалы, қарах пен қазақ атауының түбі бір екенін, яғни «Караханид» деп көрсетіліп жүрген мемлекеттің дұрыс атауы «Қазақ Хандығы» болғанын және Алтын орда мен Алаш орда атауларыныңда өзара байланысты екенін көресіз. Ыстан . Бұл сөз де, көне түрк сөзі еді . Мый жуыу кезнде бүл сөздңде өзгенікі қылып көрсетті, пәрсінкі, тәжіктікі, әрәптікідеп. Қазір барша қазақ бүл сөзімізді бәсқанікі деп біледі. Алайда біз оған өз ата-бабаларымыздың көз қарасымен қарап көрейік. Көне түркі сөздері көбінесе бір жуан бір жіңішке екі сыңардан тұрады. Сонда мына сөздің түбірі "ыс "бболып, ол іс сөзінің жуан сыңары-жұмыс, шаруа деген мағына береді. Салыстырып қараңыз : ыспар және ісімер екеуіде іске шебер, пысық деген мағынаға ие. Былайша айытқанда жуан, жіңішке егіз түбірден туындаған егіз туынды сөздер .
Сонымен ыстан : ыста істе деген түбір мен-н жұрнағы қосылуынан жасалған .
Ол-адам қолымен жасалған бау, ба қша, қорық деген мағынадағы атау . Кейін, мәлім өлкені, немесе, елді бау-б а қшаға, жер бетінің жаннатына теңеп атаудан барып бірте-бір те өлке, мемілекет деген ұғымға кеңейген. Сонда, қазақстан деген ел атымыз-қазақ ұлтының жаннат мекені деген мағына береді екен. Б.Әденұлы: Қазақ тарихының әр парағын дәретпен жаздым деген екен. Қазақстан атауындағы «стан» қазақтың «Ыстан» деген сөзінен қалыптасқанын байқаймыз. Константинополь қаласын Станбул еткен Түркі Асылжік немесе Тюрки Селджук тобы еді, олар сол қаланы өздеріне тұрақТЫ ЖАНҒА ЖӘИЛЫ МЕКЕН болсын деген мағынада «Стан бол» деп атағанын көреміз. Ал аты көрсетіп отырғандай, Түркі Асылжіктер сол Асылүй тайпасы ұрпақтары, яғни, қазақ халқынан болатын. Тек ұзақ замандар Оғыз тайпаларынан құралған халықты билегендіктен оғыз тілді топқа айналған. Қазақтың християн дінін қабылдаған тобы болатын казактар да өз тұрағын «Стан» деп атаған, яғни славян тілі ықпалымен «Станица» делінген атау. Қазақ халқы билеушілер отырған тұрақты «Ас станы» деп атағандықтан бұл атау кейін мемлекет орталығы деген ұғымды беретін Астана сөзі болып қалыптасқан. Ал қайдан шыққаны белгісіз делінетін «Түрк» немесе «Түркі» сөзінің арғы түбі «Төргі» болған. Қытай деректері өздерінде «р» мен «ө» және «і» әрпі жоқтығынан «Тугэ» деп көрсеткен Асылүй тайпасының төртінші ғасырдағы билеуші руы атауы. Осы екі әріп өздерінде жоқ еуропалық тілдер ықпалымен «Төргі Асұя» атауы Тюрги немесе «Тюрки Ашина» деп тарихқа енді. Ал өз отандарындағы осы билеушілер атауының кейінгі ықшамдалған нұсқасы – Төре. Ресей империясы мен Сталин билігі негізінен Қазақ халқы тарихын жоюға ұмтылды, олар тарихи атаулар мен деректерді қалайда Қазақ халқына қатысы жоқтай етіп тұжырымдайды, алайда, оларды өзбек, ұйғыр, қырғыз, татар, түркімен, моңғол тәрізді халықтарға тиесілі деуге жол береді. Өйткені, қазақтан басқа ұлттардың ешқайсысы түркітілді халықтардың «Алтын тамырымыз» дей алмайтынын жақсы түсінеді. Сол себептен, Еуразия халықтарының шынайы тарихын Қазақ халқы тарихын зерттеу арқылы ғана анықтау мүмкін болып отыр. Біздердің осындай ортақ тарихымыз Қазақстанда өмір сүріп отырған ұлттарды «Алтын тамыр» аясында біріктіретін күшке айналуы тиіс.
Қазақ тарихшылары негізінен Қазақ хандығынан бергі тарихты зерттеумен айналысты, ал Құң мен Скифтер тарихы немесе Хазар мен Ұлы Булғария мемлекеттері тарихын зерттеу тек славянтілді ғалымдар еншісінде болғаны анық. Қазақы біздің тарихшылар сол славянтілді ғалымдар тұжырымын «Құран үкіміндей» қабылдап отырды, әлі де сол әдеттен айрыла алмай отырғаны шындық. Олар «қазақтың Албаны мен Кавказ Албаниясы және қазіргі Албания елін өзара қатысты деп санамаңдар» дейді, біздер ойланбастан «ләппай» дейміз. Олар «Тарбағатайда болған Абар тайпасы Кавказдағы Аварлар мен Еуропада болған Авар қағанатын құрғандарға қатысы жоқ» дейді, оны да солай қабылдаймыз. Олар «Аландар иран тілді, Аландар ұрпағы – Осетиндер» дейді, біздер бір-біріне Алан деп сөйлейтін Балқар мен Қарашайды көре тұра, олардың айтқанына сенеміз. Олар «Адыгей халқының бір бөлігі Черкес деп аталған» дейді, ал Адыгей халқы бұл атауды ешқашан қабылдамағанын өздері де мойындайды, ал біздер өзімізде Шеркеш тайпасы бар екенін біле тұра, олардың айтқанын қабылдаймыз. Олар «Казактар ішкі Ресейден крепостной құлдықтан қашқан орыстардан қалыптасты» дейді, ал біздер Казактар жайлы он төртінші ғасырдан белгілі екенін және крепостной құлдық Ресейде тек он жетінші ғасырда ғана енгізілгенін біле тұра олардың айтқанына көнеміз. Олар «Закавказьеде болған Касахия елі мен Кашак халқы дегендер Кабардиндердің ата-бабасы» дейді, біздер ондағы қазір де бар Казах пен Касах атауларын көре тұра және Кабардиндер сол заманда Кавказ маңында өмір сүрген Қабар тайпасы ұрпағы болуы мүмкін екенін түсіне тұра, оларға сенеміз, Казактардың келбеті мен киімдері сол кавказдықтармен бірдей екенін де біле тұра, олардың Закавказьеден қуылған қазақтар ұрпағы екеніне сенбейміз (бізге ресейліктердің «олар Қазақ емес» деген бір ауыз пікірі – «асыл тұжырым»). Олар Қырым аймағында өмір сүрген Рус пен Сакалбан тайпаларын еш қатысы жоқ болса да бұрмалап, өздерінің арғы аталары етті, ал біздер Касахия мен Кашак және Казак пен Казах атауларының Қазақ халқына тиесілі екенін айтуға рухымыз жетпейді. Неге? Әлде, шынынмен құлдық психологиядағы ұлтқа толық айналып үлгердік пе? Құлдың әрқашан қожайынға еліктейтіні және ұрпағым сол қожайынға ұқсаса екен деп армандайтыны белгілі жайт. Қазақтардың өз балаларын жаппай орыс тілді етуге ұмтылуы, қазақ қыздары мен әйелдерінің барынша сары шашты орысқа ұқсауға тырысуы олардың таза құлдар екеніне дәлел тәрізді. Тек аз ғана қазақы тәрбиеде өскен бөлігіміз өз қадірін білетін немесе «самоуважениесі» бар еркін адамдар болып сақталып қалғандаймыз. Осындай қасіретке жетуіміздің бір себебі шынайы тарихымыздың белгісіз болуынан. Қазақ халқының басқа ұлттар тараған «Алтын тамыр» екенін білген ұрпақ мұндай бейшара халге түспес еді ғой. Бұл кітаптың «алтын діңгегі» – осы Асылүй (әуелгі атауы Асылұя) тайпасы ұрпақтарының дәстүрлі билігі тарихы, өйткені, олардың «дәстүрлі патшалық ету тарихын» көрсету арқылы Еуразияда өмір сүрген халықтардың және мемлекеттердің өзара тарихи байланысын анықтай аламыз. Сонау біздің дәуірге дейінгі үшінші ғасырдан осы заманға дейін Еуразияда өмір сүрген мемлекеттерді билеп келген әулеттердің сол Асылүй тайпасы ұрпақтары екені анық. Сенбесеңіз, осы кітапты мұқият оқып шығыңыз, мен шын мәнінде олардың аса дарынды болғанына таң қаламын. Қазақтың «тегіне тартқан» деген сөзі бекер емес. Қазіргі Шапырашты, Беріш, Ысты, Ысық, Қоңырат, Төре және Шеркеш тайпалары сол Асылүй тайпасынан тарағандар. Әрине, олар кейінгі Ислам діні ықпалымен қарапайым тайпалармен араласуға мәжбүр болды, осылайша олар өздерінің арғы түбін ұмытқан. Ұмытпағаны, тек Төре тайпасы, өйткені, олар – Ислам дінін білмеген Моңғолия аймағынан келген Шыңғысхан әулетінен. Ислам діні ықпалымен қарапайым тайпалармен тығыз араласқандықтан және жеке тайпалар билігінеде араласқандықтан Асылүй тайпасы ұрпақтары қазақтың барша тайпалары құрамына сіңгені анық. Олардың кейінгі замандардағы ықшамдалған атауы Ас пен Аш, кейде Яс пен Әс және Ыс деп те кездеседі. Мысалы, Найман тайпасында Ас руы болғаны айтылады, өйткені, Найман хандығы болды және оны билеген Ас тобы кейін Найман тайпасы құрамына сіңгені түсінікті. Бекжан аға, кітаптағы жазбаларыңызға барлай қарасақ, Кеңес тарихшыларының дүниелерін тас-талқан етуге тырысасыз. Көп уәждеріңіз, деректеріңіз олардың біздің санамызға сіңдіріп тастаған «тарихына» қарама-қайшы келеді. Олардың құйтұрқы идеологияларын әшкерелеуге асығасыз. Сіздің пайымыңызша, қазіргі отандық тарихшылар да сол шеңберден шыға алмай жүрген сықылды, яки, сескенеді, яки, таптаурын санадан шыға алмайды. Осы орайда, «Қазақтың құпия тарихын» төңкеріс деуге келеді ме, әлде, сіздің шындықты іздеуге деген талпынысыңыздың нәтижесі ме? Украйн ғалымының Шыңғысхан жайлы жасаған тұжырымы осы кітапта бар. Ол он төртінші ғасырда Ресей аймағын қазақтар жаулап алғанын және олардың кейіннен Ресей Империясы құрамында азшылық болып қалғанын айтады, ал он тоғызыншы ғасырдағы Ресей Империясы өзіне бағынышты топқа айналған қазақтардың өздерін әуелде бағындырғандар екенін мойындауға арланғанын және осы себептен «жаулаушылар даңқы» алыстағы бөтен халыққа тиесілі етілгенін айтады ол кісі. Яғни, қалмақ пен ойрат текті тайпалар отырған аймақтан Монголия деген атаумен мемлекет орнаттырған Ресей империясы еді және оны ары қарай жалғастырған Сталин билігі болды, осылайша бұрын қазақ халқы тарихында кездеспеген моңғол деген жаңа халық пайда болды. Шыңғысхан заманында болған Маңғыл тайпасы атауы осылайша қалмақ пен ойрат тәрізді тайпалар негізгі халқы болған мемлекеттің атауына айналды және осылайша сол тайпалардың ортақ халықтық атауы моңғол болып тез арада қалыптасып кетті. Әрине осы бір кішкентай кітапта үлкен кезеңдерді қамтуға тырысқаным анық. Осы себептен де ол оқуға қиындау қарапайым оқырманға. Оның үстіне барлық шығынды өзім көтергендіктен барынша ықшамдауға тырыстым және осыған дейінгі нұсқасын мың дана етіп тегін таратып жібердім. Тарихшы ғалымдарымыз мені «өзіне қатысты емес іске» араласты деп кінәламай, керісінше өздеріне көмекші деп қабылдаса, бұл еңбек ары қарай толықтала беретіні сөзсіз.

171 53 ER 0.6947
Мен ашаршылықты өз көзіммен көрдім. 3-4 жасар кезім. Шешем мені көтеріп бара жатты. Айналамда өліп жатқан адамдар. Базардан бір нәрселер алып, қайтып келе жаттық. Көзім қарны жарылып жатқан адамға түсіп еді, шешем көзімді көлегейлеп жаба берді. Сонда адамның іші кеуіп, жарылып кетеді екен. Мұның бәрі саналы түрде қолдан жасалған геноцид екенін кейін білдім», - дейді ғалым. Ол 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы айтты. «Шешем, қарындасым үшеуміз жолға шықтық. Кеш болып қалған кезде бізді үш қасқыр қоршап алды. Мен қорыққанымнан анамның етегінің ішіне кіріп кеттім. Қасқырлардың көздері жарқырап тұрды. Бір кезде таяғына сүйенген шешем мені арқалап, қаша жөнелді. Қасқырлар жым болып қалды. Одан кейін қарындасымның шыңғырған дауысын естідім. Қасқырлар таласып, оны жеп жатты. Біз сайға түсіп кетіп, аман қалдық. Осындай жағдай қазақ даласының әр жерінде болып жатты… Сол кезде «Сталин мұны білсе - қойдырар еді» деген сөздер айтылушы еді. Негізінде керісінше екен ғой… Оның мақсаты ұлы даланы иесіз қалдыру еді. Өзімізді өзіміз қолға алмасақ, басқа ешкім жанашыр болмайды. Жастар тарихты жақсы біліп, шындықты ашуы керек. Біз сол ашаршылық кезінен бастап ұлттық санадан айырылдық. Институт бітіргеннен кейін ғана менің санам ашыла бастады. «Қазақ қалай орыстандырылды?» деген кітапты жазып, қазақтың ой санасына әсер ете алғандай болдық», - дейді Мекемтас Мырзахметов.

63 89 ER 0.5743
#tarih_tolqyn

Бауыржан Момышұлы жары Бибіжамал Мұхамеджанқызымен бірге. Соғыстан кейін. Сирек кездесетін тарихи сурет.

16 13 ER 0.4525
#tarih_tolqyn

Мөңке бидің болашақ туралы болжамы

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады...

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Жас баладан биің болар,
Жас балшықтан үйің болар,
Ат жақсысы арбада болар,
Жігіт жақсысы саудада болар.
Көлдің суы бітіп, табаны қалар,
Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар.
Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,
Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар.
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,
Сөйтіп, ақылы жоқ, санасыздың заманы болар.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсер інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір - жерге теңеледі,
Әйел - ерге теңеледі,
Көл - теңізге теңеледі.
Сиыр - өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы -
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны - ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
"Алһам" білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады...

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Ақыр заман халқының
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ.
Лағынет қамыты мойнында,
Жұмыстан қолының босы жоқ.
Әрқашан да олардың
Көңілінің хошы жоқ.
Бар шаруасы түп-түгел
Енді мұның несі жоқ...
Заман ақыр боларда -
Жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
«Ә» десе, «мә» дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар
Сөйткен заман кез болса,
Түзелуі қиын болар.

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Құбыладан шыққан күн
Жанып шығар деп еді.
Жалғаны жоқ бұл сөзім
Анық шығар деп еді.
Балғын-балғын көлдерден,
Балық шығар деп еді.
Екі басы қайқайып,
Қайық шығар деп еді.
Қазақ, сенің сорыңа
Қырда - қоқан, ойда - орыс,
Жарып шығар деп еді...
Қылмысы жаққан қылықты,
Алып шығар деп еді.
Қылмысы жақпас қырсықты
Екі етігі су болып,
Бір жаратқан тәңірге
Налып шығар деп еді.
Ауылдарын шу қылған,
Жаулықтарын ту қылған,
Зайып шығар деп еді.
Келіні - айғыр, кемпірі
Саяқ шығар деп еді.
Бір уысқа толмайтын
Аяқ шығар деп еді.

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азғаныңның белгісі:

Тайпақ-тайпақ көлдерден
Балық шығар деп еді.
Ол балықты аулайтын
Үш ашалы шанышқы
Қайық шығар деп еді.
Қамыс жаққан пенделер
Алып шығар деп еді.
Қамыс жақпас қырсықты
Екі етегі су болып,
Бір жараткан Тәңірге
Налып шығар деп еді.
Жаулықтарын ту қылған,
Ауылдарын шу қылған,
Зайып шығар деп еді.
Оқшантай жоқ, кісе жоқ,
Белбеу шығар деп еді.
Жүгініс жоқ, малдас жоқ,
Көлбеу шығар деп еді.

Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:

Заман ақыр адамы
Менмен шығар деп еді.
Үй басына тақ еткен
Келін шығар деп еді.
Келісімен кіржиіп,
Саяқ шығар деп еді.
Бір уысқа толмайтын
Аяқ шығар деп еді.
Қай жақ болса - қонысың,
Сол жақ шығар деп еді.
Бұзау, тайынша, танаға
Жүк артылар деп еді.
Ағып жатқан дария
Суы тартылар деп еді.
Өзі болған жігітке
Қыз артылар деп еді.
Көкек айы болғанда,
Кемпір күйлер деп еді.
Ендігінің қатыны
Байын билер деп еді.
«Туған байым болар!»-деп,
Аруақ шығар деп еді.
Сол аруақтың ішінен
Ыңғайы жоқ жаманның
Пышағы мен шақпағы,
Қалып шығар деп еді.
Бес қойға алған өгізің
Тегін дерсің деп еді.
Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің деп еді.
Жалаң аяқшар иттерін
Бегім дерсің деп еді.
Алысқа деген қамыстан
Үй шығады деп еді.
Сол үйіңнің ішінен
Құныс жауырын, қой бұтты,
Би шығады деп еді.

150 22 ER 0.5701