Статистика ВК сообщества "Посольство Казахстана в России"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🔹Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы.

Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.

Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.

Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді.

Мемлекет соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс.    
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Жеңіс күні құтты болсын! 

🔹 Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днём Победы.

Дорогие соотечественники!
От всей души поздравляю вас с Днем Победы!

9 мая – особенный день в истории нашей страны. Это день преклонения перед подвигом наших дедов и отцов, бабушек и матерей. Это день вечной памяти и благодарности доблестному поколению героев – победителей фашизма.

Победа была завоевана ценой неимоверных усилий и колоссальных жертв. Она ковалась благодаря беспримерному мужеству и несгибаемому духу фронтовиков, стойкости и самоотверженности тружеников тыла. Наш священный долг – всегда помнить, какую высокую цену они заплатили за нашу свободу, за наше право жить и созидать.

К огромному сожалению, ряды тех, кто прошел эту страшную войну, кто на себе ощутил все ее тяготы, из года в год редеют. Сегодня в Казахстане 77-й День Победы отмечают 376 ветеранов и 68 347 тыловиков. Низкий поклон вам от всех граждан нашей страны!
Государство обеспечит всестороннюю поддержку участникам войны, а общество, уверен, окружит их вниманием и заботой.

Желаю всем крепкого здоровья, благополучия и мирного неба!

С Днем Победы!

6 0 ER 0.4867
🔹 Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі қайғылы оқиғалар салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты 2022 жылғы 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз, зардап шеккендердің сауығып кетуіне қолдау білдіреміз.

🔸 В связи с многочисленными человеческими жертвами в результате трагических событий в ряде регионов Казахстана 10 января 2022 года объявлено днем общенационального траура.

Выражаем искренние соболезнования семьям погибших, слова поддержки и пожелания выздоровления пострадавшим.

10 0 ER 0.4843
🔹 Қазақстандықтардан Ресейге құрлық арқылы кіру кезінде коронавирусқа тест талап етілмейді

Бұл туралы Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.03.2022 жылғы №10 қаулысында айтылған.

Құжатқа сәйкес, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің (оның ішінде Қазақстан) азаматтары коронавирусқа тест тапсырмайды және тиісті сауалнаманы толтырмайды.

🔸 Казахстанцам с 1 апреля не нужны тесты на коронавирус при въезде в Россию по суше

Об этом говорится в Постановлении Главного государственного санитарного врача РФ №10 от 30.03.2022 г.

Согласно документу, въезжающие в Россию через сухопутные пункты пропуска граждане стран Евразийского экономического союза (в том числе Казахстана) с 1 апреля 2022 года могут не сдавать тест на коронавирус и не заполнять соответствующую анкету.

142 0 ER 0.9559
🔹 Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтайды!

Қазақстан Ұлы Отан соғысының жеңісіне ерекше үлес қосты. Соғыс майданына 1,2 миллион қазақстандық шақырылып, әскери іс-қимылдарға тұрғындардың 20 пайызы атсалысты. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада мен 50 полк құрылды. Миллиондаған қазақстандық күн демей, түн демей тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты.

Мемлекетімізге бейбітшілік, еліміздің барша тұрғындарына денсаулық, бақыт пен толағай табыстар тілейміз!

🔸 Посольство Казахстана в России поздравляет всех с праздником Великой Победы!

Казахстан внес достойный вклад в общую победу над агрессором. На фронт было призвано около 1,2 млн. казахстанцев, в боевых действиях принимало участие 20% населения республики. Здесь были сформированы 12 стрелковых, 4 кавалерийских дивизий, 7 бригад, 50 полков. Миллионы казахстанцев трудились для фронта, став надежным тылом, который день и ночь безустанно содействовал приближению Дня Победы.

Желаем мирного неба над головой, крепкого здоровья, счастья, успехов, благополучия, процветания!

5 0 ER 0.3870
🔹 Қазақстан құрамасын шайбалы хоккейден әлемнің қазіргі чемпиондары Финляндияны жеңуімен құттықтаймыз!

***

🔸 Поздравляем сборную Казахстана по хоккею с победой над действующими чемпионами мира Финляндией!

8 14 ER 0.4386
🔹Ресейліктер қазақстандықтармен бірге қайғырады

Еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты, бүгін, 10 қаңтар, Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Таңертеңнен бастап Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары, осында тұратын қазақстандықтар, қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігі ғимаратының алдына гүл шоқтарын қоюда. Олар қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау білдіріп, сауығып кетуін тілейді.

🔸Россияне скорбят вместе с казахстанцами

Сегодня, 10 января, в Казахстане объявлено днем общенационального траура в связи с многочисленными человеческими жертвами в результате трагических событий в ряде регионов страны.

С утра к зданию Посольства Казахстана в России в Москве на Чистых Прудах несут цветы жители и гости российской столицы, проживающие здесь казахстанцы, представители казахской диаспоры. Они высказывают слова соболезнования семьям погибших, слова поддержки и пожелания выздоровления пострадавшим.

7 0 ER 0.3813
🔹 Қазақстандық хоккейшілерді 11:3 есебімен итальяндықтарды жеңуімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да сәттілік серіктері болсын деп тілейміз!

🔸 Поздравляем казахстанских хоккеистов с феноменальной победой над итальянцами 11:3! Даёшь первый плей-офф чемпионата мира в истории!

13 8 ER 0.4197
🔹Ресейдегі Қазақстан азаматтарының назарына.

Ресей Федерациясы ІІМ-нің талабына сәйкес Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары ү.ж. 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс. 

Заңсыз жүрген азаматтар санатына мүлдем тіркеуге тұрмаған немесе уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының (РВП) және тұрғылықты тұруға рұқсатының (ВНЖ) уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады. Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Егер Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса және елден өз еркімен кеткісі келмесе, құқық бұзушыларды елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін.

***

🔹Вниманию находящихся в России граждан Казахстана.

Согласно требованию МВД РФ, граждане Казахстана, находящиеся в России незаконно, до 15 июня т.г. должны покинуть страну либо принять меры по легализации своего дальнейшего пребывания в РФ.

Под нарушениями подразумевается истечение сроков временной регистрации, разрешения на временное пребывание и вида на жительство в России. В то же время, при наличии законных оснований (работа, учеба и т.д.) казахстанцы имеют право обратиться в органы МВД для продления сроков временного пребывания в стране, не выезжая из России. В таком случае меры привлечения к ответственности к гражданам применяться не будут.

При отказе от продления пребывания в России в законном порядке и нежелании покинуть страну, нарушителям грозит принудительное выдворение с последующим закрытием им въезда в РФ.

187 0 ER 1.0291
🔸🇰🇿🇷🇺 Посольство Казахстана в России поздравляет россиян с праздником Весны и Труда и казахстанцев – с Днем единства народа Казахстана!

День Весны и Труда был и остается всенародным и любимым всеми поколениями россиян праздником, символизирует созидательную деятельность, силу пробудившейся природы и радость обновления жизни.

День единства народа Казахстана по-особому дорог его гражданам, живущим в полиэтнической и многоликой, но одинаково родной всем стране.

Желаем крепкого здоровья, счастья, благополучия, весеннего настроения, удачи во всех начинаниях и делах!

6 0 ER 0.3141
🔹Хиуаз Каировна Доспанова-советская лётчица Великой Отечественной войны, штурман-стрелок. Народный Герой Казахстана (2004).

5 0 ER 0.2950