Статистика ВК сообщества "Работа Уфа"

0+
Количество постов 10 434
Частота постов 4 часа 9 минут
ER 1.56
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🤲 [club74597892|Бақыт - Исламда]
Дұға етіп қойыңыздар

5 35 ER 0.1842
🤍 Субханаллаһ деген 1000 комментарий жинай аламыз ба? ⤵️

17 94 ER 0.2026
АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІН ЖАТҚА БІЛУДІҢ МАҢЫЗЫ НЕДЕ?

Ұлы да аса құдіретті, 18 мың ғаламды жаратқан Алла Тағаланың есімін жаттау, адам баласын ерекше бақытқа бөлері анық. Қалайша дерсіз , бәлкім?

Егер, Алланың көркем есімдерін жатқа қайталап, содан соң тілегіңізді айтатын болсаңыз, міндетті түрде орындалады екен. Бұған Құран Кәрімдегі «Ағраф» сүресінің 180-аяты дәлел. Онда «Аллаһтың көркем есімдері бар, солар арқылы Оған дұға қылыңдар. Оның есімдерін теріске шығарғандарды қоя беріңдер, олар қолекі істегендерінің сазайын тартады» делінген.

Тағы бір хадисте: «Алланын тоқсан тоғыз, яғни бірі кем жүз есімі бар. Кімде-кім соларды жаттаса жәннатқа кіреді. Ол (Алла) тақ әрі тақ санды көреді» - делінген Бұхари жеткізген әд-Дағуат кітабының №6047 риуаятында.

Жаттауыңызға арналған бірнеше тәсілдер:

- Оятқышыңызды сағат күндізгі 04:00-ге қойыңыз. Ғалымдардың пікірінше, осы уақыт аралығында есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс жасайды және ешқашан ұмытылмайды екен.

- Әр күнге он бір есімнен бөліп жаттаңыз.

- Жаттаған есімдеріңізді параққа қайта жазыңыз. - Мағынасымен қоса жаттауға тырысыңыз. - Күніне кем дегенде он рет қайталап жүруді әдетке айналдырыңыз.

Тоқсан тоғыз көркем есімінің құдіреті неде?:

1. اللهАлла – Оның (Алла Тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.

2. الرَّحْمَنُ Әр-Рахман – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Алла Тағала мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ, ол адам қаталдықтан арылады.

3. الرَّحِيمُ Әр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.

4. المَلِكُ Әл-Мәлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды.

5. القُدُّوسُ Әл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін-келбеттен тыс.

6. السَّلاَمُ Ас-Сәлам – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.

7. المُؤْمِنُ Әл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.

8. المُهَيْمِنُ Әл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.

9. العَزِيزُ Әл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

10. الجَبَّارُ Әл-Жәббар – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа, соны кімге де болсын істете алады.

11. المُتَكَبِّرُ Әл-Мутәкәббир – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады.

12. الخَالِقُ Әл-Халиқ – Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.

13. البَارِىءُ Әл-Бари – Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Алла әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бари, Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир» деп 21 рет айтып суға дем салып аузын сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, оған Жаратушы нәресте береді.

14. المُصَوِّرُ Әл-Мусаууир – Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Алла Тағалаға ешкім теңесе алмайды.

15. الغَفَّارُ Әл-Ғаффар – Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды. Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса, оған Алла Тағала ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффар ғфирли» деп айтып жүрсе, Алла Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.

16. القَهَّارُ Әл-Қаһһар – Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе Алла Тағала ол адамның иманын күшейтеді.

17. الوَهَّابُ Әл-Уаһһаб – Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.

18. الرَّزَّاقُ Әр-Раззақ – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.

19. الفَتَّاحُ Әл-Фәттах – Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.

20. العَلِيمُ Әл-Алим – Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін ешнәрсе жоқ. Алла Тағала – білушілердің білушісі. Алла Тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.

21. القَابِضُ Әл-Қабид – Қысып алушы. Кімге қаласа, ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе, аш-зарыққан болмас.

22. البَاسِطُ Әл-Басит – Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.

23. الخَافِضُ Әл-Хафид – Түсіруші. Алла Тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Алла Тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе, Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.

24. الرَّافِعُ Әр-Рафиғ – Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ақыретте де көтереді.

25. المُعِزُّ Әл-Муиз – Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді.

26. المُذِلُّ Әл-Музил – Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» – тозақты дайындайды.

27. السَّمِيعُ Әс-Сәмиғ – Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.

28. البَصِيرُ Әл-Басир – Көруші. Ол бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол ғайыпты да көреді.

29. الحَكَمُ Әл-Хакәм – Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Алла Тағала оның жүрегін нұрландырады.

30. العَدْلُ Әл-Ғадилу – Әділ, Адал. Ол кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдерінде әділ.

31. اللَّطِيفُ Әл-Ләтиф – Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.

32. الخَبِيرُ Әл-Хабир – Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.

33. الحَلِيمُ Әл-Халим – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.

34. العَظِيمُ Әл-Ғазим – Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.

35. الغَفُورُ Әл-Ғафур – Кешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.

36. الشَّكُورُ Әш-Шәкур – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.

37. العَلِىُّ Әл-Ғалиу – Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.

38. الكَبِيرُ Әл-Кәбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.

39. الحَفِيظُ Әл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Алла Тағала – әлсіздердің жәрдемшісі.

40. المُقِيتُ Әл-Муқит – Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.

41. الحَسِيبُ Әл-Хасиб – Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді.

42. الجَلِيلُ Әл-Жәлил – Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы.

43. الكَرِيمُ Әл-Кәрим – Құрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уәде берсе, толығымен орындайды.

44. الرَّقِيبُ Әр-Рақиб – Қараушы, Бақылаушы. Ол әр нәрсені көріп, біліп тұрады. Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді.

45. المُجِيبُ Әл-Мужиб – Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді. Ол адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі. «Иә Мужибу дағуати тәммәти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз.

46. الوَاسِعُ Әл-Уасиғ – Қоршап алушы, толтырып салушы. Ол Өз құлдарын ризықтармен бөлейді. Мәрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады.

47. الحَكِيمُ Әл-Хаким – Даналық Иесі, қате жасаудан пәк. Қате жасау Оның даңқына сай келмейді. Ол әр нәрсені өз орнына қояды.

48. الوَدُودُ Әл-Уәдуд – Ізгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол мәрхаметі, мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы білдіртеді.

49. المَجِيدُ Әл-Мәжиид – Даңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол дүниені ризықтарымен толтырады.

50. البَاعِثُ Әл-Бағис – Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.

51. الشَّهِيدُ Әш-Шахид – Куә. Ол анығын да, белгісізін де біледі және соған Куә. Алла Тағала Өзінің иләһи сипаттарыменен жалғыз Құдай екенін білдіртеді.

52. الحَقُّ Әл-Хақ – Шындық иесі. Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.

53. الوَكِيلُ Әл-Уәкил – Басқарушы. Өкіл иесі Алла Тағала барлығын басқарады. Құлдары Оған тәуекел етіп, тәубе келтіреді.

54. القَوِىُّ Әл-Қауи – Қуатты, Мықты, Құдіретті. Оның шамасы әр нәрсеге жетеді.

55. المَتِينُ Әл-Мәтин – Мықты, Тұрақты, Құдіретті. Оның күшіне ешкімнің қуаты жетпейді. Ол ешқашан әлсіз немесе шамасыз бола алмайды.

56. الوَاسِعَُ Әл-Уасиғ – Қорғаушы. Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.

57. الحَمِيدُ Әл-Хамид – Пәктеулі, Дәріптеулі, Мақтаулы. Мадақ Иесі. Алла Тағаланы кәпірлер мен екіжүзділерден басқасының бәрі мадақтайды.

58. المُحْصِى Әл-Мухси – Санаушы. Ол бәрін санайды. Оған ешкім санауға бөгет жасай алмайды. Ол бір нәрсеге көңіл бөліп басқаны назарынан тыс қалдырушы емес.

59. المُبْدِىُْ Әл-Мубди – Бастаушы. Ол қандайда бір жаратылысты жаратар алдында ешбір бейне, мысалсыз жаратты.

60. المُعِيدُ Әл-Муғид – Қайтарушы. Ол тірілерді өлілерге айналдырады және оларды қайтадан бастапқы қалпына келтіреді. Егер мал, мүлік немесе адам жоғалса Алла Тағаланың осы көркем есімін 70 рет қайталап дұға етсе, жоғалған нәрсе Алла Тағаланың қалауымен қайта оралады.

61. المُحْيِى Әл-Мухи – Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынса, шипа табады.

62. المُمِيتُ Әл-Мумит – Өлтіруші. Денелерден жан алып өлтіреді. Ақыреттің қайғы-мұңның дәмін татпау үшін Алла Тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп жүру керек.

63. الحَىُّ Әл-Хай – Тірі. Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ.

64. القَيُّومُ Әл-Қайюм – Бәрінің үстінде тұрушы. Әрбір заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып тұрады. Әр нәрсе тек Алла Тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен мықты тұрушы.

65. الوَاجِدُ Әл-Уәжид – Бай, Табушы. Нені тапқысы келсе, сәтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс оның құзырында. Ол ештеңені жоғалтушы емес.

66. المَاجِدُ Әл-Мәжид – Құрметті, Сыйлы. Ол жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тән.

67. الوَاحِدُ Әл-Уахид – Жалғыз. Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Алла Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.

68. الصَّمَدُ Әс-Самад – Ешнәрсеге мұқтаж емес. Адамдардың қажеттерін өтеп беруші Алла Тағала, сол үшін құлдары Оған бұл көркем атымен жалбарынады. Ол – аса Құдіретті, Қуатты.

69. القَادِرُ Әл-Қадир – Мықты, Қадірлі. Оны мақұлықтар қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі керек емес. Оның әр нәрсеге шамасы жетеді.

70. المُقْتَدِرُ Әл-Муқтадир – Құдіретті. Не істегісі келсе, соны істеуге қуаты жетеді. Оның істей алмайтын ісі жоқ.

71. المُقَدِّمُ Әл-Муқаддим – Алға шығарушы. Өз пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне инабатты құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық дәрежелерге көтереді.

72. المُؤَخِّرُ Әл-Муаххир – Артқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады. Ол Өзі мен кәпірлердің арасына бөгет перде салады.

73. الأَوَّلُ Әл-Әууәл – Бірінші, Алғашқы. Баршаның алдында. Ол мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.

74. الآخِرُ Әл-Ахир – Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда, Алла Тағала тірі болады. Оның соңы жоқ. Кім күніне осы көркем есімді 1000 рет зікір етсе, Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.

75. الظَّاهِرُ Әз-Заһир – Анық, Көзге көрініп тұрушы. Ол Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады.

76. البَاطِنُ Әл-Батин – Көрінбей тұрушы, Ішкі. Ол мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.

77. الوَالِى Әл-Уали – Басқарушы, Уәлі. Ол әр нәрсенің басқарушысы. Ол не бұйрық берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады. Ол Өз қалауымен және даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады.

78. المُتَعَالِ Әл-Мутаәли – Биікке көтерілуші (Самғаушы). Мақұлықтардың сипаттары Оған тән емес. Пайғамбарлардың сипаттарын биік дәрежеге көтереді.

79. البَرُّ Әл-Бәрр – Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік және қамқорлық етеді.

80. التَّوَّابُ Әт-Таууәб – Тәубені қабылдаушы. Ол әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін қабыл етеді. Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. Кім залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса, зұлымдығына ұшырамайды.

81. المُنْتَقِمُ Әл-Мунтақим – Есе әперуші. Ол Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай азаптайды.

82. العَفُوُّ Әл-Ғафуу – Аса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе, оның күнәлары кешіріледі.

83. الرَّءوُفُ Ар-Раууф – Қамқоршы. Алла Тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.

84. مَالِكُالمُلْكِ Мәликул Мүлк – Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік – Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе, Алла Тағала Өз байлығынан төгіп береді.

85. ذُوالجَلاَلِوَالإِكْرَامِ Зүл-Жәләли уәл Икрам – Құдірет және құрмет Иесі. Өзінің ұлы сипаттары үшін құрметті және атақты болады.

86. المُقْسِطُ Әл-Муқсит – Әділ. Шешімдерінде өте Әділ. Әрбір қиянат ж

167 12 ER 0.2183
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ МЕН ЖОЛАУШЫ ОҚУЫ ТИІС ДҰҒАЛАР

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) көлік тізгінін ұстаушылар мен жолаушыларға ортақ сүннет амалдар мен дұғаларды үмметіне өсиет еткен. Назарларыңызға аталмыш амалдардың бірқатарын ұсынып отырмыз. Дәретпен жүру.

Таңертең үйден жұмысқа, сабаққа немесе сапарға шығарда жақсылап дәрет алып шығу күніңіздің берекелі өтуіне, көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына септігін тигізеді.

Бұдан бөлек хадисте баяндалғандай «дәретті адамның күйі ораза ұстаушы секілді болады». «Аятул-Курсиді» оқу. «Бақара» сүресінің 255-аятын, яғни, «Аятул-Курсиді» оқыған адам үйіне қайтқанша түрлі жамандықтардан, пәле-жаладан аман болады. Бұл туралы хадисте «Аятул-Курсиді оқыған адамға 70 періште үйіне қайтқанша дұға тілеп, истиғфар (Алладан кешірім сұрайды) айтады» делінген.

Үйден шығарда дұға жасау.

Имам Тирмизиден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үйінен шығарда «Бисмилләһи тәуәккәлту ъалаллаһи, Ләә хәулә уәлә қууәтә илла билләһ» деген адам қауіп-қатерден сақталады, шайтан одан алыстайды» деген. Сондай-ақ, сапарға шығатын ниеті бар болса екі бас намазын және «Құрайыш» сүресін қосымша оқыса ол адам да үйіне қайтып оралғанша Алланың қорғауында болады.

Апаттан қорғану дұғасын оқу.

Көлікке мінерден алдын 3 рет жүргізуші де, жолаушы да мына дұғаны оқыса, ол адамды Алла Тағала көз тию мен түрлі апаттан қорғайды: «Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма’асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим».

Көлікке «биссмилләһ» деп міну.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) құлшылық-ғибадат, жақсы амалдардан бөлек, кейбір дүниелік істерді де «биссмилләһ» деп бастауды өсиет еткен. Ендеше, көлікке оң аяқпен, «Биссмилләһи, уә әлхәмдулилләһ» (Алланың атымен бастаймын, барлық мақтау тек бір Аллаға ғана тән) деп дұға жасағаны абзал. Құран аяттарын оқу.

Табарани жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.у.):

«Кемеге мінгенде Бисмилләһпен Һуд сүресінің 41-аятын оқыған адам суға батудан амандықта болады» десе, Имам Куртуби риуаят еткен хадисте «Зүмәр» сүресінің 67-аятын оқыған адамның суға батудан қорғалатыны білдірілген.

90 0 ER 0.1307
АУЫРҒАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР ТІЗІМІ

Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың хадистерінде түрлі дерттерге қарсы оқылатын көптеген дұғалар бар.

Расулулла (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Осман бин Әбиластың көңілін сұрап келді. Ол ауырып жатқан еді. Сырқаты ауыр және шаншитын.

– Ауырған жерді оң қолыңмен жеті рет уқала да әрқайсысында: "Әузу бииззәтиллаһи уә қудрәтиһи мин шәрри ма-әжиду уә ухазиру деп оқы!", — деп бұйырды.

Осман былай дейді:

– Aйтқанындай істедім. Ауруымнан айығып кеттім. (Бостанул-Арифин)

Айша анамыз айтқан:

– Бір жері ауырса Расулулла (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) "Фәләқ" және "Нас" сүрелерін оқып мүбәрәк қолына үрлеп, ауырған жерін сипайтын.

Көзі көрмейтін бір кісі Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп:

"Ия, Расулалла! Алла Тағалаға дұға ет, көздерім ашылсын" дейді.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған былай дейді:

"Жақсылап дәрет ал! Сосын, ия, Раббым, Саған жалынып-жалбарынамын. Сүйікті Пайғамбарың Мұхаммедті (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) уәсилә етіп (араға қойып), Сенен сұраймын. Ей, ең сүйікті пайғамбарым Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)! Сені уәсилә етіп, Раббыма жалбарынамын. Сен үшін дұғамды қабыл етуін қалаймын. Ия, Раббым, осы ұлы Пайғамбарыңды (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) маған шапағатшы ет. Оның құрметі үшін дұғамды қабыл ете гөр", — де.

Ол кісі дәрет алып осылай дұға етті. Сол мезетте көздері ашылды. (Термези)

"Фатиха", "Аят әл-Курси" және "төрт Қул" (яғни "Кәфирун", "Ықылас", "Фәләқ", "Нас") сүрелерін 7 реттен оқып ауру кісіге үрленетін болса, Алланың қалауымен бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.

Оқылған Құран Кәрімнің және дұғалардың әсер етуі үшін оқып жатқан адам бұған сеніп, науқас харам тағамдар мен күмәнді дәрі-дәрмектен барынша сақтануы керек.

Ықыласпен, шын көңілмен тәубе етуі тиіс. Дұға да дәрі сияқты, Алла Тағала қаласа әсер етеді. Шипаны Алла Тағала беретініне сену керек.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үш түрлі ем қолданған:

Құран Кәрім, дұға оқыған және ғылыммен табылған дәрілерді қабылдаған. Сондықтан дәрігерлерге де қаралу керек.

Ол да бір себеп. Алла Тағала барлық нәрсені себеппен жаратып, соларға ден қоюға әмір еткен.

102 4 ER 0.1342
ШЫНАЙЫ ТӘУБЕ ҚАЛАЙ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК?

«Тәубе» сөзінің жалпы мағынасы пұшайман болу, өкіну, айналу, бұрылу дегенді білдіреді. «Тәубе» Ислам діні тұрғысынан пенденің жасаған жамандықтары мен күнәларына пұшайман болып, күнә жасаудан бас тартып Алла тағалаға сиынуы, бұйрықтарына бағынуы және тыйым салғандарын жасамау арқылы Алла Тағаладан сыйына отырып кешірім сұрау деген мағынаны білдіреді. Жасаған күнәларына байланысты «тәубе ету» парыз. Құранда тәубә және осы мағыналас сөздер 86 мәрте кездеседі.

Құран Кәрімнің 9-сүресі «Тәубе сүресі» деп аталады. Осы сүренің 104-інші аятында «Олар пендесінің дұғасын қабыл етіп, садақаларын алатын тек қана Алла екенін білмей ме? Шынында, Алла – тәубені қабылдағыш, ерекше мейірімді» деп бұйырылады.

«Тәубе ету» Адам атадан бастау алады және құлшылықтың бір көрінісі болып табылады. Тәубә ету шын жүректен, байсалдылықпен және күнәні қайтып жасамайтынына сенімділікпен жасалуы қажет. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар да тәубә мәселесінде үмметіне өнеге болған және мұсылмандарды үнемі тәубе етуге шақырған (Мүслим, «Тәубе», 1,78).

Ислам дінінде тәубенің орны ерекше маңызды. Өйткені күнә жасаған пенденің күнәсін Алла тағаладан басқа ешкім кешіре алмайды.

Балғабек МЫРЗАЕВ

64 1 ER 0.1135
ТАҢ НАМАЗЫН ОҚУДЫҢ 8 ПАЙДАСЫ

1. Таң намазын оқыған адам, түні бойы құлшылық жасағанмен тең Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) былай деп куәлік етеді:

Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) былай айтқанын естідім: «Кім, кұптан намазын жамағатпен бірге оқыса, онда ол түннің тең жартысын құлшылықпен өткізгендей болады, ал таң намазын жамағатпен бірге оқыған адам түні бойы құлшылық жасағанмен тең». ("Сахих Муслим", 260/656 ).

2. Таң намазын оқыған адам Алланың қамқорлығында болады Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын):

«Таң намазын оқыған адам Алланың панасында болады және Алла ол үшін еш нәрсе талап етпейді»- деген. («Сахих Муслим», 261/657)

3. Адам таң намазын мешітте, жамағатпен бірге оқуды әдетке айналдырса, онда оған Қиямет күні сыйға Нұр тартылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын):

«Алла түнде (қараңғыда) мешітке барған адамның жүзін Қиямет күні нұрландырады» - деген. («Сунан Ибн Мәжәһ», 781 ).

4. Таң намазын мешітте, жамағатпен бірге оқыған адам, сөзсіз, Жәннатқа кіреді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын):

«Әл - Бардайнды орындаған адам – жәннаттық», - деді. Әл - Бардайн - Таң намазы (фәжр) жане Екінті намазы (аср). («Сахих әл-Бұхари», 548/549).

5. Таң намазын қалау ұйқыдан артық және ол тағдырды жеңілдетеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) былай деп айтқан:

«Таңғы ұйқы адамның ырысын азайтады» («Әл-Жами`ус-Сағир», 5129).

Оның мәні: Таң намазы мен күннің шығу уақыты зікір жасайтын уақыт. Алланы еске алатын кез. Ибн Қаййм осыған байланысты былай деген: «Таңғы ұйқы берекетті қашырады. Оның себебі, бұл уақыт ризық бөлінетін уақыт».

6. Таң намазын оқу – бүкіл әлемнің байлығын қолыңа ұстағаннан артық. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) :

" Таң намазының екі ракағаты (сүннеті) бүкіл әлем мен оның ішіндегі бар байлықтан артық"-деген. («Сахих Муслим», 96/725).

7. Таң намазын оқыған адамға періштелер куәлік етеді Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын):

«Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен аср намазында жиналып, сендермен түнде бірге болғандары (көкке) көтеріледі. Сонда (Алла) Өзі жақсы біліп тұрса да олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» деп сұрайды. Олар:

«Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді»,—деседі»,—деген. «Сахих әл-Бұхари», 530)

8. Таң намазын оқыған кісіні Алла Тағала жарылқайды және оған береке сыйлайды Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен салемі болсын) өзі Аллаға жалбарынып: «Уа Алла, үмметімнің таңын игі (берекелі) ете гөр», - дейтін. (Суннан ат -Тирмизи)

66 9 ER 0.1139
ДӘРЕТПЕН ЖҮРГЕН АДАМҒА АЛЛА ТАҒАЛА МЫНАЛАРДЫ НӘСІП ЕТЕДІ:

• Періштелер қасынан кетпейді.

• Әрдайым сауап жазады.

• Барлық мүшелері тасбих айтады.

• Ұйықтаған кезде періштелер адам мен жынның жамандығынан сақтайды.

• Жан тапсыруы оңай болады.

• Дәретті кезде Алла Тағаланың қорғауында болады. Ифтитах тәкібірін жіберіп алмайды.

47 1 ER 0.1024
БЕС ҚАУІПТІ ӨТКЕЛ БЕС УАҚЫТ НАМАЗБЕН ӨТІЛЕДІ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Намазда оң, солға қараудан сақтаныңдар. Өйткені, сендер намазда болған уақытша, Аллаға жалбарынасыңдар». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Әусат»)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Шүбәсіз Адамдардың алдында бес қауіпті өткел бар. (Амалы) әлсіз және күшсіз болғандар одан өте алмайды». Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл бес қауіпті өткел не уа, Расулалла!» - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

• Өлім және өлімнің қиындығы.

• Қабір мен ондағы қорқынышты жалғыздық және тарлығы.

• Мүнкәр мен Нәкірдің сұрағы және олардың сұсты жүздері.

• Мизан және амалдардың мизанда жеңіл болу қорқынышы.

• Сырат және оның жіңішкелігі».

Әбу Бәкір (р.а.) мұны естігенде қатты жылай бастады. Сол кезде Жәбірейіл (а.с.) дереу түсіп, былай деді: «Уа, Мұхаммед (с.а.у.)! Әбу Бәкірге айт, жыламасын! Арабтардың «Өлімнен басқа барлық дерттің емі бар» деген сөзін естімеді ме?». Сосын Жәбірейіл (а.с.) былай деді:

«Кім таң намазын оқыса оған өлім мен өлім қиындығы жеңіл болады.

Кім песін намазын оқыса Қабір мен қабірдің тарлығы оған жеңілдейді.

Кім екінті намазын оқыса Мүнкәр мен Нәкирдің сұрағы және олардың айбыны оған жеңіл болады.

Кім шам намазын оқыса мизан және амалдардың жеңіл болып қалу қорқынышы оған жеңіл болады.

Кім құптан намазын оқыса сырат пен оның жіңішкелігі оған жеңіл болады».

78 8 ER 0.1141
Қай күнде қандай қасиет бар...

Он сегіз мың ғаламның иесі Алла тағала Жер мен Аспанды және екеуінің арасындағы дүниені алты күнде жаратқаны мәлім. Бір аптада жеті күн болса, соның әрқайсысының өзіндік қадір-қасиеті бар. Соны таратып айтсақ:

Дүйсенбі сауда жасауға, сапарға шығуға қолайлы күн. Сауда-саттық оңынан келіп, сапар сәтті болады. Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымызға Жебірейіл періште арқылы Алладан алғаш хабар келген күн де осы күн.
Пайғамбарымызбен Мұхаммед (с.ғ.с) дүйсенбі дүниеге келіп және сол дүйсенбіде бақилық болған.
Хазірет Ибраһим Қағба құрылысына кірісіп, аяқтады.
Жаңа құрылыс бастағанның ісі оңынан келіп, жолы болады.
Тырнақ алғанның ақылы артып, зейінді, ұқыпты, істері өнегелі болады.

Сейсенбіде Хауа Ана қайыз қанын көрген.
Қабыл бауыры Әбілді қанға бөктірген.
Ибраһим елі қасиетті Сиықтың ажалына жеткен.
Бұл күні тырнақ алуға болмайды, өкпе-реніш тууы мүмкін. Сәтсідіктердің сабақтасып кетуі де ғажап емес.
Сахабалар Алланың елшісінен: «Бұл қандай күн?» -деп сұрағанда, «Қанды күн», – деп жауап бергені сондықтан.

Сәрсенбі дұшпанға қарғыс тиген күн. Алланың елшісі мұны «Нахас күн» деп атаған.
Өте сәтті күн саналып, жолға шығуға, жаңа істерді қолға алуға болады.
Тырнақ, шаш алуға тыйым салынған, пейіл бұзылады делінеді.

Бейсенбі Алланың елшісі «Жақсы күн» деп атапты, тілеген тілегің қабыл болып, Тәңірі сұрағаныңды беретін күн.
Бұл күні Мұса (ғ.с.) пайғамбар Мысырға келген.
Хазірет Жүсіп (ғ.с.) пайғамбардың атасы мен ағалары зынданнан шығып, қайта қауышқан.
Алланың елшісі Меккені дініміздің астанасы еткен.
Тырнақ пен шаш алдырғанның ауруы кетіп, күллі ауру-сырқауға шапағат-емі мол күн.

Жұма күні пайғамбарлар – Жүсіп (ғ.с.) Зылиқамен, Хазірет Мұса (ғ.с) Сапурамен, Мұхаммед (с.ғ.с) Хадиша және Айшамен, Әзірет Әлі Фатимамен некелесті.
Хазірет Адам Ата (ғ.с) жұмада жаратылып, тіршілік иелерін танып, жәнатқа кіріп, рахатын көрді.
Бұл күні тырнағы мен шашын алдырғанның бақ-дәулеті артып, молшылыққа кенеледі.
Мұсылман баласы дүниеден өтсе, иманы кәміл.
Түнде Жаратқанға жалбарынып, ғибадат жасаса, тілегі қабыл.
Аруақтарға құран бағыштап, садақа жасау сауап.

Сенбі – сейіл күні. Алты пайғамбарымыз – Нұх, Салық, Жүсіп, Мұса, Иса және Мұхаммед (с.ғ.с) аңшылыққа шығып, сейіл-серуен құрған.
Тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ жандардың бас қосып, емін-еркін бой жазатын күні.
Тырнақ алуға болмайды, жарақат алуы мүмкін.
Басқа нендей іске сәттілік тілесе де, талабы оңғарылады, жұмысы алға басады.

Жексенбі күні басталған құрылыс тез әрі сапалы бітеді.
Жеміс ағаштарын отырғызса, терең тамыр жаяды, қаулап өседі.
Христиандар үшін қасиетті күн болғанымен, мұсылманға ауырлау күн.
Бұл күні тырнақ алса, мал-мүлік азайып, дәулеттің берекесі қашады деген ырым бар.

Бабалардан бізге жеткен бір аманат осы. Ақиқатында, аптаның қайсы күнінде болсын, жан мен тәннің, мақсат пен ниеттің тазалығы сақталса, пенденің рухы өсіп, кемелдене түседі. Көрген күннің жаманы жоқ, қанағат пен шүкіршілік, сабыр мен тағат болса – дүниенің арты қайырлы.

92 7 ER 0.0980