Статистика ВК сообщества "Работа в Красноярске"

0+
Размещение ваших постов через сообщения сообщества 📝Опубликованные посты - автоматически бесплатно попадают в истории группы 🔥🚀

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Сезімді қайтем, сезімді қайтем серпінген.
Жүректі қайтем жалындап жатқан өртіңмен .
Демеймін емде, демеймін қылшы бақытты.
Өлтірсең өлтір махаббат атты дертіңмен.

Керекте емес, қажетте емес сезгенің.
Қор болуда тыңдаусыз қалып сөздерім.
Тағдырымда тұрғандай маған тарылып.
Қойғандай тығып сезімнің тəтті кездерін.

Ақылды болған ақымақтардың еш бірін.
Келмейді көргім келмейді мүлде естігім
Дертіме келіп дем бермек қалай адамдар.
Өткізбей бастан ,мен көрген күннің еш бірін.

Жүректі қайтем, жалындап жатып шарпыған.
Өзіңнен басқа керек етпеген еш бірін.
Сағынып жүріп өткізсе таңды басынан.
Сарғайып тұрып күтіп алар кешкі мұң.

Расул Асқарұлы.

27 53 ER 0.2186
Жан дүнием !

Шығамын адамдықтың шыңына мен,
Қиын болсын, құласам да мейлі қанша,
Әр атқан таңдарыма шүкір етем.
Адам болып келдім ғой өмірге мен,
Адам болып өтуді мақсат еткем.

Мен қалмаймын бұл жарықта мәңгілік,
Жырым қалсын әрқашан да жаңғырып.
Шығамын мен әлі талай шыңға,
Өмір мені сындыра плмас зар қылып.

Мұсылманмын аузынан түспей тұғын Алласы,
Иманымыз тасыған, Пайғамбарлар арқасы.
Әрқашанда таза жүрек, көркем мінез,
Болғым келеді адамдықтың айнасы.

Шүкір етем, өміріме налымаймын,
Мен өзімді иманымсыз елестетсем,
Жүрегі тас, ниеті қара залымдаймын.
Пенделерміз тоймайтұғын өмірге біз.

Осы жолы өлеңім ұзақ менің,
Өмірге талпынысым, ізгі лебім.
Жетелейді алдыға, сол бір сезім,
Адамдықты сақтаймын таусылғанша ақтық демім.

Мен қалмаймын, қалсын менің жырларым,
Қалсын мәңгі жырымдағы сырларым.
Адамдықтың шыңын мен бағындырам,
Жеңіп шығам менмендердің айласын.

Шабыттанам өмірден мен нәр алып,
Әрбір сәтті өткіземін мән салып .
Уақытым жоқ өштесетін жандарға,
Мақсатым бар қалу мәңгі адам болып!

Авторы: Абилхасимова Аружан

3 78 ER 0.1452
Жалғыздыққа сыр айтып...
Жан таба алмай...
Көңілім өткенді іздеп аңсағандай.
Сіз жайында әйтеуір ойлай берем,
Өткен күнге оралар жол табардай.
Қанатым жоқ ұшарға сізге қарай,
Естеліктер тимейді бізгеде оңай.
Тәтті кезді... боз бала шақтарымды,
Есіме алам фотодағы сізге қарай.
Таныстырған біздерді "бақ", Сары күз,
Есіңдеме бақыттырақ шақтарымыз.
Сіз бәлкім ұмыттыңыз... Сақталыпты,
Архивтерде 'сені сүйем'
Деп жазған хаттарыңыз.
Сол сәтті ұмытпаймын... Кешті дара,
Сезімдерден жиған ек есті жаңа.
Алғаш рет ерніңнің дірілдерін,
Сездірткен кешкі алматы, кешкі қала.
18-жас Сіз бен Біз бақыттырақ,
Бар бақытты ұрлады уақыт бірақ.
Сізді ғана кіршіксіз сүйген жігіт,
Сізден қалған хаттарды оқып тұрат...

Расул Асқарұлы

9 16 ER 0.0825
ӨКІНІШ.

Еске алып өткен күннің елестерін.
Мен сол кезде ақымақ емеспе едім,
Уақыт маған мүмкіндік берген кезде,
Мен неге ақылыммен кеңеспедім.

Терең ойлар жүр жанымды тұмшалап,
Жылап қайтем жанарымда тұрса бақ,
Барлығында басқашалау жасар ем,
Өткен күнге барып келсем бір сағат.

Гүлдемей жүр жас жүрегім жайқалып,
Мұңды жүзден бір өкініш байқалып,
Барлығында өзгертер ем егерде,
Өткен шақты берсе маған қайтарып.

Жасқа толып жәудіреген жанарым,
Келмес күнге өкінішпен қарадым,
Барлығында қателіксіз жазар ем,
Берсе қайтып өткен күннің парағын.

Қайран уақыт қайталанып келмейтін,
Сұрасамда бір мүмкіндік бермейтін,
Ұмыттырар барлығында келер күн,
Тек уақыттар бәрін-бәрін емдейтін.

(с) Мейрамбек Еламан.

53 19 ER 0.1041
Жұмақ исі аңқып тұрған Әлемім!

Жаным анам құдіретіңе жоқ талас,
Біздер үшін талай күйдің отқа рас.
Мың дүние айырбасқа берер ем,
Сендік жүрек болса шіркін, тоқтамас.

Ғұмырыңды гүлдей көркем ететін,
Қадіріңе қақым барма жететін?
Жалғыз түйген, білгенім бұл өмірде,
Сенің жаның — Менің Бақыт Бекетім.

Сен беретін жылулықта тым бөлек,
Мақтауларды айтар болсам түн керек.
Бар бақытым сенің аман жүргенің,
Бақытыма таласады кім демек.

Баласының кешірген көп әлегін,
Ана неткен мейірімді, пәк едің?
Аман жүрші жалғыз тілек мендегі,
Жұмақ исі аңқып тұрған Әлемім!
Талапхан Жұлдыз

36 13 ER 0.0925
Алматы – секс қала.

Байтал қала Алматы, сайқал қала,
Пана болған жынға да, сайтанға да.
Қаптады деп, шырағым , таңырқайсың,
Жетімдердің Үйіне қайдан бала?

Секс қала Алматы, секс қала,
Куә болған бәріне егіс, дала.
Қонақ үйде бір қызбен жатыр, әне,
Ұшып жеткен Германнан неміс бала.

Сірә,оңдайға Алматы сара қала,
Тұйықталған сыр шашпай далаға да.
Өліп-өшіп бір қызды жатыр құшып,
Ұшып жеткен Жапоннан қара бала.

Намыстанып өлмесін кім арланып,
Ителгідей итініп, құмар қанып.
Айдай сұлу бір қызың жатса егер де,
Бауырында негірдің жұмырланып.
Тірлігінен, жолынан жаңылмаған,
Қонақ қанша елінде қабылданған.
Аэродромға қонған самолеттей,
Қыз төсіне жан сонша дамылдаған.

Көкжиегін көк сағым жиектеген,
Астана бұл, жын-шайтан иектеген.
Ине бар ма зуылдап әрі-бері
Бір моншақтың көзінен жиі өтпеген.

Қыздар шығып заманның талабынан,
Қонақ үйге күндіз-түн сан ағылған.
Сәби қанша – көшеде келе жатып,
Түсіп қалған солардың балағынан.

Еркек түгіл қыздар да арақ ішіп,
Арақ емес жүр, әне, бала құсып.
Коммунизм елесі секілденіп.
Қайдан жеткен зауал бұл далаға ұшып?

Жөнге салып өмірдің сан бұзығын,
Түзел, елім, тұрғанда жан қызуың.
Қызды біздер өсіріп, Бұл не сұмдық,
Жат жерліктер көретін бар қызығын.

Жүре білген кіммен де, күле білген,
Ару қанша нәр алған жүрегіңнен.
Доллар саулап соларға тұр құйылып,
Бизнесмендердің бұзаубас шүмегінен.

49 28 ER 0.0944
ҰМЫТАМЫН БІР КҮНІ.

Есімің сақталғандай санамда айқын,
Сағынсамда жаныңа бара алмайтын,
Өзіңнен хабар күтіп күні-түні,
Мен екен телефонға алаңдайтын.

Сендік бейне жатталған көңілімде,
Бұлай ғашық болмаппын өмірімде,
Маған бірақ қалайша хат жолдайсың,
Сенде менің жоқ шығар нөмірімде.

Көрейік бұл майданда кім ұтарын,
Жүректі басқа жанмен жылытармын,
Мені бұлай қашанға жүрер дейсің,
Менде сені бір күні ұмытармын.

Жүрегім сені ойлайды алмай тыным,
Анық енді сен жаққа бармайтыным,
Өзіңді сүйе тұра, басқа жанды,
Күнә болды сүйемін деп алдайтыным.

Мұңым бар адамдарға байқалмаған,
Сағыныш бар ешкімге айта алмаған,
Сезімімді сыйлайын басқа жанға,
Өтініш жүрегімді қайтар маған.

Автор:Мейрамбек Еламан.

27 8 ER 0.0691
БІЗДІ АЙЫРҒАН КҮЗ!!!

Көңілімнен сән кетті күз келгелі.
Қуанышта жоқ қазір жүздердегі.
Ұшып кетсем құстармен алыстарға.
Кім сағынып сарғайып іздер мені.

Шыдатпады сезімім жақ ашпауға.
Әлім жетпей жүректен аластауға.
Өзіңсіз ұқсайд қазір қайран жүрек.
Жапырағынан айырылған ағаштарға.

Көңілімде мұңменен қайғы тұнды.
Сағынумен өткізіп әр-бір түнді.
Жүрек байғұс жаңғырып қаңырады.
Құстары тастап кеткен орман сынды.

Келеді жүрегіңде тұрақтағым.
Неге менен алыстап жырақтадың?
Өзіңменен айырған қоңыр күзді.
Шынымды айтсам мен биыл ұнатпадым.

Сен мәңгілік қолымнан ұстар деп ем.
Ән жазғызды сезіммен құштар деген.
Жолдап саған жіберем өлеңімді.
Жылы жаққа ұшатын құстарменен.

Жетсін саған жарқыным текті өлеңім.
Мен несіне сенімен кектенемін.
Өзіңменен айырған қоңыр күзді.
Бұдан былай мәңгілік жек көремін.

Мейрамбек Еламан.

9 11 ER 0.0625
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!

Абай

8 19 ER 0.0656
Иә,адамбыз бақытты өмір іздейтін,
Шын бақыттың не екенін білмейтін.
Ақша,байлық, мансапты берсе егерде,
Жүзі жайнап,құлпыратын гүлдейтін.

Иә, адамбыз нетеміз енді сондаймыз,
Керек кезде жалынамыз,қоймаймыз.
Бар кезінде шүкір етпей Құдайға,
Жоқ кезінде өкінеміз, сорлаймыз.

Иә, адамбыз біздер өзі қандаймыз,
Сұрағанға,қолы жетпес жандаймыз.
Жамандарға бар көңілді арнаймыз,
Ал жақсыға шақырсада бармаймыз.

Иә, адамбыз жақыннан алыс шалғаймыз,
Бармасақта,Қоңырауда шалмаймыз.
Той думанда құшақтасып,сүйісіп,
Көрінеміз өтірік жақын жандай біз.

Иә, адамбыз дүниеге тоймаймыз,
Бай болсақта,қолда жоқты ойлаймыз.
Зекет бермей,садақаны ұмытып,
Неге біздер,жұмада бір болмаймыз.
Өкінішті-ақ, бірақ біздер сондаймыз!

🪄 Бекжан Керімбекұлы

29 5 ER 0.0659