Статистика ВК сообщества "Қызықты Студия"

16+
¡ иɯʎdʞ ǝн ʞɐʞ 'ɐнɔɐdʞǝdu qнεиЖ◄

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

1. Егер әйел ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүрсе, ерлі-зайыптылардың екеуі де күніне 3 немесе 7 рет «Фәжр» сүресін оқу керек.

2. Егер әйел көпке дейін бала көтере алмаса және бедеулік қауіпі болса ер адам 11 рет «Муззәммил» сүресін оқып, оң алақанына бір уыс қант салып, әр оқыған сайын үрлеп, әйеліне беру керек. Немесе әйел адам бір күн ораза ұстап, ауыз ашарда 77 рет «Муззәммил» сүресі оқылған сүтті ішу керек.

3. Әр намаздан кейін төмендегі аятты оқу:
Уәзәкәриййә из̃ нәдә раббәһу рабби лә тәз̃әрнии фәрдәу уәәнтә хайрул уәрис̃иин
Мағынасы: Зәкерияны да есіңе ал. Раббына: “Раббым! Мені жалғыз қойма. Сен ең жақсы мұрагерсің” деп жалбарынды («Әнбия» сүресі, 89-аят).

4. «Әли Имран» сүресінің 38 аятын қолыңнан келгенше көп рет оқу:
Һунәликә дәъа зәкәриййә раббәһу [cалә] қалә рабби һәб лии мил ләдункә з̃урриййәтән тайибәтән [cалә] иннәкә сәмииъуд дуъа
Мағынасы: Сол арада Зәкерия (Ғ.С.) Раббына жалбарынды: «Раббым! Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Шәксіз Сен тілекті естушісін» деді.

5. Бала көтеру үшін Әбу Бәкір (р.а) мына дұғаны ұсынған:
СубханаЛлах» (Алла кемшіліктен атаулыдан Пәк) – 70 рет
Әстағфируллаһ (Аллаһым кешіре гөр) – 10 рет
СубханаЛлах» (Алла кемшіліктен атаулыдан Пәк) – 9 рет

Кейін «Нух» сүресінің 10-12 аяттарын оқы:
(10) фәқулту стәғфируу раббәкум иннәһу кәнә ғаффәрә.
(11) йурсилис сәмәә ъаләйкум мидрәрә.
(12) уәйумдидкум биәмуәлиу уәбәниинә уәйәжъал ләкум жәннәтиу уәйәжъал ләкум әнһәрә.

Мағынасы: (Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы.” дедім. (10)
“Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.” (11)
“Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.” (12)

6. 3 күн ораза ұстап, «Фурқан» сүресінің 74 аятын ұйықтар алдында 21 рет оқу.

Ihsan.kz сайтынан

0 0 ER 0.0108
Әнші Саят Медеуов жол апатына ұшырап, жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желіде жазған. Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та өзінің желідегі парақшасына әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды.

0 0 ER 0.0036
“Жолың ашық болсын”: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа тілегін айтты.

Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Актриса әншіге ақ жарма тілегін айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртасты ел алдында құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

“Жаңа жасың тек жақсылығымен келсін. Елдің саған деген махаббаты ортаймасын, қыздарымыз бой жетіп, ұлдарымыз ер жетіп, үмітімізді ақтасын. Жолың ашық болсын. Алла тура жолынан тайдырмасын”, – деп жазды Жұлдыз желідегі парақшасында.

Қайрат Нұртас 33 жасқа толған туған күнін Мальдив аралында өткізген еді. Әнші өнер өкілдері мен жақындарының ортасында думанды кеш өткізді. Алайда бұл кеште жары мен балалары бой көрсеткен жоқ.

Мұны желі қолданушылары түрлі себеппен байланыстыруда. Бірі жеке өмір мәселесі десе, енді бірі әншінің таңдауы деп болжады.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас Мальдив аралдарына балаларын алып баруды қалаған. Тек "қанша тырыссам да, бұйырмады" деген әнші бұған дейін әсерлі видео жариялаған еді. Онда Қайрат балаларының ән айтқан сәтін көзіне жас алып тамашалауда.

"Әлемде соғыс болып жатса да, көпшілікті Қайраттың жеке өмірі алаңдатады!" Жұлдыз Әбдукәрімова елді мазалаған сауалға жауап берді. Ол неліктен балаларын Мальдив аралдарына әкесінің туған күніне жібермегенін айтты.

0 0 ER 0.0036
Қазақстандық ғалым қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасуша ойлап тапты.

Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы геномды редакциялау көмегімен I типті қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасушаларды ойлап тапқан. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ресми Facebook парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге ғана емес, сонымен бірге оның денедегі деңгейін өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді.

Болашақта құрылым науқас пациенттердің безіне трансплантацияланады деп жоспарлануда.

"Біздің бұл әдісіміз бірегей болып есептеледі. Жасуша геномын өңдеу үшін қолданылатын CRISPR технологиясын пайдалана отырып, біз инсулин синтезіне жауап беретін ұйқы безінің жаңа жасушалық тізбегін жасадық.

Нақты түсіндіріп өтсем, алынған жасушалар ерекше сипатқа ие, яғни жарықтың әсерінен олар инсулин деңгейін жоғарылатуы немесе оны төмендетуі мүмкін. Негізгі мақсатымыз І типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдерін табу болды. Атап айтқанда, өзінің табиғи инсулинін шығаратын жасушалық терапияны табу болды", - дейді Бақытжан Әлжанұлы.

Қазір әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді. Бүгінде дүниежүзі ғалымдары трансплантациялауға болатын жасушаларды әзірлеумен айналысып жатыр.

Осы ретте, министрлік қазақстандық биотехнолог бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы бірегей нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

"Дифференциация және геномды редакциялау әдістерін біріктіру арқылы осындай нәтижеге қол жеткіздім. Бұл қорытындының бірегейлігі мен өзге әдістерден артықшылығы осында. Дифференциация - бұл адамның бағаналы жасушаларын ағзадағы кез келген органның жаңа жасушаларын алу үшін материал көзі ретінде пайдалану әдісі.

Зерттеу кезінде бағаналы жасушалардан өңделген геномы бар ұйқы безінің жасушаларын алдық. ДНҚ-ны редакциялау әдісі - бұл гендік инженерия, ДНҚ-ның жеке құрылымдық элементтерін өзгерту. Яғни бұл жерде біз алынған ұйқы безінің жасушаларынан бірегей қасиеттерге қол жеткізгеніміз туралы айтып отырмыз. Дәлірек айтқанда, жасушалар инсулин деңгейін өз бетінше реттей алады. Бұл - әлемде алғаш рет ойлап табылған әдіс", - дейді ғалым.

0 0 ER 0.0000
Қостанайдың "Тобыл" клубы екінші жыл қатарынан Қазақстан Суперкубогының иегері атанды⚽️

"Астана Аренада" Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта қостанайлық "Тобыл" мен алматылық "Қайрат" командалары ойнаған.

Нәтижесінде 2:1 есебімен "Тобыл" ұтып, екінші жыл қатарынан Қазақстан Суперкубогының иегері атанған.

Қостанайлықтар қатарынан Серікжан Мужиков пен Айбар Жақсылықов гол соқса, "Қайрат" сапынан Жоао Пауло көзге түскен.

Айта кетейік, "Тобыл" былтыр да Қазақстан Суперкубогында топ жарған еді. Сондай ақ, өткен маусымда ел чемпионы болды.

0 0 ER 0.0000
Концерт кезінде Димаштың маңдай терін сүртіп берген анасына ел сүйсінді (видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазір әлемдік турын жалғастыруда. Жақында ол Дубай, Прага қалаларында үлкен концерт өткізді. Желіде Чехиядағы концертте түсірілген видео таралып кетті.

Желіде таралған видеода Димаштың анасы Света Айтбаева сахнаға жақындап, ұлының терін сүртіп береді. Бұл жылы көрініс әншінің жанкүйерлеріне қатты ұнаған.

Ананың балаға деген ерекше махаббатына куә болған көпшілік жылы лебіздерін аямай, талантты ұлды дүниеге әкеліп, тәрбие берген ата-анасына жылы лебіздерін жаудыруда.

0 0 ER 0.0000
Айдарбекова: Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың екіге кеткені расталды. Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Гүлзира Айдарбекова жауап берді. Ол өзін "ұлы мен келінінің ортасына түсті" деп сынағандарға ұрысып тастады.

Қайрат Нұртастың Мальдив аралдарында өз отбасымен емес, өзге адамдармен туған күнін тойлауы елдің көкейіндегі күдікті растағандай болды. Бұған дейін Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқанына көзі жетпеген жұрт бұл жолы оның анасын айыптауға асықты. "Қайрат анасының айтқан сөзіне еремін деп жарынан айырылып қалды" деп сөкті жұрт. Елдің сөзі Айдарбекованың көңіліне тисе керек, продюсер өзін айыптағандардың біріне жауап берді.

"Менің жанұяма тыныштық беріңдер. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілеп, аңдығандарың отбасымның өмірі болды ғой. Қайрат не Жұлдыз менен не жамандық, не айуандық көріпті? Қашан мен араларына түсіппін? 18-дегі бала емес менің дегенімді жасап отырған, жастары 33-34-те. Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді. Қай ана өз ұрпағын жылатып, сұрпайылық жасаушы еді? Екеуі бірге жүрсе, "жоқ жүрмейсің, мен жүремін" деп отыр ма екенмін көкбеттеніп?

Өз баламды өзімнен қызғанып, бірге көрсеңіздер, тоқалын көргендей зәре-құтыларыңыз қашып бітті ғой. Сонда сендер ауыздарыңа келгенін құсады екен, пал ашып сөйлейді екен деп өз балама жоламай, тығылып жүруім керек пе? Сендерге айтпасам, бала-шағалары бар, ойланар, естерін жияр деп үміт етіп жүрген шығармын", – деп ашуланды Қайрат Нұртастың анасы.

0 0 ER 0.0000
Ләйлә Сұлтанқызы анасының туған күніне кіші қажылыққа жолдама сыйлады (видео)

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының туған күнінде оған ерекше сый тарту етті. Ақпарат өкілі анасын Меккеге кіші қажылыққа жіберіп жатыр.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында анасымен видеомен сөйлесіп жатқан сәтін бөлісті. Әңгіме барысында ол анасынан сапарға дайындық қалай екенін сұрады.

Тележүргізушінің сөзінше, анасын Меккеге жіберу марқұм ағасының өзіне сеніп тапсырған аманаты.

"Жылағым келіп отыр. 20-сы анашымның туған күні, балалары немерелері қазір кіші қажылыққа шығарып салып жатыр. Бұл марқұм ағамның өзіме тапсырған үлкен арманы мен аманаты еді. Қасиетті жерді тағы бір көрсем деген анамның арманының орындалғаны мен үшін үлкен бақыт. Құдай аналарды жылатпасын, балам үшін деп шырылдаған жүрегін ауыртпасын. Барлық дұға тілектері қабыл болсын. Ол жаққа баруды баршаларыңызға нәсіп етсін", - деп жазды ол.

0 0 ER 0.0000
Ерке Есмахан Қайрат Нұртасты құттықтап, Мальдив аралдарына барған (видео)

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастың туған күнімен құттықтау үшін арнайы Мальдив аралдарына барған. Эстрада жұлдызы оған күтепеген тосын сый жасады.

Ерке Есмаханның шетел асып кеткені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Әнші Мальдив аралдарына Қайрат Нұртастың жаңа жасын тойлауға барған.

Туған күн иесі де сыйлы қонағы келгенін өз парақшасында жария етті. Ол Ерке Есмаханмен видео жариялап, барша жақындарына алғысын білдірді.

Белгілі болғандай, Ерке Есмаханнан бөлек, Қайраттың жеке мерекесіне танымал отандық блогерлер Нұрдәулет "NNN" мен Әлішер Қонысбаев та барған.

"Қош келдің 33! Мен үшін келген әрбір жанға алғысым шексіз! Ағасын қолдап келген Нұрдаулет пен Әлішер бауырыма, тосын сый боп келіп, таңғалдырған Ерке досыма Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін", - деп жазды ол.

0 0 ER 0.0000
Түркістан облысында 10 мың отбасы үйлі болады😍
Түркістан өңірінде биыл 10 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Мұнда жыл аяғына дейін 836 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Көпқабатты баспаналардың дені аудандарда салынып жатыр. Сондай-ақ өңірде өз күшіммен үй салам дегендерге де жер беріледі.

0 0 ER 0.0000