Статистика ВК сообщества "Қазақша мақалдар мен мәтелдер [KZ] Пословицы | Q"

0+
Предложить новости-ге өзіңіз білетін Мақал мәтелді жазуыңызға болады.
Количество постов 1 743
Частота постов 321 час 8 минут
ER 12.70
52.63% 47.37%
30.19% подписчиков до 18
76.70% 2.91% 0.00%
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Мәтел

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мазмұнында. Мақал – өмірде болған елеулі оқиғаға берілген даналық қорытынды. Ал мәтелде сөз айшықты, көркем теңеу қолданылады. "Көппен көрген ұлы той", "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген мәтелдерден аңғаруға болады, яғни, мақалдағыдай дәлелдеу, қорытынды пікір болмайды. Тек ойды жанамалап жеткізеді. Қалай дегенмен, "мақал да, мәтел де – халықтың қазынасы, тіл майданындағы басты қаруы" дейді Дандай Ысқақ.

0 0 ER 0.0512
Мақалдың ерекшелігі

Мақалдың басты ерекшелігі бірінде ойын ашық айтса, енді бірінде ойды астарласа да, анық қылып жеткізген. Мысалы, "Құласаң нардан құла","Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме", "Аузы күйген үріп ішер" дегендерден нені меңзегенін бірден түсінесің. Тағы басты ерекшелігі жай сөйлеммен терең мағынаны бере білген.

Кейбір мақалдар өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрінен жасалып, бір шумақтан тұратын өлең секілді. Мысалы, "Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен күн кешер", "Арық деген жамантай, жазға шығып ат болар, жамандығың сезілсе, жақын кісі жат болар".

0 0 ER 0.0342
Қыз - қонақ.

Қыз - әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.

Қыз бала - өріс.

Қыз - ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.

Қыз жоқ жерде қызық жоқ.

Қызға бергенді Қыдыр өтер.

Қызға бергенді қыз өтер.

Қызды ауыл көңілді.

Қыз қылығымен жағады.

Қыз: «Қуыршақ», - дейді,
Ұл: «Құлыншақ», - дейді.

Қыздың қырық жаны бар.

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

Қыздың тамағы қылдай.

Қызым үйде, қылығы түзде.

Қызға қырық жерден тыйым,
Қырық үйден қарауыл.

Қыз қылығынан.

Қызды ауыл өсекшіл.

Қызды қартша сына,
Атты жігітше сына.

Қыз көрейік, қыз көрейік,
Қыз көретін жігітті біз көрейік.

Қызы бардың - көзі бар,
Ұлы бардың - өзі бар.

Қызды таныс алады,
Таныс алмаса, қоныс алады.

Қызыңды жеріне бер,
Жер ыңғайы келмесе, еріне бер.

Қызды ауылдың иті жатпас.

Қыздың қызылы қашса,
Жігіттің қызығы басылады.

Қыз келіннен ғибрат алсын,
Ұл елінен ғибрат алсын.

Қыз өссе - үйге жұт,
Ұл оссе - үйге құт.

Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.

Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.

Жерді шым, елді қыз біріктіреді.

Суды құм бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.

Судың түбін шым бөгейді,
Даудың түбін қыз бөгейді.

Қой жүрген жер - береке,
Қыз жүрген жер - мереке.

Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп.

Алқатсаң, алқат қызыңды,
Ақтар ол дәм-тұзыңды.

Күзгі күннің көзіне қызыңды қой,
Көктемнің күніне келініңді қой.

Гүл өссе - жердің көркі,
Қыз өссе - елдің көркі.

Қыздар, сәулем, толғанда жүріс түзер,
Жүріс түзеп жігітке көзін сүзер.

Бесін болса, күн тұрмас,
Күйеу келсе, қыз тұрмас.

Арпа берсең, атқа бер,
Күтірлетіп шайнасын,
Қызды берсең, жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын.

Бір қыз күйеуге шықса,
Қырық қыз түс көреді.

Біреу қыз алып қашады,
Біреу қызығына қашады.

Шыққан қыз шиден тысқары.
Теңін тапса, тегін бер.
Қалыңсыз қыз болса да,
Кәдесіз қыз болмайды.

Қыздың баласындай, қолдың саласындай.

Қысыла-қысыла қыз болдым.

Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады?

Қымызды кім ішпейді,
Қызды кім айттырмайды.

Қатты айтқан қарындасқа жақпайды.

Ac таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, анасына қара.

Күндес көргеннің қызын алма.

Көп беріп, көргендіден қыз алсаң,
Тік тұрып, мейманыңа қызмет етер.
Аз беріп, көргенсізден қыз алсаң,
Байының қойнына бір жатқанын міндет етер.

Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар,
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.

Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолын күс басады.

Ондай-ондай хан қызында да болады.

Боқшасында боғы жоқ,
Қызының атын Маржанбике қойыпты.

Тұзды көп сақтама, су болады.
Қызды көп сақтама, күң болады.

Қой көрмесек те қи көрдік,
Ешкілі байдың қызы едік.

Қисық болса да, жол жақсы,
Долы болса да, қыз жақсы.

Саз болса да, жаз жақсы,
Соқыр болса да, қыз жақсы.

Қарты бардың хаты бар,
Қызы бардың назы бар.

Өзі болған қыз төркінін танымас.

Төркін десе, қыз төзбейді,
Көкпек десе, түйе төзбейді.

Қыздан туғанның қиығы жоқ,
Туыс қылудың қиыны жоқ.

Екі қыздың баласында туыстық жоқ,
Туыс қылам деудің дұрыстығы жоқ.

Ұлға отыз үйден тыйым,
Қызға қырық үйден тыйым.

Тауықты тойындыра алмайсың,
Қызды киіндіре алмайсың.

Қойшының қызы қой келгенде іс қылар.

Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт -төбедегі жұлдыз.

Біреудікі біреуге қыздай көрінер.

Отырған қыз орын табар.

Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.

Кәрі қыз ер таңдамайды,
Өлген кісі жер таңдамайды.

Ойының бекімі жоқ қыз қырық құбылады.
Кәрі қыздың ұяты босаға аттағанша.

Қыздың көзі - қызылда.

Қызға қырық үйден,
қала берсе, қырық күңнен тыйым.

Қырық жеті - қыздың құны.

Қыз өспес пе, көкіректі теспес пе?!

Қызға қараған күн - айсыз қараңғы түн.

Қызы бар үйдің келіншегі сүйкімді.

Қыздың сырын жеңгесі біледі.

Қызды жеңге,
Жеңгені теңге бұзады.

«Кетем!» деген қыз,
«Көке!» десең де тұрмайды.

Бас-басыңа бай қайда,
Шал да болса тиіп ал.

Қыз ұзатқанның қызылы қалмайды.

Жасауы бар қыздың күйеуі жуас.

Кәдесіз күйеу болса да,
Жасаусыз қыз болмайды.

Қыздан туған қияқсыз.

Есігі жаманның үйіне барма,
Шешесі жаманның қызын алма.

Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.

Алысқа қой барады,
Ұзатылған қыз барады.

Қойшының қызы қой келгенде жүн түтеді.

Күңнің қызы еркелесе,
Аспандағы жұлдызды әпер дер.

Құлдың ұлы еркелесе,
Ханның қызын әпер дер.

Мақтаған қыз тойда осырар.

Үлкен қызыңды бермесең де,
Кіші қызыңа ризамын.

Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

Кәрі қыз бала тапса,
Қоярға жер таппайды.

Көне етіктіге бармайды,
Көк етікті алмайды.

Бір қызымнан бір қызым сорақы.

Қыдырмашыл шешенің қызы бастаңғышыл.

Мыржаң жігітке ыржың қыз - Ләйлісі болады.

Жездеме тиіп жетілгенім бар болсын.

Жазымсыраған қыстан без,
Жасымсыраған қыздан без.

Құмға сиген білінбес,
Қызға берген көрінбес.

Әйелі өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.

Өткелден өткенше қызыңды алайын,
Өткен соң аузыңды ұрайын.

Қызы бар ауылдың қыдыры бар.

Қызымның құлағына алтын сырға.

Қызым, саған айтамын,
келінім, сен тыңда.

Жауынды күні ат көрме,
Айтты күні қыз көрме.

Қызды қырық кісі айттырады,
Бұйырған біреуі алады.

Ауылыңа қалың берсең, төменнен бер,
Қызыңа қалың берсең, жоғарыдан бер.

Қыздың жолы жіңішке.
Асыққан қыз ерте кетсе де,
Етек-жеңі жерге жетпейді.

Қыздың сырын төркіні біледі.

Ананың көңілі қызында,
Қызының көңілі қызылда.

Бесік кертпе қыз.

Қыз - мұңлық.

Жігіт - күш, қыз - көрік.

Жігіт алтын, қыз күміс бойдағында.

Ұлға - түтін, қызға - күтім.

Қыз тілеуі - Қыдыр тілеуі.

Жігіт қыз таңдайды,
Қыз жігіт талғайды.

Сұлу жігіт - ел көркі,
Сұлу қыз - үй көркі.

Қалыңдық жасауына қарай назданады.

Қыздың көркі - кигені,
Жігіттің көркі - сүйгені.

Қызда кеңілің бар болса,
Үмітіңді үзбей бар.

Қыс қыс сияқты болсын,
Қыз Қыз сияқты болсын.

Қыз ұзатылған үй өлік шығарғандай.

Ай десе, аузы бар,
Күн десе, көзі бар.

Әйелдің пірі - Бибі Фатима

Әйел - қырық шырақты.

Әйел - үйдің қазығы.

Әйел - үйдің көркі,
Еркек - түздің көркі.

Асыл әйел - әрі еркек, әрі қатын.

Еркек - бас, әйел - мойын.

Әйелді гүлмен жасқауға да болмайды.

Еркек түз сақтайды,
Әйел үй сақтайды.

Жақсы әйел - теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.

Инабатты болса - әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.

Жақсы әйел - ырыс,
Жаман әйел - ұрыс.

Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.

Ердің асылы күшінен білінеді,
Әйелдің асылы ісінен білінеді.

Жақсы қатын жаман еркекті адам етеді.

Қызға бергісіз қатын бар.

Әйелді бастан, баланы жастан.

Еркекке жүрек керек,
Әйелге тірек керек.

Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын
Ойлап талдайды.

Ерге жаққан қатын елге де жағады.

Қапияда қатын ақыл табады.

Көріп білген көріктіден
Көрмей білген текті артық.

Жақсы қатын жарының жақсылығын асырар,
Жамандығын жасырар.

Сиырдың сүті болсын,
Әйелдің асы болсын.

Қатын ерге қарайды,
Ер жерге қарайды.

Бақпасаң, мал кетеді,
Күтпесең, қатын кетеді.

Әйелінен ұялған баласыз өтеді.

Түлен түртпесе,
Түнде келін төсектен тұрмайды.

Ұлсыз қатын шүмекке тоймас.

Қатын көп болса
Шөмішті ит жалайды.

Қатын мұндай көп болмас,
Қарта мұндай боқ болмас.

Қылымсыған қатын қызыл көйлек киеді.

Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.

Әйел өз қылығын білмей, еркегіне өкпелейді.

Қатты қаңтар болмай,
Су-теңіз тоңбайды,
Қатын шайпау болмай,
Ер жалғыз үй қонбайды.

Көшпей, қонбай қараша қатынын жоғалтты.

Күйеуіне өкпелеген қатын
Қайнағасына сәлем бермейді.

Жақсы қатын жүн қарыз алады,
Жаман қатын су қарыз алады.

Салақ қатынның үйінен
Сабақты ине табылмас.

Алты қатын асқа барса,
Әрқайсысы өз мұңын айтар.

Отқа барған қатынның
Отыз ауыз сөзі бар.

Айлас, қатын мұңдас.
Жаман қатын қыз табар.

Қашқан жауға қатын ер.

Екі қатынның баласы екі рулы ел.

Бір қатынның қырсығы
Қырық есекке жүк болған.

Жаман қатын төсегінен белгілі,
Жаман жігіт есебінен белгілі.

Тоғыз қатынның толғағы бір келеді.

Ерлеріне қатын қас,
ақыр түбін ойламас.

Ері жоқ әйел - ескегі жоқ қайық,
Әйелі жоқ еркек - ауыздығы жоқ ат.

Бақа жарығы сумен,
Қатын жарығы ерімен.

Байтал жүйрік, пайда жоқ,
Қатын шешен, парқы жоқ.

Кемпірі бардың кәпірі бар.

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Олақ қатын ұл туса,
Не шүмегі жоқ, не түбегі жоқ.

Жақсы әйел - үй дәулеті,
Жақсы шапан - той сәулеті.

Жақсы әйел - жарты иманың.

Жақсы әйел - зейнет,
Жаман әйел - бейнет.

Ерін баққан әйел елін де бағады.
Оценили 14 человек
Показать список поделившихся

0 1 ER 0.0508