Статистика ВК сообщества "•ДІНИ ӘҢГІМЕЛЕР•"

0+
Аллаға шүкір біз +470 000 болдық! Тіркеліңіздер бауырлар ❤😊
Количество постов 19 947
Частота постов 28 часов 22 минуты
ER 7.13
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Сүю - бұл Сүннет!Пайғамбарымыз (с.ғ.с):"Егер сүйсең, әрекетсіз отырма, тездетіп оған сүйетініңді айт" деген екен...

23 0 ER 0.0524
Үндемес.

Баяғыда бiр мұсылман бала Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Кiмде-кiм жәннаттан үмiттi болса, пайдалы сөз айтсын немесе үндемесiн» деген хадисiн естiп, соған лайық әрекет етуге тырысады екен.
Өзi жас, пайдалы ештеңе айта алмайтын болған соң, үндемеуге бел буыпты. Үндемейтiнi айналасындағыларды таңырқатып, әкесi алаңдай бастапты.
«Осы менiң балам ауру емес пе екен?» деген оймен баланы емшiге апарады. Емшi:
- Балаңыз зерiккен. Оны қаланың сыртына серуендеуге шығарыңыз, - дептi. Әкесi баланы ертiп, қаланың сыртына орман, тоғайлы жерге серуенге шығады.
Екеуi келе жатса, бiр тотықұс шықылықтай бередi. Әке баласының көңiлiн көтермек болып, дыбыс шыққан жердi iздеп жүрiп, тотықұсты ұстап алады.
Оны торға салып жатқанда, баласы:
- Әй, байқұс! Шықылықтап дыбыс бермей, үндемей отырғаныңда, сен мынандай күйге түспес едiң, - дейдi.
Әкесi болса:
- Сен сөйлей алады екенсiң ғой. Ендеше елдiң бәрiн неге әбiгерге саласың? - деп шапалақпен тартып жiбередi.
Сонда бала:
- Мiне, мен де үндемей-ақ қойғанда шапалақ жемес едiм, - деген екен.

23 0 ER 0.0422
Сезесің бе?

Ұлы Жаратушы Алла тағаланың мейірімі шексіз. Ол өте жұмсақ, құлдарына тым жақын. Кез-келген өтінішіңді Оған қиналмай айта аласың.
Бір қызығы сен Онымен тілдескен кезде: "Мазалағаныма айып етпеңіз, маған бір минут уақытыңызды бөле аласыз ба?", - деген сөзге еш уақытта мұқтаж болмайсың.
Ол сені естісін деп даусыңды көтеруді де қажетсінбейсің. Тіпті сен аузыңнан бір сөз шығармасаң да Ол ішіңдегіні біледі.
Қандай жағдайға ұрынсаң да, жалғыз Оған ғана керегіңді ұялмай айта аласың.
Ол осы әңгімені де біледі әрі сені бақылап отыр! Ешқашан жалыққан емес, жалықпайды да. "Осы нәрсені Маған мың рет айттың ғой", - деп те сөкпейді.
Жалғыз Оның ғана алдында ұялмай жылай аласың. Сәждеде онымен бірге боласың, жеке қаласың.
Арқа сүйері Жалғыз Алла болған адам ғана «Мықты Пана» тапқанын сезінеді.
Сен онымен кездеспесең де Ол сені жақсы таниды. Тіпті сен оны білмей жүрген кезіңде де Ол саған қамқор болып, мейіріміне бөлеген. Әлі де бөлеуде, бөлей бермек.
Қиындыққа душар болғанда жалбарынып дұға етіп, жылап-сықтап, шаршап ұйықтаған кезіңде де Ол ұйықтамай сенің ісіңді реттеп тұрады.
Сен Оған қарсы қанша күнә жасасаң да, Ол тәубе есіктерін жауып қоймайды. Өз қателіктеріне өкініп, жарылқау сұраған пендесінің тілегін кез-келген уақытта қуана қабыл алады.

34 0 ER 0.0446
Кеше бір ағам сұмдық оқиға айтты.

Ашаршылық жылдары ағамыз танитын бір кісі өз отбасының жағдайын айтып берген.
"Қатты ашыққан әкем анама мына екі баланың біреуін жейік, болмайды деді. Менің есім кіріп қалған кез. Әкем ұстамақ болғанда қаша жөнелдім. Жеткізген жоқпын. Қарындасым қашып үлгермеді, әкем бауыздап, пісіре бастады. Анам болса, тек жылап отыр. Мен алыстан қарап отырмын. Қарным аш. Ақырын келіп қарағанда қарындасымның басын көргенде, шыдай алмай, оданша аштан өлейін деп қайта қаштым. Өйтіп-бүйтіп тірі қалдық қой. Әкем содан кейін оңған жоқ, жынданып кетті. Қазір қазақтың тойларында ысырапты, қоқысқа тасталатын тамақтарды көргенде жүрегім ауырады. Сол бейне әлі есімнен кетпейді."
Мынаны естіп отырып, шошыдым. Ал оны бастан өткеруді айтсаңызшы. Ойландым. Осыны қолдан жасаған Совет билігі не деген қанішер еді?! Дегенмен, кінәні өзімізден де іздеген дұрыс. Рас, бүгінде проблема көп-ақ. Бірақ, аштан қырылып жатқан халық жоқ. Кейде осыны да ойланып қойған дұрыс шығар...

22 0 ER 0.0369
Кез келген жерде кез келген уақытта Аллаға құлшылық етуді ұмытпа!

4 0 ER 0.0328
Әр жұмада мешітке барып дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті. Бұл ғажайып жағдай туралы орыс келіншекті ұлдарымен бірге мешітке жеткізіп салған көлік жүргізушісі айтып берді. Жүргізуші орыс әйелдің жұма намазға бара жатқанына таңырқап себебін сұраған.

"Мына отырған ұлым алты жасқа толғанда қатты ауырып ауруханаға түсті. Баламды зертханалық сараптамадан өткізген дәрігерлер оның диагозын "обыр (рак)" деп айтқанда маған аспан айналып жерге түскендей болды. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалдым. Баламның қиналғанын көргенде оған көрсетпей жылап - сықтап аламын", - деп әңгімеледі әйел жүргізушіге.

Аспанға әуелете шыққан "Аллаһу Акбар" деген әуезді үн тұла бойымды шымырлатты

Келіншек алғаш рет азанды естіп, үміті оянғанын жасырмады.

"Ондай жаман ауруды адам баласына бермесін. Әйтеуір демидрол, морфин беріп, баламның ауруын басқан боламын. Қалқиып қалған баламды өлімге қалай қияйын, емдетем деп талай тәуіптерге көрсетіп "бармаған жерім, баспаған тауым қалған жоқ", шіркеудің де табалдырығын тоздырған шығармын, бірақ бәрінен де қайыр болмады. Осындай ауыр қайғымен баламды арқалап көше бойлап келе жатсам, аспанға әуелете шыққан "Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар" деген әуезді үн тұла бойды шымырлата өзіне тартып бара жатты. Бұл құдіретті үн Науан хазіреті мешітінің мұнарасынан айтылып жатқан азан екен", - деп есіне алды әйел.

Әйел баласын ертіп, кеш қарайғанға дейін мешітте болған.

"Азанның әуезді үні көңілге үміт ұялатып, мешітке кірсем, мүминдер жұма намазын оқуға сапта тұр екен. Балам екеуміз намазға тұрған адамдардың соңғы жағына отыра қалып, имамның күмбірлеген әуезді даусына ұйып, құдіретті Алладан баламның ауруына шипа тілеп, құлшылық етумен болдым. Содан кешке дейін Алланың үйінде баламның деніне саулық тілеп, мешіттен қас қарая үйге қайттым. Үйге келе баламды төсекке жатқызып, жанына қисая кетіп едім, көзім ілініп кетіпті. Бір кезде күбірлеген дауыстан оянсам, балам "Мама су берші" деп жатыр екен, содан аузына су тамыздым", - дейді ол.

Бұл жайттан кейін келіншектің ұлының беті бері қараған.

Ұйқысынан оянған балам, тағы тамақ сұрағанда қуанғаннан жылап жіберіппін

"Таңертең тұрып баламның көзіне көзім түсіп еді, жанарынан жарқ еткен үміт сәулесін көріп шайлығып қалған жүрегімде сенім пайда болды. Балам "тамақ ішкім келеді" деген соң құстың етінен дайындаған сорпаны аздап беріп едім рахаттана ішті. "Сыртқа шығармай бойына сіңімді болса екен" деп бауыр етім езіле тілеумен болдым. Тамақтан соң баламның бойы жіпсіп ұйықтап кетті. Жанында отырып құбылаға бетімді қаратып, Алладан баламның амандығын тілеумен болдым. Біраздан соң, ұйқысынан оянған балам, тағы тамақ сұрағанда қуанғаннан жылап жіберіппін...", - дейді келіншек.

Балақай содан кейін күнделікті тамағын жеп анасымен қуантумен болған.

"Сол күннен бастап балама аз-аздап қазақтың қымыз, айран, ірімшік, қазы, қарта басқа да тағамдарын ұсынғанда, оны рахаттанып жегенін көргенде менің де жаным жадырап көңілім жай тапты. Ең негізгісі баламның демидрол, морфинге деген тәуелділігі жойыла бастады. Содан баламның беті қарай бастады, жұма сайын мешітке барып, тілек тілеп, балама Алладан саулық тілеумен жүрдім. Бірде дәрігерге апарып баламды тексертіп едім, оның бойынан "обыр" белгісі табылмай "балаңды қалай емдедің" деп таңғала сұрағандарына "Алланың шарапатының арқасында жазылды" деп бар болған жағдайды айтып едім, ол маған сенді ме, сенбеді ме білмеймін, ал мен бұл шипаны құдіретті Алланың мейірі деп білдім", - дейд ол.

Алла тағаланың шарапаты арқасында балам ауруынан айығып, екінші рет дүниеге келгендей болды

"Алла тағаланың шарапаты арқасында балам ауруынан айығып, екінші рет дүниеге келгендей болды. Қазір балам 12 жасқа келді. Содан бері үзбей жұма намазына қатысып, Аллаға құлшылық етіп жүрмін. Жұма намазына қатыспасам, балам қайтадан ауырып қалатындай қорқамын. Бүгін қатарыма қызымды қосып алдым. Қазір екі ойлы болып жүрмін, ислам дініне кірсем бе деймін. Имаммен сөйлесіп едім, оның айтуынша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың жер бетіне жіберілген соңғы елшісі және ислам діні бір ғана ұлтқа емес бүкіл адамзатқа түсірілген дін екенін білдім. Өзімнің туған-туысқандарыма Алланың хақ екенін, оның құдіретінің және мейрімінің шексіз екенін айтып отырамын", - деп әңгімесін аяқтады христиан дінінің өкілі.

Орыс келіншекті тағы да мешітте жолықтырған жүргізуші олардың жағдайын сұрағанда, әйел ұлының ислам дінін қабылдағанын айтып, сүйінші сұраған.

23 0 ER 0.0354
Тоғыз алма

Бұл ертеректе болған хикая. Аштықтан ішегі шұрылдап, көзі қарауытып, аттап басуға дәрмені қалмай, аяғын ілбіп әрең басып келе жатқан Кәримнің көзіне жол жиегінде жатқан бір түйір алма оттай басылды. Қуанып кеткен ол алманы қолына алды да, құшырлана бірнеше мәрте иіскеп-иіскеп қойды. Қарны қанша ашса да балаларын ойлап, тістеуге қимай қойнына сүңгітті. Бүкіл жан-ұясындағылар жүрек жалғарлық нәр таппай ішектері жабысып, өлім мен өмір арасында жатыр. Ол енді соларға тезірек жетуге асықты. Қарға адым аттауға қиналып келе жатқан оның дәл қазіргі қадамы жаман емес. Тұла бойы бір түйір алманың иісінен қуат алғандай, үйіне қарай ширақ басып келеді.
Шағын қалашықтың шетіндегі кішкентай бір дуалдың бұрышынан айнала бергенде: «Ағай, жәрдем етіңізші, ағай!» деген әлсіз үнге елең етіп, тұқырған басын тік көтере қалды. Әлгі үн шыққан жаққа қарай мойнын бұрып қарап еді, көздері бозарып, жағы қушиған, шаштары ұмар-жұмар, тозығы жеткен шұрық тесік кебісінің тұмсығынан башпайы шығып, күнге күйген көйлегі жалбырап, жүзі әбден жүдеу тартқан бір әйелді көзі шалды. Аштықтан бұралып, құлауға шақ тұрғаны көзінен көрініп тұрды. Кәримнің жүрегі елжіреп, аяныш сезімі жан-дүниесін жайлап бара жатты. Бұл әйелдің жағдайы менің отбасымдағылардан да қиын екен, жүрек жалғап алмаса ақыретке аттанып кетер деп ойлаған Кәрим көп ойланып тұрмастан қойнындағы алманы алып, әлгі әйелдің қолына ұстата салды.
Әйел болса, «раххмеее...» деп алғысының соңын айтуға да үлгірмей, алманы обырлана аузына тығып жатыр...
Үйіне келіп: «Иә, Раббым, бала-шағама аман қауыштырғаныңа шүкір!» деп, екі ракағат нәпіл намазын оқып болды да, кішкентай ұлы мен қызын екі тізесіне отырғызып, бастарынан емірене иіскеп еркелетті. Дәл осы кезде біреу келіп есік қақты. Кәрим орнынан тұрып, тәлтіреңдей басып барды да, есікті ашып еді, бейтаныс біреу ағаш астауға салынған алманы қолына ұстатып: «Мына алмалар Абдолла имамның аманаты. Сізге беріп жіберді», – деді. Кәрим алмаларды қолына алып жатып қараса, тоғыз түйір екен. Сәл бөгеліп барып: «Мына астауда он алма болуы керек еді. Ал, мына жерде тоғыз алма ғана тұр, біреуі қайда?» деп сұрады жеткізуші жігіттен. Сасып қалған жігіт Кәримнің бетіне қарап: «Оны қайдан білдіңіз?», – деді таңырқап.
Кәрим сәл үнсіз тұрып, қабағын бір қақты да: «Аллаһ айтты» деді әлгі жігіттің жүзіне жымия көзін жүгіртіп. Онан бетер таңданған жігіт: «Сонда қалай, Аллаһ Тағала сізге тіл қатты ма?», – деп Кәримге жалт қарады.
«Иә» деді Кәрим терең толғана тыныстап. «Солай, бауырым, Аллаһ Тағала барлығымызға уәдесін берген. Аллаһ әділ және бізге берген сертін толық орындаушы» деді де, қасиетті Құрандағы мына аятты оқып берді: «Кім жақсы амалмен келсе, оған сондайдың оны /еселеніп/ беріледі...». («Әл-Әньам» сүресі, 160-аят).
Бұл аятты естіген жігіт: «Иә, Раббым мені кешіре көр! Мен аштықтың себебінен жолда аманат алмалардың біреуін жеп қойып едім. Сенің уәдеңе, Сенің сөзіңе сенген иманды құлың соны білді. Бұл маған да берген ғибратың екеніне күмәнім жоқ. Иә, Раббым, мені аманатқа жасаған қиянатым үшін кеше көр!», – деп Жаратқанға жалбарынып, жылап жіберді. Көздерінен домалаған мөлдір тамшылар табалдырыққа тырс-тырыс тамып жатты.
Кәрим үйіне кірді де, көзінен жасы парлап отырып Аллаһ Тағалаға мадақ, Пайғамбарға салауаттар айтып, егіле жылады.
«О, Жаратқан, Сен ұлысың! Мен Сенің Құранда берген уәдеңе сенгендіктен, бала-шағамның ақырғы тіске басарын Сенің разылығың үшін сарп еттім. Сенің берген уәдеңе берік екеніңе бұрын қалай сенсем, қалған өмірімде де солай сенуді маған нәсіп ет! Адастыра көрме! Сенің адамзатқа жіберген ақырғы елшің де, Сенің айт дегеніңді ғана айтатын шынайы елші», – деп егіліп отырып, Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын) Бұхари мен Муслим арқылы жеткен мына бір хадисін де оқып шықты. “Бір адам: “Я, Расулуллаһ (Оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын), Исламдағы ең жақсы амал қандай?”, – деп сұрағанда Расулуллаһ (с.ғ.с): “Мұқтажды тамақтандыруың және танысаң да, танымасаң да кездескенмен сәлемдесуің”, – деп жауап берді”.
Кәрим жерге қадала қарап қалыпты. Мұндай уақиғалар өзінің басынан талай рет өтсе де, Құран аятымен сәйкес келгені үшін бүгінгі жағдай мүлде өзгеше әсер етсе керек. Мүлде өзгеше бір күй кешіп отыр. Көзінен парлаған жастың тыйылар түрі жоқ.
О, Раббым, Раббым!!!...

29 0 ER 0.0330
Альһамдулилляһ өмірім тамаша, ИншаАллах бұдан да тамаша күндерім алда!

Аллаһ менімен бірге.

14 0 ER 0.0288
Бір жігіт әйелі құлағын жей бергеннен кейін әкесін қапқа салып, алыс тауға апарып тастайды. Әкесіне: “Кешір, жағдай осындай болып қалды. Сені үйдегілер жақтырмай жатыр. Ал мен балаларымды қайтіп тастаймын” - дейді. Әкесі оның халін түсініп: “Ешнәрсе етпейді, балам, бара ғой, тек мына қапты ала кет” - деп қапты ұсынады. Баласы: “Ой, жарықтық, мұның маған керегі не?” - дейді. Әкесі: “Е, ұлым, сен қартайып, балаларыңа керегің болмай қалғанда осы қаппен сені де осында жеткізеді” - деген екен.

13 0 ER 0.0271
Байлыққа көп құнықпаңыз,барар жеріміз бір кедей немесе бай болсақта

5 0 ER 0.0247