Статистика ВК сообщества "One Million True Stories Comments"

0+
Место Вашего общения.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ӘКЕСІНІҢ БАСЫН ҚИМАҒАН НЕМІС….

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң біздің ауылға әке-шешесі жоқ немістің жетім балаларын әкеліп таратқан екен. Назар Ауғанбаев дейтін ұста шал өзінің үш ұлына қосып 4 жасар немістің баласын асырап алыпты. Баланың құжаттағы аты – Гаинс Редольф. Назар атамыз оны өзгертіп «Қайыс Ауғанбаев» деп өзінің атына жазып алған.
Хош сонымен... Заман өтті. Қайыс үлкен азамат болды. Қызық болғанда Назар атамыздың ұлдары оқып-тоқыған соң ауылға оралмады. Қызмет бабымен елден алыстап кетті. Бірі Алматы да үлкен дәрігер, екіншісі шетелде елшілік қызметте, кіші ұлы Атырау жақта мұнайшы дегендей... Қара шаңырақта Қайыс қалып қойды. Нәкең Қайысқа қойшы Зияахметтің оқымаған малсақ қаражон қызы Дәмеліні алып берді.
Қайыс пен Дәмелі 90-шы жылдары совхоз тарағанда бір отар қойды жекеге алып Ащыбұлақтағы ескі қыстауға көшіп кетті. Назар ақсақал кемпірі екеуі орталықта қалып Қайыстың сап-сары ұл-қыздарын оқытты. Бір күні ауыл дүрлікті. Сол жылы Назар мен кемпірі дүниеден өткен-тін. Біз 9-сыныпта оқитын едік. Германиядан Қайыстың ағасы іздеп келіпті. Ағасы інісін «Гаинс Редольф» деп ұзақ іздеген екен. Інісінің Қайыс болып өзгеріп кеткенін қайдан білсін. Ақыры тапқан. Қызық болғанда Қайыс ағамыз не немісше, не орысша білмейді. Ақыры екі ағайынға ветврач Қабдеш аудармашы жасаған.
Қайыстың ағасы Ресейдің тағы бір түкпіріне айдалып барып (қасында тағы бір інісі бар) Одақ құлаған соң Германияға көшіп кетіпті. Осы келгенде Кельн дейтін қаладан келіп тұрған беті. Қайыстың ағасы мал соңында жүріп әдбен тотығып кеткен інісіне жаны ашып, бір аптадай шаруасына көмектескен болып жүрді де, кетіп қалды.
Келесі жылы ағалы-інілі екеу болып келді. Олар жай келген жоқ, інісіне мал суару үшін құдықтан су тартатын мотор, ішуге арналған су тазартатын құрылығы әкеліп орнатып берді... Қысқасы, ағалары Қайысты бала-шағасымен Германияға көшіріп кетті. Екі ортада ауданға барып көрмеген Дәмелі апамыз Еуропаның төрінен бірақ шықты...
Сол екі арада өз басым ортап мектепті бітіріп, жоғары білім алып үлгердім. Көп уақыт ауылға бармадым. Себебі, үй-ішіміз түгелдей Ұзынағашқа көшіп келген еді. Өткенде, ауылда нағашы апамыздың ұлы үйленетін болып, біздің әулеттен өкіл ретінде мен баратын болдым. Қыстың қыраулы күні жол жүру де оңай емес... әупірім деп жүріп Көкпекті жеттік.
Ертеңінде той малын сойып жатқан жігіттердің арасынан Қайыс ағамыздың сары ұлын байқап қалдым. Бұлар әке-шешесімен бірге Германияға көшіп кеткен сияқты еді ғой... Менің таңданып тұрғанымда аңғарған Самат нағашым бірден: «Е, бұлар Германияны тастап баяғыда қайта көшіп келіп алған» деді. Тойда Қайыс ағаны да көрдім. Қартайып еңкіш тартқан екен. Бір әредікте Кәкеңнен «Германия жақпады ма, неге қайтып келдіңіз?» деп сұрадым. Қайыс ағамыз қалтасынан шылымын алып тұтатты, ауыл шетіндегі шағын зиратқа ұзақ қарап ойланып отырды да, «Сен әлгі Сүйекеңнің (атамды айтады) немересі емессің бе, саған шынымды айтайын, әкемнің басын қиып кете алмадым жартықтық мені туған ұлдарынан артық көріп, қара шаңырағын бастырды, өзің ойлашы шаңырақтың отын өшіріп мен қалай кетем. Одан кейін ұрпағым қазақ болмай қала ма деп қорықтым».
Кәкең дәл осылай жауап берер деген үш ұйықтасам түсіме кірмес еді... көзімнен жас шығып кетті. Менің де жеті атам басы осында жатыр…………….

0 0 ER 0.0000