Статистика ВК сообщества ""Өмірдегі сөздер" парақшасы ♔"

0+
Қош келдіңіз!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Әбабил құсы Құранда Фил сүресінде аталған құс. Қағбаны қиратуға келе жатқан залымдарды, Аллаһтың әмірімен, жермен жексен еткен құс. Бұл құс ауада ұшып жүріп үйықтай береді, жерге өте сирек қонады, аяқта тұра алмайды

11 19 ER 0.1933
ҒАЛАМТОРЛЫҚ ҰРЛЫҚШЫ

1988 жылы Алжир елінде дүниеге келген Хамза Бэн Даладж есімді хакер 24 жасына дейін 217 банкты тонап, 4 миллиард АҚШ долларын ұрлап кеткен…
Хамзаны халықаралық құқық қорғау, яғни полиция өкілдері 5 жыл ұстай алмаған.Хамза тонаған банктердің көбісі АҚШ, Израиль секілді халықаралық үлкен банк бөлімшелері болған.
Алжирлік жігіт тіптен Американың ең халықаралық ғажап деген басты банктерін тонап, бүкіл жүйесін бұзып, миллион АҚШ долларын сыпырып алған. Хамзаның мықтылығы сол, оның соңына әлемнің мықты деген хакерлерін салсада, ол құрған хакерлік жүйені ешкім бұзалмайды.
Хамза бұдан бөлек Европалық, Америкалық мыңдаған “Порно” сайттарды бұзып, өшіріп тастап отырған.
Миллиардтап шығынға батқан сайттармен банктер, құқық қорғау органдарына қанша арыз түсірседе, 5 жыл бойы түк өндіре алмайды. Хамза ешуақытта бір жерде тұрақтап тұрмаған.
Әлемнің әр түкпірінде жүріп өз ісін тындыра берген. Хамза банктерден тонаған 4 миллиард АҚШ долларын қайда жұмсады деп ойлайсыз?!….. Ол соншалықты көп ақшасы бола тұра шалқып өмір сүрмеген. Тіптен үстіне қымбат киімде алмаған. Бар тапқан ақшасын, Африкадағы аш балаларға азық-түлік әперіп отырған.
Мыңдаған баларға баспана әперіп жағдайын жасаған. Әлемнің әр түкпіріндегі жағдайы нашар отбасыларға үй салып беріп, мыңдаған кедейлердің жағдайын түзеп берген. Бұл әрекетін 5 жыл бойы ешкімде білмегенде. Қайырымдылық алып жүрген балаларда, үйлі болған мыңдаған кедейлерде өздеріне Хамзаның көмектескенін соңына дейін білмеген. Тек 2013 жылы Хамза Тайланд елінде ұсталғанан кейін, оның ісі әшкере болып банктерден хакерлік жолмен алған барша ақшасының қайда кеткенін тексергенде, хакерлік жолмен тоналған ақшаның 95 % қайырымдылққа кеткені дәлелденді. Хамзаның бұл ісіне таңғалған Америкалық банк басшылары, Хамзаға ұсыныс білдіреді, олар ұсыныстарында егер біздің банк жүйесіндегі әлсіздігімізді көрсетіп, банк жүйесіне қалай кіргеніңді айтып бізбен бірігіп жұмыс істесең, саған тағылған барлық айыптарды алып тастаймыз деп ұсыныс жасады…
Сонда мұсылман бауырымыз Хамза банк басшыларына былай жауап берген. Алладан харам болған өсім жолмен халықтың ақшасын жымқыратын банк жүйесімен өлсемде бірігіп жұмыс істемеймін, Аллам бұл істеген күнәмді кешірсін, қолымнан келгенше мұқтаж жандарға көмктестім халықтың өз ақшаларын өздеріне алып бердім, бар кінәм менің ұрлағанымда олармен бірігіп жұмыс істеуден бас тартқан.
Хамза банк басшыларының ұсыныстарынан бас тартқанан кейін, оған халықаралық сот 15 жыл бас бостандығынан айыратын үкім шығарады. Үкім шыққанан кейін Тайланд түрмесінде болған Хамзаны өз елі Алжирге ауыстырған. Алжир елі Хамза бізді күллі елі масқара қылды деп қайта соттап, оған өз елдерінің заңы бойынша өлім жазасына кескен.
Хамза қатал үкім шығарған өз еліне қарсы ешнәрсе деместен сот залында жымиып күлумен болады, тіптен мойына қыл арқан тағылып өлер сәтіне санаулы уақыттар қалғандада күлімсіреген күйі калимасын айтып қош айысып кете барған. Денесінен жаны кеткендеде жүзіндегі жымиған күлкісі сақталып қалған диді көрген жандар.
Оның өмірден еш өкінішсіз жымиған қалпындағы бейнесіне қарап, тарихта күлуші хакер деген лақап аты, халықтың санасында қалаберді…

Түйін: Хамзаның бұл ісі дұрыспа бұрыспа жалғыз Аллаға аян. Бар білерім қолында осыншама қаражат бола тұрып Хамзаның жақсылығын істей алмай жүрген байлар қаншама. Хамзаның істегені ұрлықы болсада жасаған қайрымдылығы сауап болып есептеліп Алла тағала тозақ отынан қабір азабынан сақтап, ақыретте жүзін жарық етсін деп артынан дұға етейік………..

17 18 ER 0.1677
Анамыз қайтыс болғаннан соң бір жылдан кейін 1974-ші жылы әкеміз үйленді. Өгей анамыз келе сала ынты-шынтысымен біздің тәрбиемізге кірісті. Ең бірінші дүкеннен мата сатып әкеліп,ұйықтарда киетін көйлек,төсекке жайма тікті.
Үйдің барлығын әктеп тазалады. Бізді ұрмақ түгілі қатты ұрысқан да емес. Бір жағы әкемізден де болған шығар,менің балаларым жастай аналарынан айырылып жылады,енді сен жылатушы болма, дұрыс тәрбиеле деді.
Өгей ана бізге 33 жыл керемет ана болды.
Інім бес жаста болатын, оны туған баласындай көрді. Інім ер жетіп үйленер шақта үш әпке қатты уайымдадық, қандай келін келеді және өгей анамызбен қарым-қатынасы қалай болады деп. Бағымызға қарай ата мен ененің ойын тапқан келін келді.
Ене келінді,келін енені жамандаған жоқ,бірі үшін бірі болысып,жақтасып жүрді. Өгей шешеміз өте тазалықты жақсы көретін кісі еді,келін сол талапқа сай болды. Інім бір түйір болған соң,келін жылда босанып алты ұл туса екен деп тіледім.
Алла арманымды елу пайызға орындады,өмірге үш ұл келді. Екеуі үйленіп үйлі-жайлы,кішісі бойдақ. Әкем сексен беске келіп қайтыс болды,өгей шешеміз әкемген кейін үш жылдан соң өмірден озды.
Екеуі де келінге өс,өн,жамандық көрме деп батасын беріп кетті.
Келін осы күндері айтады: мен келін болып түсе салысымен ініңіз әкесі мен шешесін көрсетіп,бұл кісілер біздің үйдің қонақтары,қашан қайтатыны белгісіз,ол кісілерге аузыңды ашпайсың, ал үш әпкем осы үйден жылап қайтпау керек депті.
Бір жағы сол сөз де қамшы болған шығар және келіннің өзі де тәрбиелі отбасынан шыққанын дәлелдеді деп ойлаймын........
Камшат Мукашева

12 7 ER 0.1136
Жалғыз қалған қариядан сұрады: - Балаларыңызды сағынып жүрсіз бе? Қария былай деп жауап берді: «Балаларымның балалық шағын сағындым... Өйткені ол кездері мен үйден аз уақытқа кеткенде балаларым жылап, сағынатын. Есіктен кірсем, олар мені күлімдеп, қуанып қарсы алатын. Үйде болмасам, олар мені іздейтін, менсіз тамақтарын да жегісі келмейтін еді... Енді... Бәрі керісінше...» ЕСЕЮ ДЕГЕН ЕССІЗ БОЛУ МА ДЕП ОЙЛАП ҚОЯМЫН. Ата-аналарымыз бұндай күйге түспесін. Дүниеде барлық нәрсе қайта оралатынын ұмытпайық!👇

2 4 ER 0.0592
Қызғанбайтын болдық-ау қатындыда,
Ғаламторда тілдесіп жатыр мұнда.
Қандай дос ол,кімменен сөйлестідеп.
Салынбаймыз сары уайым,қайғымұңға.
Өйткені рас,өзіңде желідесің,
Еркелермен ешіріп ерігесің.
Бойдақпын деп,жар іздеп жүргендей бір,
Болса дейсің жас қыздан көңілдесің.
Қатыным сезбесін деп үндемейсің,
Қайдан келдің,кіммен деп, күңдемейсің.
Өз кінәңді жарыңнан жасырамдеп,
Жұбайыңды тексеріп үлгермейсің.
Әлеуметтік желілер көбейюде,
Күннен күнге сан түрі көркейюде.
Жалаңаштық жаhанды жаулап алып,
Жас ұрпақтың санасын игеруде.
Жан досыңның жарына көз саласың,
Неткен сұлу,көркем деп тамсанасың.
Құдай қосқан қосағың ұмыт болар,
Өзге жанның құшағын аңсағасын.
Тәрбие тәлім алып өзге елден,
Ауруғада шалдықтық лезде келген.
Баламыз ғаламторда некөредідеп,
Қарамаймыз,қорғаштап ерсі желден.
Көкейде бір сұрақ бар жауабы жоқ,
Көбейюде ерлерім саубы жоқ.
Сауна кезген серілер кесірінен,
Жетімдердің көз жасы жауады көп.
Жарасама айтуға жігіт десек.
Аңдығаны өсек пен, болса төсек.
Бір ананың өрімдей жас шыбығын.
Алдап арбап,көндірсе кеуде төсеп.
Ей пенде,құмарлықты қоймадыңба?
Сауыққа сайран салар тоймадыңба?
Жас қыздың арнамысын қорлағанда.
Анаңды,қарындасты ойладыңба?
Уа жаратқан Тәңірім раббым Алла.
Тәнімді мүгедек қыл,бәрін жалма.
Тек қана басымды иіп өтінерім.
Жүректен иманымды суырып алма.
Автор:А.С.М

13 7 ER 0.0710
Жарты әлемді жаулаған парсыларды талқандаған сақтардың ұрпағы қазақпыз!
Айналасын дірілдеткен қыпшақтың ұрпағы қазақпыз.
Мәскеудің княздары етігімізді сүйіп, 300 жыл салық төлеткен қазақпыз.
100 жыл соғысып, жоңғарларды жер бетінен жойып жіберген қазақпыз.
Өмір бойы соғысса да жауырыны жерге тимеген баһадүр батырлары болған қазақпыз.
Қаһарынан көрші елдер шошынып, 600 жігіті 40 мың жауды тоқтатқан қазақпыз.
Бүкіл әлемнің батырлары жете алмаған рейхстагқа қасқайып тұрып ту тіккен қазақпыз.
Жаугершілік заманда әлемде 9-шы (!) орын алатын байтақ жерді қорғап қалған қазақпыз.
Отырар, Түркістан, Сарайшық, Ташкент және басқа да көптеген әсем қалалар салып, Әл-Фарабидай ғалымдары болған қазақпыз.
Әлмисақтан бері діні мен салтын берік ұстаған қазақпыз.
7 атадан бері қыз алып, қыз бермеген қазақпыз, жесірін жатқа бермеген қазақпыз.
Соңғы 70 жылда қаптаған қызыл иттен жараланған қасқыр қазақпыз!
Дегенмен қан жібермейді, АЛЛА бұйыртса есімізді жиып, бойымызды тіктеп, әлемді билейтін ҚАЗАҚПЫЗ!

8 7 ER 0.0552
Қабанбай батырдың келіні, үлкен ұлы Әлінің әйелі, қалмақ қызы Мүней қазақ халқының салт-дәстүрін керемет меңгерген, ақылына көркі сай әйел болған екен. Сол Мүней бір күні Әліге: «Отағасы, ер жігіттің өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты делінген үш жұрты түгел болуы қажет. Сіздің өз жұртыңыз бен нағашы жұртыңыз болғанымен, қайын жұртыңыз жағынан ақсаудасыз. Бұл батырдың ұрпағына сын. Мен үшін ерімнің абыройы әрқашан маңызды. Сол үшін де жүрегімнен шыққан өтініш деп қабыл алып, үшінші жұртыңыз да түгел болатындай етіп, төсек жаңғыртып, тоқал алсаңыз» деп өтініш қылады. Сонда оған көпшілік Қызай руынан Қарқара деген сұлуды ұсынады. Құдалыққа Қабанбай батыр бастап өзі барады. Басында қыздарын тоқал қылып сұрауға сәл жүрексінсе де, Қызай руының дана ақсақалдары Қабанбай батырдың келгендігін көріп: «Құрметті Қабанбай батыр! Сіз, бір емес он қызымызды сұрасаңыз да беруге дайынбыз» деп батырға үлкен құрмет пен ілтипат көрсетіпті. Өйткені кезінде жер бөліске салынғанда Қабанбай батыр осы қызай руына шырайлы жердің берілуіне үлкен жәрдем тигізген екен. Қарқара сұлудың қалың малын беріп, үлкендердің батасын алып, өз еліне алып келгенде, бет ашқан жігіт келінге үлкендерге сәлем бергізумен қоса, Әлінің бәйбішесі, Мүнейге де сәлем салғызады. Сонда Мүней риза болып: «Менің үлкендігімді сыйлағаныңа рахмет» деп алғыс айтып, жас келіннің маңдайынан сүйіп тұрып: «Мен сенен күйеуімді қызғанбаймын, сен менен жұртыңды қызғанба, сенің туғандарың, менің де туғаным болсын» дейді. Сонда тойға келген Қарқара сұлудың аназы риза болып: «Мен қызымды бөтен жұртқа қалай жалғыз тастаймын алаңдап тұр едім, бұл жерде менің бір емес, екі қызым бар екен ғой» деп, Мүней мен Қарқараны құшақтап: «Апалы-сіңілдей болыңдар» деп аналық ақ батасын беріпті. Қарқара мен Мүней шынымен де уәделерінде тұрып, апалы-сіңілдей болып, бірінің шашын бірі өріп, бірінің киімін бірі тігіп, тату-тәтті өмір сүрген екен. Дарабозымыз Қабанбай батырдың көп ұрпағы сол екі келінінен тарап, Әлінің балалары үлкен әулетке айналыпты.
Қабдеш Жұмаділов атамыздың «Дарабоз» романынан

5 0 ER 0.0391
Осыдан 96 жыл бұрын (1925-1944) кеңес снайпері, Кеңес Одағының Батыры МОЛДАҒҰЛОВА ӘЛИЯ НҰРМҰХАМБЕТҚЫЗЫ дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері - Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

0 3 ER 0.0360
Мына көлікті сат та, қарызыңнан құтыл»: Тоқтар Әубәкіров бүйрегін сатам деген жігітке астындағы көлігін бере салған
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің ерліктері туралы жиі естіп жатамыз. Аңшылықты жақсы көретін ағамыздың жомарттығы жайында тіпті кітап жазуға да болады. Бүгін Ғарышкерлер күніне орай танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Тоқтар Әубәкіровтің осындай бір мәрттігі жайында бастан өткен оқиғасымен бөлісті.
«Екі-үш жыл бұрын бір танысым қарызға кіріп, біраз қиналды. Қиналғаны сонша, Франклин атаның суреті бар көк қағаз табылмаған соң тіпті, бір бүйрегін сатпақшы да болған. Үлкеніміз бар, кішіміз бар бəріміз жабылып жүріп ол ойынан айныттық. Сол танысым бір күні маған келіп, "Тоқтар ағаның үйіне барып жағдайды айтайықшы, мені танымаса да, сені танып қалуы мүмкін ғой" деді. Жақсы деп Қарағанды трассасының бойындағы Тоқтар ағаның үйін тауып бардық. Жер үй екен. Ғарышкер ағамыз аңға шығуға қамданып кетейін деп тұрған шағы сол екен, бізді көріп жағдайды асықпай тыңдады. Сөйтті де, "Iнiм бүйрегімді сатам деген сөзді қой, сен сұраған ақша менде де жоқ, мə мына көлікті сат та, қарызыңнан құтыл" деп темір тұлпарының кілтін қолымызға ұстатты да жіберді. Бүйрегін сатам деп тұрған жігіт те, мен де жүрегін жұлып берердей бауырмалдық танытқан ағамызға қатты риза болдық. Қиналып, қажып жүрген пендеге жылы сөздің өзі үлкен жəрдем екен ғой. Танысым жүзі жайнап, "Жоқ аға! Осы ісіңіздің өзі маған үлкен қажыр қайрат сыйлады. Бiз үшін сіз жаяу жүрмеңіз" деп көлігін өзіне қайтарды. Мен азаматтық, мәрттік, адамгершілік пен бауырмалдық дегеннің шынайы көрінісін осы кезде ғана көрдім», - деп жазады ақын.

2 16 ER 0.0486