Статистика ВК сообщества "Алла жолында"

0+
Аллаға шүкір біз +397 000 болдық! Тіркеліңіздер бауырлар ❤😊

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🌸«Дәреті бар болса да қайтадан дәрет алған адамға он сауап беріледі.» (Ибн Мажа)

🌸«Дәрет үстіне дәрет – нұр үстіне нұр.» (И.Ғазали)

🌸«Дәреттен кейін Қадр сүресін оқыған адамның жетпіс жылдық күнәсы кешіріледі.» (Халеби)

🌸«Дәреттен кейін Қадр сүресін оқыған адам сыддықтардан, екі рет оқыған адам шәһидтерден жазылады. Ал үш рет оқыған адам пайғамбарлармен бірге тіріледі.» (Дәйләми)

🌸«Дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған адам жәннатқа кіруге лайық болады.» (Халеби)

🌸 «Дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)

🌸 «Жақсылап дәрет алған адамның екі намаз (оқымақшы болған намаз бен келесі намаз уақыты) арасындағы күнәларының барлығы кешіріледі.» (Бұхари)

🌸 «Дәреттен кейін он рет салауат айтқан адамның қайғысы кетеді, дұғасы қабыл болады.» (Әййухал уәләд илмихалы)

45 0 ER 0.0672
✒ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ ХАДИСТЕРІНЕН:

🔶 1. Намаз — Алла Тағала разы болатын құлшылық.
🔶 2. Намаз — Періштелердің жақсы көретін амалы.
🔶 3. Намаз — Пайғамбардың (ﷺ) сүннеті.
🔶 4. Намаз — иманның асылы.
🔶 5. Намаз — дұғаның қабыл болуына себепкер.
🔶 6. Намаз — барлық игі істердің қабыл болуына себепкер.
🔶 7. Намаз — ризық-несібенің берекесі.
🔶 8. Намаз — бастаған игі іс-әрекетіңіздің берекесі.
🔶 9. Намаз — дұшпандардан қорған болады.
🔶 10. Намаз — Шайтан лағнеттің ең жек көретін амалы.
🔶 11. Намаз — өлім періштесі келген сәтте өз иесіне шапағат етеді.
🔶 12. Намаз — қабірді нұрландырады.
🔶 13. Намаз — қабірде жамбасыңа мамық төсеніш болады.
🔶 14. Намаз — қабірде Мүнкір, Нәкір сұрақ қойғанда жауап берер көмекші.
🔶 15. Намаз — қияметке дейін тар қабірді кеңейтеді.
🔶 16. Намаз — қиямет күні төбеңізден көлеңке болады.
🔶 17. Намаз — қиямет күні басыңызға тәж болып киіледі.
🔶 18. Намаз — қиямет күні үстіңізге киім болып жабылады.
🔶 19. Намаз — қиямет күні алдыңызда нұр болып жол көрсетеді.
🔶 20. Намаз — тозақ отынан қалқан.
🔶 21. Намаз — мұсылмандар үшін құжат.
🔶 22. Намаз — таразыда ең ауыр болатын амал.
🔶 23. Намаз — қылкөпірден, найзағай жарқылындай өткізеді.
🔶 24. Намаз — кешірім нұры.
🔶 25. Намаз — жәннаттың кілті.

20 0 ER 0.0412
Қымбат киім қуып кетпе - өлгенде екі метр мата ғана бұйырады.

Қымбат көлікке құмартпа - оған мініп Жұмаққа бара алмайсың.

Зəулім үй саламын деп əуреге түспе - түсер жерің жердің асты.

Сəнді телефоныңмен мақтанба. Телефоның мəңгі байланыс аясынан тыс жерге баратыныңды ұмытпа.

Ақшасына қарап дос таңдама - ертең соңғы сапарға шығарып салуға шын достарың ғана келеді.

Өмірді қатты сүйме.Өмір-сүю үшін емес, сынақ үшін беріледі.Өлім туралы көбірек ойла.Алланың алдында жасаған амалдарымызға қарай бәріміз де жауап береміз...

Өзіңе пайда əкелетін тірліктеріңді бітіріп, мешітке келгенде"уақыт жоқ" деме. Тірліктерің тірі кезіңде пайда берсе, мешіттегі тірлігің о дүниеңе пайдасы мол.

Қарыз алғанда ең бірінші соны қайтаруға тырыс. Құтылып үлгере алмай қалуың мүмкін.Арғы дүниеде сұралатынын ұмытпа!

Өзіңді қатты жақсы көрме. Махаббатыңмен айналаңдағылармен де бөліс.

9 0 ER 0.0205
ЖАҢБЫР ЖАУҒАН КЕЗДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

اَللَّهُمَّ صَيِّبًا نَافِعًا

“Аллаһуммә сай-йибән-нәфиъан”.

Мағынасы: Ей, Алла! Бұл жаңбырды пайдалы еткейсің!

8 0 ER 0.0167
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

اللَّهُمَّ اكْفِنِي بِحَلاَلِكَ عَنْ حَرَامِكَ، وَأَغْنِنِي بِفَضْلِكِ عَمَّنْ سِوَاك

“Аллаһуммәк фини бихаләликә ъан хәрамикә уә әънини би фәдликә ъаммән сиуәк”.

Мағынасы: Ей, Алла! Мені харам еткен нәрселеріңнен сақтап, адал еткен нәрселеріңе қанағаттандыр. Әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе.

7 0 ER 0.0137
“Күллі адам баласы әзірет Адамның (а.с.) ұрпағы. Ал, Адам болса топырақтан жаратылған”.

(Әбу Дәуіт)

1 0 ER 0.0106
ҮЙГЕ КІРЕР КЕЗДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

بِسْمِ اللّٰهِ وَلَجْنَا، وَبِسْمِ اللّٰهِ خَرَجْنَا، وَعَلَى رَبِّنَا تَوَكَّلْنَا

“Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә”.

Мағынасы: Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. (Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).

8 0 ER 0.0122
“Уа, Раббым! Менің зұлымдығымды һәм жақсылықты бағалай алмауымды кешіре гөр”.

(әзірет Омар (р.а))

3 0 ER 0.0109
“Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда, (наданмен надан болмай) оларға: «Аман болыңдар!», – деп, өз жөніне кете барады”.

Фурқан сүресі, 63

5 0 ER 0.0106
Аллаһты көп зікір етіңдер ол - Шипа, Адамдарды көп ойлай бермеңдер ол - Ауру!
(Омар Ибн Әл-Хаттаб)

1 0 ER 0.0094