Статистика ВК сообщества "Подслушано Муром"

0+
Пришли нам свою новость

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Қалдар сыр шертеді

Қал қайда болса......
Денегдегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы,болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар,пайымдаулар айтылады.Егер денеде неғұрлым қал көп болса,мән-мағынасы да соғұрлым мол,әрі алдын-ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады.
Дөңгелек қал - бақытты тағдыр кепілі.
Сопақ,озылыңқы қал - сәтсіздік белгісі. Түсі шымқай қара болса,одан да жаман. Енді қалдардың дененің қай жеріне орналасуына орай қалыптасқан ұғымдарға келейік:
Оң жақ шеке - даңқ пен абыройға бөлейтін ақыл-ой.
Сол жақ шеке - күтпеген қылық,дәрменсіздік.
Көздің қапталында - салмақты мінез,сенімділік және ұқыптылық,құнттылық.
Қастың оң жағы - бақыт,бәлкім ерте үйлену.
Сол жағы - қиыншылық,күрес.
Құлақтағы - қатыгездік.
Оң жақ беттің шеті - бақыт,әсіресе некелік өмірде.
Сол жақ беттің шеті - тауқымет,күйзеліс,тыпырлау.
Бет сүйекте - табыс,жол болу,махаббатқа жету.
Ауыз маңы - бақыт,сезімталдық.
Бұғақтағы - денсаулықтың кемтарлығы.
Мұрындағы - үлкен сәттілік,жыныстық мол қайрат.
Тамақтағы - некемен қоса келетін бақ,атаққұмарлық,мақсатқа жету.
Мойындағы - көптеген мақсаттың орындалуы,кейбір үміттің аяқталмауы,алғашқы кездердегі сәтсіздіктің,бірақ түптің түбінде мерейдің үстем болуы.
Білектегі - мұратқа жеткізетін табиғи қабілет.
Оң қолдағы - сәттілік.
Сол қолдағы - қаржыдан қысылу.
Иықтағы қиын - қыстау,күрделі уақыттар.
Көкіректің сол жағы(еркектерде) - сәттілік пен бақыт.
Әйелдерде - қызу қандылық.
Арқада - адалдық,тазалық,мырзалық,сонымен қоса менмендік,өзімшілдік.Егер мең арқаның төменгі жақтарында болса-сезімталдық пен болар-болмасқа ыңылдап,жыламсырай беруге бейімдік.
Қабырғаның оң жағы - қорқақтық, ерігушілік,дарақылық,езбелік.
Сол жағы - дәл солай,тек өзіне ептеген сын көзбен қарау.
Белде - дені сау,күшті балалар болуы.
Санның оң жағы - қайырымды мінез,байлық,отбасындағы бақыт.
Сол жағында - жалғызіліктік,бәрінен айырылу,жарлылық.
Оң жақ тізе - бейқам,шалқағай неке,қаржыны ұстай алмау.
Сол жақ - беймазалық,тынышсыздық.
Аяқтағы - тасып-төгілетін күш-жігер,асқан еңбекқорлық.
Оң аяқтың табанында - сапар шегуге құштарлық.
Сол табанда - сезімталдық,сергектік.
Оң аяқ пен сол аяқта - жалқаулық

0 0 ER 0.0077
Сұлулық сыры:

1. Ернім әдемі болсын деген аруымыз тек жылы сөздер айтуы керек.

2. Көзім әдемі болсын десеңіз — адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.

3. Сыртқы пішінім сымбатты болсын десеңіз — аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісіңіз.

4. Шашым әдемі болсын десеңіз — күніне бір рет сәби саусақтарымен сипатыңыз.

5. Өзіңізге сенімді болу үшін мына әлемде өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліңіз.

6. Адам өзін сергек сезіну үшін өзін өзгелердің кешіргенін, мақтағанын, көтермелегенін, сүйгенін қалайды. Ендеше сіз де біреуге қажетсіз. Өміріңізден ешкімді "лақтырып тастамаңыз".

7. Әйел затының әдемілігі оның киген киімінде немесе оның сымбатында һәм шаш үлгісінде де емес. Әйел әдемілігі — оның көздерінде, өйткені көз оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден бір жол.

0 0 ER 0.0051
Косметикасыз-ақ кемшіліксіз көріну үшін...

✅ Қою қара қас, қайырылған қалың кірпік, жібектей жұмсақ шаш... «Бұларға тек қымбат косметикасыз ғана қол жеткізуге болады» деп ойлайтын аруларымыз аз емес. Десе де, ешқандай косметикасыз-ақ та кемшіліксіз көрінуге болады. Қалай екенін өзіңіз оқып көріңіз...
Бет терісінің саулығы үшін түймедақ гүлінен шай әзірлеңіз. Ол үшін 1 ас қасық түймедақ гүлін (дәріханада сатылады) термосқа салып, 1 стакан қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жабыңыз. 30 минуттан кейін алып, сүзіп, 1 шай қасық бал қосыңыз. Дайын шайды күнделікті таңертең аш қарынға 1-2 ұрттап, емшараны 2 апта үзбей жалғастырыңыз. Түймедақ шайы жүзіңізге ерекше әр береді.

✅ Кірпіктеріңізді ұзартып, қалыңдата түскіңіз келсе, үйде дайындалатын майға мән беріңіз. Таза құтыға майсана, бадам, күнжіт, ошаған майларын бірдей мөлшерде құйып, оған Е дәруменін (сақтау мерзімін ұзарту үшін) қосыңыз. Дайын масканы күнделікті жатар алдында құрғақ, таза кірпікке жағу керек. Бірер аптадан кейін-ақ нәтижесін байқайсыз.

✅ Шашыңыз ұшталып, көп түссе, мына масканы жасаңыз. Бір ыдысқа 1 жұмыртқаның сарысын ½ стакан қарапайым йогурт (еш қоспасыз) қосып араластырыңыз. Оған 1 ас қасықтан майсана, кокос, авокадо мен жожоба майларынан қосыңыз. барлығын жақсылап араластырып, құрғақ шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қап киіңіз. Бір сағаттан кейін басыңызды жуыңыз.

✅ Қол терісі жұмсақ болсын десеңіз, қолға жағатын крем мен сіркесуынан бірдей мөлшерде алып араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Бірер аптадан кейін нәтижесі көңіліңізден шығатынына күмәніңіз болмасын.

✅ Қара дақтардан тезірек арылу үшін бетіңізді күнделікті 3 рет лимон кесіндісімен сүртіңіз. Бетіңіздегі лимон шырыны өзі кепкен соң жылы сумен жуыңыз.

✅ Жібектей жұмсақ, әлі жылтыр шаш арманыңыз ба? Ендеше, 1 банан мен 1 ас қасық зәйтүн майын блендермен езіп алыңыз. Оған 2 шай қасық бал мен 1 ас қасық қарапайым йогурт (еш қоспасыз) қосыңыз.барлығын жақсылап араластырып, дымқыл шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қап киіңіз. 30 минуттан кейін шашыңызды жуыңыз. Арманыңызға әп-сәтте қол жеткізесіз!

✅ Терінің түлеуі сәніңізді кетірді ме? Мұндайда алоэ шырыны жақсы көмекші болмақ. Ол үшін 100 г алоэ шырыны мен 3 шай қасық қайнаған су, 3 ас қасық спиртті араластырамыз. Бұл лосьонмен бет терісін күнделікті сүртіп тұру керек. Терідегі лосьон өздігімен кепкеннен (шамамен, 10 минуттан) кейін бетіңізді жуып, крем жағыңыз.

✅ Тырнақты ағартып, беріктігін арттыру үшін оны лимонға салу да жеткілікті. Лимонды ортасынан екіге бөліп, тырнақтарыңызды ішіне 15 минутқа салыңыз.

✅ Тісті ағарту үшін белсендірілген көмір (активированный уголь) таблеткаларын ұнтақтап, тіс пастасына қосыңыз. Бұл пастамен тіс жууға арнайы бөлек щетка алғаныңыз жөн.

1 0 ER 0.0051
👍 Күріш суының денсаулыққа пайдасы

✅ Ежелгі Қытай рецептілері тәніміздің саулығын сақтайды. Уақыттың өзі тексерген медициналық білім әдеттегі құралдар пайдасын тигізбеген кезде көмектеседі. Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес.

✅ Дұрыс дайындалған күріш – өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын, өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде, ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады. Асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді.

✅ Күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, дәл қазір салауатты өмірге жаңа қадам басасыз. Мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері – күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді, оба ауруын алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар: саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Арнайы тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Күріш суының арқасында дисбактериоз, дерматит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған.

✅ Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стақан суға бір ас қасық күріш жеткілікті болады. Қайнатпа түсінің бұлдырлануына мүмкіндік беріңіз. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды.

0 0 ER 0.0000
☝ Тұзбен емделіңіз

Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ 1. Ангина

1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салып, күніне бірнеше рет тамағыңызды шайыңыз. Сонымен қатар, 1 стақан жылы суды ½ шай қасық қайнатпа тұзбен араластырып, оған 4-5 тамшы йод қосыңыз. Дайын болған тұнбаны мұрныңызға тамызып, жұтқыншағыңызды жуыңыз.

✅ 2. Жөтел

1 стақан ауыз суды 1 шай қасық ас содасымен араластырып, қоспаны аш қарынға тұтыныңыз.

✅ 3. Сүйек пен тамырдағы аурулар

1 стақан бал мен 1 стақан тұз және 1/5 стақан шомыр шырыны. Барлығын жақсылап араластырып, ауыратын жеріңізді сүртіңіз.

✅ 4. Тісіңіздің амандығы

Тісіңізді аман сақтағыңыз келсе, әр таң сайын 2-3 кесек теңіз тұзын соруыңыз керек. Ол тек тісіңізге емес, қызыл иегіңізге де пайдалы.

✅ 5. Артық салмақ

2 кг қайнатылған немесе теңіз тұзын жылы су толтырылған ваннаға салыңыз. Сосын сол суға 15 минут шомылыңыз. Мұндай ванна сізге артық салмақтан арылуға көмектеседі.

0 0 ER 0.0000
Мандарин қабығының пайдасы 🍊

Мандарин қабығында эфир майы, фитонцид, каротиноид, дәрумен, антиоксидант және басқа да пайдалы заттар көптеп кездеседі. Сондықтан оның қабығын да қажетке жарата біліңіз. Кезекті мақаламызда оның адам денсаулығына пайдасын айтамыз.

1. Ішіңіз кеуіп, дисбактериоз болсаңыз

Кептірілген мандарин қабығын кофе ұнтақтағышқа салып ұнтақтап, сүзбе, ботқа секілді тағамдарға 1 шай қасықтан қосып жеңіз.

✅ 2. Кеңірдекше қабынуы кезінде

Кептіріліп, ұнтақталған 2 ас қасық мандарин қабығына 1,5 стақан қайнаған су құйып, 5 минут баяу жанып тұрған отқа қойыңыз. Дайын болған соң бұл тұнбаны күніне 2-3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. Міндетті түрде жылытып ішу керек.

✅ 3. Жөтел кезінде

✅ 2 ас қасық ұнтақталған қабыққа 1 стақан су құйып, бір апта қараңғы жерде сақтаңыз. Содан соң сүзгіден өткізіңіз. Дайын болған соң күніне 3 рет тамақтан бұрын 20 тамшыдан тұтыныңыз.

✅ 4. Суық тиіп тұмауратсаңыз, жөтелсеңіз ингаляция жасаңыз.

Бір уыс ұнтақталған мандарин қабығын суға салып қайнатып, буымен 10-12 минут дем алыңыз. Бұл әдісті жасаған соң 1-2 сағат салқын жерге шықпай күтініңіз.

✅ 5. Тырнақ тез сына берсе

Тырнағыңызды кем дегенде күніне 2 рет мандарин қабығымен сүртіп отырыңыз.

✅ 6. Шаршағанда, жүйке жүйеңіз жұқарып, күйзеліске түскенде

Ұсақ-ұсақ туралған мандарин қабығын көлемі шамамен 10x7 см болатын матадан тігілген қапшыққа салып, өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Егер жоғарыда айтылғандай жағдайлар болса, қапшықтағы мандарин қабығының хош иісімен дем алыңыз.

✅ 7. Жүрек соғысы артып, артериялық қысым көбейсе, ұйқысыздыққа ұшырасаңыз

1 стақан ұнтақталған қабыққа 3 литр қайнаған су құйып, қоспалы суды қайтадан қайнатыңыз. Ваннаға құйып, осы суға түсіңіз. 2 күнде бір рет ұйықтар алдында осы әдісті пайдаланып тұрсаңыз, аталған аурулардың алдын аласыз.

0 0 ER 0.0000
Комплекссіз өмір сүрудің 8 ережесі

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, кішкене күнінде әке-шешесінен мақтан сөз көп естімеген бала өскенде ұялшақ болады екен. Сол үшін кіші іні-қарындастарымыз болса еркелетіп, маңдайынан иіскеп қоюды ұмытпайық және төмендегі комплекссіз өмір сүрудің қарапайым 8 ережесін ескерейік.

1. Шығармашылықпен айналысыңыз. Әсемдікті қолымызбен жасау арқылы өзімізді бағалайтын боламыз. Ол міндетті түрде эмоция қатысып жүзеге асатын іс болуы тиіс. Мысалы, сурет салу, мүсін өнері, тамақ жасау, киім тігу және т.б.

2. Өзгелер туралы да ойла. Өз бойымыздан кемшілік іздей бергенше, өмірде шын мәнінде жолы болмай жүргендерге көмектескеніміз жөн болар. Ол жан сүйікті құрбыңыз да болуы мүмкін. Егер оның киімді талғамсыз киінетінін көрсеңіз, жақсы киімдерді таңдауға көмектесіңіз.

3. Өзіңді бағала. Атақты сәнбике немесе спортсмен болмадым деп қаймықпаңыз. Жақсы дос, қызықты жұмыс табу үшін бұл маңызды емес. Жер әлемді аузына қаратқан ханшайым боламын деген ойды шетке ысырып, қателесуге мүмкіндік беріңіз. Барлық жетістіктеріңіздің тізімін жасап, ұйықтар алдында оларды оқып сүйсініңіз.

4. Детальдарды тіміскілеудің қажеті жоқ. Денеңіздің белгілі бір бөлігіне көңіліңіз толмайтын болар. Оны ойлай бергенше өзіңізге деген көзқарасты өзгертіңіз.

5. Себебін анықтаңыз. Сәтсіздіктеріңізді еске түсіріп, саралап көріңізші. Уақыт өте келе ол сәтсіздіктердің сіздің кемшілігіңізге ешқандай қатысы жоқ екенін анықтайсыз.

6. Денеңізді сезініңіз. Уқалау рәсімі денеңіздің әрбір бөлшегін бағалауға мүмкіндік береді. Оны кремнің көмегімен жиі жасап тұрыңыз. Жаңа киім сатып алып, биге жазылыңыз. Энергияға толы ырғақтың арқасында барлығын да ұмытып кетесіз.

7. Еңсеңізді көтеріңіз. Адам бойын тік ұстаған кезде өзіне деген сенімділігі де артады. Ал бүкірейіп жүретін адам өзінен қашуға мәжбүрлейді.

8. Өзіңізді күтіңіз. Тек ең әдемі деген киімдеріңізді киіңіз. Тартымдылығыңызбен бірге бойыңызға деген сенімділік те оралады. Шаш үлгіңізді өзгертіп, әдемі косметикаларды пайдаланыңыз.

Психолог мамандардың айтуынша, адамдардың орынсыз ұялуы балалық шағымен тікелей байланысты. Әсіресе мектеп қабырғасында өткен күндермен. Мектепте қыздарды шашынан тартып жылатып, мұрны ұзын болса «буратино» деп, құлағы үлкен болса «қалқан құлақ» келе жатыр деп, басы үлкен болса «қазанбас» деп, кейде тіпті жануарларға да теңеп кететін сәттер көбімізге таныс болар. Мінеки осының барлығы баланың психологиясына әсер етеді. Оны тек әке-шешесінің қошемет сөзі құтқара алуы мүмкін болғандықтан, бала тәрбиесінде абай болған жөн.

0 0 ER 0.0000
Неге ер адамдар тыңдай білмейді?

Бүгін не қызық болғанын немесе сізді ызаландырған бір жайтты айту кезінде сүйіктіңіздің «кешір, не дейсің?» деген кездері бола ма? Бұл жағдайда сіз айғайды бастасаңыз, көмегі боларына күмән бар.

Ер адамның бізді анамыздай не құрбымыздай тыңдайтынын күтеміз. Оның тыңдағысы келмеуінің себептері бар ма?

1-себеп. Оның сізбен келісуін күтесіз

Қарым-қатынастың бастапқы кезінде ол сізді мұқият тыңдайтын еді. Бірақ бірде ол тыңдауды доғарды... Көптеген ару үшін «тыңдау» - «құптау» түсінігімен бір мәндес. Ал ерлер үшін біреудің мәселесі тыңдауды емес, шешімін табуды қажет етеді. Ал егер ол құптауды күтіп отырғаныңызды сезсе, тыңдауды тоқтатады. Себебі ешкім өзінің пікірін ысырып, өтірік құптағысы келмейді.

Мұндай жағдайда не істеу керек?

Оған өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік беріңіз. Еш сын айтпай тыңдайтыныңызды жеткізіңіз. Екеуіңіздің пікіріңіз екі түрлі болатынын түсіне білуіңіз маңызды.

Оның пікірінің астарында оның мінезінің қыр-сыры ашылады. Бұл әдістің көмегімен сүйіктіңізді жаңа қырынан тануға мүмкіндігіңіз бар.

2-себеп. Мәселені егжей-тегжейіне дейін талқылауды жөн көресіз

Нәзік жандылар жағдайды бүге-шігесіне дейін нақтылап айту керек деп ойлайды. Себебі ері жағдайды толықтай түсініп, көзіне елестете алады.

Ал негізінде, ер адамдар «тоқ етерін» күтеді. Олар бүге-шігесіне дейін айтуды қажет емес деп санайды.

Сұраққа жеткенше сіз 5 минут бойы бүкіл жағдайды сипаттап өтесіз. Ер адам үшін бұл тым ұзақ.

Ер адамға сіздің көңіліңіз маңызды. Бірақ ол мәселені толық тыңдаудан гөрі, басты сұрақты біліп, соның шешімін табуды жөн көреді.

Не істеуіңіз керек?

Алдымен сұрағыңызды қойып, кеңес күтетініңізді айтыңыз. Содан соң мәселенің сипатына көшіңіз. Бірақ әңгімеңіз 2-3 минуттан артық уақытқа созылмауы керек.

Арасында «пауза» жасап, пікірін сұрап отырыңыз. Сонда ол сізді тыңдап, әр сөзіңізге мән береді.

3-себеп. Оған әсер етуге тырысасыз

Ер адам қоғамда өз орнын табу үшін мақсаттарына жетуге тырысады. Абырой мен құрмет үшін басқа ер адамдармен бәсекеге түседі. Ең болмағанда, сіз оған бәсекелес болмауыңыз керек.

Қазірде әйел адамдардың ерлерден еш кемі жоқ. Жұмыс та істейді, мансапта да көтеріледі, табысқа да жетеді. Алайда, сүйіктіңіздің алдында жаңа көлігіңізбен, спорттық жетістіктеріңізбен, ұлғайған табысыңызбен көп мақтана бермеңіз.

Бұл әрине оған әсер етеді. Бірақ бұл көбіне оның рөліне лайық екенін ұмытпағайсыз. Өзінің жетістіктерімен таңғалдыру – ерлерге тән қасиет.

Оған сіздің жетістіктеріңізден гөрі, нәзік қылықтарыңыз бен қолдауыңыз қажет. Ал ерлерден асып түсетін, жетекшілік қасиетті бірінші орынға қоятын арулардан ерлер қорқады.

Не істеуіңіз керек?

Оған оның жақсы қасиеттерін айта біліңіз. Жұмыста пайда болған қиындықтарының шешімін таба алатынына сендіріңіз. Оның жетекшілік қасиеттерін дамытуға тырысыңыз.

0 0 ER 0.0000
Құрғақ бетке арналған маскалар

Құрғақ тері үнемі ылғалды қажет етеді. Мұндай теріге тек қана ылғалдандыратын крем жағып тұру жеткіліксіз. Себебі құрғақ бет ерте қартаюға бейім екені бәрімізге мәлім. Сондықтан оған аптасына 1-2 рет құрамында өсімдік майлары, витаминдер бар заттардан маскалар жасап тұрған жөн. Мұндай маскалар көбіне сүт, ірімшік, айран, жұмыртқа сары уызы, түрлі майлардан жасалады.
Ірімшік маскасы
Бұл маска бет терісін жақсы әрлендіріп, ағартады. Оны дайындау үшін 1 шай қасық ірімшікті сүтпен, зәйтүн майымен және сәбіз шырынымен араластыру қажет. Бетке жағып, саусақтарыңызбен біраз массаж жасаңыз. 20 минуттан соң жуып тастаңыз.
Балдан жасалатын маска
Балдан жасалатын маска бетті жақсы ылғалдандырып, тазартады. Ыдысқа 1 жұмыртқа сары уызын салып, оны 1 ас қасық балмен және күнбағыс майымен араластырасыз. Алынған қоспаны біраз жылытып, бетке 2 қабат етіп жағасыз. 10-15 мин ұстайсыз.
Қауыннан жасалатын маска
Бұл масканы жасау үшін Сізге 1 кішігірім піскен қауын қажет болады. Оны тазалап, жіңішке тілімдерге бөліп турайсыз. Сол тілімдерді бетіңізге қойып, 20 минуттан соң алып тастайсыз.
Сәбіз маскасы
2 сәбізді үккішпен ұсақтап үгіп, жұмыртқа сары уызымен араластырыңыз. Бетке жіңішке қабат етіп жағып, 20-30 мин. ұстаңыз. Масканы ылғалды сүлгімен немесе мақтамен алып тастаңыз. Аптасына 2 рет жасаған жөн.
Аскөктен жасалатын маска
1 ас қасық ұсақ туралған аскөкті алып, 1 шай қасық зәйтүн майы және сұлы ұнымен араластырыңыз. 20 минут бетте ұстап, жуып тастаңыз.
Наннан жасалатын маска
Нанның жұмсағы, жұмыртқа сары уызы, 1 ас қасық сүт, 1 ас қасық ерітілген сары май, өсімдік майының бірнеше тамшысын алып, бәрін араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минуттан соң жуып тастаңыз.
Қызанақтан жасалатын маска
1 орташа қызанақты үккішпен үгіп, крахмал қосыңыз. Қоспаға эфир майы немесе зәйтүн майының бірнеше тамшысын қосып, бетіңізге жағыңыз. Ұстау уақыты – 20 минут.
Кілегейден жасалатын маска
100 г кілегей, 1 жұмыртқа сары уызы, 1 лимон қабығы қажет. Лимон қабығын кофетартқышпен ұсатып алғаныңыз жөн. Барлық ингредиенттерді араластырып, 15 минутқа бетін жауып қалдырасыз. Содан соң 1 ас қасық зәйтүн майын қосып, тағы да араластырыңыз. Масканы 20-25 минут ұстау керек.
Қияр маскасы
1 ас қасық қияр шырынын 1 ас қасық кілегей немесе қаймақпен араластырып, бетіңізге жағыңыз. 20-25 минуттан соң жуып тастаңыз.

0 0 ER 0.0000
☝ Тұмау тиген кезде кір сабынның пайдасы бар ☝

Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол.

•Мәселен, адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.

•Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, шаш түсе бастағанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді.

•Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.

•Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай, денеңіз сергіп қалады.

•Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.

•Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.

•Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.

•Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.

•Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, аууханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
•Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз.

•Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз,ол көгеруден сақтайды.

•Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.

0 0 ER 0.0000