Статистика ВК сообщества "УШАРАЛ доска объявлений / УДО [UDO]"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Қадыр түнін не үшін күту керек? Өйткені Қадыр түні – ерекше түн. Ол - түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын кеш. Қадыр түні - Алланың құлдарына мейірімін түсіріп, әр құлының сұрағанын беретін түн. Бұл түнгі ғибадаттың сауабы орасан зор! Айша анамыз (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) : "Қадір түнін Рамазан айының соңғы он түнінен іздеңдер", – дегенін жеткізген («Сахих әл-Бухари»). Рамазан айының соңғы он түнінде ғибадатты арттырып, Аллаға жақындататын амалдарды көбейту ләзім. Қадыр түнінің мәртебесі туралы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: «Айлардың мырзасы – рамазан, күндердің мырзасы жұма, түндердің мырзасы — Қадыр түні». Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны» (Ан-Насаи). Ислам ғұламалары бұл түнді рамазан айының 27-сіне қараған түн деп белгілеген. Біздің елімізде де осы түні мешітте халық жиналып, кешті бірге ғибадатпен өткізеді. Жалқаулыққа салынып, нәпсіге жеңілмей, керісінше 83 жылдық ғибадаттан құр қалмауға асығайық!

Алла Тағала тұтқан оразаларымызды қабыл етіп, ғибадаттарымызға мол сауаптан бергей!



Дәриев Берік Әлсейітұлы

«Бала қажы» мешітінің наиб имамы
Барлық құқықтары қорғалған.

Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

ШЕЙХ ЗАХИР МАХМУД: РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ ОН ТҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ КЕҢЕСТЕР
Осы сәтке дейінгі өмір салтыңыздың бұл он түннің шырқын бұзуына жол бермеңіз. Алла сізді бүгін немесе алдағы күндердің кез келген сәтінде кешіруі мүмкін. Әлі де үміт бар! Егер расында да бәрін түзетемін деген ниетіңіз болса, еңсеңізді көтеріп, жігерленіп, олқылықтардың орнын толтыруға осы кезден дайындалыңыз. Дұрыстап, шын жүректен ниет етуден бастаңыз.
Бұл түнде не болатынын түсіну үшін бүгін «Әл-Қадр» сүресінің тәпсірін оқуға біраз уақыт бөліңіз. Сонда оның күші мен ұлылығын одан сайын сезіне түсесіз!

Шын ықыласпен ден қойып, мінәжат ету үшін 27-ші түнге дейін күтпеңіз. Сол он күннің бәрінде бар ынтаңызды салуға тиіссіз. Әр түнді ғибадатпен өткізіңіз! Ләйләтүл-Қадр түнін өткізіп алғыңыз келмейді ғой?

Сүннетке ілесіңіз! Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге қарапайым өсиет қалдырып кетті:

«Ләйләтүл-Қадр түнінде сеніммен, сауаптан үміт етіп, ұйықтамай, намаз оқыған адамның өткен күнәлары кешіріледі».

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге үйретіп кеткен дұғасын жаттап алып, қайталап жүріңіз:

«Аллахумма иннәкә `әфууун тухиббуль`әфуа фә`фу `әнни»

(Я, Алла, Сен ‒ Кешірушісің, кешіруді жақсы көресің, мені кешіре гөр).

Дұғалардың қысқаша тізімін дайындаңыз. Сөйтіп, оны Алланың құлына лайықты түрде қолыңыздан келгенінше жақсылап жаттап алыңыз! Қадр Түні, Тағдыр Түні! Бұл өмірде, дінде, отбасында және ақыретте нені қалайтыныңызды саналы түрде таңдап алыңыз. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тауқымет тартып, қасірет шегіп жатқан бауырларыңыз бен әпке-қарындастарыңыз барын ұмытпаңыз!

Күндіз мүмкіндік болса, біршама уақыт көз шырымын алуға тырысыңыз. Ауызашарда аса қатты тойып жемей, құптан намазынан кейін бірден ұйықтауға жатыңыз. Оны кейінге қалдырмаңыз! Азғантай ұйқыдан кейін беті-қолыңызды жуып, дәрет алып, құлшылық жасауға дайын болыңыз.

Отбасыңызды да тыс қалдырмаңыз. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол түндерде әйелдерін оятатын болған. Тағы бір айтарым, балаларыңыз да соншалықты кішкентай емес, түннің бір бөлігінде ұйықтамай жүре алады. Оларға бейнеойын ойнап, бейнежазба көруге рұқсат етсеңіз, ең болмаса, біршама уақыт ұйықтамауға келіседі.

Біздің киінуіміз бен дайындалуымыз психикамызға айтарлықтай ықпалын тигізеді. Ең жақсы киімдеріңізді киіп, үстіңізге иіссу себіңіз де, бір серпіліп қалыңыз!

Мешіттен немесе үйіңізден өзіңізді алаңсыз сезінетіндей және ешкім кедергі келтірмейтіндей бір жерді таңдап алыңыз. Өзіңізбен бірге мусхаф, жайнамаз және су алып алыңыз. Сонда әр нәрсені іздеп алаңдамайсыз.
Маңыздысы! Бұл түн оның неткен керемет екенін, қандай көңіл-күйде екеніңізді және Аллаға қалай ғибадат жасап жатқаныңызды айтып, твиттерде сурет жариялауға немесе фейсбукта «статусыңызды» жаңартуға арналмаған. Бұл сіз бен Раббыңыздың арасында құпия болып қалсын. Сондықтан, телефон, уайфай, лэптоп, компьютеріңізді өшіріңіз. Бүкіл әлемнен оқшауланып, Кешірушіге жалбарыныңыз!

Ұйықтап бара жатқаныңызды сезсеңіз, құлшылықтың түрін өзгертіңіз. Намазда тұруды, шын ықыласпен дұға қылуды және Құран оқуды кезектестіріп отырыңыз. Бұл түнді уағыз яки Құранның оқылуын тыңдап өткізбеңіз. Не болмаса, оларды ұйқы қысып бара жатқанда аз ғана уақыт тыңдаңыз.

Негізгі кілт — сабыр. Соңғы он күн қиынға соғуы мүмкін. Бәлкім, сіз жұмыс істейтін немесе оқитын шығарсыз. Бірақ, бұл уақытта қиындыққа төзіп, сабырлық танытқан жөн. Алла Тағаланың сізге осы орасан зор мүмкіндікті бергенін ойлап көріңізші. Мұндай мүмкіндік сізге енді ЕШҚАШАН берілмеуі мүмкін. Мұның сіз үшін соңғы Рамазан екенін анық білсеңіз,Жәннатқа қол жеткізуге мүмкіндігіңіз барын білсеңіз, соған жету үшін аянбастан барыңызды салмас па едіңіз?

Ең маңыздысы. Алла туралы хусн әз-заннды сақтаңыз (яғни, Алладан жақсылықты күтіңіз). Дұға қылған кезде Ең Жомарт Әміршіден сұрап отырғаныңызды жадыңыздан шығармаңыз. Егер жақсылықтан үміт етсеңіз, Ол сізге ең жақсысын береді. Ештеңені жасырмаңыз. Оған сеніңіз, Оның алдында жүрегіңізді айқара ашып, ешбір күмәннің, ешбір тосқауылдың, ешқандай жаман ойлардың сізді Әр-Рахманнан, Әр-Рахимнен алыстатуына жол бермеңіз!

2 0 ER 0.0679
Продам двухярусную кровать со встроенными шкафами 45000 тг, детский стол и стул 7000 тг, вентилятор почти новый 8500 тг. Тел 87075613648

0 0 ER 0.0159
ШАШЛЫКИ на заказ.
ВКУСНЫЕ😋 СОЧНЫЕ 😍шашлыки у нас👍🏻☝🏻
Доступные цены👏🏻
87755380894
87083014198

0 0 ER 0.0053
Қаздар сатылады. 5мыңнан. Былтырғы балапандар. 87077619040.

0 0 ER 0.0000
Жұмыс керек 14-15 жастагы балаларга номер 87787972532

0 2 ER 0.0108
Сойғанға семіз семіз саулық қойлар, ешкілер, ерте туған марқалар сатылуда. таңдап аласыздар Қарабұлақ ауылында. 7 778 949 7325

0 0 ER 0.0000
Продаётся пескаблок
Доставка бесплатно
87003131099

0 0 ER 0.0000
Требуется продавец в отдел автозапчастей

+7 (777) 699-20-99

0 1 ER 0.0051
🌯Самый вкусный Донер с фирменным соусом (Халал)
------------------------------------------------
🍟Хрустящие фри
🍗Крылышки
🌭Ход-дог
‐------------------------------------------------
📲Тел.для заказа(What's up): 8 747 192 57 56
🎴Инстаграм: mm_doner_usharal
🚦Наш адрес: Дулепова/Садык Кусайын

1 0 ER 0.0046
🚩🚩🚩СРОЧНО🚩🚩🚩
❗❗ Продается мебель, а также бытовые приборы❗
Диван+кресла, тумбочка под телевизор, вентилятор, ГАЗ ПЛИТА НОВАЯ, кух.гарнитур, пылесос, тахта и стол угловой кухонный.
‼️А также комнатные цветы и клубни гладиолуса‼
По всем вопросам обращаться по номеру
Тел 8707 749 29 70
УШАРАЛ

0 1 ER 0.0046