Статистика ВК сообщества "ҚАЗАЛЫ ЖАРНАМА"

0+
QAZALY Жарнама сауда саттық бойынша алғашқы орында тұрған парақша! Толығырақ ақпарат қалдырыңыздар. (номер)т.б

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

МАЙДАКӨЛ АУЫЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылында жаңадан салынған мешіт халық игілігіне табысталды.

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ -ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Қазалы ауданының бас имамы Б. Сүлейменов, ауылдың жанашыр азаматы Ашықбай ақсақал және жергілікті тұрғындар қатысты.

Бас имам Болатбек Ұласқанұлы ауыл халқын рухани орданың ашылуымен құттықтап, мешітті салу барысында қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысын жеткізіп, “ Жиенбай ишан” мешітінің имамы
Қалыш Бакзалбайға Қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартып, қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Майдакөл ауылында ертеректе халықтың қолдауымен салынған мешіттің қатты ескіруіне байланысты ауыл тұрғындары жаңа мешіт тұрғызуға ниет етіп, 2019 ж. мешіт құрылысы басталып, 2020 ж. толық салынып бітті. Еліміздегі эпидемиялық ахуал күрделенуіне байланысты ашылуы кейінге шегірілген болатын.

"Жиенбай ахун," мешіті - Майдакөл ауылының халқының демеушілігімен салынып, ел игіліне беріліп отыр.

2 3 ER 0.1774
Қызылордада 2,5 жастағы сәбиді кәріз құдығынан алып шыққан 15 жастағы жасөспірімге облыс орталығынан екі бөлмелі пәтер берілді.

Өткен аптада қала орталығындағы "Универсам" шағын ауданында оқыс оқиға болды. Екі жарым жастағы сәби ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кеткен. Аралдан колледжге оқуға түсуге келген 15 жастағы Арман Аманжолов баланы құдықтан алып шыққан болатын.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев педагогтардың тамыз кеңесінде мұқалмас ерік-жігерімен, табанды тәуекелге барған аралдық Арманға демеушілер көмегімен алынған пәтер кілтін табыс етті.

"Бүгін Арман батырға, оның ата-анасына барша Сыр елінің атынан зор ризашылығымды білдіремін. Бүгінде аймағымызда жомарт жүректі жанашыр азаматтар жетерлік. Сол демеушілердің атынан бүгінгі бейбіт күннің батыры болған бозбалаға баспана кілтін табыс етеміз. Қарапайым ғана ауыл баласының бұл ерлігі өзі сияқты қатар жүрген балаларға үлгі болсын, елдің ішінде осындай азаматтар көп болсын", – деді Нәлібаев.

Арман Аманжолов Арал ауданы Бөген ауылында 2007 жылы дүниеге келген. Отбасында 5 ағайынды, 2 апасы, 2 ағасы бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында жұмыс істейді.

0 1 ER 0.1147
Құрметті Қазалы ауданы тұрғындары🌍

"Алия Нұр" шағын монша ашылды.

❗️Жиренше көшесі
___
❗️Жұмыс уақыты
1ші күннен 5 күн аралығы✔
жергілікті уақытпен күндізгі 🕰14 00ден түнгі 🕰 23 00 ге дейн.
___
❗️6 шы 7 күндері
күндізгі 🕰 10 нан түнгі 🕰 12 ге дейін жұмыс жасайды.

Келіңіздер!

💶 Бағасы ересектерге 600т.
-Орташа жастарға 400т
_Балдар ға 200т
▪️Байланыс құралы
📲 87759796104📞

1 2 ER 0.0672
А. Байтұрсынов (Әйтеке би—Ақан сері көшелерінің аралығы) және Біржан сал (Ақан сері — Әйтеке би көшелерінің аралығы) көшелерін бір бағытты қылу мақсатында арнайы жол белгілері орнатылды.

Құрметті көлік иелері!
Орнатылған жол белгілерінің маңыздылығын ескере отырып, жол ережелерін сақтауды сұраймыз.

0 5 ER 0.0574
🏠Үй сатылады. Жанқожа 3 км.
❗️7 бөлме. 249 мектепке, әкімшілік, рай больницага жақын✔
❗️2018 жылы салынған.
📲Тел. 87015677734. 87014314824.📞

0 2 ER 0.0432
"Абзал и К" @abzalcompany директоры Мағжан Ералиев @magzhan_yeraliyev облысымызда орын алып жатқан қуаншылықта, Арал ауданы, Қосаман ауылына мың пресс (2 камаз+прицепімен) мал азығын апарып берді 👍
Ал қаламыздағы басқа кәсіпкерлерден де осындай игі істерді күтеміз!
______________________

0 0 ER 0.0288
Сейфуллин 55 б уй сатылады.2020 жылгы.уйдин размери 20х11.уй сапалы салынган.болмелери кен.каждый спальный 4 х4 .фундамент (90х 45 )6 катар арматурадан каркас токылып бетон мешалкамен куйылган камоксыз.стенасы ракушка.сырты пенопластпен капталган.туалет душ уйдин ишинде де сыртта да бар.шарбак 4.5 соток.сетка салынып 7 см стяжка тоселген.калганы оздериниз корип тургандай.жузим.орик агаштары.тапчан.бари оз орнында.шарбак улкен емес.бирак сарай баня.салатын орын бар.орталык.тыныш жер.арзан маркет .базар.бари уйге жакын.калганын келип коресиздер .саудасы бар!87786100070

1 2 ER 0.0431
Сырдария өзенінің су деңгейі көтеріліп, Қызылорда су торабынан 536 текше метр су өтуде. Шардара су қоймасының толуына орай Сырдария өзенінің төменгі ағысына 1000 текше метр су жіберілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев хабарлады.

«Қазіргі уақытта Шардара су қоймасы арқылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына мың текше метр су тасталуда. Оның 450 текше метрі Көксарай су реттегіш қоймасына келуде. Бүгінде облыс аумағына 600 текше метр су келіп түсуде. Соған сәйкес облыс аумағынан магистральді каналдар мен көлдер жүйесі арқылы су алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 56 су басу қаупі бар аймақ анықталып, оларға 398 арнайы техника және 1 367 адам күші бар 197 мекеме бекітілді», – деді Бағдат Әлиев.
Салаға жауапты мамандардың айтуынша Сыр суының дәл осылай толуы бес жыл бұрын тіркелген екен. Қазіргідей өзен арнасының толуына көктемгі жауын-шашының мол түсуі әсер еткен.

«Наурыз айының басында Сырдария өзенінің су жиналатын аймақтарында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты су көлемі көбейді. Осы себепті Шардара су қоймасын транзиттік режимге қойып, төменге тасталынатын су көлемін – 1340 текше метрге көбейттік. Қазір Көксарай су реттегіш қоймасында – 658 млн.текше метр су бар», – деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы РММ –нің басшысы Сейілбек Нұрымбетов.
«Сырдария өзенімен облыс шекарасына 650 текше метр су түсуде. Ал Қазалы су торабынан төменгі ағысқа – 235 текше метр су тасталуда. Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында каналдармен су алу кестесі әзірленеді. Биыл Шардараға – 2,3 млрд.текше немесе Көксарайға – 1,5 млрд.текше су жиналмаса егістікке су беру маусымы кезеңінде су тапшылығы болады деп күтілуде», – «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.

0 0 ER 0.0287
«АУЫЗБІРШІЛІК АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ»

Бүгін аудан орталығындағы Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Мектебім – Ақмешіттей қасиетті, сенен алдым өнеге мен өсиетті» атты ауқымды шара өтті.

Шара басталмас бұрын Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің директоры Зинегүл Жүсіпова білім ордасынан түлеп ұшқан түлектердің жеткен жетістіктері туралы айтып берді.

Мазмұны мол шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов құттықтау сөз сөйлеп ашып, ізгі лебізін жеткізді.

– Бүгін біз Сіздермен бірге ерекше бір мазмұнда ұйымдастырылып жатқан шарада бас қосып отырмыз. Олай деуімнің негізгі себебі аудан орталығындағы №216 мектепті 1957 жылы мен 2000 жылдары аралығында бітірген түлектер бас қосып, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында үлкен шараның өтуіне мұрындық болып болып отыр. Дәл қазіргі уақытта ауызбіршілік алтыннан да қымбат. Сіздердің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұйымшылдықпен «Ауыл күнін» ұйымдастыруларыңыз көпке үлгі боларлық шара деп айтсақ артық емес.

Әрине, мұндай шараны ұйымдастыра білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тек берекесі тасып, ынтымағы артқан, жастары жалындап тұрған ауылдар ғана қолға алып, абыроймен өткізе алады. Сондықтан осы шараның басында жүрген барша азаматтарға алғысымды айтып, ризашылығымды білдіремін, – деген ол шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене араласқан азаматтарды аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың атынан «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Мұнан соң Қызылорда облысы мен Қазалы ауданының құрметті азаматы, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов, білім саласының ардагері, Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте директор қызметін атқарған Серік Қуанышбаев, аудандық мәслихаттың депутаты Әбдуали Рахметов те сөз сөйлеп, мұндай шараның елдің бірлігін сақтаудағы маңызы жоғары екенін атап өтті.

Ал, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш шараны жоғары деңгейде өтуіне біркісідей атсалысқан Қ.Сәтбаев атындағы мектеп ұжымына ұйымдастырушылардың атынан алғысын айтып, білім ордасының басшысы Зинегүл Жүсіповаға бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Шара барысында дүниеден өткен азаматтардың рухына арнап құран бағышталып, «Мектепке жол» акциясы аясында 20 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.

Сонымен қатар, кіші футбол, қол күрес, гир көтеру, арқан тарту және қой көтеру сайыстарының жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

#Қазалы

0 0 ER 0.0287
Салематсызба , сиздерден жалгыз басты анага комек сурагалы отырмыз 4 баласы бар , мектепке формалар керек болып жатыр , балаларыныздын кыскарып калган формалары болса бересиздерме , 9 жастагы кыз балага жане 7 жастагы ул балага , мектепке керек заттарына комектесип жибере аласыздарма отиниш номеры 8705 814 61 55

0 3 ER 0.0239