Статистика ВК сообщества "Уағыз"

0+
السلام عليكم و رحمة الله و بركاة

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Египеттік таксист жігіт. Құранға деген ынталығы соншалықты, Құранның жаттап келген бетін күнделікті машинесінің тізгініне (руль) жабыстырып қойып, тоқтаған шағында қайталап отырады екен. Осындай ықыласты бізге де нәсіп етсін.

0 0 ER 0.1888
Қадір түні Рамазан айының соңғы он күндігінде келеді. «Айша (Алла оған разы болсын) анамыз: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күннің тақ түндерінен іздеңдер», – деген хадис жеткізген.
Бұхари, Мүслім, Термизи

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын): Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі»
Бұхари

2 0 ER 0.1206
_​​📖 Қасиетті Құран Кәрімде: «Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрәк етіп қойған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол естуші, білуші», – деп айтылған («Исра» сүресі, 1-аят)._

_Пайғамбарымыздың (ﷺ) исра жасағаны туралы қасиетті Құранда айтылғандықтан, бұған сену – әрбір мұсылманға парыз._

_Исра мен Миғраж оқиғасынан мұсылмандар мынадай пайдалы ғибраттар алуы тиіс._

_1️⃣ Намаз ғибадаты парыз етілді. Миғраж түнінде Пайғамбарымызға (ﷺ) 3️⃣ сый жасалды:_

_🔷️ «Бақара» сүресінің соңғы екі (Әмәнә-р-расулу) аяты уахи етілді._

_🔶️ Қиямет күні Пайғамбарымызға (ﷺ) үмметін шапағат ету құқығы берілді._

_🔷️ Бес уақыт намаз парыз етілді._

_Демек намаз жер бетінде емес, миғражда парыз етілді. Бұл намаздың қаншалықты үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Намаз – мүміннің рухани миғражы. Намаз арқылы мұсылман адам рухани ем алып, жаман әдеттерден арылады. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Намаз оқы. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды...» деп айтқан («Ғәнкабут» сүресі, 45-аят)._

_2️⃣ Миғраж – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) биік дәрежесін көрсетеді. «Исра» сүресінің 79-аятында Алла Тағала:_

_📖 «Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі», – деп айтқан. Бұл аяттағы «мақтаулы орын» дегенді «Пайғамбарымыздың қияметте шапағат етуі» деп түсінеміз._

_3️⃣ Мұсылмандар үшін үш мешіт ерекше қасиетті саналады. Олар – Меккедегі қасиетті Қағба, Мәдинадағы Пайғамбар мешіті, Құдыстағы әл-Ақса мешіті. Бұл мешіттердің маңайында қылмыс пен күнә жасауға тыйым салынғандықтан, әл-харам деп аталған._

_4️⃣ Миғражда ғайыпқа иман келтірудің артықшылығы баяндалған. Қасиетті Құраннның «Бақара» сүресінің алғашқы аяттарында Алла Тағала:_

_📖 «Әлиф Ләм Мим. Мұның ұғымын Алла біледі. Міне осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. Сонда олар ғайыпқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өзіне берген несібені (Алла жолында) жұмсайды», – деп айтқан._

_☪️ Расында мұсылман баласы миғраж оқиғасынан түрлі сабақ алуы керек. Ең бастысы біз бұған күдіксіз иман келтіріп, ол күннің болғанына сенуіміз қажет. Әрине мұндай қасиетті түндердің өз сауабы мен артықшылығы бар. Сол үшін біз мұндай түндерді құлшылықпен, Алла Тағалаға дұға жасаумен өткізгеніміз абзал._

*_Алла Тағала Өзінің ізгі құлдары қатарында болуымызды және қиямет күні Пайғамбарымыздың (ﷺ) шапағатына бөленуімізді нәсіп етіп, қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізгей! Әмин!_*🤲🏻

4 0 ER 0.1060
*_Ережеп айы.🌙_*

_Әнәс ибн Малик, оған Алла разы болсын, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Ережеп айы келгенде мына дұғаны оқығанын жеткізді:_

*اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَانْ*

_Аллаһумма барик ләна фи Рәжаба уә Шаъбана уә балиғна Рамадан._

_«Уа, Аллаһым! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!»._

_[ "Шу’абул Иман", 3534, "Ибни Сунни", 660, "Мухтасар Зауаид Баззар", 662 ]._

_🍃 Әбу Бәкір әл-Балхи: "Ережеп – тұқым себу, шағбан – суару, ал Рамазан – соның жемісін жинау айы. Тұқымын сеуіп, оны суармаған адам қалай жемісін көрсін?" - деген екен..._

*_🟣 2022 жылдың 3 ақпан, бейсенбі күні, Ережеп айының бірінші күні._*

5 0 ER 0.0899
БУАЗ МАЛДЫ СОЮҒА БОЛА МА?

Алла Тағала жер бетіндегі барлық нәрсені адамзаттың пайдасы үшін жаратты. Ол туралы Құранда:

هُوَ الَّذِي خَلَقَ لَكُم مَّا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا

«Ол (Алла) жердегі нәрселердің бәрін сендер (адамдар) үшін жаратты»[1]-дейді. Адам баласы жаратылғалы мал мен жануарлардың етін жеп күнелтеді.

Әбу Сайд әл-Худури былай дейді: «Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Уа, Алла Елшісі! Біз түйені, сиырды және қойды бауыздағанымызда ішінен баласы шығып жатады. Оны жей берсек бола ма, әлде лақтырып жібереміз бе?» - деп сұрағанымызда Ол: «Қаласаңдар оны жеңдер, өйткені анасының бауыздалуы оның бауыздалуы»[2], - деп жауап берді.

Хадисте айтылғандай, буаз малды союға рұқсат. Алайда төлдеуіне жақын қалған буаз малды сою – мәкруһ[3]. Шариғат қоғамның немесе жеке тұлғаның қажеттілігі болмаса, үй жануарларын, жабайы аңдарды, ағаштарды себепсіз аулауға, атуға, сою мен кесуге рұқсат етпейді.

Ибн Рушд: «Көпшіліктің пайдасына жарап жатқан буаз түйені, жер жыртатын сиырды және сауынды қойды союға болмайды»[4] - дейді.

Буаз мал сойылған жағдайда оның ішінен шыққан төлін жеудің үкімі екіге бөліп қарастырылады:
1) Жұмһур ғұламалардың көзқарасы бойынша жан берілмей (яғни ұйыған қан, кесек ет) немесе жаратылысы толық жаратылмаған төлді жеуге болмайды. Өйткені ол өлексе саналады.

2) Жан беріліп, толық жаратылыс күйінде шыққан төлге қатысты бірнеше пікір бар:

- Толық тірі туылса, оны сою керек. Егер соймай жатып өліп кетсе, ол өлексе болып саналады.

- Анасын бауыздамай жатып ішіндегі төлі өлгені белгілі болса, оны жеуге болмайды.

- Буаз мал бауыздалып, ішінен төлі өлі шықса, оның қай сәтте өлгені белгісіз болғандықтан, басым көзқарас бойынша анасының бауыздалуымен өлді деген тұжырым жасалады. Дегенмен бұл мәселеде ғұламалар арасында пікір қайшылығы орын алған. Сахабалардың басым бөлігі және имам Мәлик, имам Шафиғи, имам Ханбал, имам Әбу Юсуф, имам Мухаммед ондай төлді жеуге рұқсат берген. Олар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Анасының бауыздалуы оның да бауыздалуы», - хадисін дәлелге алып, анасын бауыздау оның төлін бауыздаумен бірдей деген.

Имам Әбу Ханифа, Зуфар, Хасан ибн Зияд болса, ондай төлді жеуге болмайды деп, мына аятты алға тартқан:

حُرِّمَتْ عَلَيْكُمُ الْمَيْتَةُ

«Сендерге өлексе харам етілді»[5]. Аталмыш ғалымдардың ұстанымы бойынша буаз малды бауыздағаннан кейін ішінен шыққан төл тірі болмаса, ол өлексе болып саналады. Себебі іштегі төлдің тіршілігі дербес келеді. Өйткені ол анасы өлгенен кейін де тірі қала беруі мүмкін. Сондықтан ол жеке бауыздалады дейді[6].

Қорыта айтқанда, буаз малды союға рұқсат етіледі. Тек төлдеуге жақын қалған уақытта бауыздау – мәкруһ. Бауыздалған малдың төлі тірі шықса, оны бауыздап жеуге болады. Ал өлі туылса жеуге болмайды. Сонымен қатар, құрбандыққа шалынған буаз малдың ішінен шыққан төлі тірі болса, оны анасы секілді бауыздап, еті таратылады. Алайда оны бауыздамай, тіпті құрбан шалу уақыты өтіп кетсе тірідей садақа етіледі[7]. Дегенмен, құрбандыққа буаз малды таңдамаған дұрыс.

Шариғат және пәтуа бөлімі

[1]«Бақара» сүресі, 29-аят.
[2] Әбу Дәуіт, 2/253. Хаким, 4/114.
[3] Әл-Фәтәуә әл-Һиндия, 12/5231. Әл-Фәтәуә әл-Сирожия, 391.
[4] Мәуәһибу әл-жәлили ли шәрхи мухтасар халили, 4/347.
[5] «Майда» сүресі, 3-аят.
[6]Әл-Мәусуға әл-Фиқһия, 21/201-203.
[7] Әл-Фәтәуә әл-Һиндия, 5/372.

4 1 ER 0.0748
Таң сегіз нәрсені қалайды

Төрт мәзһаб имамдарының бірі имам Шафиғи бірде таң намазынан кейін үйіне қайтып келе жатып, бір кісімен кездесіп қалады.

Әлгі адам бірінші болып имамға сәлемін беріп, жақсы тілек-дұғасын жасағаннан кейін «қайырлы таң» деген мағынада «Қалай таңды атырдыңыз?» деп қалады. Сонда имам Шафиғи қалай таңды атырғанын былайша түсіндіреді: «Менен сегіз нәрсені қалаған күйде таңды атырдым».

Сұрақ қойған кісі имамның жауабына таңданып: «Уа, имам! Сізден кім сегіз нәрсені талап етуде? Сіздің ешкімде ақыңыз жоқ емес пе?!», – дейді.
Әңгіменің астарына түсінбеген адамға күлімсірей қараған имам: «Қараңыз, менен әр күні кімдердің нені қалап жатқанын айтайын», – дейді де төмендегілерді айтып шығады:

«Жаратқан Алла менен парыз амалдарын қалайды; Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар менен сүннетін қалайды; әйел, бала-шағам күнделікті нәпақасын қалайды; нәпсім өзіне бағынғанды қалайды; шайтан ізінен менің ергенімді қалайды; екі иығымдағы екі періште жақсы және жаман амалдарымды жазғанын қалайды; өткен күндерім қартайғанымды қалайды; жан алушы періште Әзірейіл (ғ.с.) болса, өлімге дайын болуымды қалайды…
Міне, осылармен бірге таңды атырамын. Әр күні осы сұрақтар менен жауап күтеді».
Хазреті Шафиғидің жауабын мұқият тыңдаған адам ойлана бастайды.
– Уа, имам! Мына санаған нәрселеріңізді сенен қалай ма, әлде менен де қалай ма? – деп сұрады.

Имам Шафиғи тағы да күлімсіреп:
– Оны мен айтпайын, өзің ойлан! – деді.

Әлгі адам басын салбыратып тұрып сөзін былайша жалғайды:
– Шынымды айтсам, әр таңның менен не қалайтынынан хабарым болмапты. Мен де бұларды түсінуім керек екен.

Сөз соңында имам Шафиғи ой үстіндегі адамға қарап:
– Не дейсіз? Сізден де осындай сегіз нәрсе қалай ма? – деп одан әрі ойландыра түскен екен.

3 0 ER 0.0581
Алланың уадесі сыйлайды үміт,
Ішейін сәресі таң атпай тұрып.
Ораза күттім сені жыл бойы сағынып,
Сұлтаны айлардың толықсып туғанынан айналдым.
Қасиетті тұңған қалауы бұл Хақтыңда,
Жеттік саған аман.

Рамазан ғажап айсың,
Сан қилы сырыңмен. Жанымды тазалайсың,
Иманның нұрымен. Жалғасып игілігің үзілмей күн түнімен,
Жәннәттің есіктерін ашатын Жаратқан.
Болама кешіккенім сендегі сауаптан,
Рахымның мейірісің рақымы мол рамазан.

Арман не кезің бұл Амалмен өтсе,
Ораза өзіңді сүйем ерекше.
Әр кешін ауыз ашар әр сәтің береке,
Тарауих намазың әсерлі көркем.
Ақшамның таразын толтырар ертең,
Қадірлі уақыт барма қадір түнінен ертең.

Рамазан сені аңсадым,
Көңілімнің көктемі.
Ғажайып кемел шағым,
Тәрбие мектебі.
Сенімен келер сәнім,
Жырымсың жүректегі.
Жаясың жақсылықты,
Жүзіне ғаламның.
Жоясың жат қылықты,
Бойынан адамның.
Сенсіз бұл нығметті,
Қайдан іздеп табамын.

2 0 ER 0.0486
Нашар әдет

Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты. Данышпан кісі оған: «Сен ана бір жас шыбықты жерден суыршы», – депті.

Ол қиналмай-ақ суырып алыпты. Сосын одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырып қана орынынан қозғапты. Данышпан одан да жуан ағашты көрсеткенде, тағы көп адам жиналып ырғаса да, орнынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан:

– Көрдің бе? – депті, – жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады, – деген екен.

1 0 ER 0.0329
Құран Кәрім риба туралы

Құрметті мұсылман бауырлар, өздеріңіз білетіндей, иман дегеніміз — Алланың барлығына, бірлігіне, жақсы-жаманның бір Алладан екеніне, Одан басқа тәңірдің жоқ екендігіне сену, Алланың бұйырғанын орындап, тыйым салған нәрселерінен тыйылу.

Алланың тыйым салған нәрселерінің бірі – риба. Риба сөзі «өсім» деген мағынаны береді.

Қасиетті Құранда риба сөзі 8 рет келтірілген: 2:275 аятында үш рет, 2:276, 2:278, 3:130, 4:161, 30:39 аяттарында бір реттен.

«Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Са­уда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тиылса, өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар — тозақтық. Олар онда мәңгі қалады» (275)

«Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді» (276)

«Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әpi олар қайғырмайды» (277)

«Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар)» (278)

«Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар» (279)

«Ал егер борышты ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қарау керек. Егер де садақа қылсаңдар сен­дер үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар» (280)

Бұл аяттар өте маңызды мәселелерді қамтиды. Біріншіден, Исламда рибаға қатаң тыйым салынған. Екіншіден, риба – мәмілелерде негізгі қарыздан артық төленетін сома және үшіншіден, бұл – әділетсіздік (зулм). Сондай-ақ, риба жойылуға (махк) әкеліп соғатыны айтылған. Атап өтетін маңызды жайт: бұл аяттардағы баяндалған рибаның адамға ең жаман әсері – риба іс жүзінде пайдаланатын адамның жеке басын аяқасты етеді және төмендетеді. Сондай-ақ рибаны саудаға теңестіруге тойтарыс беріледі (сау­да мәміледегі екі жаққа да тиімді, ал рибаның жеңілдіктері тек бір тараптың ғана пайдасына бағыталуы мүмкін).

Аль-Имран сүресінің төмендегі аяты рибаның зиянды жақтарын көрсетіп, оны үрлемелі шарға теңейді:

«Әй мүміндер! Үсті-үстіне өсім жемеңдер, Алладан қорқыңдар. Әрине құтыласыңдар» (130)

Бұл аят Ниса сүресіндегі мынадай аятпен нақтыланады:

«Және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары әрі адамдардың малдарын орынсыз жеулері, сондай-ақ олардан қарсы келгендер үшін күйзелтуші азап әзірледік» (161)

Аталған аяттардың соңғысы Рум сүресіндегі мына аят:

«Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді де, Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар; артықша сауапқа бөленушілер (39).

Бұл аяттың мағынасы — адамдардан риба алу арқылы байлығын арттыруды Алла қаламайды.

Саудадан: нақты ақшаға немесе несиеге сатудан келетін табыс тек бір рет түседі. Келіп түскеннен кейінгі оның мөлшері өзгермейді. Бұл —табыстың мөлшері бастапқы сатып алу бағасы мен тараптар келіскен сату бағасының айырмасына тең болады. Ал риба (мысалы, банктік пайыз) уақыт өткен сайын арта береді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Айырбас тең мөлшерде болмаса алтынды алтынға сатпаңдар және бірінің мөлшерін екіншісінен артық қылмаңдар. Айырбас тең мөлшерде болмаса күмісті күміске сатпаңдар және бірінің мөлшерін екіншісінен артық қылмаңдар. Және бұлардың қолда жоғын даяр тұрған (қолдағы) нәрсеге сатпаңдар». (Al Bukhari, Sahih, Kitab al Buyu’, Bab bay’ al fiddat I bil fiddah).

Алтынды алтынға немесе күмісті күміске айырбастау — бірдей мөлшерде және бір мезгілде жүзеге асуы керек. Бұл екі бірдей шектеудің қойылуы қазіргі уақыттағы ақшаны болашақтағы көбірек мөлшердегі ақшаға айырбастаудың алдын алу үшін жасалғаны айдан анық. Яғни, бұл шектеу несиелерге пайыздар есептелуінің алдын алу үшін енгізілген.

Рибаны жақтап, сауданы өсімқорлықпен теңестіретіндерге Құранда ешқандай қарсы дәлел келтірілмеген. Тек қана қысқаша нақтылау бар: «Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен» (2:275).

Көріп отырғандай, Құран рибаға қатаң тыйым салады. Сүннет зат және ақшаны алмастыруға қатысты ережелерді енгізу арқылы риба түсінігін және тыйым салу ауқымын кеңінен түсіндіреді. Кейбір қарама-қайшылықтарға қарамастан осы енгізілген өзгерістер туралы несие беруде берілген соманың үстінен алынатын қосымша ақыға, яғни рибаға қатысты негізгі ұстаным ислам тарихында барлық жерде бірауыздан қабылданған. Банктік пайыздар — риба болып саналады. Қазіргі уақыттағы банктік пайыз­дар рибадан ерекшеленеді деген пікірді жақтаушылар өз ойларын дәлелдей алмады. Олардың іс жүзіндегі негізгі мақсаты — мұсылмандардың банк қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыру. Ендігі жерде бұл қажеттіліктер ислам банктері арқылы қанағаттандырылатын болады.

3 0 ER 0.0492