Статистика ВК сообщества "Kyzylorda oblsport"

0+
We are the champions!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КАРАТЭШІ
МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ ПРЕМЬЕР-ЛИГА ТУРНИРІНІҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Лиссабонда (Португалия) өтіп жатқан каратэден рейтингілік Премьер-лига жарысында жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай Қазақстан атынан өнер көрсетуде.

Ол 50 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында сынға түсіп, Елена Миливойцевич (Сербия), Бахринисо Бабаева (Өзбекстан), Михо Мияхара (Жапония), Шар Хубрич (Германия) және Ранран Ли (Қытай) секілді мықтыларды жеңіп финалға шықты.

Жарыстың финалдық кезеңі 2 мамыр күні өтеді.

М.Жаңбырбай 11 сәуірден бері жаттығу жиынына қатысып, Олимпиада қарсаңындағы рейтингілік турнирге дайындалған болатын.

Айта кетелік, Лиссабондағы бәсеке соңғы рейтингілік турнир саналады. Одан кейін маусым айында лицензиялық жарыста бағын сынайтын болады.

Сыр спортшысына сәттілік тілейміз!

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаКаратэ

0 3 ER 0.5398
МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ
3 ДҮРКІН АЗИЯ, 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Халықаралық жарыстарда еліміздің абыройын қорғап, Әнұранымызды шырқатып жүрген жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбайды бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз!

Әр уақытта жеңіс тұғырынан көрініп, биік белестерді бағындырып, көк байрағымызды көкке самғатар еліміздің мақтан тұтар спортшысы болуыңа тілектеспіз!

Мөлдір Жаңбырбай - 1997 жылы 18 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы ҚМУ "Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық" мамандығы бойынша бітірген.

Ол каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін ҚР чемпионаттарының, спартакиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.

3 дүркін Азия (Дубай 2013, Астана 2017, Жапония 2018) чемпионы, 3 дүркін Әлем чемпионы (Грузия 2015, Польша Быдгощ 2016), Әлем кубогының иегері.

Оның жоғары жетістіктерге жетуіне бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев ықпал етті.

Қазіргі таңда жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Мөлдірді Әлем чемпионы Нұржан Ақпанбет жаттықтырады.

0 3 ER 0.4999
КАРАТЭШІ МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСАДЫ

Жақында ғана Лиссабонда (Португалия) каратэден өткен рейтингілік Премьер-лига турнирінде жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдені иеленген болатын.

Қазіргі таңда М.Жаңбырбай Токио Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық турнир алдындағы Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Айта кетелік, Сыр спортшысы 11 -13 маусым аралығында Париж қаласындағы (Франция) соңғы лицензиялық жарыста бағын сынайтын болады.

Басты мақсат - жолдама жеңіп алу!

Сыр спортшысына сәттілік тілейміз!

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаКаратэ

0 1 ER 0.4342
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР
ГІР СПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА
12 АЛТЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ!

Ташкентте гір спортынан өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 15 медаль жеңіп алды.
Оның 12-сі алтын, 1-уі күміс, 2-уі қола медаль.

Атап айтсақ, жастар арасында Ерасыл Аубакир мен ересектер арасында Абдулхасан Сейтенов жеңіс тұғырына көтерілді.

Әйелдер арасында Қарлығаш Жұмағұлова, ардагерлер арасында Рауа Әбдиева (40-44 жас), Тлеуімбет Айтбаев (45-49 жас), Қали Рүстемов (55-59 жас) және Серік Ибрагимовтер (60-64 жас) қос-қостан 10 алтын медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, 50-54 жас аралығында ардагерлер арасында Оразбек Медетбаев күміс, 40-44 жас аралығында Айтмағанбет Асанбеков қос қола жүлделерді еншіледі.

Облыс құрамасы Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысу үшін 1-8 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындықты бастап кетті.

Сыр спортшыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаГірспорты

0 1 ER 0.3160
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫ
ӘСЕЛ САҒАТОВА
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Әсел Сағатова (81 келі) қола жүлдені иеленді. Ол осы жүлдесі арқылы бокстан "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағына қол жеткізді.

Бұл оның Әлемдік додада жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Ә. Сағатова - 2002 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бокспен 14 жасында шұғылдана бастады. Айтулы спорт түріне келгеніне бір жыл болмастан 2017 жылы қаласында Қарағандыда өткен А.И. Апачинский және В.Р. Тулов жүлделеріне арналған республикалық турнирде екінші орынға ие болды. Қазіргі таңда 3 дүркін Қазақстан чемпионы.

Ол № 2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің мектебінде тәлім алады. Боксшы қыздың спортта жетістіктерге жетуіне жаттықтырушысы Шахноза Исаханованың еңбегі ерен екенін айтуға болады.

Қызылорда облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаБокс

0 0 ER 0.2896
ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ
ОЛИМПИАДА ҚАРСАҢЫНДА
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

21 мамыр - 1 маусым аралығында Дубай қаласында (БАӘ) бокстан ересектер арасында өтетін Азия чемпионатына жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.

Айтулы бәсеке Қамшыбектің Олимпиада алдындағы соңғы жарысы.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына Қызылорда облысынан бокстан Қамшыбек Қоңқабаев пен еркін күрестен Дәулет Ниязбеков жолдама алған болатын.
Қалған үміткер спортшылар лицензиялық жарыстарға қатысуда.

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаБокс

0 0 ER 0.2499
КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ!

АЙДОС СҰЛТАНҒАЛИ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

Алматы қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен сынға түскен жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақта алтын медальді жеңіп алып, үшінші мәрте Азия чемпионы атанды.

Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы кездесуінде Оңтүстік Корея спортшысын 10:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда ирактық қарсыласын 7:2 есебімен, финалда ирандық спортшы Мехди Нижадты 8:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, бұған дейін А.Сұлтанғали 2015 жылы жасөспірімдер, 2016 жылы жастар арасында Азия чемпионы, 2017 жылы жабық кешендегі Азия ойындарының және Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылы ересектер арасында Əлем чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылы Бүкіләлемдік әскерилер ойынының қола жүлдесін иеленген болатын.

Айдос Сұлтанғалиды жарысқа білікті бапкер Ғабиден Райымбек дайындады.

Сонымен қатар ертең боз кілемге әйелдер күресінен Асылзат Сағымбай (53 келі) шықса, 17 сәуір күні еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) пен Ғалымжан Өсербаевтар (79 келі) өнер көрсетеді.

ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН
СЫР БАЛУАНДАРЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаГрекримкүресі
#ҚызылордаЕркінкүрес
#ҚызылордаӘйелдеркүресі

0 3 ER 0.2764
БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН
ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР
КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысының Темірлан кентінде белбеу күресінен 2001-2003 ж.т. жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Үш күнге созылған дода қорытындысы бойынша Қызылорда командасы көш бастады.

Сыр спортшылары ел чемпионатында
20 медаль иеленіп, жалпы командалық есепте көш бастады. Оның 7-уі алтын, 7-уі күміс, 6-уы қола медаль.

Екінші орынды Жамбыл, үшінші орынды Алматы облысының командалары иеленді.

Еркін түрі бойынша
ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

57 келі: Әбубәкіров Жандос, 9 ОРМБЖМ
75 келі: Мамыт Наурызбек, 8 ОРМБЖМ
90 келі: Алдаберген Айберген, 8 ОРМБЖМ
48 келі: Төлеген Балымай, 8 ОРМБЖМ
52 келі: Әбілтаева Назерке, 1 ОРМБЖМ

КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:

57 келі: Алдаберген Бекзат, 8 ОРМБЖМ
68 келі: Мәукенбай Айберген, 8 ОРМБЖМ
100 келі: Мұңайтбасов Дамир, 1 ОРМБЖМ
58 келі: Войсова Наргиз, 1 ОРМБЖМ
66 келі: Жұмахан Жұлдыз, 8 ОРМБЖМ
76 келі: Бодан Дина, 1 ОРМБЖМ

ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:

62 келі: Қамар Ермахан, 8 ОРМБЖМ
75 келі: Ажарбай Сержан, 9 ОРМБЖМ
48 келі: Рахымжанова Мунира, 1 ОРМБЖМ
66 келі: Думан Аружан 13 ОРМБЖМ
+76 келі: Ажмаханова Аяулым 1 ОРМБЖМ

Классикалық түрі бойынша

АЛТЫН:
65 келі: Қоқантаев Мейіржан, 9 ОРМБЖМ
75 келі: Сағындық Мұхаммедхан 8ОРМБЖМ

КҮМІС:
85 келі: Өмірзақ Нұрасыл 7 ОРМБЖМ

ҚОЛА:
70 келі: Мәукенбай Айберген 8 ОРМБЖМ

ҚЫЗЫЛОРДА СПОРТШЫЛАРЫН ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаБелбеукүресі

ОРМБЖМ - облыстық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

0 1 ER 0.2500
С Ү Й І Н Ш І

МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ
ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ!

Францияның Париж қаласында каратэден өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай 55 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанып, Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Жарыс ережесі бойынша алғашқы үш орынды иеленген спортшыларға ғана Олимпиада жолдамасы табысталады.

Айта кетейік, қызылордалық спортшыларда Токио Олимпиадасына үш лицензия бар. Олар: ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев, еркін күрес балуаны Дәулет Ниязбеков және ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, каратэші Мөлдір Жаңбырбай.

Мөлдір Жаңбырбайды жеңісімен және жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Спортшыларымыз Токиода еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтереді деген сенімдеміз!

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#КаратэЖолдама

0 0 ER 0.2237
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗІЛТЕМІРШІ
АЙЗАДА МҮПТІЛДА
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Айзада Мүптілда (+87 келі) қола жүлдені иеленді.

Ол жұлқа көтеруде 118 келіні, серпе көтеруде 151 келіні еңсеріп, қоссайыста 269 келіні көтерді.

Ол жақында ғана Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында бірінші орынды жеңіп алған болатын.

А.Мүптілда - 1998 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылында дүниеге келген. Ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.

Ол Қызылорда қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады. Мүптілданы жарысқа білікті бапкерлер Альберт Хакимулин мен Арман Абдраев дайындады.

Қызылорда облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі

#ҚызылордаСпортБасқармасы
#ҚызылордаАуыратлетика

0 0 ER 0.2106