Статистика ВК сообщества "ISLAMANIA"

0+
Ең бастысы - таухид!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!
Кім айтты саған?! Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес, ендеше.

1 0 ER 0.1101
"Ашура күнінде қандай амалдар жасаған дұрыс?

- Ашура күні ең бастысы ораза ұстаған дұрыс болады. Бұл күні ораза ұстаудың сауабы мол. Имам Муслимнен жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Ашура күнгі ораза жайында сұрағанда, Ол (с.а.у.): «Одан алдыңғы жылғы жасаған (кіші) күнәлары кешіріледі деп Алладан үміт етемін», – деп жауап берген...
—————-

📌Дүйсенбі 8 тамыз - Ашура күні!
Биыл Ашура күніне орай 7-ші, 8-ші және 9-ші тамыз күндері - үш күн ораза ұстаса болады. Немесе тек дүйсенбі 8-ші тамыз күні ғана - бір күн ұстаса да қате емес. Алла қабыл етсін!

0 1 ER 0.1095
Пайғамбарымыздың ﷺ жақсы мінездері мен кейбір әдеттері

♥ Өзін шақырған адамға «ләббәйк» деп жауап беретін. Ешкімнің қасында аяғын созбайтын. Тізе бүгіп отыратын. Жануарға мініп бара жатқанда жаяу адам көрсе, артына мінгізіп алатын.

♥ Сахабалары отырған жерге барған кезде төрге өтпей, бос жерге отыратын. Бірде оны көргендердің орнынан тұрғанын көріп, «Мен үшін орындарыңнан тұрмаңдар. Мен де сендер сияқты адаммын. Барлық адам сияқты ішіп-жеймін. Шаршағанда отырамын» деген.

♥ Тамақтанғанда, киінгенде және барлық нәрседе қызметшілерін өзінен бөлектемейтін. Оларға көмектесетін. Оған әрдайым қызмет атқарған Әнәс бин Малик «Расулуллаһқа он жыл қызмет еттім. Оның маған жасаған қызметі менің оған жасағанымнан көп еді. Маған ренжігенін, қатты сөйлегенін көрген емеспін» деген.

♥ Киімінің жыртық жерлерін тігетін. Жануарларға жем беретін. Базардан сатып алған нәрсесін үйіне өзі апаратын.

♥ Ауру адамдардың көңілін сұрап, жаназаларға баратын. Кедей, бай барлық адамның жағдайын сұрайтын.

♥ Таң намазын оқытқаннан кейін жамағатқа қарап отырып «Ауырып жатқан бауырларымыз бар ма, көңілін сұрайық» дейтін. Ауру адам жоқ болса, «Ешкім қайтыс болған жоқ па, барайық» дейтін. Қайтыс болған адам бар болса оны жууға, кебіндеуге көмектесіп, жаназа намазын оқытып, қабірге дейін баратын.

♥ Бір сахабаны 3 күн көрмесе оны сұрайтын, кеткендер үшін қайырлы дұға оқып, қалада болғандардың жағдайын сұрауға баратын.

♥ Жолда кездескен мұсылманға алдымен өзі сәлем беретін.

♥ Әрдайым ой үстінде, мұңды болып көрінетін, аз сөйлейтін. Сөйлегенде күлімсіреп тұратын. Орынсыз сөз, бос нәрсе айтпайтын. Керек кезінде пайдалы, мәнді сөздер айтатын, түсінікті болу үшін кейде 3 рет қайталайтын.

♥ Қонақтарына, сахабаларына қызмет ететін. «Бір қауымның ең қадірлісі - оларға қызмет ететін адам» дейтін.

♥ Ешкімнің айыбын бетіне баспайтын. Ешкімнің үстінен шағымданбайтын. Артынан ешнәрсе айтпайтын. Біреудің сөзін немесе ісін ұнатпаса, “кейбір адамдар неге солай істейді екен” дейтін.

♥ Өте жомарт болатын, жүздеген түйе мен қойды таратып, өзіне ешнәрсе қалдырмайтын. Көптеген кәпірлер оның осындай жақсы істерін көріп, иман келтірген. Өзінен бір нәрсе сұраған адамға ешқашан “жоқ” демеген. Бар болса беретін, жоқ болса үндемейтін.

♥ Аллаһу та’ала “Сен сұра, мен берейін” деп бұйырса да, дүниелік нәрсе сұрамаған. Еленген бидай ұнынан жасалған нанды жемейтін. Әрдайым еленбеген арпа ұнының нанын жейтін. Ешқашан тойғанша жемейтін, нанды қоспасыз немесе құрмамен, жеміспен, сорпамен немесе зәйтүн майымен жейтін.

♥ Барлық тағамды ұнататын. Өзіне ұсынылған нәрсені жейтін.

♥ Үйге келгенде «жейтін нәрсе бар ма?» деп сұрайтын. Жоқ болса ораза тұтатын.

1 0 ER 0.0765
Әссәләму алейкум бауырлар! Қалдарыңыз қалай, жақсы ма? Аллаһ өмірлеріңізге, істеріңізге берекет берсін!

Бауырлар, мына Бердібек деген шәкіртіміз ауырып еміне ақшасын таба алмай қиналып қалған екен анасы. Толық емделіп шығуына шамамен 100 000 кетеді екен. Осыған шамамыз келгенінше жәрдем беріп жіберсек екен. Дін жолында жүрген бала ғой Құран жаттап. Сол ауырып сабаққа келе алмай жүр еді. Аллаһ бергендеріңізді еселеп қайтарсын деп сұраймыз Жаратқаннан.

Пайғамбарымыз (с.а.у): "Қиналып жүрген адамға жеңілдік берген адамды Аллаһ тағала қиямет күні үрейден, қорқыныштан және қиыншылықтан құтқарады" деген екен.

Каспий Голд: 87075987724 Калкуз О. деп шығады.
Анасының номері (Айгерим): +7 705 898 7172

Ата-анасының сөзі:
"Оған жатқызуға шамам келмейді бырақ ертең понедельникке анализ тапсырып поликлиникаға апарып көрсете берем ба көрем құдай қаласа".

"Өткенде бір інім естіп 50 мың теңге салып жіберген еді платный больницаға көрсеттім тек 1 апта дәрі дәрмек алдық укол салдыруымен көрінуіне ровно жетті да қойды анализдері 4-5 анализ Олимпке тапсырсын қайтып алып кел деген оған бармадық себебі анализ тапсыру да қымбат екен ғой сосын ол больницаға жатқызу күніне 8000 теңге екен".

0 0 ER 0.0000