Статистика ВК сообщества "Манасбай ата мешіті"

0+
Имам Ағзам Абу Ханифа масхабымен жүрейік бауырлар. қазақ қазақ болғанға дейін және кейін ата бабамыз осы жолда. Адаспаған бізде адаспайық.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Не үшін ораза ұстайсыз?

ҚИССА
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді. Тұңғыш рет жерде өсетін тамақты жегендіктен, адамның асқазаны бірінші рет ас қорытып, нәжіс шығаратын болды. Онда пейіштің былғанатыны анық еді. Сол кезде Тәңірі қаһарына мініп, Адам ата мен Хауа ананы жәннаттық мәртебесінен айырады. Алланың әмірімен олар пейіштен қуылып, жерге түседі. Жеп қойған бидайдың қалдығы адамның асқазанында отыз күн қорытылмай жатып қалады. Одан түгел тазару үшін Құдай оларға отыз күн ораза ұстауды әмір беріпті. Содан бастап Рамазан айында отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстау мұсылманға парыз болыпты.

Оразаңыз қабыл болсын!!!

2 0 ER 0.1350
ӨЗ НƏПСІҢДІ ТƏРБИЕЛЕУ

Баязид Бистами қырық бес рет қажылыққа барады. Бір күні Арафат тауында нәпсісі оған: «Ей, Баязид! Жер бетінде саған тең келетін адам бар ма екен ? Қырық бес рет қажылыққа бардың және Құранды мыңнан аса бастан аяқ оқып шықтың» — деген ой салады. Хазреті Баязид нәпсісінен келген бұл ойға қатты ренжиді. Дереу түрегеп, сол жердегі жиылған қауымға қарата:
«Менің қырық бес рет жасаған қажылығымды кім бір тілім нанға айырбастайды?» — деп сұрайды. Сонда бір кісі басын көтеріп:
«Мен аламын!» — деп, нанын ұстатады. Баязид Бистами нанды алып, сол жердегі бір иттің алдына тастайды.
Ісін аяқтап біткен соң, жол дайындықтарын жасап, Рум аймағына (Анадолы) қарай бет алады. Бірақ не үшін кетіп бара жатқанын өзі білмейді. Ұзақ күндерге созылған осы сапарда бір шіркеу попымен кездеседі. Ол Баязидтің қолынан ұстап ертіп, үйіне алып келеді. Үйінің ішінен бір бөлмесін босатып беріп, күнделікті асын таңда және кешке әкеліп беріп тұрады. Баязид осы бөлмеде тек ғибадатпен уақыт өткізеді. Бұл жағдай бір ай жалғасады. Нәпсісіне қарата: «Ей, нәпсім! Мен сені тәрбиелегім келеді, бірақ сен жамандықтан тыйылмайсың», — деп тұрғанда поп ішке кіріп: «Есімің кім?» — деп сұрайды. Ол: «Баязид», — деп жауап береді. Поп: «Өзің жақсы адам екенсің. Шіркін, Иса Мәсіһтің құлы болғаныңда ғой!» — дегенде, бұл сөздер Баязидке ауыр тиіп, үйден кетуді ұйғарады, сонда поп: «Бұл жерден қырық күнді толтырып, бір-ақ қайт! Өйткені жақында біздің үлкен мейрамымыз келе жатыр, соны көріп тамашалағаныңды қалаймын. Біздің қадір тұтатын көсеміміз, ғұламамыз – бас попымыз сол күндерде бір рет қана уағыз айтады. Оның насихатын тыңдауыңды өтінемін», — дейді.
Хазреті Баязид поптың бұл ұсынысын қабылдап, қырық күн қалатын болады.Қырық күн біткенде поп бөлмеге кіріп: «Мархабат, сыртқа шығуыңызды өтінемін. Бүгін біздің мереке күніміз», — дейді. Баязид Бистами сыртқа шығу үшін қамдана бастағанында поп: «Сіз мына киіміңізбен қалайша мыңдаған шіркеулік поптардың ортасына кірмексіз? Үстіңіздегі киіміңізді шешіп, мына поптың киімін киіңіз де, мойныңызға Інжілді асыңыз!» — дейді. Бұл ұсыныс та оған ауыр тиеді, бірақ «мұның да астарында жатқан бір хикмет бар шығар» деп, поптың әкелген киімдерін киіп, жиындарына барады. Ешкім де оның мұсылман екенін аңғармайды. Біраз уақыт өткен соң поптардың көсемі келеді. Бірақ сөйлемей тұрып қалады. Неге уағыз-насихатыңызды бастамайсыз деп сұрағанда: «Араларыңда бір мұсылман бола тұра мен қалайша сөйлейін?!» — деп жауап береді. Жиналған қауым мен поптар шулап: «Оны бізге көрсетіңіз, көзін құртайық!» — деседі. Бас көсем: «Тынышталыңдар! Мен оның кім екенін сендерге айтпаймын. Егер оған тимейтіндеріңе уәде берсеңдер, көрсетейін», — дейді. Сонда поптар мен халық бірауыздан уәде береді.
Бас поп: «Әй, Мұхаммедтің үмбеті! Аллаһ үшін орныңнан тұрып, ортаға шық!» — деп дауыстайды. Алаңдап отырған поптардың арасынан Баязид Бистами орнынан тұрады.
— Атың кім?
— Баязид.
— Ілімнен хабарың бар ма? — дегенде: «Раббым үйреткендерінен кейбір нәрселер білемін», — дейді.
Сонда поп: «Олай болса менің сұрақтарыма жауап бер! Екіншісі болмаған біреу, үшіншісі болмаған екеу, төртіншісі болмаған үшеу, бесіншісі болмаған төртеу, алтыншысы болмаған бесеу, жетіншісі болмаған алтау, сегізіншісі болмаған жетеу, тоғызыншысы болмаған сегіз, оныншысы болмаған тоғыз, он біріншісі болмаған он, он екіншісі болмаған он бір, он үшіншісі болмаған он екіншіні айт? Бұлар не?» — дейді.
Баязид Бистами бас попқа: «Мені жақсылап тыңдаңыз!
- Екіншісі болмаған біреу – ортағы, серігі, теңі, ұқсасы болмаған Алла тағала.
- Үшіншісі болмаған екеу – күн мен түн.
- Төртіншісі болмаған үшеу – үш талақ (босату, ажырасу).
- Бесіншісі болмаған төртеу – Тәурат, Забур, Інжіл және Құран кәрім.
- Алтыншысы болмаған бесеу – бес уақыт намаз.
- Жетіншісі болмаған алтау – көктер мен жердің жаратылған алты күні.
- Сегізіншісі болмаған жетеу – жеті қат аспан.
- Тоғызыншысы болмаған сегіз – қиямет күні Аршты таситын сегіз періште.
- Оныншысы болмаған тоғыз — әйелдің тоғыз ай жүктілік мерзімі.
- Он біріншісі болмаған он – Мұсаның (а.с.) Шұғайб пайғамбарға он жыл шопандық қызмет атқаруы.
- Он екіншісі болмаған он бір – Юсуф пайғамбардың он бір бауырлары. Он үшіншісі болмаған он екі — он екі ай», — дейді.
Поп күлімсіреп: «Дұрыс айттың! Ендеше маған ауадан не жаратылғанын, не сақталып қалғанын және кімнің ауамен жоқ болып кеткенін айт», — дегенде:
- «Иса пайғамбар ауадан жаратылды, ауада сақталды. Ад қауымы ауамен жойылып кетті», — деп жауап береді.
Поп: «Дұрыс айтасың! Ағаштан жаратылған не? Ағашта жан сақтаған кім? Ағашта өлген кім?» — дегенінде:
- «Мұсаның (а.с.) асасы ағаштан жаратылды. Нұх (а.с.) ағаштың ішінде (кемеде) сақталды. Зәкәрия (а.с.) ағаштың ішінде ағашпен бірге арамен кесіліп өлді», — дейді.
Поп қайтадан: «Дұрыс айттың! Оттан кім жаратылды, оттан кім сақталды және оттан кім өлді?» — деп сұрады.
Хазреті Баязид: «Оттан Ібіліс жаратылған, Ибраһим (а.с.) оттан сақталған, Әбу Жәһил оттан өлген», — дейді.
Поп тағы да: «Тастан кім жаратылды, тастың ішінде кім сақтанды және тастан кім өлді?» — дегенде:
«Салих пайғамбардың түйесі тастан жаратылды. Кәһф жастары тастың ішінде қорғанды және Әбраха мен әскерлері тастан өлді», — дегенде поп: «Дұрыс айтасың! Ғалымдар: “Жәннатта төрт өзен бар. Біреуі балдан, біреуі сүттен, біреуі судан, біреуі шараптан (жәннат шарабы). Бөлек-бөлек болған бұл өзендер бір қайнардан шығады”, — дейді. Осы дүниеде мұның бір мысалы бар ма?» — дегенде:
- «Әлбетте, бар. Адамның басынан төрт бұлақ шығады. Құлақ суы – ащы. Көз суы – тұзды. Мұрын суы – басқа бір дәм. Ауыз суы – тәтті», — деп жауап береді.
Поп қайтадан: «Дұрыс айтасың! Жәннат иелері ішіп-жейді, бірақ дәрет бұзбайды. Мұның да бұл дүниеде ұқсасы бар ма?» — дегенде,
-«Әрине, бар. Ана жатырындағы нәресте ішіп-жейді, бірақ нәжісі жоқ», - деп жауап береді.
Поп: «Дұрыс айттың! Жәннатта Туба деген ағаш бар. Бұл ағаштың көлеңкесі түспейтін жәннатта бірде-бір сарай жоқ. Мұның да дүниеде бір мысалы бар ма?».
-«Әлбетте, бар. Таңда күн шыққанда қандай болады? Осындай емес пе?» - дейді.
Поп: «Дұрыс айтасың! Қане, мына сұрақтарыма тағы жауап бер! Бір ағаш бар. Оның он екі бұтағы, әр бұтағында отыз жапырағы, әр жапырағында бес гүлден, олардың екеуі күнге, үшеуі қараңғыға қарап тұр. Бұл сонда қандай ағаш болғаны?» — дегенде: «Ағаш бір жылға теңеледі. Он екі бұтағы — он екі ай, әрбір бұтағындағы отыз жапырақ — күндері, әрбір жапырақтағы бес гүл — бес уақыт намазды білдіреді. Екі намаз уақыты күндізге, үш намаз уақыты қараңғы мезгілге сәйкес келеді», — деп жауап береді. Соңында поп былай дейді: «Маған мына нәрселерден хабар бер! Өзі қажылыққа барған, тәуап жасаған және биік мәртебелерге шыққан, бірақ оның рухы да жоқ, қажылық та оған уәжіп болмаған», — дегенде, Баязид Бистами: «Нұх пайғамбардың кемесі», — деп, попқа қарап: «Ей, поп! Сіз маған көптеген сұрақтар қойдыңыз. Мен қолымнан келгенше жауап беруге тырыстым. Рұқсат етсеңіз, мен сізге тек қана бір сұрақ қояйын. “Жәннаттың кілті не? Жәннат есіктерінің төбесінде не деп жазылған?” — дегенде, поп үндемей қалып, жауап беруден қашады. Жиналған поптар бұл жағдайдан мазасызданады: «Әй, Иса Мәсіх үмбетінің ең ұлы ғұламасы! Неге жауап бермейсіз, бұл жеңілгеніңіз бе?» — дейді. Бас поп: «Жоқ, мен сұрақтың жауабын білемін, бірақ жеңілгім де келмейді», — дейді. Жиналған қауым: «Олай болса неге жауап бермейсіз?» — дейді. Бас поп: «Егер де жауап берсем, айтқандарыма қосыласыңдар ма?» — дейді. Сонда бәрі бірауыздан “әрине, қосыламыз” деп уәде береді. Бас поп: «Олай болса тыңдаңдар! Жәннаттың кілті мен есіктерінің төбесінде жазылған сөз: “Лә илаһә иллаллаһ Мұхаммәдүр Расулуллаһ”, — деп мұсылман болады. Оны тыңдауға келген мыңдаған поптар да бірауыздан кәлима шәһадат айтып, мұсылмандықты қабылдайды. Баязид Бистами олардың қастарында біраз уақыт қалып, Исламды үйретеді. Осылайша, оның бұл жерге келуінің хикметі ашылады.........

3 0 ER 0.1200
Күнделікті оқылатын аят және дұғалар өте көп. Оларды бөліп-жаруға болмайды. Дегенмен, тілге жеңілірек һәм мағынасы ауқымды қысша дұғалардың бірін ұсынамыз. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім: «Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир»,-деп күніне жүз рет айтса, он құлды азат еткенмен тең болады. Және де оған жүз сауап жазылып, жүз жамандығы өшіріледі. Және (дұғасы) сол күні кеш батқанша шайтаннан қорған болмақ. Ешкім бұдан абзал сөз айта алмайды. Тек одан көбірек айтқан адам болмаса[1]»,-деген.
Дұғаның мағынасы: «Алладан басқа Тәңір жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ. Барлық иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән. Әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті».
Бұл ең оңай орындалатын сүннет. Сонымен бірге, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл сөздердің ең абзалы деген. Абдулла бин Амр бин Ас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мен және менен алдыңғы пайғамбарлар айтқан ең жақсы сөз: «Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир[2]»,-делінген.
Расында да, бұл дұға оқушының иманын күшейтеді. Ал, адам иманын қуаттайтын сөз ең жақсы сөз болары анық.
Бұл, дұғаны, хадисте айтылғандай, күнделікті 100 рет айтуға шамамен 10 минут уақыт қана жұмсалады. Бұл сөздерді қоғамдық көліктен тұрып, көшеде жүріп бара жатып-ақ, тіпті, шаруаңызбен айналысып жүріп те айтуға болады.

1 0 ER 0.0749
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы Амангелді қажы ағамызбен діни білімімізді арттыру мақсатында Құтарыс елдімекенінде мешітте он күндей болып тәжиірбе алмасып әрі жас буынға білгенімізді үйретіп кеттік. Мешіт имамдарына жамағатына алғысымыз шексіз. Алла разы болсын.

1 0 ER 0.0599
Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7-нәрсе
1.Еңбексіз жеген нан.
2.Некесіз болған жан.
3.Боямалы тән.
4.Нашадан бұзылған қан.
5.Темекенің түтіні.
6.Арақтың жұтымы.
7.Ақшалы ойынның ұтымы.
Мұндайларға бой бермес,асыл адам тұқымы.
Жан дүниенді жақсартатын 7-жәйіт бар.
1.Әкімдердің шапағаты.
2.Ғұламалардың шариғаты.
3.Байлардың салауаты.
4.Кедейлердің қанағаты.
5.Үлкендердің ұлағаты.
6.Жастардың инабаты.
7.Азаматтың ар-ұяты.
Осыларды азық етеді,асыл жандар жұрағаты.
Тек кетпейтің үш дұға.
1.Ата-ананың қарғыс дұғасы.
2.Мүсәпірдің налыған дұғасы.
3.Аш адамның ашынған дұғасы.
Халқыда оларды жазғырар,қасында болса куәсі.
Үш нәрсеге арқанды сүйеп үйрен.
1.Өмірге арқа сүйемеген-өледі.
2.Уақытқа арқа сүйемеген-өтеді.
3.Жүрекке арқа сүйемеген-өзгереді.

Азамат ерді бақытқа жетелейтің үш нәрсе.
1.Бір қарағанда өзіңе ұнайтын,өзің жоқта абыройыңа,малыңа сенімді-әйел.
2.Жуас,мықты,сені досыңа жеткізетін-көлік.
3.Кең,әрі қажетті нәрселерге толы-үй.

Азамат ерді бақытсыздыққа жетелейтің үш нәрсе.
1.Өзіңе ұнамаған,сенімсіз надан әйел.
2.Жүрмейтің,жолда қалдыратын көлік.
3.Күнде-күнде ұрысатың жаман көрші.
Ұмытпа:
1.Алланы ұмытпа.
2.Ата-ананы ұмытпа.
3.Тамақ біреудікі болғанымен қарын өзіңдікі екендігін ұмытпа.
4.Алған қарызынды уақытылы қайтаруды ұмытпа.
Ұмыт:
5.Құдайға берген садағанды ұмыт.
6.Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт.
Сақтан:
8.Аманатқа қиянат етуден сақтан.
9.Барлық кезде тіліңнен сақтан.
Мынадай 10-түрлі қасиетке ие болсаң
Бәледен құтылуыңа көмегін тигізеді.
1.Өзіңнен ұлық күштілермен ұрыспа
2.Ожар мінезділермен алыспа.
3.Қызғаншақпен мәжілістес болма.
4.Наданмен пікір таластырма.
5.Екі жүзді адаммен дос болма.
6.Жалғаншы жанмен мәміле қылма.
7.Бақылмен сұхбаттас болма.
8.Мінезі жаманмен отырып шарап ішпе.
9.Әйелдермен біржерде көп отырма
10.Сырынды ешкімге айтпа.

7-күн.
1.Бүгің.2.Ертең.3.Бүрсігүні.4.Арғы күні.5.Ауыр күн.6.Азына күн.7.Соңғы күн.

7-ғашық
1.Ләйлі-Мәжнүн.2.Жүсіп-Злиха.3.Фархад-Шырын.4.Таһир-Зухра.5.Сейфулмәлік-Жамал.6.Қозы Көрпеш-Баян сұлу.7.Бозжігіт-Қарашаш.

7-жұт
1.Құрғақшылық.2.Соғыс.3.Өрт.4.Оба.5.Зілзала.6.Мал індеті.7.Топан су.

7-ғалам.
1.Күншығыс2.Күнбатыс.3.Түстік.4.Терістік.5.Аспан-жоғарғы ғалам.6.Жер-ортанғы ғалам.7.Жер асты-төменгі ғалам.

5-асыл.
1.Қанағатшылдық.2.Мейірімділік.3.Адалдық.4.Еңбекқорлық.5.Үлкенді сыйлау.

4-үмітті
1.Ауру-жазыламың деп үмітті.
2.Қашқан-кұтыламың деп үмітті.
3.Жарым-баимын деп үмітті.
4.Жас-өсемің деп үмітті.

4-тіреу
1.Жауға шабатың батырың болсың.
2.Сиынатын пірін болсын.
3.Шиелініскен дауды шешетін биің болсын
4.Атағы елге жайылған мырзаң болсын.

4-кітап
1.Таурат-Мұса (ғ.с)түскен
2.Зәбур-Дәуіт(ғ.с)түскен
3.Інжіл-Иса(ғ.с)түскен
4.Құран Кәрім - Мұхаммед(с.ғ.с)түскен

3-жамандық
1.Нақақ қан төгу.2.Кісі малына қол сұғу.3.Ата-бабадан қалған дәстүрді бұзу.

3-қадірсіз.
1.Жігіттік.2.Деңсаулық.3.Жақсы жар.

3-даусыз
1.Мінез.2.Кәрілік.3.Ажал.

0 0 ER 0.0299
Ең құнды тәсбих қандай?

Сұрақ: Ең құнды тәсбих, яғни зікір қандай?
Жауап: Ең құнды тәсбих – намаздан кейін оқылатын Субханаллаһ, Әлхамдулиллаһ және Аллаһу әкбар.
Бұл тәсбихтерден кейін ең құнды тәсбих және зікір – Лә илаһа иллаллаһ деп айту.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Ең үстем тәсбих – Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар.» (Мүслим)
«Лә илаһа иллаллаһ деп айту 99 бәлені қайтарады, ең төмені қиыншылық.» (И.Асакир)
«Тәмжид, яғни Лә хаула уә лә қууата илла биллаһ 99 дертке дауа. Олардың ең жеңілі қиыншылық.» (Хаким)
«Зікірде "Лә илаһа иллаллаһ"-тан абзалы жоқ.» (Табарани)
«Зікірдің абзалы Лә илаһа иллаллаһ, ал дұғаның абзалы Әлхамдулиллаһ.» (Тирмизи)
«Аллаһ алдында ең қадірлі сөз – Субханаллаһи уә бихамдиһи.» (Мүслим)
«"Субханаллаһ" деп айтқан адам Ухудтан да үлкен сауапқа қауышады. "Лә илаһа иллаллаһ" және "Аллаһу әкбар" деп айту да осындай.» (Бәйһақи)
«Түнгі ғибадат жасау қиын болған, қайырымдылыққа мал-мүлік жұмсай алмаған немесе дұшпанмен соғысуға қорққан адам көп "Субханаллаһи уә бихамдиһи" деп айтсын. Бұл Аллаһ жолында жұмсайтын бір алтын таудан да құнды.» (Табарани)
«Қиын жағдайға тап болған кісі "Бисмиллаһиррахманиррахим уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм" десе, Аллаһу та'ала оны әр түрлі бәле-жала мен қиыншылықтан қорғайды.» (Дәйләми)
«Жәннат қазынасы болған "Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһ" деп тұрақты айтып жүрген адамның ағаштан жапырақ төгілгендей күнәлары төгіледі.» (Рамуз)
«Айтылуы жеңіл (оңай), таразыда ауыр және кешіруші Аллаһ алдында ең құнды екі сөйлем: Субханаллаһи уә бихамдиһи, Субханаллаһил азыйм.» (Мүслим)
«Мына бес сөзді ауыздарыңнан түсірмеңдер: Субханаллаһ, Әлхамдулиллаһ, Аллаһу әкбар, Лә илаһа иллаллаһ және Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ.» (Табарани)
«Аллаһу та'аланың дәргейінде тәкбірі, тахмиді, тәсбихы және тәһлилі себебімен мұсылман болып қартайған мүминнен абзалырақ басқа ешкім жоқ.» (И.Ахмед)
(Тәкбір – Аллаһу әкбар,
Тахмид – Әлхамдулиллаһ,
Тәсбих – Субханаллаһ,
Тәһлил – Лә илаһа иллаллаһ,
Тәмжид – Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ деген сөз.)
Құран кәрімде Бақият-ус-салихат (тұрақты қалған жақсы амалдар) тіркесі өткен. Расулуллаһ айтты: «Бақият-ус-салихатты көп айтыңдар. Олар: тәсбих, тәһлил, тахмид, тәкбір және тәмжид.» (Табарани)
Әр түнде жатарда жүз рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деп оқыған адам жүз рет тәсбих, тахмид және тәкбір айтқан болады. Осылайша өз-өзін есепке тартқан болып саналады.
Кімде-кім «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм» десе, әрі тәсбих (субханаллаһ), әрі тәкбір (Аллаһу әкбар), әрі тахмид (хамд), әрі тәһлил (Лә илаһа иллаллаһ), әрі тәмжид (Лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм) айту арқылы ең құнды тәсбихті оқыған болады.
 
Зүл-жәлал уәл-икрам
Құран кәрімде былай делінеді:
«Тек қана жәлал және икрам иесі Раббыңның заты мәңгі қалады.» (Рахман 27)
«Жәлал және икрам иесі Раббыңның есімі аса ұлы.» (Рахман 78)
(Жәлал – Аллаһу та'аланың азаптаушы және ашу сипаттарынан, ұлылық, ештеңеге мұқтаж болмау деген сөз.)
Аяти каримада өткен зүл-жәлал уәл-икрам тіркесінің исми ағзамнан екендігі білдірілген. Осы себептен әсіресе дұғаларда мұны көп айту керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам біреудің «Йа зәл-жәлали уәл-икрам» деп дұға еткенін естіген кезде «Аллаһтан не тілесең де сұра, дұғаң қабыл болады» деді. (Тирмизи)
Басқа бір хадис шәрифте:
«Йа зәл-жәлали уәл-икрамды көп айтыңдар, оны үнемі айтып жүріңдер» делінген. (Тирмизи)

0 0 ER 0.0300
Жындар мен қара сиқырдан қорғанудың 15 жолы

1. ҚҰРМА

Шамаңыз келгенше, таңертеңгі уақытта кез келген тамақтың алдында жеті сығымдалған құрма жеп тұрыңыз. Оның Мәдинадан әкелінген құрма болғаны абзал. Оған мүмкіндік болмаса, кез келген сығымдалған құрманы жей беріңіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Күн сайын таңертең тамақтың алдында жеті сығымдалған құрма жейтін адамға удың да, сиқырдың да зарары тимейді!»[1]

2, ДӘРЕТПЕН ЖҮРУ

Дәретпен жүрген адамға сиқырдың әсері болмайды. Өйткені, оны Рақымды Алла жіберген періште қорғап тұрады. Ибн Аббас (р.а.) риауят еткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенін риуаят етеді: «Денелеріңді жуыңдар, сонда Алла (Азза уаль джаля) сендерді тазартады. Дәретпен жатқан құлды періште қорғап тұрады; ол төсегінде жатып қимылдаған кезде сол періште: «Я, Алла! Осы пендеңді кешіре гөр. Себебі, ол пәк халде жатты», - дейді».[2]

3. ЖАМАҒАТПЕН НАМАЗ ОҚУ

Мешітте оқылған намаз мұсылманды шайтаннан қорғайды, ал, оған немқұрайлы қараған адамды шайтан билеп алады. Егер шайтан адамды билеп алса, ол адамға сиқырмен және басқа да қолынан келетін нәрселермен зиянын тигізеді.

Әбу Дәрда (р.а.) риуаят еткен: «Мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) былай дегенін естідім: «Мейлі, қалада болсын, мейлі, ауылда болсын, жамағатпен намаз оқымаған үш адамды шайтан жеңеді. Жамағатпен бірге болыңдар. Қасқыр үйірінен қалып қойған жалғыз қойға шабуылдайды».[3]

4. ҚИЯМУ ӘЛ-ЛӘЙЛ (ТҮНДЕ ҚОСЫМША НАМАЗ ОҚУ)

Сиқырдан қорғанғысы келетін адам түнгі уақытта намаз оқуы қажет. Бұған немқұрайлықпен қарау шайтанның адамды өзіне бағындыруына жол ашады. Егер ол өз дегеніне жетсе, сіздің төсегіңіз сиқырдың ықпалындағы ошаққа айналады. Ибн Масуд (р.а.) былай деген: «Пайғамбардан (с.ғ.с.) Қиямуль-Ләйлге тұрмай, таң намазына дейін ұйықтаған адам жайлы сұрағанда, ол шайтанның сол адамның құлағына дәрет сындырып кеткендігін айтқан».[4] Саид ибн Мансур жеткізген: «Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Егер кімде-кім таңертең үтір намазын оқымастан оянатын болса, таңертең оның басына ұзындығы жетпіс шынтақпен тең арқан байланып тұрады».[5]

5. ИСТИА’ДАХ – ӘЖЕТХАНАҒА КІРЕТІН КЕЗДЕ АЛЛАДАН (ӘЗЗА УӘ ДЖӘАЛЛӘ) ПАНА СҰРАУ

Мұсылман адам әжетханаға кірерде Алладан (Әзза уә Джәаллә) пана тілеуі тиіс. Өйткені, шайтан мұсылманға кесірін тигізу үшін жын-шайтандардың мекені болып табылатын лас орын - әжетханаға кірген кезін пайдаланады. Бірде жын маған бір адамның ішіне кіріп кеткенін айтты. Өйткені, ол адам әжетханаға кірерде Алладан пана тілемеген. Соған қарамастан, оны сол адамның ішінен шығаруға Алла маған қолдау көрсетті. Оның үстіне, бір жын маған оларды бағындыру үшін Алланың (Әзза уә Джәаллә) бізге күшті қару бергенін, бірақ, біздің оны пайдаланбайтынымызды айтты. Оның не екенін сұрағанымда, ол: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) бізге айтқан дұғалары», - деді.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) әжетханаға кірерде мына дұғаны айтқаны сенімді тізбекпен жеткізілген: «Аллахумма инни а'узу бика миналь-хубси уаль-хабаиси (Я, Алла! Ер және әйел жын-шайтандардан өзіңе сыйынамын)»[6].

6. НАМАЗ ОҚЫМАС БҰРЫН АЛЛАДАН (ӘЗЗА УӘ ДЖӘАЛЛӘ) ПАНА ТІЛЕУ

Джубайр Ибн Мутим Пайғамбардың (с.ғ.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Аллаху акбару кабира, уальхамдулилляхи касира, уа субханАллахи букратан уа асыля» үш рет және «Аузу билляхи мина шайтани раджими мин нафкхихи уа нафсихи уа хамзихи» (Алла (Әзза уә Джәаллә) Аса Ұлы, барлық мақтау-мадақ Аллаға лайық, Алла ертелі-кеш кемшілік атаулыдан пәк. Шайтаннан: ол уәс-уәстайтын тәкаппарлықтан, оның сасық демінен және сілекейінен (шайтанның арбауы меңзеліп тұр) және оның ақылдан аздыратын азғыруынан Аллаға сыйынамын)[7].

7. НЕКЕГЕ ТҰРҒАН БОЙДА ӘЙЕЛІҢДІ СИҚЫРДАН ҚОРҒАУ

Неке келісімін жасаған бойда оның маңдайына оң қолыңызды қойып, былай деңіз:

«Аллахумма инни асалюка хайраха уа хайра ма джалабтаха алейхи уа аузу бика мин шарриха уа мин шарри ма джабалтаха алейхи» (Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сыйынамын).[8]

8. ЖҰБАЙЛЫҚ ӨМІРДІ НАМАЗДАН БАСТАУ

Абдулла ибн Масуд (р.а.) былай деген: «Неке түнінде, яғни, некеге тұрғаннан кейін алғашқы түнде жақындаспас бұрын екі рәкағат намаз оқыңыз, әйеліңізді де артыңызға тұрғызып, сізге ұюын және келесі дұғаны айтуын өтініңіз: «Аллахумма барик ли фи ахли, ва барик ляхум фийй. Аллахумма-иджма’ бейнана ма джама’та би-хайр, ва-фаррик бейнана иза фарракта иля хайр» («Я, Раббым! Маған әйелімді берекелі қыла гөр және мені оған берекелі қыла гөр. Я, Раббым! Бізді біріктірдің, игілікте біріктіре гөр. Егер ажыратсаң, бізге игілікте ажырата гөр»).[9]

9. ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС КЕЗІНДЕ ШАЙТАННАН ҚОРҒАНУ

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Егер жақындаспас бұрын мына дұғаны оқып, сол жақындықтан бала дүниеге келетін болса, шайтан ол балаға ешқашан зиянын тигізе алмайды: «Аллахумма джаннибна аш-шайтана уа джанниб аш-шайтана ма разактана» (Я, Алла, бізден шайтанды аулақ ет, әрі бізге нәсіп ететін (перзенттен де) шайтанды аулақ ет).[10]

9. ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА ДӘРЕТ АЛУ, АЯТУЛЬ КУРСИДІ ОҚУ.

Ұйықтар алдында дәрет алыңыз, төсекте отырып, Аятуль Курсиді оқып, Аллаға дұға қылыңыз. Шайтанның Әбу Хурайраға (р.а.) былай дегені сенімді тізбекпен жеткізілген: «Ұйықтар алдында Аятуль Курсиді оқыған адам Алланың (Әзза уә Джәаллә) панасында болады және түні бойы таң атқанша шайтан оған жоламайды». Пайғамбар (с.ғ.с.) осы сөздерді растап, Әбу Хурайраға (р.а.) былай деген: «Шайтан өтірікші болса да, саған шындықты айтты».[11]

10. ЛӘӘ ИЛӘӘХӘ ИЛЛӘ АЛЛАХ

Таң намазынан кейін: «Ля иляха илля-Ллах уахдаху ля шарикалях, ляхуль мульку уа ляхуль-хамду уа хууа аля кули шай-ин кадир» деп 100 рет айтыңыз. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Осыны айтқан адам 10 құлды азат еткенмен тең сауапқа кенеледі, оның амал кітабына он игі амал жазылады, он зұлым амалы өшіріледі және бұл дұға оны таңнан кешке дейін шайтаннан қорғайды. Осы дұғаны одан да көп айтқан адамды қоспағанда, ол адамнан артық ешкім болмайды».

11. МЕШІТКЕ КІРУ

«Ағузу би-Лляхи-ль-'Азыми, ва би-ваджхи-хи-ль-Кярими ва сультани-хи-ль-кадыми мин аш-шайтани-р-раджими». (Ұлы Аллаға, Оның ардақты Дидарына және Оның ежелден мәңгі билігіне лағынетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сыйынамын). Пайғамбардың (с.ғ.с.) мешітке кірмес бұрын былай дегені белгілі: «Мұсылман адам осы дұғаны айтқан сайын шайтан: «Ол күннің қалған бөлігінде менен қорғанышта болады».[12]

12. ДҰҒА

Мына дұғаны таңертең және кешкі уақытта үш рет қайталап жүріңіз: «Бисмиллахи ллази ла язуру маа исмии шайъун фил арзи ва ла фи ссамаи ва хууа сами уль алим». (Алланың атымен, Оның аты аталғанда Жер мен Көктегі ештеңенің кесірі тимейді және Ол – бәрін Естуші, бәрін Білуші).[13]

14. ҮЙДЕН ШЫҒАР КЕЗДЕ

Үйден шығатын кезде: «Бисмилляхи тауаккальту аля Аллахи ля хауля уаля кууата илля билляхи» деңіз. Сіз осы дұғаны айтқанда, сізге (өзіңіз білместен) былай делінеді: «Мен сені қорғап, сақтадым». Шайтан сіздің қасыңыздан кетіп, басқа біреуге: «Қорғалған және сақтанған адамға не істей аламын», - дейді.[14]

15. ТАҢЕРТЕҢ ЖӘНЕ КЕШКІЛІК:

«Аузу бикалимати Аллахи ат-таммати мин шарри ма халак» деңіз.[15]

0 0 ER 0.0150
Оразаның кереметі

Төменде неміс жұртының әлемге әйгілі «Р.М.» журналында жарияланып, батыстықтарды ойландырған «Оразаның пайдасы» атты зерттеу мақаланы оқисыздар. Неміс зерттеушілері осы еңбектен кейін оразаны екі-ақ сөзбен «Пышақсыз операция» деп атаған екен.
Зерттеуші Жозеф Чепач ораза туралы мақала жазу үшін 1 айдан астам уақыт ораза ұстап көрген.
Оның пікірінше, ораза Ислам мемлекеттерінен тысқары елдерде де өте тез тарауда. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдар зерттеу үстінде, әрі аурулардың алдын алу үшін науқастарға ораза ұстау керектігін айтатын дәрігерлердің саны да күн өткен сайын көбейе түсуде.
Жозеф Чепач мынандай деректер келдіреді: Қазір Германияның 29-клиникасында науқастарға ораза арқылы ем жасалады екен. Ораза көптеген аурулардың алдын алумен қатар артық салмақтың да болмауына көмектеседі. Оразаны зерттеуші ретінде танылған доктор Гельмут Лацнердің айтуынша, ораза – денедегі көп жылдар бойы сақталып қалған улы, артық лас нәрселерден арылтудың ең табиғи жолы екен.
Жозеф Чепач бұл мақаланы жазбай тұрып алғашында 10 күн, кейіннен 25 күн бойы ораза ұстаған. Зерттеу нәтижесінде мыналарға анық көз жеткізген:
1) Ораза ұстаған кісі өзін аш сезінбейді.
2) Ораза дене мен ойдың сезімталдығын арттыра түседі.
3) Ораза адамның дене бітімін бір қалыпта сақтайды.
4) Ораза ұстау барысында артық салмақтан арылуды ғана көздемей, оның рухани, ішкі әсерін де білгім келді. Өйткені, тамақтанудың адамның дене мен рухына да қатар әсер ететінін білгендіктен, одан қорғанған кезде ой мен рухтың тазаратындығына сене түстім.
Ораза тек қана адамға емес, бүкіл жан-жануарларға да тән. Апталар бойы, немесе айлар бойы аш жүру - әрбір аңда болып тұратын құбылыс.
Дәл қазіргі таңда көптеген дамыған мемлекеттер аса тоқшылықта өмір сүруде. Осы тоқшылыққа әбден үйреніп алғандықтан, аз ғана күн ашығуға аса қиналады. Бұл мемлекеттерде шамадан тыс көп тамақтанудың салдарынан ауру түрлері күн өткен сайын молаюда.
«Діни мерекелердің рухани дәмін сезіну үшін ораза ұстап дайындалу керек» деген психолог Журген Вом Шейд тағы бір сөзінде:
«Ораза ұстамаған адам оразадағы жасырын, сырлы қасиеттерді біле алмайды. Яғни адам дүниеге салынған сайын, руханияттың дәмін де сезбейді» дейді.
Оразаның тағы бір түрі – аңдардың ұстайтын оразалары. Сырқаттанған не қатты жараланған аңдар ішіп-жеуді сап тыяды. Денеге қауіп төнгенде, ол ас қорытумен айналысқысы келмейді. Өйткені, дененің жинаған энергиясының үштен бірі тамаққа жұмсалады. Сондықтан да энергияны өз бойынан алып, бар күшін ауруға қарсы бағыттайды.
Оразаның ұмытылған ерекшеліктерін батыстықтарға қайта ескертуде айтарлықтай үлкен үлесі бар доктор Отто Бачингер (Otto Buchinger 1882-1970) «Шипалы ораза» атты кітабында қатты бір ауруға шалдыққанда өзінің ораза ұстағандығын жазған.
Буын ревмантизміне ұрынған Бачингер ауруы артқан сайын бұлшық еттерінің суалғанын, бауыры ісіп, өтінің қайта-қайта асқынғанын көргенде ораза ұстай бастаған.
Бачингер ең озық неміс маманы Густав Риедлдың бақылауымен ораза ұстап, ауруынан құлан-таза айыққан.
Доктор Бачингер он мыңдаған ауруға жүргізген зерттеуін былай қорытындылайды:
«Температураны түсіруден бастап ораза мың да бір ауруға ем. Ораза – пышақты қажет етпейтін операция».
Психолог Журген Вом Шейд бұл жайлы былай дейді:
«Өзін әр нәрсеге әбден тәуелді қылып тастағандар үшін ораза аса маңызды. Ораза кезінде олар өздерін еркін сезінеді. Сонымен қатар, ораза арқылы небір ауруларды, нашақорлар мен араққа салынғандарды да психотерапевт жолымен емдеуге болады».
Сонымен, Жозеф Чепач ораза барысында ой мен рухта мыналарға көз жеткізген:
1) Ораза барысында бар зейінімді толықтай бір нүктеге жинақтай алдым.
2) Денеммен мен қоса ойлау, сезіну қабілетім арта түсті.
3) Күнделікті бойкүйездіктен арылдым. Тырысқақтығымның азайғанына куә болдым.
4) Велосипедке міну, жаяу жүру секілді жеңіл спорт түрлерінде денемде жеңілдік сезіндім.
Ораза зерттеушісі доктор Лацнер бұрынғы 10 мың метрге жүгірушілерден 54 жастағы бір спортсменнің ең жоғарғы дәрежеге 49-ыншы ораза күнінде қол жеткізгендігін айтқан.
Оразаны зерттеушілерден Хельга Бахлер ханым «аштық жариялау» мен «оразаның» арасындағы айырмашылықты былай атап көрсеткен:

«Екеуінің арасындағы бір ғана ерекшелік – ол адамның ниетінде. Ораза – өз қалауыңмен болатын іс. Ал, аштық жариялау болса, бір нәрсеге көңіл толмаушылықтан, қатты ашуланудан барып туындайды. Ашулану мен ерегес салдарынан асқазан оксид бөледі, ал, бұл оксид болса қарынды қатты аштырады. Ораза ұстаған кісі аштықтықты сезінбейді де, аштық жариялағанның қарны тез ашады».
Доктор Гельмут Лацнер «Оразаның арқасында жаңа туғандаймын» деген кітабында:
«Ораза ұстаушының ашығу кездері – оның емделу сеанстарына ұқсайды, дейді. Бұл кездер – зиянды нәрселердің бірте-бірте денеден ажыратыла бастаған сәттері. Ораза кезінде кейбіреулерде кездесетін ауыз бен тер иістері осы зиянды нәрселердің денеден сыртқа шығуы».
Доктор Гельмут Лацнер сөзін былайша жалғастырады:
Мынандай пайдаларын білгеннен кейін ораза ұстаудың қасиетін ұғына түсеріңіз анық:
- Руханияттың өсуі.
- Жан мен денеге деген байланысыңыздың арта түсуі.
- Еске түсіру қабілетіңіздің жоғарылауы.
- Өзіңізге деген сенімнің күшеюі...

2 0 ER 0.0450