Статистика ВК сообщества "ESKERTUKZ ♕"

0+
Ескерту

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады?
Жауап: 6216 аят.
Сұрақ: Құранда қанша сүре бар?
Жауап: 114 сүре.
Сұрақ: Құранда қанша пара (жүз) бар?
Жауап: Құранда 30 пара бар.
Сұрақ: Ең алғаш түскен сүре қайсы?
Жауап: «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты.
Сұрақ: Құран қай сүремен басталады?
Жауап: «Фатиха» сүресімен.
Сұрақ: Құран қай сүремен аяқталады?
Жауап: «Нас» сүресімен.
Сұрақ: Мәзһаб деп нені айтамыз?
Жауап: Шариғатта арнайы тәсілдер, ереже-
лер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған
үкімдер мен көзқарастар жиынтығы.
Сұрақ: Төрт үлкен мәзһабты атаңыз?
Жауап: 1-Ханафи мәзһабы;
2-Шафиғи мәзһабы;
3-Малики мәзһабы;
4-Ханбали мәзһабы.
Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?
Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат, яғни
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалары жүріп
өткен сара жол.
Сұрақ: Сенімдегі имамымыз кім?
Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур
Мұхаммед әл-Матуриди.

150 2 ER 0.4869
Түркия президенті жатақxанада студенттермен бірге ауыз ашып отыр.

Архив фото

5 25 ER 0.3638
Басқа қыздар таңда тұрып, спортивкасын киіп, құлағына наушник салып, аланға бет бұрып жүгіруге шығады. Ал, біз дәрет алып, хиджаб киіп, жайнамазды ұстап, құблаға бет бұрып Алланың разылығы үшін иман жинауға асығамыз. Өзге қыздар сырт келбетін ойлап диета ұстайды. - Ал, біз оразаны асыға күтіп, Ашураны да қуанып қарсы алып, Раббымыздың разылығы үшін деп жиналатын сауапты ойлаймыз. Басқа қыздар таң атса кешкіге киетін киім іздеп дүкен аралайды. - Ал, біз Бесін оқып Екінтіге дайындаламыз. Басқалар сағат түнгі 2 - де, кафе - барларда жын - жыпырлармен дос болады. - Ал, біз Жаратқанға жақын уақыт Тахаджутке тұрып, өзіміз үшін де өзгелер үшін де дұға жасаймыз. Басқалар шет елді армандаса, біз Меккеге бір барып келсек деп армандаймыз.

16 41 ER 0.3400
Әбу Дәуудтің «Сүнән» атты ха-дис жинағындағы бір хадис-шәріпте Әбу Дәрда (р.а.) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы аят жайында былай дегенін жеткізген: «Кімде-кім таңертең және кешке мына аятты жеті рет оқитын болса, мейлі шынайы түрде беріліп оқысын, мейлі үстірт оқысын, оны кез келген қайғы-қасіреттен Аллаһтың Өзі сақтайды (яғни, Аллаһ тағала оны шаршап-шалдығудан, қайғы-мұңнан және дүние тіршілігінің басқа да ауыртпалықтарынан сақтайды)» − де-ген.

(Сүнәну Әби Дәууд)
↘↙

78 4 ER 0.3476
Мункар мен Накир періштелердің сыртқы келбеті мен сұрақтары, қабірдің қысуы және қабір азаптарына байланысты басқа да нақтылықтар (соңғы) Имам Абу Хамид Мұхаммад Ғазали
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) жеткізген: "Алланың құлы қайтыс болғанда оған жасыл көздері бар, қара екі періште келеді. Бірінің аты – Мункар, екіншісінікі – Накир. Өлген кісіден екеуі былай деп сұрайды: "Пайғамбар жайлы не айтасың?" Егер қайтыс болған адам мүмин болса, ол былайша жауап береді: "Ол – Алланың құлы әрі Оның Елшісі. Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед – Оның Пайғамбары екендігіне куәлік етемін". Сонда екі періште былай дейді: "Сенің осылай айтатыныңды біліп едік". Сосын қабір жетпіс аршынға кеңейіп, іші нұрға бөленеді. Олар: "Ұйықта!" – дейді. Сонда адам айтады: "Мені қоя беріңдер, осы жайында хабар беруім үшін әйелім мен бала-шағама бір рет барып-қайтуға мұрша беріңдер". Алайда оған "Ұйықта" делінеді. Сосын ол қалыңдығын күткен күйеу жігіт ұқсап ұйықтап қалады. Ол өзінің сүйікті жары оны келіп оятқанға дейін ұйықтап жата береді.
Осылайша Қиямет күні келіп, баршамыз қайта тірілгенге дейін жалғасады.
Ал егер қайтыс болған адам мұнафиқ (екіжүзді) болса, қойылған сұрақтарға ол былайша жауап береді: "Адамдар әрдайым бірдеңелерді айтып жүретін, мен олардың сөздерін еститінмін әрі оны қайталайтынмын. Ол сөздердің мағынасын бірақ мен білмеймін".
Мұнафиқтың бұл жауабына періштелер: "Сенің осылай дейтініңді біз біліп едік". Сосын мұнафиқ жатқан қабірде мынадай дауыс шығады: "Мына адамның үстіне бастырылып қал!"
Қабір сол кезде адамның сүйегі бір-біріне кіріп кеткенше оны қысып тастайды. Ал оның сол қабірде көретін азаптары қайта тірілетін күнге дейін, яғни Қияметке дейін жалғасады.

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Омар ибн Хаттабқа (Алла одан разы болсын) былай деп айтқанын Ата бин Йасар жеткізген: "Уә, Омар! Сен қайтыс болғанда руластарың саған өлшеп үш аршынға татитын кебін тігіп, сосын денеңді жуып, кебінге орап, жұпар иіссу сеуіп, денеңді иықтарында тасып апарып, қабірге қойғанда, кейін үстіңнен қара топырақпен жауып көмеді де, сенімен айырылып қайтып кеткенде сен не істейсің? Өйткені сосын саған қатал екі періштелер – Мункар мен Накир келеді. Бұл – дауыстары күннің күркірегені секілді қатты шығатын, ал көздері найзағай секілді адамның жанарын алатын, өздері тым қорқынышты екі періште. Олар шаштарын жерге сүйретіп келеді де, қабірдегі барлық нәрсені төңкеріп түсіреді. Сені қатты жұлқылайды. Уә, Омар! Осындай жағдайда сен не істейсің?" Хазіреті Омар (Алла одан разы болсын) былай дейді: "Уә, Алланың Елшісі! Ол кезде қазіргідей ақыл-есім болады ма?" Алланың Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Иә", - деп жауап береді. Сонда Омар (Алла одан разы болсын): "Ал ондай болса қорқатын ештеңе жоқ. Мен оларға керек жауабымды беремін", - дейді.
Бұл хадис адам қайтыс болғаннан кейін оның жаны қандай да бір өзгеріске ұшырамайды және жоғалып та кетпейтініне дәлел болады. Ал өзгеріске ұшырайтын нәрсе – адамның тәні мен оның барлық мүшелері. Осы жағдайға орай, адам барлық қайғы-қасіретті де, қуаныш-шаттықты да сезіп жатады. Демек адам бақилық болғанда оның ақыл-есі ғайып болып кетпейді. Бір нәрсені сезініп, түсіну, оны қабылдау; жағдайларды, оқиғаларды ұйғару – бұл адамның ішкі жасырын дүниесіне, жүрегі мен жанына байланысты ерекше құбылыс. Адамның ақыл-есі қандай да бір бөліктерге бөлінбейді, бөлшектенуге, ұсақталуға ұшырамайды, тіпті ол туралы сөз қозғамаса да болады. Оның үстіне, ол басқа нәрселерді қабылдайды әрі түсінеді.
Адам тәнінің барлық мүшелері бөлшек-бөлшек болып ыдырап, тас-талқаны шықса да, тіпті күл болып кетсе де, біз айтып отырған сезімдік қабылдау және түйсік, яғни адамның ақылы қандай да бір бөлшектерге және атомдарға бөлініп кетпейді.
Расында, адам кемел ақыл-есінің арқасында өмір сүруін жалғастыра береді және ондағы мәңгілік болатын нәрсе – оның ақыл-есі. Осылайша адам өлген кезде де болады. Себебі адамның ақыл деп аталатын бөлшегі өлімге ұшырамайды, яғни ақыл-есі өліп кетпейді. Ақыл үшін қандай да бір жоқ болып кету немесе ғайып болу секілді түсініктер жүрмейді.

Мұхаммед бин Мункадир былай деп айтқан: "Кәпір адам қайтыс болғаннан кейін оның қабіріне бір соқыр сотқар келетіні жайлы естігенмін. Бұл соқыр жаратылыс сонымен қатар керең болады. Соқыр әрі керең осы мақұлықтың қолында ұшында түйенің өркешіне ұқсайтын ілгегі бар темір сойылы болады, ол онымен Қиямет күні келгенге дейін қабірдегі адамды соғып, әбден қинайды. Жаңағы мақұлық соқыр болғандықтан адамның қиналғандарын көре алмайды.
Әрі адамның жан даусы шығып шыңғырғанын да естімейді, сондықтан оны аямастан азаптай береді".

Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) былай деп айтқан: "Қайтыс болған адамды қабірге қойғанда оның игі амалдары оның жан-жағынан қоршап алады. Оған бас жағынан жақындап, азаптайын делінгенде, оған қорғаушы ретінде Құран шығады да, мұны тоқтатады. Ал егер азапталу қаупі аяқ жақтан келетін болса, адам тірі күнінде оқыған намаздары оны қорғап тұрады. Егер адамның қолдары жағынан қинайын делінсе, екі қолы былай дейді: "Алланың атымен ант етеміз. Бұл адам қолдарын созып, садақа берген. Сондықтан сендерге бұл жақта да жол жоқ!" Ал егер оның аузы жағынанқауіп төнсе, Алланы зікір ету мен ораза қарсы тұрып, азаптауға жол бермейді. Сонымен қатар, намаз бен сабырлық шетте тұрып күтіп тұрады да, былай дейді: "Егер де қандай да бір жерден қауіп төнетінін сезсек, біз тез арада сол жерді барып жабамыз".

Суфьян Саури (Алла оны рахымшылығына алсын) төмендегідей айтқан: "Адам өзінің бауырын, жанұясын және бала-шағасын қалай қорғап-қорғаштайтын болса, қабірде де оның ізгі амалдары өзін солай қорғайды. Сосын оған былай делінеді: "Сенің жататын жеріңе Алла Тағала рахымшылығын төксін! Сен жолдас болған достарың қандай керемет, қасыңдағы серіктерің неткен ғажап!"

Хазіреті Хузайфа (Алла одан разы болсын) былайша айтқан: "Біз Пайғамбарымызбен (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірге бір жерлеуге қатыстық. Ол қабірдің бас жағына барып отырды. Қабірге біраз уақыт қарап тұрды да, былай деді: "Мүминді қабірде оның сүйектері бір-біріне кіріп кеткенше оны қысады".
Барша мүминдердің анасы – Хазіреті Айша (Алла одан разы болсын) былай деп жеткізген:
"Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: "Расында, қабір адамды сондай қатты қысады, егер одан кімде-кім құтылатын болса, онда Саъд бин Муаз одан құтылушы еді".

Әнас (Алла одан разы болсын) былай деп баяндаған: "Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қызы – Хазіреті Зейнеп (Алла одан разы болсын) қайтыс болды. Ол расында өте ауыр дертке ұшыраған еді. Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қара жамылып, қайғыға батқан күйі оның денесін жерлеу үшін қабірге барды. Біз Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қызының қазасына қатты қиналғанын көріп, көңіліміз әбден түсіп кетті. Қабір басына келген кезімізде, ол қабірге түскен соң оның(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)жүзі бозарып кеткенін көрдік. Ол қайта жоғары шыққанда жүзі қайтадан өз қалпына келді. Мұндайды көрген біз одан(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп сұрадық: "Уә, Пайғамбар! Біз сенде өзгеріс болғанын байқадық. Неліктен олай болды?" Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге былай деп жауап берді: "Мен қызымның қабірде қалай қысылатыны жайлы ойлап кеттім және қабір азабының қиыншылығы есіме түсіп кетті. Сондықтан да мен қабірге түстім. Маған мынадай хабар жетті: "Алла Тағала қызыңның қабірде қысылуын жеңілдетті". Бірақ жеңілдеткеніне қарамастан, бұл қысылудан шыққан айқайды жер бетіндегі жындар мен адамдардан басқаларының барлығы естиді, міне бұл сондай ауыр азап..."

81 11 ER 0.3336
Əс сəляму əлейкум уə рахматуллаһи уə бəрəкəтуһ жамағат!

Қасиетті Жұма мүбарак болсын , тілеген дұға тілектеріз қабыл болсын ин ша Алла.😊🍃

5 20 ER 0.2216
Жаттауға жеңіл сүрелер. Керек болар, қабырғаңызға ала кетіңіз.

ЕСКЕРТУ دعاية

89 0 ER 0.2748
ТОЙЫМСЫЗ НӘПСІ

-Адам 100 теңгесін садақаға қимайды, бірақ сол 100 теңгеге магазиннен бірдеңе алғысы келсе ешнәрсе сатып ала алмайды…
-Адам дұға жасауға 10 минутын көп көреді, бірақ бір кино немесе футбол ойынын қарауға 1,5 сағаттың өзі аз сияқты көрінеді…
-Футболға қосымша уақыттың берілуіне қуанады, ал Жұма намазы кезінде оқылатын уағыздың қосымша бірнеше минутқа созылғанына ашуланады…
-Адам біреуден естіген өсекке тез сеніп қалады, бірақ туралығы күмән келтірмейтін кей нәрсені мойындағысы келмейді…
-Адам бір сағатын ғибадат жасап мешітте өткізсе, ол уақыт тоқтап қалғандай болады, бірақ теледидар мен компютер алдында қанша сағат отырса да уақыттың зымырағанын сезбейді…
-Адам намаз оқыған кезде, ғибадат жасаған кезде дүниелік нәрселерді көп ойлайды, бірақ дүниелік істермен айналысқанда Ислам туралы еш ойламайды…
-Адамға бір сүрені және оның мағынасын оқу қиынға соғады, бірақ бір романды оқуға еш қиналмайды…
-Адам концертке барса ең алдынғы қатарларда отыруға тырысады, бірақ мешітте намаздан кейін тез шығып кетейін деп, ең соңына отыруға тырысады…
-Адам бір аят немесе хадис жаттауға қиын дейді, бірақ үздік 10 әншінің өлендерін жатқа біледі…
-Адам бір діни әңгіме үшін уақыт таппайды, бірақ дүниелік істер үшін уақыты көп болады..
-Адам діни әңгімелерді тыңдауға, айтуға қызықпайды, бірақ өсекті тыңдап, басқаға айтудан ешқашан жалықпайды..
-Адам Жәннатқа баруды армандайды, бірақ ол үшін ешнәрсе жасағысы келмейді…
-Адам күнде біреудің қайтыс болғаны жайлы хабар алады, бірақ сонда да өзінің бір күні қайтыс болатынын ойламайды…
-Адам бір күні шіріп кететін денесін жақсы формада сақтау үшін не жегенін қадағалап жүреді, бірақ ешқашан шірімейтін рухына еш күтім жасамайды…

79 9 ER 0.2764
ерекшелігі:
Әбу Дәуудтің «Сүнән» атты ха-дис жинағындағы бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы дұға туралы: «Кімде-кім таңертең және кешке осы дұғаны оқитын болса, оны Өзінен разы ету Аллаһ тағалаға тиесілі іс болады (яғни, Аллаһ тағала оған молы-нан сауап жазады да, ол Аллаһтан разы болады)» − деген. Сондай-ақ, осы дұғаға қатысты Ахмәд ибн Ханбәлдің «Мүснәд» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім азаншының дауысын естіген кезде осы дұғаны оқыса, күнәлары кешіріледі» − деген.

(Сүнәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4410; Мүснәду Ахмәд ибн Ханбәл, Мүснәду әл-ашара әл-мубәшшәра 1482)

40 6 ER 0.2273
Қарағым - ау адалдық деген ұғымды ұмыттың ба?

15 - 16 - 17 жасыңда тұрмыс құруға дайын боласың ба? "Дайынмын " дейтін сенімділігің емес, жігітке қарай тартып тұрған, алып - ұшып тұрған көңілің ғой. Қыз балада: "тұрмысқа шыққан соң бəрін үйреніп аламын" деген түсінік емес, " бəрін үйреніп, дайын болғанда ғана тұрмысқа шығамын" деген түсінік болуы керек.

" Тұрмысқа шыққан соң " деген түсінікпен көңіліңді жылытқан жігітпен кездесесің, оның жақындағанына қарсылық білдірмейсің сенесің өз адамың екеніне, бірақ үлкен қателіктер жасағаның:

1 - ші қателігің: тұрмыс құруға дайын болмай, жігіттің көңілін қабылдадың. Қабылдама, таныспа демеймін! Таны, байқап көр бірақ отбасылық өмірге дайын болғаныңда ғана!

2 - ші қателігің: өз адамың екеніне сеніп, өзіңе жақындатқан жігіт уақыт өте келе сенің адамың емес болып шықса, қайтесің? Өзгеге ұстатқан қолыңмен өз еріңнің, бүлдіршіндеріңнің əкесінің қолын қалай ұстайсың ертең?!

Сен əркімнің құшақтайтын қуыршағы емессің! Сен ұлыңмен қоса ұлтты тəрбиелейтін болашақ анасың! Өзіңнің алдыңдағы өз қадірің түспес үшін арыңды сақта! Отбасылық өмірге деген қадамыңды нық əрі таза басшы, алтыным🧡

40 9 ER 0.2247