Статистика ВК сообщества "Қазақстан 24 | Казахстан 24"

0+
Қазақстан мемлекетінде болып жатқан соңғы жаңалықтарды қазақ тілінде жеткізетін паблик.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

"Кеудемді өксік қысып тұр": Дос-әріптестері марқұм Амангелді Сейітханмен қоштасты


“Амангелді ағамды Алла рахымына бөлесін. Өте жақсы адам еді. Көзкөрген, сыйласқан, дәмдес болған талай жақсылардан айрылдық. Иманды болсын! Абайлап жүріңіздерші. Жалғанда бәріміз тату өмір сүрейікші”, – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

“Қайран өмір....Мәңгілік мекеніне аттанды. Кім ойлаған?! Кеудемді өксік қысып тұр.. Таза , адал , нағыз елін риясыз сүйетін ҚАЗАҚ ортамыздан кетті. Көпшілік екеумізді шатастыратын. Екеумізді таныстырған телевидение еді. Көрген жерде "жерлесім " деп арқамнан қағып қоюшы еді. Нұртілеу ағасы сияқты өзінің жеке бағыт-бағдары бар еді. Футбол жүргізіп коментатор болғаны бір төбе . Уефа додасын "қазақыландырып" жіберетін еді. Сонысына риза боп , сүйсінетінмін. Хош, ағатайым.. Алла алдыңнан жарылқасын...Мәңгі жүрегіміздесің”, – деп жазды Рахман Омар.

“Бұл вирус ешкімді аямайды. Кәріні де, жасты да... Белді журналист, спорт комментаторы, ақын Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. "Хабар" арнасында әріптес болдық, кей күндері бірге шай іштік... Шығыстық еді… Енді міне, суық хабар естіп жатырмын. Отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын”, – деп жазды журналист Дәулет Мұқатаев.

"Хабар" арнасында спорт жаңалықтарын жүргізгенде сөзін "жеңісті күндерде жолыққанша" деп аяқтаушы еді. Жаныңыз жәннатта болсын. Барымызды тірісінде бағалайық”, Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова.

“Орны толмас қаза… Амангелді ағамыздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Жаны жәннәта болғай!”, – деді Мәдина Сәдуақасова.

Бағлан Әбдірайымов марқұммен соң рет аудио арқылы сөйлесіп, шақырған жеріне бара алмағанына өкініш білдірді.

“Жеңісті күндерде кездескенше“ деп жүр еді Амангелді ағамыз. Бірақ мына Covid деген пәлені жеңе алмадыңыз… Жаныңыз жәннатта шалқысын, аға. Қош болыңыз. Жарқын бейнеңізбен мәңгі есте қаласыз, аға!🤲
“Әй, чемпион” - деген аудио жазбаңыз “соңғы даусыңыз” екенін білмедім. Шақыртуыңыздан, дастарханнан дәм бұйырмай қалғаны өкінішті.
“Аға, әлі талай қуанышыңыздың куәсі боламыз” - деп едік… Адамның емес Алланың дегеніне көнеміз, енді. Алла алдыңыздан жарылқасын! Жұмақ нәсіп етсін!”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Мұхамеджан Тазабек марқұмды ақпарат саласының үздігі деп атады. Ақынды бір төбе, спортты қатар алып жүрген, намазын тастамаған иманды азамат деп жоқтады.

“Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Тозбасты ұста соқпайды,
Өлместі Құдай жаратпайды…

Футболдан әлем чемпионатын тұңғыш қазақша жүргізген белгілі спорт комментаторы, ақпарат саласының үздігі Амангелді Сейітхан өмірден озды. Қазақ десе бүйрегі бұрып тұратын, өз елімен, Отанымен мақтанатын ұлтжанды азамат еді. Талай бағдарламамызға қонаққа келіп, әңгімесін айтып, ағынан жарылғанда отансүйгіштігімен қоса баладай ақкөңіл, дархандығына қайран қалушы едік…

Алла асыл азаматты алдынан жарылқап, мейіріміне бөлесін! Өз панасына, рахымына алсын деп тілейміз. Аужекем-ай… Алла алдыңнан жарылқасын! Айтыс аламанында да айтарың болды, спорттың тілеуқоры боп та дүниені дүбірлеттің, иманды, ибалы тұлғаңмен де көбімізге үлгі, өнеге едің… Оқыған намазың мен жасаған жақсылықтарың алдыңнан Жаннат боп шықсын, жақсы аға!”, – деді Тазабек.

Амангелді Сейітханның қазасына байланысты Аида Балаева жазба жариялап, қаралы отбасына көңіл айтты.

“Сұм ажал арамыздан тағы бір әріптесімізді, белгілі журналист, спорт комментаторы Амангельді Сейтхан ағамызды мезгілсіз алып кетті.
Талайды тәнті еткен талантымен де, кәсіби шеберлігімен де, аңқылдаған ақжарқын көңілімен де көрерменді баурап, әлемнің алты бұрышынан алашына жағымды жаңалықтың жаршысы болған жампоз жан, жалынды азамат еді.

Сөз жоқ, Амангельді Муатханұлы өзінің білімі мен егемендіктің алғашқы жылдарында спорт тележурналистикасында алған құнды тәжірибесін жастармен бөлісіп, ізін басқан мамандарға үйретіп кетті. Десе де, табиғатынан ақындығы мен адами асылдығы жарасқан тұлғаның өткен жолы да, халықтың жүрегінде алар орны да бөлек болып қалары анық. Ал оның есімі отандық тележурналистика тарихына ғана емес, тұтастай спорт шежіресіне алтын әріппен жазылады. Басқа түскен осынау қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтамын”, – деп жазды Балаева.

“Амангелді Сейітхан ағаны бала күнімнен жақсы білетін едім. Жақсы адам еді. Иманың жолдас болсын. Туыс туғанына көңіл айтамын”, деп жазды Тоқтар Серіков.

Айта кетейік, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан 16 тамыз күні өмірден озды. Журналист соңғы 2 апта жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды.

Амангелді Сейітхан 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

0 0 ER 0.0125
"Ұлттық банктен хабарласады": Алаяқтықтың жаңа түрі таралуда
"Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәміле жасамайды. Ұлттық банкте шоттарды тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі "ақша жіберіңіз" деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауға жауап бермеуге кеңес береді.

"Белгісіз банк шоттарының реквизиті көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз" деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті екенін байқатады. Ұлттық банктен "ақша жөнелтіңіз" деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет", – делінген ескертуде.

1 0 ER 0.0050
"Қазақ аталарымыз баланы қамшымен ұрған": Мамандар баланы ұрып тәрбиелеу жайлы сөз қозғады
Айта кету керек, әлемнің 42 мемлекетінде баланы ұруға толық тыйым салынған. Ұрдың ба, заңмен жауапқа тартыласың. Бірақ нақты ұрғаны үшін құқықтық жауапкершілік бізде жоқ. Дей тұрсақ та қылмыстық кодекстің 140,141,142 баптарында жауапкершілік бар. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін, баланың өмірі мен денсаулығын қорғау міндетін орындамағаны үшін және қамқоршы құқықтарын теріс пайдаланғаны үшін шара қолданылады.

"Жұмсақ қолмен бір тартып жіберсе де артық емес деп ойлаймын. Енесі тепкен баланың еті ауырмайды ғой", – деді қоғам белсендісі Айша Құрманғалиқызы.

"Дұрыс емес. Болмайды. Мүлде болмайды", – деп қарсы шықты отбасылық психолог Серікгүл Сәби.

“Әке-шеше не болса да жамандық тілемейді ғой баласына. Сондықтан баланы ұрып тұру керек деп ойлаймын. Бала болған соң енді бала еркелікке салады. Еркелік ар жағынан еркіндікке салады деген сияқты. Ойлаймын, жайлап қағып тұру керек. Қағатын жерде қағып тұру керек. Сондықтан кезінде қазақ аталарымыз да, бабаларымыз да қамшымен де қағып тұрған", – деді көп балалы ана Анаргүл Қуатова.

Бұл тақырыпқа жастар да өз пікірін білдірді.

“1-2 сыныптарда әріппен әріпті бір-бірімен қосып жаза алмайтынмын, сол кезде шекемнен нұқып-нұқып жібереді, сосын ұрған кездері де болды. Бірақ, Құдайға шүкір, ешқайсымыз одан жаман болып кеткен жоқпыз, иә бір психологиялық жәбір көрдік деп айта алмайыз. Барлығымыз да қазір саналы, білімді азамат пен азаматшалар болып өстік. Сондықтан осындай тәрбие көзі бізге тек оң жағынан әсер етті, сол үшін ата-анама алғыстан басқа айтарым жоқ", – деді студент Зере Нұрымжанова.

Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, баланы ұру оның болмысын толық ашуға кедергі келтіреді.

"Біздің ата-анамыз айтады: біз таяқ жеп өстік жаман болған жоқпыз. Менің баламда таяқ жеп өссін, жаман болған жоқ, міне. Бірақ, мәселе мына қырынан қарамаймыз. Мен таяқ жедім, жеткілікті түрде жақсы бола алдым ба? Яғни 100%-бен қарайтын болсақ, мысалы менің 40-50%- ға потенциалым ашылды. Иә, қолымнан бір нәрсе келеді, қоғамда бір орным бар. Ал неге менің потенциалым 80-90%-ға ашылған жоқ? Мүмкін сол ұрып-соғудың кедергісі бар шығар", – деді ол.

Елімізде бір жастағы балалардың үштен бірі қатыгездікке ұшырайды. Ал 2-4 жастағы балалардың тең жартысы үлкендер тарапынан дөрекілік көреді. Балаларды ұрып-соғу арқылы тәрбиелеу көрсеткіші 5-9 жас аралығындағы балаларда 58 пайыз деңгейіне көтерілген. Халықаралық ұйым өкілдері жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ата-ананың 67 пайызы, яғни сұралғандардың үштен екісі баласына психологиялық та, физикалық та қысым жасағанын айтқан. Балалардың 62-79 пайызы әке-шешесінен ұдайы таяқ жейтіні анықталған.

Психологтардың сөзінше, балаға жай ұрдың не, қатты ұрдың не бәрібір.

"Бала үшін анасы ең керемет, ең әдемі, әкесі ең мықты. Бала солай өседі. Егер әлемдегі ең жақсы адамдар маған қол көтерсе, демек, мен жаманмын. Сол үшін мені ұрады. Жаманмын деген жазу баланың жадында сақталады. Ал сіз ойлайсыз, жарайды қатты ұрмадым ғой, жай ғана құйрығынан қағып жібердім. Өлмейді ғой. Ал бала ол кезде тек тән соққысын емес, жан соққысын да алып жатады екен", – деді психолог Ирина Коволева.

Отбасылық психолог Серікгүл Сәбидің айтуынша, баланы ұрып соғу аурудың бір түрі. Адам ондай кезде бейсаналық күйге түседі.

"Ұрып соғу бұл – психоз. Әлсіздік емес, кәдімгідей сіздің сондай зорлық-зомбылық көрсету арқылы алатын ләззатыңыз. Себебі сіз бір баланы жаңағы зорлық көрсетіп ұрып бастаған кезіңізде сол адамды бақыласаңыз, ол өзін тоқтата алмайды. Өйткені бұл – құштарлық. Мен бірінші рет белгілі-бір деңгейде ұрсам мысалы бестік деңгейде, екінші, үшінші ұрған кезде менің деңгейім 8-дік деңгейге өседі. Тоқтау қиын. Тоқтата алмайды. Әбден тоқтап болғаннан кейін барып, оның санасы қосылады. Бейсанадағы бұл – психоз", – деді отбасылық психолог Серікгүл Сәби.

Дегенмен, балаларына мүлде қол көтермейтін ата-аналар да жоқ емес.

"Мен балаларымды ұрмаймын, ақылмен дос ретінде, кеңесшісі ретінде, тірегі ретінде солай көп көңіл бөлінетіндей, солай баламның маған деген мысалы үшін сенім артуын, бізге деген сенім артуына байланысты біз оларға өзіміздің сөзімізді өткізе аламыз”, – деді екі баланың анасы Әсел Далабайқызы.

Ал жалғызбасты аналар, әкелерге бала тәрбиесі тіпті қиынға соғатынын анық.

"Иә, қиын... Мен әкесінің рөлін толығымен ала алмаймын. Мен ана болу керекпін. Мен егер еркек рөлін алып, қатты қатал болатын бослам, оның болашақта қыздарға деген көзқарасы өзге боалды. Оған мысалға болашақта нәзік сүйкімді қыздар емес, қатал, оны басынатын қыздар жолығуы мүмкін. Сондықтан мен тек қана ана рөлін орындау керекпін", – деді жалғызбасты ана Светлана Қошанова.

Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, толыққан отбасында өскен бала мен, толыққанды емес жанұяда тәрбиеленген балада ешқандай айырмашылық жоқ.

"Барлық жерде бала тәрбиесінде бір ғана жүйе бар, бір ғана система бар. Ол баланы жақсы көру. Сүйіспеншілік, мейірім, жанашырлық, баламен мәдениетті түрде сөйлесу. Кейбір жалғыз басты аналар, жалғызбасты ата-аналар "Мен бір өзіммін ғой, әкенің орнын толтырайын, анда-санда шапалақ беріп тұрайын, мен жалғызбын ғой, үлгермей жатырмын, бала мені түсіну керек ана-санда айқайлап тұрайын, ұрсып тұрайын, қорқытып тұрайын” деген сияқты қате түсінікте бар", – деді ол.

Психологтардың сөзінше, баланың ұрған соң, салдарына дайын болу керек. Оқиғаның өрбитін екі-ақ сценарийі бар.

"Жоқ-жоқ, ұлды ұрсаңыз ұлыңыз ұрлықшы, алаяқ содан кейін қайтып отбасына зорлық-зомбылық көрсететін болып өседі. Қызды ұрсаңыз, қызыңыз жезөкше болады тағы да алаяқ болады. Кейін шешінетін, мынау ұят дегенді білмейтін сондай болып өседі. Ары қарай қызды ұрсаңыз ол қыз мазахист болып өседі. Сондықтан таңдау әрбір ата-аның өзінде", – дейді отбасылық психолог Серікгүл Сәли.

"Бала тәрбиелеуде ұрып-соғу деген методика, ондай әдіс жоқ. Ұрып-соғу арқылы баланы тәрбиелеуге болмайды. Егер бізде тәрбиелеудегі мақсатымыз баланы өзіне сенімді, өз бағалымы жоғары, жеке тұлға қалыптастыру болатын болса, ол жерде ұру-соғудың ешбір орны жоқ. Ал егер біз баланы ата-ана ретінде өзімізге ыңғайлы, отыр дегенде отыратын, жат дегенде жататын, өзіне ешқандай жеке пікірі болмайтын, қалауы болмайтын робот тәрбиелегіміз келсе немесе бір жануар тәрбиелегіміз келсе цирктағы сияқты, ондай кезде ұрып-соғудың бір пайдасы болуы мүмкін", – деді Ержан Мырзабаев.

Зерттеулерге сенсек, қазақстандықтардың 75 пайызы балаға қол көтеруге болады деп санайды. Демек, біздегі баланың жартысынан көбі тәртіпті, бірақ тәрбиелі емес. Тіл алғыш, бірақ тұлға емес.

2 1 ER 0.0075
Үш баланың анасы: Күйеуім көрші ауылда тұратын 5 баласы бар әйелмен көңіл қосып кетті


Ал ішімдікке сылқия тойып, денесіне пышақ сұғып алған кезде шыдамай полиция шақырады. Алайда бұл жолы да тәртіп сақшылары әйелге балалар үшін шыдап бағуын талап етіп, сабырлы, төзімді болуға кеңес берген. Бұл оқиға бойынша ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған, жауыз күйеуі жауапқа тартылмаған. Ешкімнен қорған таба алмаған ана соңғы соққыдан кейін балаларын алып, үйден қашып кеткен.

"Мен күйеуіммен танысқаныма бір апта болғанда алып қашты. Бізді ауылдағы көрші әйел таныстырды. Артымнан туыстарым келіп, алып кетпек болды. Енем жібермеді. Қазақта салт бар, сен енді босаға көрген қыз боласың. Салттан аттама. "Барып келді" деген жаман атаққа ілінбе деп көндірді. Алдымен тұңғышымды үйде босанып қойдым. Үш бала босанғанаға дейін бәрі де ойдағыдай бірқалыпты өмір кешіп жаттық. Уақыт өте оның
маған дейін үйленіп, әйел жібергендігін білдім.

Ол әйелде бір баласы кеткендігін кейін айтты. Ата-енем қайтыс болғаннан кейін, күйеуім көрші ауылда тұратын 5 баласы бар бір әйелмен көңіл қосып, үстімнен ашық жүре бастады. Оған да көндім. Үш баламен қайда барамын деп ойладым. Алайда көп ұзамай қол көтере бастады. Ішімдікке тойып келіп, пышақ ала жүгіреді. Сондай күндердің бірінде, таң ата мас күйінде денеме пышақ сұғып алды. Әрең ес жидым. Полиция шақырдым. Ауыл арасы таныс адамдар болғандықтан ешқандай шара қолданылмады.

Балаларың бар ғой деп қайта табыстыруға тырысып кетіп қалды. Соңғы соққыда үйден екі кішкентайымды алып қашып кеттім. Үлкен ұлым көрші бөлмеде ұйықтап жатқандықтан бізбен шығып үлгермеді. Қазір әкесінің қасында, ол үшін алаңдаулымын. Өтініш маған үлкен ұлымды қасыма әкелуге көмек беріңіздерші?", - деп Жанар Шалабаева жалынышпен көзіне жас алды.

Үш баланың анасы күйеуінен алимент талап етеді. Күйеуінің қасында қалған үлкен ұлын қасын алғысы келеді.

“Ұлым мені тастап кетті деп ренжіп жүр. Мен оны тастамаймын. Оны қасыма алғым келеді. Мен оларды оқытамын. Мен балаларымның қасында боламын”, – деді ол.

Ресми статистика бойынша Қазақстанда жылына 2 500 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Бұл тек жәбірленушілердің тиісті мекемелерге хабарласып, өз жағдайлары туралы хабардар етіп, ресми тіркелгені ғана. Ал шын мәнісінде Жанар Шалабаеваның оқиғасындай "ұят болады" мен көрші-қолаңның, ағайын-туыстың басуымен шыдап жүргендердің саны белгісіз. Әйел күңіренсе, әлем ажарынан айырылады емес пе? Бұл кейіпкер сол екі жарым мың әйелдің бірі ғана.

0 0 ER 0.0038
Қазақстандағы барлық мектептерді ашу ұсынылды
"ЮНИСЕФ жаңа оқу жылында барлық мектептерді санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес ашуды ұсынады. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші ашылуы керек", - деді Артур ван Дизен.

Оның айтуынша, әлемде пандемия кезінде мектептердің жабылуына байланысты әрбір үшінші мектеп оқушылары немесе 463 миллион бала қашықтан білім алуға қол жеткізе алмаған.

"Білім министрлігі осы салдарды оңтайландыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін мойындайды. ЮНИСЕФ Қазақстан оқудағы шығынды анықтау үшін мониторинг жүргізуге кеңес береді. Оның нәтижелері бойынша жеке көзқарас негізінде студенттердің білімін қалпына келтіруге арналған бағдарламалар құрып, тестілеу ұсынылады. ЮНИСЕФ осындай бағдарламаларды жасауға көмектесуге дайын", -дейді ол.

0 0 ER 0.0038
Женская сборная Казахстана выступила в 10 весовых категориях на чемпионате Азии по боксу, который проходит в ОАЭ выиграла 10 медалей и заняла первое место

🥇8 золотых медалей
🥈1 серебро
🥉1 бронза

0 1 ER 0.0050
Қарағандыда ерлі-зайыптылар көлік аламыз деп отырған 2 млн теңгесін жоғалтып алған
3 маусым күні сағат 12:25 шамасында Қарағанды қалалық ПБ-на қарасты орталық полиция бөліміне белгісіз біреу Нүркен Әбдіров даңғылындағы үйлердің бірінің ауласындағы орындықтан ішінде екі миллион теңге ақшасы бар қол сөмкені алып кетті деген хабарлама түскен. Арада он минут уақыт өткенде оқиға орнына құрамында тергеуші Арман Иманқұлов, жедел уәкіл Ізмұрат Мүслімов және криминалист Нұрлан Бейсенбеков бар жедел-тергеу тобы жеткен.

Алдымен сол жерге барған полиция қызметкерлері ірі көлемде ақшаның жоғалуы бойынша анықтау жұмыстарын жүргізген. Ерлі-зайыпты Медет және Вероника Кокышевтер көлік сатып алу мақсатында Ақмола облысынан Қарағандыға келген. Нүркен Әбдіров даңғылының бойындағы үйлердің бірінің ауласында олар Қарағанды қаласынан сатып алмақшы болған көлікті көрсететін өзінің танысын күтіп отырған.

Арада уақыт өткенде танысы келіп, ерлі-зайыптыны сатып алатын көліктерін көрсетуге апарған. Көлік алуға барар жолда Вероника отырған жерлерінде ішінде екі миллион теңге ақшасы бар қол сөмкесін ұмытып кеткенін айтып, Нүркен Әбдіров даңғылына қайтып оралады. Олар ақша салынған сөмкені таппағандықтан полицияға хабарласқан.

“Оқиға орнына келген біз бірден аумаққа оқиғаның куәгерлерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргіздік. Алайда куәгерлер болмады. Іздеу жұмыстары барысында сол маңда орналасқан ойын-сауық мекемесінде орнатылған бейне-бақылау камерасы барын анықтадық. Мекеме директоры бізге бейнебақылау камерасының жазбасын қарауға рұқсат берді.

Бейнетаспаны қарау кезінде біздің назарымызға жәбірленушінің қалдырып кеткен қол сөмкесін қойнына тығып кетіп бара жатқан шамамен 30 жастағы адам ілінді. Біз оның жеке басын және тұрғылықты мекенжайын анықтадық. Үйіне кіргенімізде ол бізге бірден ішінде екі миллион теңге ақшасы бар қол сөмкені берді. Біз оны иесіне қайтарып бердік, – дейді Ізмұрат Мүсілімов.

“Шынын айтқанда, полиция қызметкерлері жоғалған ақшамызды тауып береді деп ойламадық. Ақшаның жоғалғанына өзім кінәлімін. Алайда абырой болғанда полиция қызметкерлері жоғалтып алған ақшамды бір сағаттың ішінде тауып берді. Тауып алған адам ақшамызды жұмсап үлгермеген. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін”, – деді Вероника Кокышева.

Таңертеңгілік селекторлық кеңесте жоғалған ақшаны іздеу жұмысына жұмылдырылған жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің жұмысын Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин жоғары бағалап, өзге қызметкерлерге үлгі ретінде көрсетіп, өз құқығымен марапаттайтынын жеткізді.

0 0 ER 0.0025
Қызылорда облысында қойлар қырылып жатыр
Мал өлімі облыстың сегіз ауылдық округінде байқалды.

"Бұл Мергенсай, Құланды, Беларан, Аманөткел, Райым, Бекбауыл және Қамыстыбас сияқты аудандарда мал өлімі байқалды", - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ірі қара малдың қырылуының бірнеше себебі анықталды. Оның басты себептер – Сырдариядағы судың жетіспеушілігі, Арал маңындағы ауа райының ауытқуы салдарынан жергілікті көлдердің құрғап қалуы, жемшөптің жетіспеушілігі және жұқпалы аурулар .
"Қысқы-көктемгі кезеңде қар мен жауын-шашынның аз мөлшерде түсуіне байланысты Арал ауданында құрғақ жағдай қалыптасты. Мал мен жемнің тепе-теңдігін сақтау үшін облыстың экономикалық құрылымдары мал басын азайту бойынша жұмыс жүргізуде”, – деді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Арал ауданында мал дәрігерлері де өлімнің себептерін зерттеумен айналысады.

"Ветеринария және сараптама мамандары облыстағы елді мекендерді аралайды, өлген жануарлардан сынама алады", - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дармағамбетов.

0 0 ER 0.0025
Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 04.30-да Ақжайық ауданы Мерген ауылында болды.

М.Әуезов көшесі 25/2-мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен "ВАЗ-2108" автокөлігі отқа оранды.

Өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыды. "Тілсіз жау" №10 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен сағат 05.33-те оқшауланып, 05.46-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт найзағай түскеннен шыққан. Өңірде 3 маусымға қараған түні найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

0 1 ER 0.0038
Көкөніс сатушы әйел Ауыл шаруашылығы министрлігін миллион долларға тонаған
Басылым хабарлағандай, Ресей мен Қазақстан журналистері бұл істі "ең сәтті алаяқтық" деп атаған.

16 жыл халықаралық іздеуде болған Светлана Киршова қазір үй қамауында отыр.

Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы бұрын Омбы көтерме сауда базарында жұмыс істеген, көкөністер мен жемістерді сатқан. Дәл сол жерде ол өзінің серіктестерінің бірімен танысқан.

Содан кейін екеуі танысымен бірге Қазақстанға ақша табу үшін келеді. Қылмыстық топ бір күнге компания құрады. Тіпті қызметкерді жұмысқа алады. Жұмысқа алынған үміткерге қойылған басты талап істі "жүргізіп жатқан" Светлана Киршоваға түр сипатының ұқсас болуы. Барлығы тек бір мақсатта жасалған — "егіздердің" төлқұжат деректері негізінде жалған құжаттар жасау. Содан кейін сотталушы Киршова алты айға жуық уақыт бойы өзін басқа адам деп ретінде көрсеткен", - делінген хабарламада.

2003 жылғы сәуірде күдікті жалған құжаттар бойынша Қазақстанның Қазына басқармасына жұмысқа орналасты, онда жарты жыл жұмыс істеді.

Лауазымы өскен соң ақшаны жалған шотқа аударып, қашып кеткен. Қазір белгілі болғандай алты айда кем дегенде 7 қаланы ауыстырған. Нұрсұлтаннан Бурабайға, одан соң шекарадан өтіп Омбыға қайтады. Кейін Новосибирск, Владивосток, Липецк, Белгород облысында ауылдардың бірінде тұрады", - делінген басылымда.

Әйел 2020 жылы Белгородта ұсталды.

Киршованың серіктестері сотталды. Олар жазасын колонияда өтейтін болды.

Светлана Киршоваға қатысты қылмыстық істі қарау жалғасуда, ол кінәсін мойындамаған. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 23 миллион рубль көлемінде арыз талап етті. Оны 10 жылға жуық колония күтіп тұр.

0 0 ER 0.0025