Статистика ВК сообщества "Сай - Отес хабарландыру тактасы (тегін)"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ АУЫЛДАСТАР !
2001-2012 ЖЫЛДАРЫ АРАЛЫҒЫНДА МЕКТЕПТЕ ОҚЫҒАН ТҮЛЕКТЕРДІҢ , БИЫЛ МЕКТЕП БІТІРГЕНІНЕ 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АУЫЛЫМЫЗДЫҢ КӨРКЕЮІНЕ КІШКЕНТАЙ ҮЛЕС ҚОСАЙЫН ДЕП АУЫЛДЫҢ КІРЕ БЕРІСІНЕ САЙ-ӨТЕС АУЫЛЫНЫҢ ТӨЛ ҚҰЖАТЫН ОРНАТЫП ЕДІК КІШКЕНТАЙ БАЛДАРЫҢЫЗҒА , НЕМЕРЕЛЕРІҢІЗГЕ ЕСКЕРТУЛЕР ЖАСАП ҚОЙСАҢЫЗДАР , ОСЫ БІР ДҮНИЕНІ БҮЛДІРМЕЙ ҰҚЫПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ШАҚЫРАМЫЗ !!!
ХАБАРЛАУШЫЛАР ; АУЫЛЫМЫЗДЫҢ 95 ШІ ЖЫЛҒЫ АЗАМАТТАРЫ .

1 18 ER 1.4731
Ассалаумагалейкум ауылдастар! Ауылымыздан көлік жуу орталыгы ашылды (Мой сам) келіп машиналарынызды айнадай кылып жуып кетсениздер болады! 8778 938 10 95.

0 22 ER 1.2757
Азаматтардан айналдым
Халқының қамын ойлайтын
Бар екен шүкір жігіттер
Барынша жұртын қорғайтын
Намысты қолдан бермейтін
Халықтың сөзін сөйлейтін
Жүйенің артық былығын
Сауатты түрде тергейтін
Билікке салып жолдайтын
Талаптар дұрыс,қолдаймын
Ұсыныс дұрыс қойылған
Көкейдегіні жолдайтын
Шешілсе екен тыныштан
Бірліктің сәні- ұғысқан
Абырой-атақ келмейді
Жағалас пенен жұлыстан
Сұраққа жауап табылар
Сауатты қойса талабын
Ел аман,бейбіт күн болсын
Болғанын солай қаладым.

Түзелбаева Күләш

0 9 ER 1.1216
Ассалаумағалейкум қадірлі ауылдастар! Баршамызды Алла Тәбарактағала панасына алып, иманымызды кәміл, затымызды асыл еткей! Бәрімізге болып жатырған жағдай белгілі, мына жаман ауру, жердің қуаңшылығы тағы сол сияқты әр түрлі кемшіліктер, бірталай ауылдастарымыз дүниеден озып кетіп жатыр. Басымыздың амандығына, еліміздің тыныштығына жеріміздің молшылығына, ірі қара мал арнап, садақа бергелі жатырмыз! Алла Тағала садақа дұға тілектерімізді қабыл қылғай! 5сентябрьде демалыс күнге жоспарлап отырмыз! Таза ниетімізбен, дәретпен, 100теңге шығарсақта ақ көңіл імізден шықсын! Ұйымшылдықпен өткізуге нәсіп қылсын! Құрметпен ауыл имамы Талғат!

0 33 ER 1.2907
Ассалаумағалекүм. Құрметті! Ауыл тұрғындары 05-ші қыркүйек күні ауыл болып, халық болып өткізетін " Садақа" " Қара Кісі" қауымының басына жасалатын болды. Енді сол жердегі түнемелік үйдің тазалығы өте нашар. Көрпе төсеніштерді қағып тазалап, аула ішіндегі қоқыстарды тазалап көмек жасауларыңызды өтінемін. " Ауыл болсаң, қауым бол" деген. Бұл бәрімізге ортақ шаруа. Садақамызды Алла қабыл еткей.
Ізгі ниетпен: Тұщыбек Бисенбайұлы
+77775622482

0 0 ER 0.4953
Сәләматсыздарма!
Сайөтес ауылы бойынша көп пәтерлі қос қабатты тұрғын үйлерде күні бүгінге дейін жылу жоқ. Жылу беретін қазандық әлі іске қосылмай тұр.
Жауапты мекемелер жалған уәдемен созып келе жатыр.
Жеке котельға тағы рұқсат жоқ.
Тоқ пеш қосып уйдің тоқтары өртеніп жатыр, тоқ тағы көтермейді.
Балаларымыз аурып тапқан табыс дәрі-дәрмекке кетіп отыр. Жылудың қосылуын қарастырып тезірек шешімін тауып беріңіздер!
Маңғыстау ауданы, Сайөтес тұрғындары Жанбосынов Жайлаубек, Адинаев Төреғали, Мүйімов Құрманғазы 87789553581

0 4 ER 0.5303
Толыбай ауылынан 2 в үй сатылады. Қорасы бар. Қоныстануға дайын, көп ремонтты қажет етпейді. Кейбір заттарын қосып тастап кетеміз.Рахметов Амангелді 87715141984

0 2 ER 0.4374
Ассалаумағалекүм Ауыл тұрғындары. Мешіт жанынан ауыл үшін салынған саябақта (парк) ойнап жүрген балаларыңызға ескертіп қойсаңыздар.
Ішінде ойнап жүріп талдарды сындырып жүр. Қоқыстарын шашып кетеді. Талдар биіктеп өсіп кеткенше ішіне ойнамағаны жақсы. Өтініш балдарыңызға ескертіп қойсаңыздар жақсы болар еді. Рахмет.

0 5 ER 0.4692
Ассалаумағалейкум ауылдастар. Құрметті де аяулы аналар, апалар, қарындастар, жеңгелер.!
Сіздерді бүгінгі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілей отыра көктемнің алғашқы күніндей жарқырап жүре беріңіздер демекпіз. Еш жамандық көрмей күліп ойнап журе бериниздер!

0 13 ER 0.5441
Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді алаяқтардың арбауына алданбауларыңызды сұраймыз! Ондай жағдай өз ауданымыздан кездесіп жатқандығын қаперлеріңізге береміз.Кімде -кім жеке куәлік сұрап,әр түрлі банк қызметкерлері, операторлар болып телефон соққанда ешкімге мәліметтеріңізді бермеңіз! Есеп картоларыңызға сақ болыңыз! Жер алып беру, несие алу, көлік алу, үй құжатын шығарып беру, жұмысқа тұрғызу т.т жұмыстарды жасап беремін деген жағдайда мүлдем сенбеңіздер! Алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырамыз! Сақ болайық!

1 1 ER 0.2350